400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

№33 ҰОҚ. Тақырыбы: Мен жол саламын. Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын.


МЕКТЕП/МҰ: №258 негізгі мектебі

Күні: 17.01.2018жылы

Педагогтің аты-жөні: Сарсенбаева Айнур Битимбаевна

Мектепалды сынып О «Ә»

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

0.3.1.1.Геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратып, дұрыс атау.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тік- төртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) атайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-үлгі бойынша шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектер құрастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектерді өз бетінше құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдер құрастыра алады. Пəндік лексика жəне терминология:

-шеңбер – дөңгелек, сопақ – сопақша, үшбұрыш – үшбұрышты, шаршы – төртбұрышты (шаршы тəріздес), тіктөртбұрыш – тік- төртбұрышты.



Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

–Айналамыздағы қандай заттар дөңгелек (сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) пішінді?

–... бейнелеу үшін қандай түстерді аласыңдар?

–Пішіні, түсі бойынша бірдей (əртүрлі) фигураларды атай аласыңдар ма?

Сәлемдесу

Үш топқа бөлу

Жазу:

-жиектеу, бояу.

Алдыңғы білім


Шеңбер, үшбұрыш, шаршы.

Түс: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы 0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог біздің айналамыздағы көп затқа геометриялық пішін тəн екені туралы əңгімеге тартады.

«Сиқырлы дорба» ойыны ұсыналады. Педагог мөлдір емес дорбаға ағаш немесе картоннан жасалған фигураларды

(сопақша, текше, цилиндр) салады. Балаларды шақырады, олар алдымен дорбадағы фигураны қолмен ұстап немесе көздерін жұмған күйде көреді. Оның атауын айтады. Топтағы балалар көмектеседі. Одан кейін педагог фигураны шығарып, үстелге қояды.

Өзектендіру.

– Фигуралар қалай аталады? Кеспе материал немесе жиынтық полотно пайдаланылады (балалар оларға белгілі фигураларды атайды, педагог нақтылайды жəне ықтимал қателерді түзетеді).

Жиынтық полотнодағы фигураларды көрсетеді.

«Не қандай нəрсеге ұқсайды?» ойыны.

Жиынтық

полотно




Ортасы 6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Бүгін біз фигуралар мен заттардың пішіндерін ажыратып, олардың кейбіреуін құрастырып жаттығамыз. Жаңалық ашу.

(Ұ) Сендер əртүрлі геометриялық фигураларды тауып, оларды атауды үйрендіңдер.

– Ал сендер мынандай фигураларды құрай аласыңдар ма? Суреттерге қараңдар, ұл балалар жолдарды салып жатыр. – –Олардың пішіні қандай?

(Т) Əрі қарай педагог1- тапсырманы орындауды ұсынады, онда қолда бар материалдардан көрсетілген фигураларды құрау керек.

Топта тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады, балалар санау таяқшаларын, арқандарды, кесектерді, жолақтарды жəне басқаларын пайдаланады.




Санау таяқшалары, арқандар, кесектер, жолақтар.



Əліппе-дəптер.









Фигуралар

16 –25

Жаңаны қолдану.

(Ө) 2-тапсырманы орындау ұсынылады.

3-тапсырма геометриялық фигуралардан мəшиненің суретін салады.

Педагог фигураларды сабаққа дейін дайындауы тиіс. Фигураларды (сопақша, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш) фигуралар реттілігін құрған кезде пайдалануға болады. Екі өлшем бойынша түрлі түсті фигураларды əзірлеп, педагог балалардан фигуралар тізбектерін құрып, осы фигуралардың қасиеттерін атауды сұрайды.

Əліппе-дəптер. Геометриялық фигуралар, геометриялық конструктор.

Рефлексия

26–30


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.


Əліппе-дəптер



Алматы обылысы Қарасай ауданы Көксай ауылы. М. Мәметова Атындағы КММ.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі