400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Физика 10 сынып сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Блуммен жасалған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әзірлеменің аннотациясы

Топ №

Күні

1.

Пән атауы:

Физика

2.

Оқу бағдарламасының бөлімі:

Сұйықтың қасиеттері



3.

Тақырыбы:

Жұғу. Капилярлық құбылыстар. Тұрмыстағы және техникадағы капилярлық құбылыстар

4.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

5.

Мақсаты мен міндеттері:


1. Білімділік: білім алушыларды жұғу, капилярлық құбылыстар, тұрмыстағы және техникадағы капилярлық құбылыстарды таныстыру ;

2. Дамытушылық: жұғу, капилярлық құбылыстар, тұрмыстағы және техникадағы капилярлық құбылыстар туралы түсінік беру арқылы олардың ой-өрістерін кеңейту, алған білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын дамыту;

3. Тәрбиелік: жан-жақты болуға, пәнге деген қызығушылығьн арттыру, адамгершілікке, отандық патриотизмге тәрбиелеу

6.

Күтілетін нәтиже:


а) физика сабағында студенттердің дайындығы қалыптасады;

ә) негізгі кәсіби біліктілік пен дағдылары қалыптасады;

б) сабақты түсіндіру барысында студенттің білімі кеңейіп, тереңдеп жүйеленеді;

в) жұғу, капилярлық құбылыстар, тұрмыстағы және техникадағы

капилярлық құбылыстар туралы түсінік алады;

7.

Сабақтың нәтижесін бағалау және бақылау формасы

Топтық жұмыс.

студенттерді сабақ үдерісіне түгел қатыстыру.

Жұмысты жақсы орындаған жеке студентті атап өту.

8.

Білім алушының білімі мен біліктілігі

біледі:

- техникалық және өрт қауіпсіздік ережелерін;

- беттік қабат, беттік керілу туралы біледі;

9.

Оқу іс- әрекетінің рефлексиясы

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды үйрету;

Жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту;

10

Сабаққа ұсынылатын оқу материалдары, ресурстар

Интербелсенді тақта, компьютер, маркер, тақырыптық слайдтар.

11

Әдебиеттер тізімі

1. С.Тұяқбаев, Ш.Носохова, Б.Кронгарт, В. Кем, В.Загайнова «Физика 10 кл»

Интерактивтік ресурстардың сипаттамасы, құрал-жабдықтары

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақы

ты

Мұғалімнің рекеті

Білім алушының әрекеті

Кіріспе нұсқау

(45 мин)







1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) Сәлемдесу.

а) Кабинеттің тазалығы.

б) студенттердің сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын тексеру. (күнделік, дәптер, қалам, оқулық)

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»

2. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

1.Беттік керілу коэффициенті қалай анықталады?

2.Беттік керілу күші дегеніміз не?

3.Неліктен сұйық тамшы түрінде болады?

4.Сұйықты құйған кезде неліктен цилиндр тәрізді болады?


3. Жаңа сабақты түсіндіру (17мин)

Жұғу – сұйықтықтың қатты денемен немесе басқа сұйықтықпен жанасуы кезінде пайда болатын құбылыс. Қатты дене бетіндегі тамшының немесе сұйықтыққа батырылған дене бетіндегі газ көпіршігінің пішіні жұғу процесіне тәуелді. Жұғу құбылысы, көбінесе, үш фазаның жанасу аймағындағы молекула аралық өзара әсерлесу нәтижесі деп қарастырылады.

Әркім-ақ жапырақ бетіне, парафин жағылған қағаз бетіне тамған су тамшысы шар пішінін алатынын, ал таза әйнек бетіне жұқа қабат жасай жайылып кететінін біледі. Ағаш бетіне тамызған қорғасынның балқытылған тамшысы шар пішінін алады, ал су тамшысы таза мыс пластина бетіне шыны бетіндегі тәрізді жайылып кетеді.

Жұғатын не жұқпайтын сұйықтардың қатты денелер беттерімен әсерлесуінің ерекшеліктері капиллярлық құбылыстардың себебі болып табылады. 

Капиллярлық құбылыстар– бір-бірімен араласпайтын заттардың шекарасында, беттік керілудің әсерінен пайда болатын физикалық құбылыстар. Басқа сұйықтықпен, газбен немесе өзінің буымен шекаралас орналасқан сұйық бетінің иілуі де капиллярлық құбылыстарға жатады. Ішкі диаметрі кіші түтікшені капилляр деп атайды. Осындай түтікше оған жұғатын сұйыққа батырылса, онда оның ішіндегі сұйық кең ыдыстағы сұйық бетінің деңгейінен жоғары көтеріледі. Жұқпайтын сұйық керісінше, оның ыдыстағы деңгейінен төмен түседі. Сұйық қатты дененің бетіне толық жұғатын болса, беттік керілу күшін қатты дене s беті бойымен оның сұйықпен жанасатын шекарасына перпендикуляр бағытталған деп алуға болады. Бұл жағдайда сұйықтың капилляр бойымен көтерілу биіктігі төмендегі шарт бойынша анықталады: Fa=Fб, Fa=mg = rpr2 hg, Fб=sl =2prs, мұндағы

Fa – капиллярдағы сұйыққа әсер ететін ауырлық күші,

Fб – бетік керілу күші,

r – капилярдың радиусы,

r - ондағы сұйықтың тығыздығы,

h – капилярдағы сұйық бағанының көтерілу биіктігі,

s - сұйықтың беттік керілу коэффициенті.

Жоғарыдағы қатынастардан: h = 2s / rgr.

Шақпақ қант, сорғыш қағаз, сүлгі орамал, т.б. денелер өзіне суды жақсы сіңіретінін білеміз. Мұны қалай түсіндіруге болады? Осындай денелердің барлығында да өте жіңішке түтікшелер тәрізді көптеген ұсақ өзектер болады екен. Жіңішке шыны түтікшені суға батырайық, онда су оның бойымен тез көтеріле бастайды. Түтікше неғұрлым жіңішке болса, судың көтерілу биіктігі де соғұрлым жоғары болады. Неліктен бұлай болады? Судың шыныға жұғатынын білеміз. Түтікше өте жіңішке болғандықтан, шыны тарапынан судың беттік қабатына әрекет ететін Ғбет беттік керілу күші сұйықты жоғары көтереді. Сұйық түтік бойымен неғұрлым жоғарырақ көтерілген сайын оған әрекет етуші Ға = mg ауырлық күші де артады. Сұйық оған әрекет етуші ауырлық күші Ғбет беттік керілу күшіне теңескенше көтеріледі.




Топ басшысы кабинеттің дайындығын тексеріп, пән мұғаліміне баяндайды.





Студенттер қойылған сұрақтарға сатылы түрде жауап береді.














рефлексия


4.Сабақты бекіту (12 мин)

1.Жүғу дегеніміз не?

2. Капилярлық құбылыстар дегеніміз не?

3.Тұрмыстағы капилярлық құбылыстар дегеніміз?

4.Техникадағы капилярлық құбылыстар дегеніміз?

5) есептер шығарту.


5 . Үйге тапсырма беру (1 мин)

Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Койшыбаев «Физика 10 кл» §6,4 193 бет конспектілеу


6. Бағалау (2 мин):

Сабаққа белсенді қатысып, үй тапсырмасы мен жаңа сабақты меңгергендігіне қарай білімдері бағаланады.

Студенттер сұрақтарға жауап жазып, тақтаға іледі. 

Сабақтың қорытынды нәтижесін

де

Білім алушылар:

Ауызша сурақтарға жауап береді.


Пән оқытушысы: Г.Х.Нусипкожаева

Тексерген:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
2289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі