жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Философиядағы адам мәселесі.
Сабақтың тақырыбы: Философиядағы адам мәселесі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Философиядағы адам мәселесін жан-жақты талқылау арқылы ойларын қорытып, алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ой-өрісін, дүниетанымдық көзқарастарын жетілдіре отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге баули отырып, өзіндік жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Білім алушыларға патриоттық тәрбие беру, елін, туған жерін қорғауға деген ынта-жігерін арттыру, сонымен қатар жауапкершілігі жоғары, тұлға ретінде қалыптасуларына көмек беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ақпараттық-коммуникативті әдістерді, ойын элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: слайд-презентациялар, тірек схемалары, үлестірмелі кестелер, қанатты сөздер, әдебиеттер мен суреттер.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа тақырып
ІІІ.Өткен тақырыпты пысықтау
ІV.Сабақты қорытындылау, бағалау
V. Рефлексия.
VI. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Білім алушыларды сабақтың барысымен мақсатымен таныстыру. Топтың сабаққа қатысу деңгейін анықтау. Топтың назарын сабаққа аудару
ІІ.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Слайдты пайдалану арқылы тақырыпты
түсіндіру.
«Адам»
түснігі барлық адамдарға тән биологиялық,
психологиялық, әлеуметтік аспектілерді
қамтиды. Биологиялық түр мен әлеуметтік
топтың жалғыз өкілі индивид. «Индивид»
-«тұлғаға» өту жолындағы алғашқыбаспалдық.
Екінші баспалдақ «индивидуалдылық»,
оның мазмұнына жеке адамға тән
(психофизиологиялық құрылым, қоғамдағы
рөлі мен орны,іс-әрекетінің бағыты,
т.б.) қасиеттер кіреді. «Тұлға»
дегеніміз-белгілі-бір өмірлік мұраты,
мәдени деңгейі, қоғам алдындағы өз
құқығы мен міндетін білетін адам. Тұлға
қоғам түсінігімен тығыз байланыста
болады. Адам тіршілігі ең басты сапа
болғандықтан, оның үш компоненті бар:
биологиялық компонент тәндік, анатомиялық ерекшелік, жүйке жүйесі сияқты адам мүшелері мен денсаулығының күйін анықтайды;
психологиялық компонент адам психикасындағы ой, ақыл, сезім, елес, түйсік, мотв, ес сияқты мінездемелерін айқындайды;
әлеуметтік компонент моральдық принциптерді, құндылықтар жүйесін, әлеуметтік тәжірибені, адам шеберлігі мен икемділіктерін қоғаммен байланыста қарастырады.
Адам – феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық, антропология, тарих, филология, саясаттану, этнография, саяси экономия, психология, дәрігерлік т.б. ғылымдар, сондай-ақ философия зерттейді. Ғылымда адам басты проблема болғанмен, көп жағдайда ол соңғы кездерге дейін тап, тап күрестері, өндіріс әдісі, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар, бизнес және қондырма, революция т.б. проблемалар көлеңкесінде қалып келді. Енді адам проблемасы арнайы қаралатын болды. Ең алдымен айтарымыз, адамда екі түрлі: табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) сипат болады. Әрине, адамның басты қасиеті оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болады. Олай болса еңбек, сана, тіл – бәрі де қоғамдық құбылыс, олар қалыптасқан, даму тарихы бар.
Өткен тақырыпты пысықтау
Студенттер
үш топқа бөлінеді. Әрбір топтың өз атауы
бар:
Әрбір топтың топ басшысы мен
мүшелері ойынға бірдей қатысып, жеңіске
ие болу жолында барынша атсалысулары
қажет. Жеңіске қол жеткізу, топтың
өздеріне берілетін тапсырмаларды
ойдағыдай орындап шығуларына байланысты.
ІІІ. Өткен тақырыпты бекіту
1-тапсырма Үй тапсырмасы " Абайдың қара сөздері". Бұл тапсырмада студенттер Абай атамыздың қара сөздерін үйде оқып, өздеріне ұнаған сөзді таңдап, соның негізгі мағынасын ашып, жеткізу болып табылады. Тапсырманың негізгі шарты, студенттердің образға ене білу шеберлігі, сөйлеу мәнері және ең бастысы қара сөздің мағынасын ашып, жеткізе білулері. Бұл тапсырмаға 8 минут уақыт беріледі.
2-тапсырма «Бекет»
кезеңі.
Ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап
беру.
-
-
1/1
1/2
1/3
2/1
2/2
2/3
3/1
3/2
3/3
4/1
4/2
4/3
-
1\1-ұяшық:10 – Шәкәрім философиясының негізгі ілімі. Жауабы: Ар ілімі.
2\1-ұяшық:20 – «Ағып жатқан өзенге екі рет түсе алмайсың». Мағынасын түсіндірңіз. Жауабы: Өмір өткінші. Еш нәрсе қайталанбайды. Уақыт кері жүрмейді.
3\1-ұяшық:30 – Адамның пайда болуы туралы гипотезаларды атаңыз. Мағынасын түсіндіріңіз. Жауабы: 1. Ч. Дарвинның эволюциялық концепциясы – Адам маймылдан жаратылды. 2. Діни гипотеза – Құдай жаратушы. 3. Ғарыштық гипотеза – Адам басқа планетадан келді.
4\1-ұяшық:40 – Суреттегі бейненің мағынасын ашып беріңіз. Жауабы: Инь-Ян (ер мен әйел бастамасы, жақсылық пен жамандық, аспан мен жер т.б.) Дүниедегі барлық қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі.
1\2-ұяшық:10-Конфуций ілімінің негізгі өзегін атаңыз. Жауабы: Адамгершілік мәселесі.
2\2-ұяшық:20 – «Жаңа заман ойшылы Т.Гоббстың «Адам адамға қасқыр» деген афоризмінің мағынасын ашып беріңіз». Жауабы: Әрбір қоғамда өз ойлаған мақсатына жету үшін жолындағы барлық кедергілерді жеңіп шығуға дайын адамдар.
3\2-ұяшық:30 –Суреттегі бейнені атаңыз. Жауабы: Конфуций.
4\2-ұяшық:40 -Субстанция ұғымына анықтама беріңіз. Жауабы: Субстанция дегеніміз – (мән, түпнегіз) өздігінен өмір сүретін, өзінің өмір сүру барысында ешнәрсеге тәуелді емес.
1\3-ұяшық:10 – Буддизм философиясы бойынша өмір дегеніміз не? Жауабы: Өмір – азап.
2\3-ұяшық:20 – Суреттегі қай ойшылдың мүсіні? Жауабы: Аристотель ( б.з.д. 384-332)
3\3-ұяшық:30 – Болмыс ұғымына анықтама беріңіз. Жауабы: Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы – болмыс. Болмыс – дүниеде тіршілік етуші, бар заттардың барлығы.
4\3-ұяшық:40 – Абай философиясындағы «толық адам» идеясын ашып түсіндіріңіз. Жауабы: Ғылым. Әділет. Рақым. Осы үш қасиетті бірдей ұстау.
3-тапсырма «Кім жылдам?». Үш топқа карточкалар таратылады. Бұл тапсырмада сіздерге философтардың адам жайлы айтылған өлеңдері мен нақыл сөздері беріледі. Тез арада шешімін тауып, қағазға жазуларыңыз керек. Барлығы 6 минут уақыт беріледі.
1-топ:
1. Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де –
Қызыққа тоймас адамзат
Жауабы: Бұқар жырау
2. «Дүниеде таңқаларлық нәрселер көп, ал олардың ең ғажабы – Адам»
Жауабы:Софокл
3. «Адам баласын замана өстіртеді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват»
Жауабы:Абай
2-топ:
1. Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған?
Жауабы: Абай
2. «Адам дүниедегі бар және жоқ заттардың мөлшері»
Жауабы:Протогор
3. «Ең жақсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа біреуді жамандағанды сүймейді»
Жауабы:Аристотель
3-топ:
1. Адамның ең асылы,
Қиянатсыз ақ бейіл.
Ең зиянкес жасығы,
Тайғақ мінез екі сөз
Сөз мінезі құбылса,
Ар-иманы жоқ деп біл
Аулақта жемтік сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл
Жауабы: Шәкәрім
2. «Менің білетінім – ештеңе білмейтінім, ал басқалары мұны да білмейді»
Жауабы: Сократ
3. «Менің болуымның міндетті шарты Сенің болуың, басқалардың болуы»
Жауабы:Фейербах
4-тапсырма «Ой қозғау». Бұл тапсырмада студенттерге адамның туылған сәтінен бастап, қартайған шағына дейінгі кезеңдері көрсетіледі. Сол кезеңдер бойынша әрбір студент өзінің философиялық көзқарасын білдіре алады. Тапсырмаға 10 минут беріледі.
Сабақты қорытындылау: сабақ ойын арқылы қорытындыланады.
«Ойлан тап» ойыны:
...................... – Алғашқы қауым адамына тән ойдаудың бірінші бөлінбеген формасы.
...................... – Философия сөзін алға енгізген кім.
...................... – Адамның даму жолын атап бер (эволюциясы).
...................... – Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?
...................... – «Индивид» дегеніиіз не.
......................
– Оның
мазмұнына жеке адамға тән (психофизиологиялық
құрылым,
қоғамдағы
рөлі мен орны,іс-әрекетінің бағыты,
т.б.) қасиеттер кіреді.
......................
– Адам
тіршілігі ең басты сапа болғандықтан,
оның үш компоненті бар: олар
қандай.
......................
– Белгілі-бір
өмірлік мұраты, мәдени деңгейі, қоғам
алдындағы өз құқығы
мен міндетін білетін адамды
не деп атайды.
...................... – Қоғам дегеніміз не.
Бағалау:
Топтарға
баға сабақ барысында жинаған ұпайлары
негізінде қойылады, бағалау жүргізу
үшін «Бағалау парағы» қолданылады.
Үйге
тапсырма: Философиядағы
адам мәселесі
тақырыбын оқу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген