400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Физика және эксперимент" 8-сыныпқа арналған факультативтік курс жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа физика пәнінен арналған факультативтік курс жоспары.Физика пәні мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі. «Физика» пәні мектептің жоғары сатысында жаратылыстану- математикалық бағытта оқытудың бағдарын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқылатын пәндер қатарына жатады.
Курстың негізігі ерекшелігі физиканың негізгі заңдылықтарын теориялық және эксперименттік тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Осыған байланысты оқушылар жаңа білім алумен және физиканың зерттеу әдістерімен де танысу қажет болып табылады.

Курстың мақсаты:
Берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын, олардың ашылу тарихын, күнделікті тұрмыста қолданылуын, техникамен және ғарышты игерумен байланыстылығын ашып көрсету; пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және іздемпаздыққа, тапқырлыққа ынталандырып, болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін.
Оқушылар білім мен дағдыларына қойылатын талаптар:
- физикалық ұғымдардың, заңдардың,теориялардың қолданылу шегі болатынын түсіну және физикалық теориялар белгілі ғылыми фактілер мен физиканың техника-экономикалық, экологиялық проблемаларды шешудегі ролін түсіну
- игерген білімдері мен әртүрлі ақпарат құралдарынан алған мәліметтерді өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын бағалау үшін қолдана білу
- лабораториялық жұмыстар мен практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп алған нәтижені бағалай алуға және кешенді есептерді шығара білуге үйрету.

Физика және эксперимент
Физикалық эксперименттік тапсырмаларды беру осы пәнге ерекше қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық (техникалық) жағдайлар ескеріледі.Берілетін эксперименттік тапсырмалар жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:
- Тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
- Физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;
- Физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр – дыбыс реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін анықтау);
- Тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының қуатын электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес келмесе себептерін түсіндіру);
- Техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп, құбылысты түсіндіру керек).
Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет. Оқушылар әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Тапсырманы дұрыс ұйымдастырылса сабақ кезіндегі алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге көмектеседі. Берілген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындылары, есептердің шешімі, шығармашылық тапсырмалардың орындалуы оқушылардың үй жұмыстарына арналған дәптерлеріне жазылады. Үй жұмысының қорытындылары туралы мәліметтер жазу оқушыларды өз ойын сауатты және қысқаша жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар жазу мәдениеті, яғни белгілі жүйе, нақтылық және реттілік қалыптасады. Тәжірибелерді және бақылауларды баяндау оқушыға көргенін терең ойлауға, негізгіні ажырата білуге үйретеді.
Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті құру және өлшеулер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру. Эксперементтік есептердің бағалы жері – ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол ашады.

Физиканы оқыту оқушы бойында техниканың әр түрлі салаларының, химиялық және биологиялық құбылыстар мен прцесстердің негізінде физика және оның заңдары жататындығы туралы білімдерді, физиканың зерттеу әдістері мен зерттеушілік сипаттағы білімдер мен кәсіби маңызды тәжірибелік біліктерді қалыптастыру.

Оқушылар білім мен дағдыларына қойылатын талаптар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу;
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
- есеп шығарған кезде берілген шамалар арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
- зерттеу әдістерін /эксперимент жүргізу,әдибетке шолу жасау,мәліметтер талдау/ жоспарлай білу,эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу сияқты нәтижелерге қол жеткізулері тиіс.















Пәнаралық байланыстар:
Алгебра, геометрия, информатика, химия, экономика, биология және өндірістік оқулықтар.
Кәсіби бағдарлау.
Кәсіби бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалық материалдарына сүйене отырып таңдауды негіздеу.
Оқушылар осы курсты оқу нәтижесінде мынадай мамандықтарды игеруге дайындалуға мүмкіндік алады: Педагогика, экономика, архитектор, әскери, құрылыс мамандары. Табиғатты саналы танудың міндетті ретінде алдынғы шартты ғылыми деректерді іздестіріп жинақтау. Байқау мен эксперимент жүргізу. Физикалық шамаларды анықтап, өлшем бірліктерін тағайындау және сан мәнін өлшей білу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Оқытушылар үшін:
1. Аққошқарова Қ. «Физика эксперименттік есептер»
2. Аққошқарова Қ., Қойшыбаев Н. Физика «Теория. Есептер мен тест сұрақтары және оның шешу жолдары»
3. «Физика және Астрономия» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал.
Оқушылар үшін:
1. 7-11 сынып «Физика және Астрономия» оқулықтары. Мектеп баспасы 2004-2007 ж.ж.
2. 7-10 сынып физикадан электрондық оқулықтар. 2010 ж.
3. А.В.Чеботарева «Оқушылардың физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары».
4. А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы».
5. Б.А.Кронгарт «Физика есептер жинағы».



























Жоспары


№

Тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

Түрі.

1

Кіріспе.Жұмыс әдістемесімен таныстыру,мақсаты мен міндеттерін анықтау.

1

6.10

Әңгіме

2.

Ішкі энергия

1

6.10

Лекция

3

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері

1

13.10

Әңгіме

4-5

Есеп шығару.

1

13.10

Практикалық,тапсырмалар

6-7

Пр. Жұмыс №1: «Жұмыс істеу арқылы ішкі энергия өзгеруін зеттеу».

1

20.10

Практикум

8.

Жылу мөлшері.

1

20.10

Лекция

9.

Жылу берілу түрлері.Жылу өткізгіштік.

1

27.10


10-11.

Есеп шығару.

1

27.10

Практикалық

12-13

2-практикалық жұмыс: «Металл мен ағаш, су мен ауаның жылу өткізгіштік қасиеттерін салыстыру».

1

10.11

Практикум

14.

Ғылыми деректер жинау,жоба қорғау.

1

10.11

Тапсырмалар

15.

Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.

1

17.11

Лекция

16.

Балқу, ылғалдылығы. Қайнау.

1

17.11

Әңгіме

17-18.

Есеп шығару.

1

24.11

Практикалық

19-20.

Пр.жұмыс №2: «Балауыздың балқуын бақылау. Сынып бөлмесі ішіндегі ауаның ылғалдылығын анықтау».

1

24.11

Практикум

21.

Ғылыми деректер жинау,жоба қорғау.

1

8.12

Тапсырмалар

22.

Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.

1

8.12

Лекция

23.

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.

1

15.12

Лекция

24.

Толық тізбек үшін Ом заңы.

1

15.12

Лекция

25.

Тұрақты токтың қуаты мен жұмысы.

1

22.12

Әңгіме

26-27.

Есеп шығару.

1

22.12

Практикалық

28-29.

Пр.жұмыс №3: «Өткіштерді тізбектей және параллель жалғау».

1

29.12

Практикум

30.

Ғылыми деректер жинау,жоба қорғау.

1

29.12

Тапсырмалар

31-32.

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

1


Лекция

33.

Потенциал және потенциалдар айырымы. Конденсаторлар.

1


Лекция

34.

Электр тогы. Ток көздері. Электр тізбегі..

1


Лекция

35.

Ток күші. Электр кернеуі. Электр Кедергісі

1


Әңгіме

36-37.

Есеп шығару.

2


Практикалық

38-39.

Пр.жұмыс №4: «Электр тізбектегі өлшеулер».

2


Практикум

40.

Ғылыми деректер жинау,жоба қорғау.

1


Тапсырмалар

41.

Жылу қозғалтқыштары.

1


Лекция

42.

Жылу қозғалтқыштарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер.

1



43-44

Сапалық және эксперименттік есептер шығару.

2


Практикалық

45-46.

Пр.жұмыс №5: Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін анықтау

1


Практикум

47.

Жылу қозғалтқыштары туралы деректер жинақтап,жоба қорғау.

1


Әңгіме






48.

Жарық. Жарықтың шағылу,
сыну, жұтылу заңдылықтары

1


Лекция

49.

Линзалар. Сфералық және жазық айналар.

1


Лекция

50.

Оптикалық аспаптар,маңызығқолданылуы.



Әңгіме

51-52.

Есеп шығару

2


Практикалық

53-54.

Пр.жұмыс №5: «Жарықтың сынуын бақылау және шының сыну көрсеткішін өлшеу».

2


Практикум

55.

Ғылыми деректер жинау,жоба қорғау.

1


Тапсырмалар

56-57.

Электромагниттік индукция. Магнит ағыны. Тұрақты тоқ генераторы. Тербелмелі контур.

2


Лекция

58.

Айнымалы электр тоғы.

1


Әңгіме

59.

Тұрақты электр тогы,айн.және тұрақты токтың айырмашылығы.

1


Әңгіме

60-61

Есеп шығару

2


Практикалық

62-63

Пр.жұмыс 6: «Радиобайланыс принциптері».

2


Практикум

64

Ғылыми деректер жинау,жоба қорғау.

1


Тапсырмалар

65-66

Физикалық эксперименттер - қонжық каналында Қағаздан, судан эксперименттер жасау

2


Бейнеролик көрсету

67

Шығармашылық есеп

1


Әңгіме

68

Қорытынды.

1









Барлығы: 34

68.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
30 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
3569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі