Материалдар / Физика -болашақ мамандықта.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физика -болашақ мамандықта.

Материал туралы қысқаша түсінік
дәріс алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
849
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Физика – болашақ  мамандықта

 

Түсініктеме   хат

 Физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасын физика  пәнінің жалпы мақсаттарын және оқушылардың қабілеттілігінен, қызығушылығынан және кәсіптік болашақ мамандық таңдау мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындадым.

Бағдарлама өзімнің көп жылғы жинақталған тәжірибелерімнің негізінде құрастырылды. Бұл бағдарлама жаратылыстану – математикалық бағыттағы мектептердің 11 класс оқушыларының болашақ мамандықты таңдау барысында көмекші құралы.

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептерге арналған физиканың мемлекеттік білім стандартының негізінде жасалып, білім беру жүйесін сапалы деңгейге көтеруді көздейді.

Қазіргі  білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуі  болашақта  білім беру жүйесін ізгілендіре түсуді, жалпы білім берудің этникалық, мәдени демографикалық және әлеуметтік- эканомикалық ерекшеліктерін ескеруді көздейтіндіктен, бұл бағдарламада  оқушыны  келешек өмірге дайындау, білім алу және кәсіби бағыт- бағдарының қалыптасуына арналған және оқушының мамандық таңдаудағы дайындығына көмегі зор болары сөзсіз деп ойлаймын.

Жалпы білім беретін физика курсының барлық бөлімдерінің негізгі формулалары мен жиі қолданылатын заңдары және шығармашылық жұмыстар, баяндамалар жасау, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен ролі жайлы көзқарас қалыптастырады.

Бағдарлама  орта мектептің физика курсын қайталап, еске түсіруге арналған. Осы қосымша құрал оқуға түсуші талапкерлерге, мектеп мұғалімдеріне пайдалы болары сөзсіз.

Мақсаты:оқушылар бойын физика ғылымына деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті дарыту және оқушыны келешек өмірге дайындау, білім алу және кәсіптік қызметті жалғастыруда кәсіби білік пен бейімділікті қалыптастыру.

Өзектілігі: мектеп бітірушілердің ҰБТ – дағы таңдау пәнін анықтау проблемасын шешу.

Курс мүмкіндіктері:

·        Физиканың теориялық мәнділігі мен практикалық бағытталу арасындағы байланыстардың айқындалуы.

·        Оқушылар мен  ата- аналардың жалпы білім алу деңгейінде өз қажеттіліктерін жүзеге асыруда таңдау құқығына ие болуы.

·        Тұлға, қоғам, мемлекет қажеттіліктеріне сәйкестігі.

·        Физика ғылымы мен кәсіби мамандықтар арасындағы заңдылықтардың өзара байланысы.

·        Оқушы бойындағы табиғи дарын мен қабілеттерін зерттеу мен дамыту.

·        Оқушының болашақ еңбек жолын дұрыс таңдау мүмкіндігі.

·        Ғылыми білімдерді өз бетінше игеруді және қолдануды, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруді өз бетінше зерттеулерді жүргізулерді қалыптастыру.

·        Жаңа технологияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті өмірде жеке басы үшін маңызды мәселелерді шешуге қолдана білу

                          

                      Қолданбалы курстың күнтізбелік жоспары 11 – класс

(Жаратылыстану — математика бағыты)

Барлығы 34 сағат (аптасына 1 сағат)

Курс мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

І бөлім. Физика – су көлігінде. 4 сағат.

1

Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер. Су көлігі. Архимед күші. Судың қасиеттері. Бернулли заңы. Толқындық қозғалыс. Ультрадыбыстар, инфрадыбыстар және олардың қолданылуы.

3

 

2

Жаттығу есептерін шығару.

1

 

ІІ. Физика медицинада. 3 сағат

3

Қысым. Адамның қан қысымын өлшеуге арналаған құралдың құрылысы және жұмыс істеу принципі. Көздің құрылысы. Алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік. Көзілдірік. Никотиннің көру қабілетіне әсері.

2

 

4

Зерттеу жұмысы. «Жүректің соғу периодын және жүректің атқаратын механикалық жұмысын, қуатын анықтау»

1

 

ІІІ. Физика және метеорология. 2 сағат

5

Стратостат. Атмосфера құрылысы және ондағы жүретін процестер. Найзағай және оның түрлері. Магнит өрісі және қасиеттері.

1

 

6

Зерттеу жұмыс. «Атмосфералық қысымды, ауаның ылғалдылығын және  температурасын өлшеу.»

1

 

ІV.Физика және конструктор – механик. 2 сағат

7

«Робот» макетін құрастырудың тиімді жолдары.

1

 

8

Жаңа механизмдер моделін құрастыру.

1

 

V. Физика архитектор мамандығында. 3 сағат

9

Құрылыс алаңдарын жоспарлаудағы физфкалық заңдылықтарды қолдану аясы. Деформация. Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Есептер шығару.

2

 

10

Тест. «Мен және менің өмірлік жоспарларым»

1

 

VI. Физика және суретке түсіру қызметі. 3 сағат

11

Қарапайым фотоаппараттың құрылысы. Қазіргі заманғы фотоаппараттың физфкалық негіздері. Фотосуретті үлкейту. Фотосуретке түсіру. Шығару.

1

 

12

Кванттық физика. Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану. Есептер шығару.

2

 

VII. Физика және өрт қауіпсіздік қызметінде. 2 сағат

13

Электр құбылыстары. Электр өткізгіштердің қысқа тұйықталуы – өрт қауіпінің негізгі себебі.

1

 

14

Өздік жұмыс. Хабарлама дайындау: «Неге от өздігінен өшпейді?», «Неліктен су отты өшіреді?», «Отты өшіру тәсілдері.»

1

 

VIII. Физика және цирк. 3 сағт

15

Қисық сызықты қозғалыс. Материялық нүктенің  шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үндеу. Есептер шығару.

2

 

16

Есептер шығару.

1

 

ІХ. Физика биология мен жанартануда. 2 сағат

17

Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

1

 

18

Локаторлар. Ультродыбыстық локатордың жұмыс істеу принципі.

1

 

Х. Физика балалар ойыншығын жасау қызметінде. 3 сағат

19

Архимед заңдылығына негізделген ойыншықтар. Дыбыстық, инерциялық және бұрандалы ойыншықтар.

1

 

20

Ньютонның заңдарына негізделген және электрленген, магниттік ойыншықтар.

Шығармашылық жұмыс. «Физикалық заңдылықпен байланысты ойыншық моделін құрастыру.»

2

 

ХІ. Электр станциясы. 3 сағат

21

Жергілікті электр станциясына саяхат.

1

 

22

Жаттығу есептерін шығару. «Кулон заңы», «Электр өрісінің кернеулігі.»

2

 

ХІІ. Физика және техника.4 сағат

23

Жылу машиналары. Жылу қозғалқыштарының жұмыс істеу принципі. ПӘК – і. Техниканың дамуындағы жылу қозғалтқыштарының ролі. Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау.

Есептер шығару.

1

 

24

Қарапайым автомашинаның моделін құрастыру, жасау.

1

 

25

Оқушылардың мамандық таңдаудағы дайындығын анықтау сауалнамасы.

1

 

26

Қорытындылау

1

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Физикадан анықтамалық құрал. Дүйсембаев Б., Қазақбаев Д. Алматы «Рауан» 1996 жыл

2.     Развитие технического творчества школьников П.Н. Андрианова, М.А. Галагузовой. Москва «Просвещение» 1990г.

3.     Физика және Астрономия (7- класс) Башарұлы Р,. Тоқтарбергенова У., Қазақбаева Д. Алматы «Атамұра» 2007 жыл.

4.     Физика және Астрономия (9- класс) Башарұлы Р,. Тоқтарбергенова У., Қазақбаева Д,. Бекбасар Н. Алматы «Мектеп» 2005 жыл.

5.     Физика және Астрономия (8- класс) Дүйсембаев Б.М., Байжасарова Г.З., Медетбекова А.А. Алматы «Мектеп» 2007 жыл

6.     Физика – юным. Алексеева М.Н. Москва «Просвещение» 1980 жыл



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!