жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Физика біздің болашағымыз» сайыс сабақ
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күні
Тобы
28.05.20ж
10 топ
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Тақырыбы
Өткізілу түрі: «Физика біздің болашағымыз» сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты |
Білімділік: Оқушылардың өткен тараулар бойынша алған білімдерін тексеру және бекіту.Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеті мен пәнге қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.Оқушылардың табиғаттағы, қоршаған ортадағы жалпы түсініктерін қалыптастыру.Түрлі тәжірбиелер арқылы физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.Әр ғылым саласы бойынша мәлімет беру. |
үйірме жұмыстарынан хабардар ету, білім алуға шақыру. |
|
Дамытушылық:Ғылым салалары бойынша жинақтаған мәліметтерді қортындылап ары қарай дамыту |
|
|
|
Тәрбиелік: Ұжым болып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, еңбек етуге тәрбиелеу. |
|
|
АШЫҚ САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. ОТҚ, Көрнекі құралдар экран, интербелсенді тақта, слайдтар т.с.с. Ашық сабақтың тақырыбы, сайыс сабағының қандай бөлімдерден тұратыны, сұрақтарға қойылатын балдар саны жазылған плакаттар, шарлар, ойынға қатысатын оқушыларға аттары жазылған бейджиктер, білімгерлерді бағалау парағы, т.с.с
Пайдаланған әдебиеттер: Г.Я. Мякишев. Физика – 10; Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев. Физика – 10, Физический эксперимент в школе. Г.Р. Лисенкер; Факультативный курс физики. О.Ф. Кабардин, В.А. Орлов, А.В.Пономарев;
Внеклассная работа по физике. В.А. Орлов, А.В.Пономарев;
В.Г. Андросова и др. Внеклассная работа по физике в сельской школе. О.Ф. Кабардин Кружки по физике в школе. и.т.д.
«Физика біздің болашағымыз» сайыс сабағы
Ашық сабақтың мазмұны
|
|
1. Кіріспе бөлім. Оқытушы ортаға шығады. Оқытушы: Армысыздар, құрметті оқытушылар мен оқушылар және бүгінгі ашық сабаққа қатысушы ұстаздар! Оқытушы: Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, сабақ сапасын көтеру. Мен өз іс-тәжірбиемде түрлі әдіс-тәсілдерді, соның ішінде жаңа технология элементтерін, дамыта және деңгейлеп оқыту әдісін қолданамын. Осы бағытта 1-курстың бағдарламасын толық оқып бітірдік. Өткен тарауларды қайталай отырып,бекіте келе, мен сіздерге МКТ негіздері, температура, идеал газ күйінің теңдеуі, газ заңдары, сұйықтар мен газдардың бір-біріне айналуы, қатты денелер,термодинамика негіздері, электростатика негіздері, тұрақты ток заңдары, магнит өрісі, әр түрлі ортадағы электр тогы т.с.с өтілген тарауларға байланысты өзімнің қайталау сабағымды ұсынып отырмын. - Бүгінгі біздің «Физика біздің болашағымыз»-атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Оқытушы: Сайыс сабағымызға арнайы дайындалып келген «Физика біздің болашағымыз» жайында менің білетінім бар, айтатыным бар деп отырған 2-і топтағы оқушыларымызға қол соғып қоялық. Сайыс сабағының мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеті мен пәнге қызығушылығын арттыру.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.Оқушылардың табиғаттағы, қоршаған ортадағы жалпы түсініктерін қалыптастыру.Түрлі тәжірбиелер арқылы физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Сайысымыз 10 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. «Топтардың таныстыруы». (Сайысқа қатысушы 2-і топ өздерін таныстырады Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. ) 2 - кезең. «Кім көп біледі?»(2-топқа әр қайсысына 24 сұрақ беріледі Әр дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.) 3 - кезең. «Формулалар елінде» (2-і топтағы оқушыларға плакат беріледі, сол плакатқа қай топ қатесіз формула жазып шығады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. ) 4 - кезең. «Ойлан тап!»( Берілген тапсырмалар бойынша физикалық тәжірбие жасау Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. ) 5 - кезең. «Жұмбақтар шешу» 2-і топтағы оқушыларға жұмбақ беріледі, сол жұмбақты қай топ қатесіз шешсе, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.)
6 - кезең. «Білім құмарлар елінде» (2-і топтағы оқушыларға 4-есеп беріледі, сол есепті қай топ қатесіз шығарса. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. )
7 - кезең. «Білгенге маржан» «Қызықты сұрақтар» (2-і топтағы оқушыларға 9 сұрақ беріледі, сол сұрақты 1 мин жауабын дұрыс шешсе, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. ) 8 - кезең. «Мақал-мәтелдерді жалғастыр» (2-і топтағы оқушыларға 10 мақал-мәтел беріледі, сол мақал-мәтелдерді 1 мин жауабын дұрыс шешсе, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.)
9 - кезең. «Данышпандар елінде» 2-і топтағы оқушыларға 10 сұрақ беріледі, сол сұраққа қай топ қатесіз дұрыс жауап берсе, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.)
10 - кезең. «Кім тапқыр!» сөз құрау (2-і топтағы оқушыларға 1. ДОМИНО; 2.ДИНАМОМЕТР СӨЗДЕРІ беріледі, сол сөздерді пайдалана отырып бірнеше сөз құрау 2 мин жауабын дұрыс шешсе, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.)
2. Негізгі бөлім. Оқытушы: Бүгінгі сайыс сабағымыз, яғни қортынды қайталау сабағы түрінде өткізіледі.
2 – Ортаға сайысқа қатысатын 10 топ оқушыларын ортаға шақырайық. 10 топ оқушылары тез сіздерді осы арада 2-і топқа бөлінулеріңізді өтінемін. Себебі бұл сабақ, сайыс сабағы.
Оқытушы: : Бүгінгі біздің сабағымызға әділ төрелік жасап, білімгерлер білімін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырайық. Оның құрамы: 1. Сауле Мукатовна – кәсіптік лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары 2. Раушан Касымгалиевна- лицей әдіскері 3. Айгуль Жалеловна – Жаратылыстану – математика пәндер ЦК меңгерушісі
Сайыс сабағы мынандай бөлімдерден тұрады: І. 1 - кезең. «Топтардың таныстыруы».(Сайысқа қатысушы 2-і топ өздерін таныстырады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. ІІ. 2 - кезең. «Кім көп біледі?»( 2-топқа әр қайсысына 24 сұрақ беріледі, әр дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады) ІІІ. 3 - кезең. «Формулалар елінде» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. IV. 4 - кезең. «Ойлан тап!» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. V. 5 - кезең. «Жұмбақтар шешу» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. VI. 6 - кезең. «Білім құмарлар елінде» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. VII. 7 - кезең. «Білгенге маржан» «Қызықты сұрақтар» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. VIII. 8 - кезең. «Мақал-мәтелдерді жалғастыр» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. IX. 9 - кезең. «Данышпандар елінде». Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. X. 10 - кезең. «Кім тапқыр!» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Оқытушы: І бөлім - 1 - кезең. «Топтардың таныстыруы» - деп аталады. Екі топтан өздері сайлаған топ басшылары шығып қорғайды. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Енді 2 – кезеңімізге көшейік . «Кім көп біледі?»( 2-топқа әр қайсысына 24 сұрақ беріледі, әр дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады)
І - топ 1. Қысымды немен өлшейді? Барометр 2. Электронның заряды қандай? Оң және теріс 3. Ток күші тізбекке қалай жалғанады? Тізбектей 4. Кернеу қандай құралмен өлшенеді? Вольтметрмен 5.Температураның абсолют шкаласын кім енгізді? Ағылшын ғалымы У.Кельвин 6. Аморф денелерге жататындар? Шыны, пластмасса, смола, канифоль, қант, науат т.с.с 7. Жарық жылдамдығы неге тең? 3*108 м/с 8. Тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын кім ашты? Неміс физигі Г.С.Ом. 9. Металдарда электр тогын таситындар? Электрондар. 10. Қай ғалым, қай қолды физика саласына пайдаланған? Ұлы француз физигі А.М.Ампер. 11. Микроскоп қандай аспап? Кішкене денелерді, үлкейтіп көрсету үшін арналған. 12. 1 кН - да неше Н бар? 1000 Н бар. 13. Дәрігерлік мекемелерде герметикалық жабық ыдыстарда , автоклавтарда судың қайнау температурасы неге тең? 100 0 с-тан анағұрлым жоғары болады. 14. Пішінін сақтамайтын, өзі аққыш болып келеді, сол ыдыстын пішініне лайық денені атаңыз? Сұйықтарға тән қасиет. 15. Термодинамиканың 1-ші заңын кім ашты? XIX ғасырдың ортасында неміс ғалымы Р.Майер, ағылшын ғалымы Д.Джоуль, неміс ғалымы Г. Гельмгольц. 16. Француздың ұлы физигінің көмегімен табылып, бірақ Голландияның ұлы физигі құрметіне аталып, ашылған заңды атап айтыңыз? Қозғалысқа түскен зарядталған бөлшекке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш Х. Лоренцтің құрметіне Лоренц күші деп аталған 17. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі қандай? 1 Ом*м 18. Жартылай өткізгіш диодтарды Д.И.Менделеевтің қай элементінен жасаған? Германий, кремний, селен ж/е т.б. 19. Сым бойымен ток жүрген кезде өткізгіште не байқалады? Өткізгіш қызады. 20. Электростатиканың негізгі заңын қай ғылым ашты? Ш.О.Кулон. 21. Термодинамиканың 2-ші заңын кім ашты? Неміс ғалымы Р. Клаузиус 22. Диэлектриктердің неше түрі бар және оларды атап айт? Полярлы ж/е полярсыз. 23. Жұқа магнит пленкалар материалдың қандай қабатынан тұрады? Ферромагнитті материалдың қабатынан тұрады. Ол темір мен феррит қосылысы. 24. Ағылшын ғалымы мен орыс ғалымы бірігіп ашқан қандай заң? Джоуль-Ленц заңы.
ІІ - топ 1.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? Моль 2.Зарядталған денелердің қандай қасиетін білесіздер? Тартылу және тебілу қасиеттері. 3.Кернеу тізбекке қалай жалғанады? тізбектей 4. Ток күшін қандай құралмен өлшейміз? Амперметрмен 5. Бүкіл әлемдік тартылыс тұрақтысының мәні? 6,67*10-11 Н*м2/кг2 6. Электр заряды жоқ бөлшектергше не жатады? Нейтрон жатады. 7. 1 грамм суда неше молекула бар? 3,7*10 22 молекула бар. 8. Қазіргі заманғы орыс тілі грамматикасының негізін қалаушы, энциклопедист, ақын және қоғам қайраткері, оның атымен Москва дағы университет аталады, ол ғалым кім? М.В. Ломоносов. 9. Күн және басқа жұлдыздар негізінен иондалған нелерден тұрады? Плазмалардан 10. Көлемін де, пішінін де сақтайтын дене қалай аталады? Қатты денелер. 11. Телескоп қандай аспап? 12. 1 МВт - та қанша Вт бар? 10 6 Вт бар. 13. Изотермиялық процессті ашқан кім? Ағылшын ғалымы Р.Бойль мен француз ғалымы Э Марриот ашты. 14.Полиграфиялық өнеркәсіпте, жоғары сапалы кітаптарды басу үшін ненің көмегімен алынған стереотиптер қолданылады? Эллектролиз көмегімен алынған стереотиптер қолданылады, оны орыстың ғалымы Б.С.Якоби ойлап тапқан. 15. Күй теңдеуін 1-ші рет ұлы орыс ғылымы ашқан. Ол ғылым кім? Россияның өндірістік күштерін дамыту үшін пайдалы қазбаларын пайдалануда және химия өндірісін дамытуда көп еңбек сіңірген ғалым. Ол кім екен? Д.И. Менделеев. 16. Изобаралық прцессті ашқан кім? Француз ғалымы Гей Люссак. 17. Тығыздықтың өлшем бірлігі? кг/м3 18. Еркін түсу үдеуі неге тең? 9,8 м/с2 19. Изохоралық процессті ашқан ғалымды ата? Француз ғалымы Ж. Шарль. 20. Жер шарының қанша пайызын су алып жатыр? 70,8%-ын алып жатыр. 21. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін арнайы құрылғыны ата? Психрометр деген арнайы құрылғы. 22. Күнделікті тағамда пайдаланып жүрген ас тұзын ата? +Na және – Cl дан тұрады. 23. Ішкі энергия ашылғаннан кейін қандай заң тұжырымдалды? 24.Кесек қант құрылымы қандай кристаллға жатқызуға болады? Поликристаллға.
Оқытушы: Енді 3 кезеңімізге көшсек. 3 - кезең. «Формулалар елінде» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Оқытушы: Енді 4 кезеңімізге көшсек. 4 - кезең. «Ойлан тап!» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Оқытушы: Енді 5 кезеңімізге көшсек. 5 - кезең. «Жұмбақтар шешу» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Оқытушы: Енді 6 кезеңімізге көшсек. 6 - кезең. «Білім құмарлар елінде» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Оқытушы: Енді 7 кезеңімізге көшсек. 7 - кезең. «Білгенге маржан» «Қызықты сұрақтар» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Оқытушы: Енді 8 кезеңімізге көшсек. 8 - кезең. «Мақал-мәтелдерді жалғастыр» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Оқытушы: Енді 9 кезеңімізге көшсек. 9 - кезең. ««Данышпандар елінде». Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Оқытушы: Енді 10 кезеңімізге көшсек. 10 - кезең. «Кім тапқыр!» Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Оқытушы: Енді, әділқазылар алқасы 2 топтың жалпы осы сайыс сабағымның басынан соңына дейінгі жинаған барлық ұпай сандары бойынша бүгінгі сайыстың жеңімпазын анықтап және марапаттау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасы сіздерге беріледі.
Оқытушы:
Оқытушы: - Ал енді, апталық кезіндегі бүгінгі ашық сабағыма қатысқан оқытушылар мен білімгерлерге алғысымызды айта отырып, сіздерге сау болыңыздар емес, келесі кездескенше, сау – саламат болыңыздар дегіміз келеді! Сайыс сабақты қортындылап, оқушыларды бағалау.
|
|
Физика пәнінің оқытушысы: Лазат Кеңесбекқызы Құмарова
Жаратылыстану-математика ЦК меңгерушісі: Айгуль Жалеловна Абдибекова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген