400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Физика 10 сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Блум таксонмиясымен құрастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әзірлеменің аннотациясы

Топ №

Күні

1.

Пән атауы:

Физика

2.

Оқу бағдарламасының бөлімі:

Әр түрлі ортадағы электр тоғы



3.

Тақырыбы:

Газдардағы электр тоғы. Тәуелді және тәуелсіз разрядтар. Плазма туралы түсінік. Термисторлар және фоторезисторлар

4.

Сабақтың типі:

аралас сабақ

5.

Мақсаты мен міндеттері:


1. Білімділік: газдардағы электр тогы және токты тасымалдаушы зарядтардың пайда болуын, газ разрядтарының түрлерін және вакуумдегі электр тогы, термоэлектрондық эмиссия, плазма туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Дамытушылық: газдардағы, электр тогы туралы түсініктерін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс істеу белсенділігі мен логикалық ойлау қабілетін шыңдау.

3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, дәлдікке, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

6.

Күтілетін нәтиже:


а) физика сабағында студенттердің дайындығы қалыптасады;

ә) негізгі кәсіби біліктілік пен дағдылары қалыптасады;

б) сабақты түсіндіру барысында студенттің білімі кеңейіп, тереңдеп жүйеленеді;

в) Газдардағы электр тоғы, тәуелді және тәуелсіз разрядтар, плазма, термисторлар және фоторезисторлар туралы түсінік алады;

7.

Сабақтың нәтижесін бағалау және бақылау формасы

Топтық жұмыс.

студенттерді сабақ үдерісіне түгел қатыстыру.

Жұмысты жақсы орындаған жеке студентті атап өту.

8.

Білім алушының білімі мен біліктілігі

біледі:

- техникалық және өрт қауіпсіздік ережелерін;

- жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттері туралы біледі;

9.

Оқу іс- әрекетінің рефлексиясы

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды үйрету;

Жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту;

10

Сабаққа ұсынылатын оқу материалдары, ресурстар

Интербелсенді тақта, компьютер, маркер, тақырыптық слайдтар.

11

Әдебиеттер тізімі

1. С.Тұяқбаев, Ш.Носохова, Б.Кронгарт, В. Кем, В.Загайнова «Физика 10 кл»

Интерактивтік ресурстардың сипаттамасы, құрал-жабдықтары

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақы

ты

Мұғалімнің рекеті

Білім алушының әрекеті

Кіріспе нұсқау

(45 мин)







1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) Сәлемдесу.

а) Кабинеттің тазалығы.

б) студенттердің сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын тексеру. (күнделік, дәптер, қалам, оқулық)

2. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

1. Электр тогын өткізуіне байланысты заттар неше топқа бөлінеді?
2. Металдардағы электр тогы дегеніміз не?
3. Жартылай өткізгіш дегеніміз не?
4. Өткізгіш пен жартылай өткізгіш айырмашылығы неде?
5. Практикада өткізгіштер, жартылай өткізгіштер қайда қолданылады?
6. Қоспалы жартылай өткізгіштер неше топқа бөлінеді?
7. Диод түрлері, схемада белгіленуі, олардың құрылысы.
8. Металдардағы еркін электрон бар екенін тәжірибе жүзінде ашқан ғалым?
9. Асқын өткізгішті ашқан ғалым?
10. Жартылай өткізгіштерді қандай аспапта не мақсат үшін қолданады?


3. Жаңа сабақты түсіндіру (17мин)

Газдардағы электр тогыГаз разрядын алу үшін газ разрядты түтікше пайдаланылады. Газдарды иондауға қажетті құрал ионизатор деп аталады.Белігілі бір шектелген көлемде газдарда оның ішінде ауаны өткізгішке айналдыруға болады. Ол үшін оларда жасанды түрде заряд тасымалдаушыларды тудыру қажет, яғни газ молекулаларын иондайды. Газды иондау сыртқы әсерлер арқылы жүзеге асады: күшті қыздыру, ультракүлгін, рентген және радиоактивтік сәулелер, газ атомдарын жылдам электрондармен немесе иондармен соққылау т.б. Қыздырудың салдарынан немесе сәулелердің әсерінен атомдардың бір бөлігі иондалады. Оң зарядталған иондарға және электрондарға ыдырайды. Газда теріс иондар да пайда болады. Сонымен газдарда иондар не қыздырудан несесе сыртқы ионизатордың мысалы сәулелердің әсер ету себебінен пайда болады. Бөлме температурасында газдар диэлектриктер болады. Газдарды қыздырғанда немесе ультракүлгін, рентген және басқа сәулелер түсіргенде газдардың атомдары немесе молекулалары иондалады. Сөйтіп газ өткізгішке айналады. Иондалған газдағы зарядты тасымалдаушылар еркін электрондар мен оң иондар, теріс иондар болып табылады. Сыртқы электр өрісінің әсерінен иондар мен электрондар белгілі бір бағытпен қозғала бастайды. Оң иондар катодқа қарай, ал теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Нәтижесінде түтікте электр тогы пайда болады, яғни газ разряды жүреді. Газ арқылы электр тогының өту процесі – газ разряды деп аталады.  Газ плазма деп аталатын жаңа күйге ауысады.Плазма оң және теріс зарядтардың тығыздығы бірдей яғни оң және теріс иондар саны тең болатын толық немесе жартылай иондалған газ. Егер плазмада бейтарап атомдар не молекулалар кездессе, олардыжартылай ионданған плазма деп атайды. Егер заттың барлық атомдары немесе молекулалары түгелдей ионданған болса, онда плазманы толық ионданған деп атайды.  Рекомбинация – иондану процесіне кері процесс: оң және теріс иондар, оң иондар мен электрондар  қайта қосылып бейтарап молекулалар мен атомдар түзеді.Газ разряды өздік емес разраяд және өздік разряд болып екіге бөлінеді.   өздік емес (тәуелді) газ разряды – сыртқы иондауыштардың үздіксіз әсерінен электр тогының газ арқылы өтуі. өздік (тәуелсіз) газ разряды – электродтар арасына берілген кернеу есебінен, яғни электр өрісінің ықпалымен иондардың пайда болып, электр тогының газ арқылы өтуі. (токтың өту процесіне сыртқыиондауыштың  қосымша әсері қажет емес, заряд тасушылар соққы иондану есебінен үздіксіз толығып отырады.)     Газдың қысымына және электродтарға берілген кернеу шамасына байланысты өзіндік(тәуелсіз) газ разрядының түрлері: солғын разряд, ұшқынды разряд,   доғалық разряд,  тәж разряды.     солғын разряд- сиретілген газдың жарық шығаруымен жүретін разряд, төменгі қысымда байқалады ұшқынды разряд-қалыпты қысымда, электордтар арасындағы электр өрісінің кернеулігі жоғары болғанда() доғалық разряд- қызған катодта немесе электродтардың арасында арасында жоғарғы кернеуде пайда болатын, ток тығыздығы өте үлкен болғанда байқалады. тәж разряды -біртекті емес күшті өрістерде орналасқан қалыпты қысымдағы газда байқалады.газ разрядының сипатын анықтаушы параметрлер – газдың химиялық құрамы, температурасы мен қысымы, электродтардың материалы, конфигурациясы мен өлшемдері, электродтар арасына берілген кернеу, газдың тығыздығы.

Қыздырғанда газ атомдарының не молекулаларының  жылдамдығы артады. Соған сәйкес олардың кинетикалық энергиясы да артады. Осындайатомдар не молекулалар соқтығысқанда олардан электрондар үзіліп шығып, газда бос электр зарядтары – электрондар мен оң иондар түзіледі.Мұндай процесс газдың иондану деп аталады.Электр тогы жоқ кезде газдағы электрондар мен иондар хаосты қозғалыс жасайды. Оларсоқтығысқан жағдайда қайтадан бейтарап молекулалар түзілуі ықтимал. Осы процесті рекомбинация деп атайды.Егер  иондалған газда электрөрісін тудырса, онда  иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады. Газдардағы электр тогы дегеніміз –электрондар мен оң және теріс  зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.Егер иондалған газда электрөрісінің кернеулігін артырса, онда электр өрісінен екпін алған электрондар бейтарап молекулалармен соқтығысып, электрондарды жұла, олардыбейтараптайды. Ал, олар өз кезегінде электр өрісінен екпін ала газдың басқа молекулаларының иондалуын тудырады. Электрондар мен иондарсанының тасқын тәріздес артуы байқалады. Газдың осындай иондалуы екпінді иондалу деп аталады. Екпінді иондалу нәтижесінде тізбектегі  токкүрт өседі Егер иондалған газда екпінді иондану есебінен еркін электрондар мнн иондардың саны күрт өссе, онда мұндай газ плазма деп аталады





Топ басшысы кабинеттің дайындығын тексеріп, пән мұғаліміне баяндайды.





Студенттер қойылған сұрақтарға сатылы түрде жауап береді.














рефлексия


4.Сабақты бекіту (12 мин)


5 . Үйге тапсырма беру (1 мин)

Б.Кронгарт, В. Кем, В.Загайнова «Физика 10 кл» §12,2, 335 бет қайталап келу


6. Бағалау (2 мин): Сабаққа белсенді қатысып, үй тапсырмасы мен жаңа сабақты меңгергендігіне қарай білімдері бағаланады.

Студенттер сұрақтарға жауап жазып, тақтаға іледі. 

Сабақтың қорытынды нәтижесін

де

Білім алушылар:

Ауызша сурақтарға жауап береді.



Пән оқытушысы: Г.Х.Нусипкожаева

Тексерген:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
2287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі