Таңдау курсының
бағдарламасы
Пәні:
Физика
Тақырыбы:
Физика есептерін оңтайлы шешу жолдары
Сыныбы:
10
Пән
мұғалімі: Наубетова Акмарал
Түсінік хат
Бұл
бағдарлама мектептегі физика курсының бағдарламасына қосымша
ретінде ұсынылып отыр. Орта білім беретін мектептерге арналған
жалпы физика курсы толық қамтылып және тереңдетілген.
Физика
ғылымы қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын алатын
табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Физиканың зерттеу
ауқымы өте кең, сондықтап ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды
көзі болып табылады. Бағдарлама оқушылардың ғылыми дүниетанымын
дамытуға, физикалық құбылыстарды бақылау және түсінуге, есептерді
шығаруға және талдай алу машығын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламада механика, термодинамика, молекулалық физика,
электростатика, оптика, кванттық физика курсынан деңгейлік есептер
және ҰБТ есептерін шешу қарастырылған.
Курс
мазмұны негізгі бағдарламаны толықтыруға, онда қамтылмай қалған
қажетті материалды игеруге мүмкіндік береді. Бағдарламада теориялық
материалдар, практикалық жұмыстар, өзіндік жұмыстар, деңгейлік
тапсырмалармен жұмыс, тестпен жұмыс, зерттеу жұмыстары, бақылау
жұмыстары қамтылған
Жалпы
мектептерде физика пәнін бағдарлы курстар арқылы оқыту оқушының
пәнге деген қызығушылығын арттырып, ҰБТ-ге дайындалуға, бүгінгі
заман талабына сай мамандық таңдауға, кәсіптік бағдар алуға және
өзі таңдаған мамандығының болашағына сеніммен қарауға
жетелейді.
Мақсаты: оқушыларға
механика, термодинамика, молекулалық физика, электростатика,
оптика, кванттық физика курсын терең мегертіп, білім, білік,
дағдысын дамыту, шығармашылық қызмет тәжірибесін арттырып,
дүниетанымын кеңейту.
Міндеттері:
-
Есептің
шартын дұрыс құруға, оны талдай алуға үйрету;
-
Негізгі
физикалық заңдылықтар мен формулаларды жатқа білу;
-
Есеп
шығару барысында математикалық білімді дұрыс қолдана білуге
үйрету;
-
Физикалық құбылыстарды дұрыс түсіну үшін графиктер мен
сызбаларды оқи және сыза білуге үйрету;
-
Физикалық шамалардың «БХЖ» жүйесінде анықталатын өлшем
бірліктерін жатқа білуге, өлшем бірліктерді бір түрден екінші түрге
айналдыру машығын шыңдау;
-
ҰБТ
есептерін жылдам әрі оңтайлы шешуге дағдыландыру
Мазмұны:
-
Кинематика – 3 сағат
-
Динамика – 3сағат
-
Статика – 3 сағат
-
Молекулалық физика – 4 сағат
-
Термодинамика – 3 сағат
-
Электростатика – 5 сағат
-
Тербелістер және толқындар – 4 сағат
-
Оптика – 2 сағат
-
Салыстырмалылық теориясының элементтері – 2
сағат
-
Кванттық физика – 3 сағат
-
Қорытынды – 2 сағат
Барлығы
34 сағат
Физика есептерін оңтайлы шешу жолдары. 10 сынып. 34
сағат
№
|
Тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Мерзімі
|
І
|
Кинематика
негіздері
|
3
|
|
1
|
Бірқалыпты түзусызықты
қозғалыс
|
1
|
|
2
|
Дененің түзусызықты
бірқалыпты үдемелі қозғалысы
|
1
|
|
3
|
Нүктенің шеңбер бойымен
қозғалысы
|
1
|
|
ІІ
|
Динамика
негіздері
|
3
|
|
4
|
Ньютонның бірінші заңы.
Масса. Күш
|
1
|
|
5
|
Ньютонның екінші және үшінші
заңдарына есеп шығару
|
1
|
|
6
|
Серпімділік күші. Гук заңы.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
|
1
|
|
ІІІ
|
Статика
негіздері
|
3
|
|
7
|
Күш моменті. Моменттер
ережесі
|
1
|
|
8
|
Дененің импульсі. Импульстің
сақталу заңы
|
1
|
|
9
|
Механикалық жұмыс және қуат.
Энергия
|
1
|
|
ІҮ
|
Молекулалық
физика
|
4
|
|
10
|
Газдардың
молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Газ
молекуласыларының жылдамдықтары
|
1
|
|
11
|
Идеал газ күйінің
теңдеулері
|
1
|
|
12
|
Газдағы
изопроцестер
|
1
|
|
13
|
Нақты газдар. Будың қасиеті.
Ауа ылғалдылығы
|
1
|
|
Ү.
|
Термодинамика
негіздері
|
3
|
|
14
|
Идеал газдың ішкі энергиясы
және жұмысы
|
1
|
|
15
|
Термодинамиканың бірінші
заңы
|
1
|
|
16
|
Тест жұмысы
|
1
|
|
ҮІ
|
Электростатика
|
5
|
|
17
|
Электр өрісінің кернеулігі.
Электростатикалық өріс энергиясы
|
1
|
|
18
|
Тұрақты электр тогы.Тізбек
бөлігі үшін Ом заңы. Токтың жұмысы мен қуаты
|
1
|
|
19
|
Электромагниттік индукция.
Магнит өрісінің энергиясы
|
1
|
|
20
|
Металдардағы және жартылай
өткізгіштердегі электр тогы
|
1
|
|
21
|
Сұйықтардағы электр тогы.
Электролиз заңы. Газ бен вакуумдағы электр тогы
|
1
|
|
ҮІІ
|
Тербелістер және
толқындар
|
4
|
|
22
|
Тербелмелі қозғалыстың
кинематикасы
|
1
|
|
23
|
Тербелмелі қозғалыстың
динамикасы
|
1
|
|
24
|
Тербелмелі контур. Айнымалы
ток
|
1
|
|
25
|
Механикалық толқындар. Дыбыс.
Электромагниттік толқындар
|
1
|
|
ҮІІІ
|
Оптика
|
2
|
|
26
|
Шағылу заңдары. Жарықтың сыну
заңдары. Толық шағылу
|
1
|
|
27
|
Жарық жылдамдығы. Жарық
дисперциясы
|
1
|
|
ІХ
|
Салыстырмалылық
теориясының элементтері
|
2
|
|
28
|
Механикадағы салыстырмалылық
принципі
|
1
|
|
29
|
Жарық жылдамдығының шектілігі
және ақырғылығы
|
1
|
|
Х
|
Кванттық
физика
|
3
|
|
30
|
Фотон. Фотоэффект
|
1
|
|
31
|
Резерфорд-Бор атомының
моделі
|
1
|
|
32
|
Радиоактивтілік. Ядролық
реакциялар
|
1
|
|
ХІ
|
Қорытынды
|
2
|
|
33
|
Қорытынды бақылау
жұмысы
|
1
|
|
34
|
Қорытынды тест
жұмысы
|
1
|
|