жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Физика және информатиканы оқытуда тиімді педагогикалық технологияларды қолдану»
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
«Аймақ негізгі мектебі»КММ
Физика және информатика пәні мұғалімі
Адилбек Жарганат
«Физика және информатиканы оқытуда тиімді педагогикалық технологияларды қолдану»
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры
болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге
енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің
еншілеріңіз. Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
(Н. Ә. Назарбаев)
І.Кіріспе.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.
Қазіргі таңда мұғалімге қойылатын негізгі талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
ІІ.Негізгі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру»- стратегиясының маңызы ерекше болса, биылғы- халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.
Ақпараттық-телекоммуникациондық технологиялардың қазіргі замаңғы физиканы оқытудағы, мектеп оқушыларының дүниетанымдық ойлау қаракетін күшейтудегі маңызы, міне осындай. Ол оқу процесін жандандыруға және уақыт үнемдеуге осылай көмектесіп отыр. Сөйтіп, жаңа технологияларды шебер пайдалану физикалық білімдерді меңгеруге кететін уакытты едәуір қысқартады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген, білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы негізгі мына мақсатқа сүйене отырып:
1-мақсаты. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту
Міндеттер:
5.1.1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту
Ақпараттық технологияның соңғы жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, жаратылыстану жөніндегі ілгері ғалымдар қатарына жататын физика және информатика ғылымының негіздерін және жеткіншектерге орта мектеп бағдарламасының ауқымында терең түсініп, игеруге мүмкіндік жасады.
Оқытуды, оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие, ұйымдастыру-педагогикалық қызметті қамтитын мұғалімнің еңбегін нормалау жүйесі зерделенеді және әзірленеді.
Сонымен қатар, ақпараттық технологияның дамуына байланысты мектептің мәселесі туыдайды. Біздің мектебіміздің негізгі мәселесі: «Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде білім сапасын арттыру »-деген мәселеге сүйене отырып, мына негізгі мақсатпен: «Сапалы білім, саналы тәрбие беру» бірлесе жұмыс жасаймыз.
Осы негізгі мақсатқа арқа сүйей отырып, бес әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды, соның ішінде, өзім сабақ беретін физика және информатика пәндері «Жаратылыстану – математика» ӘБ жататын: математика, физика, информатика, биология, химия, география пәндердің арасындағы ерекше саладағы пәндер. Осы пәннен білім беретін мұғалімдер-«Оқытудың қазіргі технологияларының әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ізгілендіру» мақсатымен жұмыс жасаймыз.
Өзім жұмыс жасаған 15 жыл ішінде, өзім білім беретін, физика және информатика пәндерін бір-бірімен байланыстыра, ұштастыра отырып, өз пәнімнің жеке мәселесі: « Физика және информатика сабақтарын байланыстыра оқыту » арқылы көптеген жетістіктерге жетіп келемін.
Бес жылда бір рет курстан өтеміз, елемездегі соңғы келеңсіз жағдайларға байланысты оқу жүйесі қашықтықтан оқытылуына байланысты 2020-2021 жылдары әртүрлі, түрлі технологияларды меңгеру байланысты, кейінгі жүйелі сүйемелдеуді, оқыту практикасын одан әрі өзгертуді және жетілдіруді көздейтін үздіксіз кәсіби дамуды қамтамасыз ету жағына педагогтердің біліктілігін арттыру тәсілін өзгеруіне байланысты, 2020 оқу жылы мана курстарды меңгеріп шықтым:
- «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы, 2017ж.
- Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген, критериалды бағалау бойынша Жазғы мектеп курсы-2019ж.
- Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген, « Оқушылардың математикалық және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» курсы-2020 ж.
- Информатика білім саласы бойынша «Робототехника негіздері» курсы 2020ж.
Кәсіптің беделін арттыруға ықпал ететін олимпиадалар мен конкурстарға қатысып отырамын , соның бірі, республикалық "Үздік педагог» конкурсындағы жетістіктерімнен байқауға болады.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматық көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып отыру , оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа технологиялар. Әлемнің бірнеше елінің сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағыты бар, сабағымды сол төрт бағытпен қамтимын, олар:
Модульдік технология
үш өлшемді технология
Дамыта оқыту
Сын тұрғысынан ойлау
Мектеп қабырғасында физика пәнін ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Соның арқасында, оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешімін дұрыс қабылдауға дағдыланады.
Әр технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді әр мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай қолданылады.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Мен өзім оқушымен қарым- қатынасты дөрекілікпен «қатаймай», «жұмсақ» әдістерді қолданғанды жақсы көремін;
Сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым- қатынас орнатуға мүдделі болу, мысалы оқушыға «Сеннің » орнына «Сіз» деп сөйлеу арқылы, «Сіз білесіз! Сіздің қолыңыздан келеді!», «Мен сізге кәміл сенемін!» деп сөйлессек оқушының білімге деген ынтасы пайда болады;
Әр сабағымда қолданылатын тиімді интербелсенді тәсілдер:
1. «Ыстық орындық»
Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Өз еркімен ортаға бір оқушы шғып, өзін таныстырады. Аты-жөнін, сүйікті тағамы мен түсін, қызығушылығын айтады. Содан кейін сыныптың басқа оқушылары, тренингті жүргізуші мұғалім де ыстық орындықта отырған оқушыға өзінің көкейінде жүрген сұрақтарын қояды. Сұрақтар реті әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, өзінің жеке басы, болашағы, арманы және т.б. Жаттығу кезекпен осылай жалғаса береді.
2.«Джигсо» әдісі.Талқылау
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бір әдісі "Джигсо" арқылы жұмысымды жүргізгенді жөн көремін. Әдісті 2-топ болып жалғастырады.
Жұмыс топ:
Алдымен алдарыңызға қойылған түстер бойынша жұмысша топтарға бөлініп алайық. Сіздерге әңгіменің бір бөлігі таратылады. Әңгіме бөлігін оқып өз топтарыңызда талқылаңыздар. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі.
Бастапқы топ:
Ал енді сабақ басында бөлінген бастапқы топтарыңызға қайта келіп, қолдарыңыздағы әңгіме бөліктерін құрастырыңыздар.Толық әңгіме мазмұнымен танысып, әңгіме соңын әр топ өз топ мүшелеріңізбен ақылдаса отырып аяқтаңыздар.Енді сіздерге әңгіменің толық нұсқасы таратылады.Топтарға мәтін бөлігін өзара талқылайды. Әр топ өздеріне берілген әңгіме қиындыларынан мәтін құрастырады. Әңгімені талқылайды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, олардың өзін-өзі дамытуға, айқын өмірге көз қарасын қалыптастырады. Осы мақсатта, біздің мектептің 2017 оқу жылының түлегі, Каир Алихан , 2016-2017 оқу жылында «Күн энергиясын қолдану жолдары» тақырыбымен аудандық ғылыми жобалар сайысына қатысты. Қазіргі таңда үлке жобалардың жетекшісі, Ақмола облысының жұлдызы, 100 жаңа есімнің бірін емденуші, Көкшета жоғары техникалық колледжінің студенті.
ІІІ.Қорытынды.
Қорыта келгенде, заманауи технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да - мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
"Шәкірт - нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ" демекші, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі тұлға етіп дайындау - мектептің басты мақсаттарының бірі. Мақсатқа жетер жолда аянбаған ғана нәтижеге қол жеткізеді
Елбасымыз айтқандай, егеменді
еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы
бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
«Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда екенін
ұмытпайық»
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы.
-
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
-
“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы, 2011 жыл
-
Информатика негіздері" ғылыми-әдістемелік журнал

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген