Купжасарова Арай Жусуповна,
«Алматы облысы білім басқармасының
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» ММ,
«Орта мектеп-гимназиясы» КММ,
Физика пәні мұғалімі
Физика және технология : STEAM жобалар әлемі
Аңдатпа
Бұл мақалада «Физика және технология: STEAM жобалар әлемі» авторлық бағдарламасының мазмұны, құрылымы және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, жобалық-зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталған тәжірибелік тәсілдері сипатталады. Бағдарлама заманауи STEAM-білім беру талаптарына жауап береді және оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыруда тиімді нәтиже береді.
Аннотация
В данной статье описывается содержание, структура авторской программы «Физика и технология: мир проектов STEAM» и практические подходы, направленные на повышение функциональной грамотности учащихся, развитие проектно-исследовательских способностей. Программа отвечает современным требованиям STEAM-образования и дает эффективные результаты в повышении интереса учащихся к физике.
Abstract
This article describes the content, structure of the author's program "Physics and Technology: The World of STEAM Projects" and practical approaches aimed at improving the functional literacy of students, developing project and research abilities. The program meets the modern requirements of STEAM education and gives effective results in increasing the interest of students in physics.
Кіріспе
Бүгінгі таңда әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу үшін оқушыны тек теориялық біліммен қаруландыру жеткіліксіз. STEАM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) – осы бес саланы кіріктіріп, оқушыны өмірлік жағдайларды шешуге бағыттайтын әдіснама. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушының өмірлік құзыреттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту негізгі мақсаттардың біріне айналып отыр. Бұл тұрғыда STEAM білім беру – оқушыны ғылым мен техниканың нақты байланысын көре отырып, өз бетімен тәжірибе жасауға, жобалауға және зерттеуге бейімдейді. Физика пәні – осы мүмкіндіктерді толық іске асыратын жетекші пәндердің бірі болып саналады.
Бағдарламаның мақсаты мен ерекешелігі
«Физика және технология: STEAM жобалар әлемі» бағдарламасы 9-сынып оқушыларына арналып құрастырылған. Мақсаты – физиканың негізгі заңдарын технологиялық тұрғыда түсіндіре отырып, оқушыларды инженерлік ойлауға, жобалауға және макет жасауға үйрету. Бағдарламада Arduino сияқты құрылғыларсыз, қарапайым құрал-жабдықтармен тәжірибелік жобалар жасалады. Жобалар оқушылардың шығармашылығын дамытып қана қоймай, оларды командада жұмыс істеуге, ғылыми тілде сөйлеуге, нәтижені қорғауға үйретеді. Авторлық бағдарлама оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, физикалық құбылыстарды модельдеу және оларды өмірмен байланыстыра алуына мүмкіндік беру мақсатында құрылды.
Бағдарламаның міндеттері:
- Оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту;
- Физикалық заңдылықтарды тәжірибе жүзінде қолдану;
- Қарапайым материалдармен макет құрастыру;
- Ғылыми тілде ой қорытып, жобасын қорғай алу дағдысын
қалыптастыру.
Қорытынды
«Физика және технология: STEM жобалар әлемі» бағдарламасы – бүгінгі заман талабына сай, оқушылардың зерттеушілік, жобалық және шығармашылық қабілетін дамытатын, оқытудың дәстүрлі тәсілдерін жаңашылдықпен ұштастыратын, оқушыны өмірлік бағытта тәрбиелеуге арналған тиімді құрал. Авторлық бағдарлама басқа пән мұғалімдеріне де кіріктірілген сабақтар өткізуге негіз бола алады. Бұл жоба өз тәжірибесінде жаңашылдықты енгізгісі келетін әрбір мұғалімге әдістемелік көмек бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Зияткерлік
мектептерінің STEAM-білім беру тұжырымдамасы
2. Әлімқұлова А. «STEAM тәсілі және мектептегі
жобалық оқыту» – Алматы, 2021
3. Физика және астрономия оқулығы. 9-сынып
4. www.sciencebuddies.org – STEAM жобалар
платформасы
5. Білім берудегі зерттеу жобалары. ҚР Оқу-ағарту министрлігі, 2023
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз