400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Фигураларды салыстыру 1мынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Фигураларды салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін білмеймін, білетінім басшылықтың сөзі әрқашан дұрыс

Уистлер заңы

Қазақ баласын "Үлкенді құрметте, үлкен кісінің алдын кесіп өтпе", "Аға тұрып, іні сөйлегеннен без" деп өсіреді. Жолы үлкен адамдарға әрқашан ізеттілік танытып, туыстық қарым-қатынаста да үлкен ептілікпен сыйластықты қалыптастырып келеді. 

Субординацияның жалпы алғанда мағынасы да жолы, қызметі үлкендерге құрмет білдіру деген cөз. Белгілі бір адаммен қарым-қатынас жасаған кезде, оның жасы, жынысы, қызметі есепке алынады. Құрбы-құрдасымызбен түрлі тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіп, қалағанымызша қалжыңдаса алсақ, жұмыстағы әріптесімізге келгенде, барынша ресми болуға тура келеді. Жұмыстағы атмосфера аудитория атмосферасына қарағанда, өзгерек. Директор мен мұғалім, мұғалім мен оқушы арасында да өзара сыйластық сақталуы керек. Бүгінде бұл термин көбіне қызметтік қарым-қатынаста қолданыс тауып жүр.

"Субординация" сөзінің өзі әскери жұмыстағы қызметкерлер арасындағы дистанцияны білдіру үшін қолданысқа енген болатын. Өздеріңіз байқағандай, қатардағы әскерлер армия басшысына қолын шекесіне апарып амандасады. Өзге кәсіп иелерінде басшылықпен амандасудың қол алысудан өзге көзге ұрып тұратын белгісі болмағанымен, субординация басшысы бар барлық жұмыскерлерге тән. Түрлі дәрежедегі басшылар мен қатардағы қызметкерлер бір-бірімен өз-өзін ұстаудың ережесіне сүйеніп отырып, араласады. Басшылық тарапынан келген бұйрықтар мен оның есебі қызметтік субординация ережесіне сай жүзеге асуы тиіс.  Қарамағындағы қызметкерлерімен сөйлескенде, басшылық иерархия сатысы бойынша әрекет етеді. Мәселен, мектепте директордың орынбасарына, орынбасардың бірлестік жетекшілеріне, бірлестік жетекшілерінің мұғалімдерге бұйрық беруі субординацияның сақталғанын білдіреді. Дегенмен, бұл кейде басшылықтың жұмыстағы бар жағдайды біліп отыруына кері әсерін тигізеді.   Дегенмен субординацияны сақтаймын деп тым ресми болып кетуге де болмайды. Кілең жастар жұмыс жасайтын, шығармашылыққа ерік берген, еркін ұжымға жұмысқа кірсеңіз, солардың ортасына сай бейімделуге тырысқаныңыз жөн. Ал ресми қарым-қатынасты берік сақтаған компанияларда әріптестеріңіз сізбен қалай сөйлессе, оларға да солай жауап бергеніңіз дұрыс.  Мерекелік іс-шараларда, жұмыстан тыс уақыттарда бастығыңызбен тең дәрежеде сөйлесіп, сырласып, көңіл көтерсеңіз де, кеңсеге кірген бойда бәрін кеңсенің сыртында қалдырыңыз. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
742
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі