жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физика және әдебиет әлемі
Жалпы білім беретін пәндердің 9-11 сыныптарына арналған авторлық бағдарлама
«Физика және әдебиет әлемі»
Құрастырған : қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Тогтал Гайни
Түсінік хат
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес» деп елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атап көрсеткендей қазіргі заман талабы ғылым мен білімді игеріп қана қоймай , олардың өзара байланысын анықтай алуды мақсат етіп отыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да « ұлттық және бүкіл азаматтық құндылықтар,ғылым мен практика негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беруді қолдау» жөнінде айтылған. Сол себепті оқушылардың шығармашылық , танымдық мүмкіндіктерін , практикалық қабілеттерін ескере отырып саралап оқыту, профильдік оқыту, пәнаралық байланыстыра оқытуға басымдылық беріліп отыр.Бұл арқылы оқушының қызығушылығы, оқу материалын жеңіл меңгеруі,ізденушілік дағдысын дамытатын жағдай туғызу білім сапасын арттырудың оңтайлы тәсілі деп есептеймін.Осыған байланысты 9-11 сынып оқушылары болашақ мамандықтарын таңдауда қиындық туғызып жүрген пәні физиканы әдебиетте берілген физикалық құбылыстарды қарапайым өлең жолдарында көрініс табуын талдай отырып меңгере алады.Қоршаған орта, физикалық құбылыстар мен табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды әдебиеттегі бейнелеулер арқылы түсіне алады.
Факультатив мақсаты: Әдеби шығармалардағы құбылыстарды физикалық тұрғымен байланыстыра алу арқылы таным деңгейлерін, сындарлы ойлауын дамыту.
Міндеттері:
- Оқушылардың сыни ойлауын арттыру;
- Әдебиет және физика пәндерін байланыстыра алу;
- Оқушыларды көркем шығармада жолдарындағы физикалық құбылыстармен таныстыру:
-Әдебиеттегі көркем құбылыстар туралы мағлұматтарын кеңейту;
-Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
-Берілген шығармадағы физикамен байланысты құбылыстар туралы мәліметтер жинау;
- Берілген шығармадағы құбылысты тауып, көркемдегіш құралдың қандай түрі қолданғанын, физиканың қай бөліміне жататынын анықтау;
-Ізденіс жұмыстары арқылы білімдерін толықтыру;
Күтілетін нәтижелер: Әдеби шығармалардағы берілген физикалық құбылыстарды талдай отырып, пәнге деген қызығушылықтары артады.Әдеби шығармадағы көріністерді талай отырып ондағы физикалық процесті теория жағынан түсіндіре алады.
9-11-сыныптарға қолданбалы курс
«Физика және әдебиет әлемі»
№ |
Тақырыбы |
Саны |
Мерзімі |
Ескерту |
1 |
Факультатив мақсаты мен міндеттері |
1 |
|
|
2 |
Табиғат және адам |
1 |
|
|
3 |
Әдебиеттің физикадан көрінетін құбылыстары |
1 |
|
|
4 |
Қозғалыс. Абдрахман Асылбек «Өмір машинасы»
|
1 |
|
|
5 |
Қозғалыс түрі. Қадыр Мырзалиев «Мен жасаған машина» |
1 |
|
|
6 |
Қозғалыс түрі. М.Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз» |
1 |
|
|
7-8 |
Жылдамдық. А.Құнанбаев «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» |
2 |
|
|
9 |
Жылдамдық. Марфуға Айтқожина «Жол үстінде» |
1 |
|
|
10-11 |
Жылдамдық. Қалижан Бекхожин «Жол үстінен» |
2 |
|
|
12 |
Жылдамдық .Ғафу Қайырбеков «Жол үстінде» |
1 |
|
|
13 |
Жылдамдық Әбділда Тәжібаев «Жол туралы» |
1 |
|
|
14 |
Күш. Ақылбек Шаяхметов «Үлкен жолда жатқан көлік ағылып» |
1 |
|
|
15 |
Күштерді қосу . Жұмағали Саин «Маған күш бер» |
1 |
|
|
16 |
Күштерді қосу. Ә.Тәжібаев «Күш» |
1 |
|
|
17 |
Тербеліс. Қадыр Мырза Әли «Толқын» |
1 |
|
|
18 |
Дыбыс қасиеттері. Т.Бейсембеков «Дыбыстар» |
1 |
|
|
19 |
Мақал-мәтелдерді талдау «Бос ыдыстың дыбысы жуан» |
1 |
|
|
20 |
Мақал-мәтелдер Егер поэзия біріккен дыбыстардың үндеуі ғана болмаса да, ол адам ойын жеткізетін құралдың ең ұлы түрі. |
1 |
|
|
21 |
Жылу құбылыстары. Қадыр Мырза Әли «Адамның ауыл атамекен пернесі» |
1 |
|
|
22 |
Диффузия. Абай Құнанбаев «Қыс» |
1 |
|
|
23 |
Жарықтың шығарылуы. А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай» |
1 |
|
|
24 |
Заттың агрегаттық күйлері Өтепберген Ақыпбекұлы « Не қатты, не тәтті» |
1 |
|
|
25 |
Заттың агрегаттық күйлері. Нұрлыхан Сейітханов « Су» |
1 |
|
|
26 |
Жылу берілу түрлері Қадыр Мырза Әли «Жаңбыр» |
1 |
|
|
27 |
Жылу. Қадыр Мырза Әли «Туған жердің ауасын» |
1 |
|
|
28 |
Дөңгелек үстел. Физика және әдебиет |
1 |
|
|
29 |
Булану. А Құнанбаев «Қыс», «Күз» |
1 |
|
|
30 |
Булану Абай Құнанбаев «Жазғытұры» |
1 |
|
|
31 |
Конденсация. Сұлтан Қалиұлы «Бұлт деген не?» |
1 |
|
|
32 |
Қадыр Мырзалиев «Бұлт», Ғ.Қайырбеков «Найзағай» |
1 |
|
|
33 |
А. Байтұрсынов «Қара бұлт» |
1 |
|
|
34 |
Қорытынды |
1 |
|
|
Бағдарламаның құрылымы
Кіріспе 1-сағат
Курстың мақсаты мен міндеттері. Табиғат және адам 1-сағат
Халықтық педагогикада физикада 1-сағат
Механика. Қозғалыс түрлері. Кеңістік пен уақыт.Жылдамдық анықтамалыры жағдайлары қарастырылады. 10 сағат
Абдрахман Асылбек «Өмір машинасы, Қадыр Мырзалиев «Мен жасаған машина», М.Мақатаев «Ертең біз жол жүреміз», . А.Құнанбаев «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» , Марфуға Айтқожина «Жол үстінде» , Қалижан Бекхожин «Жол үстінен» , Ғафу Қайырбеков «Жол үстінде», Ә.Тәжібаев «Жол туралы» ,
Күш. Күштерді қосу. Тербеліс, толқындар,дыбыс, 7 сағат
Ақылбек Шаяхметов «Үлкен жолда жатқан көлік ағылып» Жұмағали Саин «Маған күш бер» , Ә.Тәжібаев «Күш», Қадыр Мырза Әли «Толқын» Т.Бейсембеков «Дыбыстар» , Мақал-мәтелдерді талдау «Бос ыдыстың дыбысы жуан» , «Егер поэзия біріккен дыбыстардың үндеуі ғана болмаса да, ол адам ойын жеткізетін құралдың ең ұлы түрі».
Жылу құбылыстары ,заттың әртүрлі күйлері ,булану 2 сағат .
. Қадыр Мырза Әли «Адамның ауыл -атамекен пернесі», Абай Құнанбаев «Қыс»
Жарық көздері,жылдамдығы. 11сағат
А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай», Өтепберген Ақыпбекұлы « Не қатты, не тәтті», Нұрлыхан Сейітханов « Су»
Қадыр Мырза Әли «Жаңбыр», Қадыр Мырза Әли «Туған жердің ауасын», .А Құнанбаев «Қыс», «Күз», Абай Құнанбаев «Жазғытұры», . Сұлтан Қалиұлы «Бұлт деген не?» Қадыр Мырзалиев «Бұлт», Ғ.Қайырбеков «Найзағай», А. Байтұрсынов «Қара бұлт»
Қорытынды сабақ 1 сағат
Жарық құбылыстары .Родина Н.А.-Алматы «Мектеп», 1987 жыл
Физикадан анықтамалық құрал. Дүйсембаев Б., Қазақбаев Д. Алматы «Рауан» 1996 жыл
Ол кім? Бұл не? Энциклопедиясы. 2 томдық.
Перельман Я. «Қызықты физика».
Физикадан анықтамалық құрал. Дүйсембаев Б., Қазақбаев Д. Алматы «Рауан» 1996 жыл
Абай. Қалың елім,қазағым… Өлеңдер жинағы .-Алматы: Атамұра, 2002.
Қадыр Мырза Әли. Көкейкесті. Өлеңдер мен толғаулар –Алматы: Атамұра, 2003
12.А.В.Чеботарева «Оқушылардың физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары».
13. Жарық құбылыстары .Родина Н.А.-Алматы «Мектеп», 1987 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген