«Физика – әлем кілті» физикадан интеллектуалды ойын бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Физика – әлем кілті» физикадан интеллектуалды ойын бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білім алушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Білім алушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Физика – әлем кілті» физикадан интеллектуалды ойын


Мақсаты: Білім алушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Білім алушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау

Формасы: ойын сабақ

Сайыс жоспары:

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

«ФОРМУЛАЛАР МЕКЕНІ» (формуланың атын табады);

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (ПИЗА тасырмалары);

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау).


- Құрметті оқытушылар мен студенттер! Бүгінгі біздің физика пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылып отырған ««Физика – әлем кілті»» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!


Ғалымдардың патшасы атанғансың

Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың

Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән – физика атанғансың

Жылдам шешіп жарысып,

Сұрақ пенен есепті.

Приборларды сөйлетіп,

Жасайық тәжірибені.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!


1.«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)


Екі топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай


1.Диффузия латын сөзі ( жайылу, таралу )

2.Электр тогы дегеніміз не? (зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы)

3.Көктайғақта жолға неге құм себеді? (Үйкеліс күшін арттыру үшін)

4.Радионың атасы? (Александр Сергеевич Попов)

5.Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)

6.Ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)

7.Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

8.Физика не туралы ғылым? (табиғат)

9.Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

10. 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

11.Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? (Жетіқарақшы)

12.Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма?  (тебіледі)

13.Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)

14.Ауаның қысымын анықтайтын құрал (Барометр)

15.Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі (Термодинамика)

16.Қандай заттарда диффузия болады? (Газ тәрізді, сұйық және қатты заттарда)


2.«Формулалар мекені». Бұл бөлімінде сайыскерлеріміз экрандағы ұпай сандарын таңдау арқылы, ұпайдың артында жасырын тұрған формуланы анықтайды. Формуланың күрделілігі ұпай санына байланысты болады.

1. потенциалдық энергияның формуласы

2. заттың тығыздығының формуласы

3. отынның меншікті жану жылуы кезіндегі жылу мөлшерінің формуласы

4. күш моментінің формуласы

5. үйкеліс күшінің формуласы

6. қысымның формуласы

7. Архимед күшінің формуласы

8. жұмыстың формуласы

9. қуаттың формуласы

10. заттың меншікті жылусыйымдылығы кезіндегі жылу мөлшерінің формуласы


3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (ПИЗА тапсырмалары) 10 ұпай


1 топ

ИНЕРЦИЯ

Инерция - қозғалыстың қасиеті. Жер бетінен ғарышқа ұшқан зымыран жердің тартылыс күшін жеңіп тек инерция бойынша қозғалады. Ғарышта оған Жердің тартылыс күштері әрекет етпейді.

Инерция - инерциалды санақ жүйесінде орналасқан дененің ерекше қасиеті: сыртқы әреткеттер болмағанда немесе осы әрекеттер теңгерілгенде дененің тыныштықта болуы немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты сақтау .

Аристотель кез - келген дене тыныштықта немесе мәнгі қозғалыста бола алады есептеген. Себебі ешкім алдын ала дене қайда тоқтайтынын айта алмайды.

2000 жыл өткен соң Галилео Галилей қозғалысты баяулататын немесе үдететін себептерді

(ауаның кедергі күші, үйкеліс күші т.с.с.) жойған соң дененің жылдамдығы өзгермейтінін байқаған. Сыртқы ортаның әрекеттерін жоюға мүмкіншілік таппағандықтан Галилейдің бұл ұйғарымын анықтау мүмкін болмады. Бірақ Галилей денеге түсірілген күш пен жылдамдықтың өзгерісі арасындағы байланысты «кері ойлау» тәсіл арқылы дәлелдеді. Оның дәлелдемесі «Инерция заңы» деп аталды. Тұжырымдамасы: инерция деп басқа денелер әсері болмаған кезде дене жылдамдығының сақталу құбылысын атайды.



Сұрақ 1: Инерция бойынша дененің қозғалысы деген не?

А. басқа денелер тарапынан күштер әсер еткендегі дененің қозғалысы;

В. басқа денелер тарапынан күштер әсер етпегендегі дененің қозғалысы;

С. Түзу сызық траектория бойымен дененің қозғалысы

D. дененің үдеумен қозғалысы


Сұрақ 2: Жылдамдықтың өзгерсінің себебі

  1. Өзінен өзі болады;

  2. Басқа денелер әсерінен;

  3. Бейтаныс себептерден;

  4. Барлық денелердің жылдамдықтары өзгермейді


Сұрақ 3: Ғарышта дене шексіз ұзақ қозғалады, себебі

  1. Үйкеліс және ортаның кедергі күштері жоқ

  2. Жақын орналасқан жұлдыздар мен ғаламшарларға дейінгі қашықтықтар өте үлкен

  3. Бұл ғарыш кеңістігінің ерекшелігі, Жер бетінде басқа заңдар жұмыс жасайды

  4. Жермен тартылады


Сұрақ 4: Төменде келтірілген мына мысалдарды инерцияға жатқызуға бола ма?

  1. Скейтбордтарда балалардың жүруі - иә/жоқ;

  2. Жүктелген шананы тауға тартып көтергенде - иә/жоқ;

  3. Кеме сол жаққа бұрылғанда, кемедегі адамдардың оң жаққа еңкеюі - иә/жоқ;

  4. Ұшақ екпін алып ұшқанда - иә/жоқ.



Сұрақ 5:

Машина  барлық  жүрілуге  тиісті  жолдың  бірінші  жартысын     жылдамдықпен,  

ал  қалған  екінші  жартысын    жылдамдықпен  жүріп  өтті. Осы  машинаның орташа   жылдамдығын  табу керек.

         Берілгені  ,  

         Шешуі.  Әдетте  бұл  есепті  былай  шығарады:

         Бұл  дұрыс  емес. Бұл  есепте  қозғалыс  екі  кезеңнен тұрады. Әр  кезеңнің  жылдамдықтарын  анықтайық:

,   және   ,   .

         Есептің шарты  бойынша   . Дененің  орташа  жылдамдығын  былай  анықтайық:    Ал    ;     екендіктерін  ескерсек,  онда 


2 топ

ИНЕРЦИЯ

Балалар автобустың соңғы орындарында отырып мектепке келе жатты. Автобуста адамдар аз болды. Балалардың қасында, еденде, доп жатқан. Бағдаршамның қызыл шамы жанғандықтан жүргізуші автобусты тежей бастады. Осы автобус тоқтай бастады, ал добымыз тоқтамай домалап кетті. Автобус бойымен домалап, жүргізушінің қасында ғана тоқтады. Автобус қозғала бастады. Доп кері балаларға қарай домалады. Дұрысын айтсақ, доп орнында тұрды, ал автобуспен балалар оған (допқа) жақындады.


Сұрақ 1: Неге доп өзінен өзі алға қарай жылжыды? Осы кезде автобустың жылдамдығы қалай өзгерді?

Дұрыс жауабы: тоқтауға дейін доп автобуспен бірге қозғалды. Доптың жылдамдығы автобус жылдамдығына тең болды. Тежелу кезінде автобус жылдамдығы азайды, ал доптың жылдамдығы өзгермей доп өзінің алға қарай қозғалысын жалғастырды.



Сұрақ 2: Неге доп автобус бойымен кері қарай домалады? Неге мәтінде былай жазылған «…Дұрысын айтсақ, доп орнында тұрды, ал автобус балалармен бірге оған (допқа) жақындады.»



Дұрыс жауабы: доп бастапқы нөлдік жылдамдыққа ие болғандықтан өз орнында тұрды. Доптың осындай жағдайы тыныштық инерция деп аталады. Автобустан тыс тұрған бақылаушыға қатысты ол тыныштықта тұрды, ал автобус пен оның ішіндегі балалар үшін ол кері қарай жылжыды.



Сұрақ 3: Сәйкестікті орнатыңдар


Автобустағы балалар күрт _______ еңкейді

Осы кезде автобус

  1. Алға

  1. Оңға бұрылды

  1. Сол жаққа

  1. Тежелді

  1. Оң жаққа

  1. Солға бұрылды

  1. Артқа

  1. Жылдамдығын өсірді

Жауап: 1-___, 2-___, 3-___, 4-___.



Дұрыс жауабы: 1-В, 2-А, 3-С, 4- D.






Сұрақ 4: «Инерция» сөзін пайдаланып сөйлемді жалғастыр



  1. Автобус бірден тоқтай алмайды, себебі_________________________________________________________________________________________________________

  2. Автобус толық тоқтағаннан кейін ғана одан шығуға болады, өйткені________________________________________________________________________________

  3. Бұрылыстарда жүргізуші автобус жылдамдығын кемітеді, өйткені_________________________________________________________________________________

  4. Автобус күрт тоқтағанда, оның ішіндегі адамдар алға қарай еңкейеді, себебі_____________________________________________________________________________________________________________________________________



Дұрыс жауаптары:

  1. Автобус бірден тоқтай алмайды, себебі ол инерция бойынша қозғалысын жалғастырады.

  2. Автобустан толық тоқтағаннан кейін ғана шығу керек, инерция бойынша алға қарай қозғалысты жалғастыра отырып, жерге түскенде алға қулау мүмкін.

  3. Бұрылыстарда жүргізуші автобус жылдамдығын кемітеді, себебі, инерция бойынша алға қарай жылжи отырып автобус аударылуы мүмкін.

  4. Автобус жылдамдығы кеміді, ал оның ішінде тұрған адамдардың жылдамдығы әлі өзгермеді, олар бұрынғы жылдамдықпен алға қарай жылжып отыр.



Сұрақ 5: Машина  біраз   уақыт  бойы  тұрақты  ( ) жылдамдықпен қозғалып  отырды.  Сонан  кейін  оның  қозғалысы  бір  қалыпты  айнымалы  болып,  ол 10  ішінде  300 м жол  жүрді. Машинаның  ақырғы  жылдамдығы  мен үдеудің  табындар.

         Берілгені :   ,   ,

                                   

 

         Шешуі.  Бұл  есепті  шығыру  үшін  мына  формуларды  пайдаланамыз:

,    Сонғы теңдеүден  үдеуді  табамыз:

.

         Енді  оны жылдамдықтың  формуласына  қоямыз:



4. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);


2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.


1 конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы.

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.


2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.


2 конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 .Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.


Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

























БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ



Р/с

Ойын шарттары

Ойшылдар

Тапқырлар

1

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар). Әр жауап 1 ұпай



2

  1. «КІМ КҮШТІ? » (формуланың атын табады);




3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (ПИЗА тасырмалары);



4

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау)




Жалпы ұпайы






Shape1   Shape2

Shape3
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі