жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физика - табиғат туралы ғылым
Сабақ жоспары
|
Ұзақмерзімдіжоспардыңтарауы: 7.1.1Физика – табиғат туралы ғылым. |
Мектеп: Ж. Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ |
|||||||||
|
Күні: 02.09.2021 |
Мұғалімнің аты-жөні: Сугралиева Г.А. |
|||||||||
|
Сынып: 7 «а,ә» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Физика – табиғат туралы ғылым. |
|||||||||
|
Оқу мақсаты |
7.1.1.1 – Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру. |
|||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Физика – табиғатты зерттейтін негізгі ғылым екенін түсінеді, табиғат құбылыстарына мысалдар келтіре алады. Оқушылардың басым бөлігі: Қоршаған орта жаратылыстарын қасиеттеріне қарай ажырата алады (мысалы: зат немесе дене). Кейбір оқушылар: Физикалық құбылыстарды бірдей сипаттамалары бойынша жүйелей алады (мысалы: электрлік құбылыстар, жарық құбылыстары, механикалық құбылыстар). |
|||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану. |
|||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология: Физика, табиғат құбылыстары, физикалық ұғымдар, ғарыш, материя, дене, зат терминдерінің ғылыми анықтамаларымен танысады, ауызша және жазбаша түрде еркін қолданады. Терминдер: Физика, табиғат, құбылыс, материя, зат, өріс |
|||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Еліміздің әртүрлі өңіріндегі табиғат құбылыстарын, нақтырақ айтқанда, ауа райы құбылыстарын салыстыра отырып, қазақ жерінің кеңдігіне тоқталып, оқушы бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, Тәуелсіз Қазақстанның патриоты болуға баулу. |
|||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, География, Русский язык, English |
|||||||||
|
Қосымша білім |
|
|||||||||
|
Сабақ барысы |
|
|||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған қызмет (іс-әрекет) |
Ресурстар |
|
|||||||
|
Сабақтың басы 2 мин «Таза тақта» Білу және түсіну 6 мин
Ой қозғау "Сократ шеңбері" Білу және түсіну 8 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару. Жаңа пән – Физика ғылымына білім алушылардың қызығушылығын анықтау тұрғысында төмендегі сұрақтар тақтаға ілінеді, оқушылар тақтадағы сұрақтарды алып, жұпта талдап, кезекпен жауап беру арқылы тақтаны тазартады.
Кіріспе сұрақтары:
Жаңа тақырыпқа байланысты оқушылардың алдыңғы білімін анықтау және ойларын қозғау мақсатында түрлі қызықты сұрақтар дайындалып әкелінеді. Оқушыларды екі шеңберге бөліп (ішкі және сыртқы), оларға сұрақ таратылып беріледі. Келесі қадамда ішкі шеңбер сағат тіліне бағыттас, ал сыртқы шеңбер сағат тіліне қарсы айналып, сұрақтарды өзара ауыса отырып жауап береді
Тапсырма №1:
Дескриптор:
|
Таза тақта, тақырыпты ашуға арналған сұрақтар жазылған стикерлер.
Алдын-ала дайындалған кеспе қағаздардағы сұрақтар |
|
|||||||
|
Сабақтыңортасы «Мұғалімнің түсіндірмесі» Білу және түсіну 6 мин
Деректердің графикалық органайзері: Кесте Қолдану 7 мин
«Сәйкестендіру» әдісі Қолдану 8 мин
Қорытындылау «Сыныптан шығу билеті» Сабақ соңына дейін |
Оқушылардың тарапынан айтылған ойларды қолдай отырып, жалпы «Физика» пәнінің негізгі мақсатын және физикалық құбылыстардың табиғаты мен орын алуының себеп-салдарын, сонымен қатар адам өміріндегі маңызына тоқталып, тақырыптың мән-мағынасын, мазмұнын ашу. Теориялық түсінік: Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Физика ғылымының табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. «Физика» грекше фюзис – табиғат дегенді білдіреді. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық ұғымдар деп аталады.Мысалы, физикада материя, дене, зат сияқты ұғымдар жиі қолданылады. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Материяның екі түрі бар: зат және өріс. Дененің шығу тегін және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады. Оқушыларға қос бағанадан тұратын кесте ұсынылады. Бізді қоршаған ортадан мысалдар келтіре отырып, оларды қасиеттеріне қарай төмендегі кестеге сәйкес жіктейді.
| |||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген