Материалдар / физика КТЖ 68 сагат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

физика КТЖ 68 сагат

Материал туралы қысқаша түсінік
Календарно тематический план 11 класс предмет физика
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қырқүйек 2024
210
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан арнайы курста ҰБТ-де кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек.
Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады. 
Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.
Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс.
Мақсаты:

  • Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару.

  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында семинар – сабақтарды ұйымдастырып беру.

  • Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.


Міндеттері:

  • Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.

  • Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.

  • Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.

  • Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар).

Күтілген нәтижелер:

қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:

- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.

- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;

- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;

- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;

- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;

- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;

- зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;

- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;

- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;

- ҰБТ –ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.





Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

11-сынып (Барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Күні




Механикалық тербелістер

Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері

11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) зерттеу

1


Электромагниттік тербелістер

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер

11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау
11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру;

1


Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық

11.4.2.3 - компьютерлік моделдеу арқылы заряд пен ток күшінің уақытқа тәуелді графиктерін зерттеу

1


Айнымалы ток

Айнымалы ток генераторы

11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттеу

1


Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток

11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен элерктр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау;
11.4.3.3 - синусоидалы айнымалы ток немесе кернеуді гармоникалық функция түрінде көрсете алу

1


Айнымалы ток тізбегінде активті және реактивті кедергі

11.4.3.4 - айнымалы ток тізбегінде тек активті жүктеме кезінде(резистор) фаза ығысуын сипаттау;
11.4.3.5 - айнымалы ток тізбегінде реактивті жүктемелер кезінде (катушка, конденсатор) фаза ығысуын сипаттау

1


Активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы

11.4.3.6 - R, L, C -дан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін есептеу

1


Айнымалы ток тізбегіндегі қуат

11.4.3.7 - айнымалы токтың активті және реактивті қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
11.4.3.8 - векторлық диаграмма салу арқылы қуат коэффициентін анықтау

1


Электр тізбегіндегі кернеу резонансы

11.4.3.9 - резонанс шартын түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.10 - Резонанстық жиілікті есептеу

1




Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және қолдану, трансформатор

11.4.3.11 - қуат формуласының негізінде трансформатордың жұмыс істеу принципін талдау;
11.4.3.12 - электр энергиясын тасымалдау үшін жоғары кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіру

1


1 Зертханалық жұмыс.
"Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау"

11.4.3.13 - трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтау

1


Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану

11.4.3.14 - Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

1


Толқындық қозғалыс

Серпімді механикалық толқындар. Бойлық және тұрғын толқындардың теңдеуі.
№ 2 Зертханалық жұмыс
"Ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау"

11.5.1.1 - ауадағы тұрғын дыбыс толқындарының пайда болуын зерттеу;
11.5.1.2 - графикалық әдісті қолданып түйіндер мен шоғырларды анықтау және тұрғын толқындардың пайда болуын түсіндіру

1


Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы

11.5.1.3 - судың бетінде екі көзде пайда болған интерференцияны зерттеу

1


Гюйгенс принципі.
Механикалық толқындардың дифракциясы

11.5.1.4 - Гюйгенс принципін және механикалық толқындарда дифракциялық көріністі бақылаудың шарттарын түсіндіру

1


Электромагниттік толқындар

Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы

11.5.2.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау

1


Радиобайланыс. Детекторлы радиоқабылдағыш

11.5.2.2 - жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекторлауды сипаттау;
11.5.2.3 - амплитудалық (АМ) және жиіліктік (FM) модуляцияны ажырату;
11.5.2.4 - детекторлы радиоқабылдағыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру

1


Аналогты-сандық түрлендірулер. Байланыс арналары

11.5.2.5 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру

1


Байланыс құралдары

11.5.2.6 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды жетілдірудің жолдарын ұсыну

1


Толқындық оптика

Жарықтың электромагниттік табиғаты. Жарықтың жылдамдығы

11.6.1.1 - жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін түсіндіру

1


Жарықтың дисперсиясы.
Жарықтың интерференциясы

11.6.1.2 - призма арқылы өткен кездегі ақ жарықтың жіктелуін түсіндіру;
11.6.1.3 - механикалық және жарық толқындарының интерференциялық көріністеріне салыстырмалы талдау жүргізу;
11.6.1.4 - жұқа пленкаға түскен және шағылған жарықтардан пайда болған интерференциялық максимумдар мен минимумдарды бақылау шарттарын анықтау

1


Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық торлар

11.6.1.5 - Френель теориясын қолданып, қылдан, саңылаулардан, дөңгелек саңылаудан пайда болған дифракциялық көріністерді түсіндіру

1


3 Зертханалық жұмыс
"Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау"

11.6.1.6 - жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тордың көмегімен эксперимент арқылы анықтау

1


ТЖБ





Жарықтың поляризациясы.
№ 4 Зертханалық жұмыс
"Жарықтың интерференциясын, дифракциясын және поляризациясын бақылау "

11.6.1.7 - жарықтың интерференция, дифракция және поляризация құбылысын талдай отырып, эксперимент арқылы жарықтың электромагниттік табиғатын дәлелдеу

1


Геометриялық оптика

Гюйгенс принципі. Жарықтың шағылу заңы

11.6.2.1 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың шағылу заңын түсіндіру

1


Жазық және сфералық айналар

11.6.2.2 - сфералық айнадағы сәуленің жолын салу және сфералық айнаның формуласын есептер шығаруда қолдану

1


Жарықтың сыну заңы

11.6.2.3 - Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіру

1


Толық ішкі шағылу

11.6.2.4 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру

1


5 Зертханалық жұмыс
"Шынының сыну көрсеткішін анықтау"

11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну

1


Линзалар жүйесінде кескін салу. Жұқа линза формуласы. Оптикалық құралдар

11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
11.6.2.7 - әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану;
11.6.2.8 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын салу және түсіндіру

1


Салыстырмалы теорияның элементтері

Салыстырмалы теорияның постулаттары.
Лоренц түрлендірулері

11.7.1.1 - Галилейдің салыстырмалы принципі мен Эйнштейннің салыстырмалы принципін сәйкестендіру;
11.7.1.2 - Эйнштейн постулаттары мен Лоренц түрлендірулерін есептер шығаруда қолдана отырып, релятивистік эффектіні түсіндіру

1


Энергия. Релятивистік динамикадағы импульс және масса. Материалдық дене үшін энергия мен массаның байланыс заңы

11.7.1.3 - зарядталған бөлшектердің үдеткіштерінің жұмыс істеу принципін, оларда орын алатын релятивистік эффектіні ескере отырып түсіндіру

1


Атомдық және кванттық физика

Сәулеленудің түрлері

11.8.1.1 - сәулеленудің көздері мен түрлерін топтастыру

1


Спектрлер. Спектрлік құралдар. Спектрлік анализ

11.8.1.2 - спектрлік құралдардың жұмыс істеу принципін және олардың қолданылуын сиппаттау

1


Инфракызыл және ультракүлгін сәулелену. Рентген сәулелері.
Электромагниттік сәулелену шкаласы

11.8.1.3 - электромагниттік сәулелену, олардың табиғатта пайда болуы мен затпен өзара әрекеттесуін ажырату

1


Жылулық сәулелену. Стефан –Больцман және Винн заңдары. Ультракүлгін апаты.
Планк формуласы. Фотондар. Фотоэффект

11.8.1.4 - - Стефан-Больцман, Винн заңдарын және Планк формуласын ультракүлгін апаттын негіздеу және абсолют қара дененің жылулық сәулеленуін сипаттау үшін қолдану

1


ТЖБ









Жарық қысымы

Жарықтың химиялық әсері

11.8.1.7 - жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру

11.8.1.8 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау

1



Рентгендік сәулелену

11.8.1.9 - компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстыру

1


Жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы

11.8.1.10 - электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатынын дәлелдейтін мысалдар келтіру;
11.8.1.11 - жарықтың корпускулалық -толқындық теориясын пайдаланып, табиғат заңдарының ғылыми даму тарихы туралы пікір айту

1


Альфа бөлшектің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесі. Бор постулаттары. Франк және Герц тәжірибелері

11.8.1.12 - атомның планетарлық моделін альфа бөлшектің ыдырауы бойынша Резерфорд тәжірибесіне сүйене отырып негіздеу;
11.8.1.13 - Бор постулаттарына сүйеніп атомның орнықты күйінің шартын түсіндіру

1


6 Зертханалық жұмыс
"Сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау"

11.8.1.14 - сутегі атомының энергетикалық құрылымына сүйене отырып, сызықтық спектрдің табиғатын түсіндіру;

1


Сызықты емес оптика туралы түсінік. Лазерлер

11.8.1.15 - лазер құрылғысын және әсер ету принципін түсіндіру;
11.8.1.16 - голографияның даму кезеңдерін талқылау

1


Бөлшектің толқындық қасиеттері. Бор теориясының қиыншылығы. де Бройль толқындары

11.8.1.17 - элементар бөлшектердің толқындық табиғатының пайда болуы мен практикада қолданылуына мысалдар келтіру;
11.8.1.18 - де Бройль толқын ұзындығының формуласын есептер шығаруда қолдану;
11.8.1.19 - де Бройль болжамын түсіндіру

1


Атом ядросның физикасы

Табиғи радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы

11.8.2.1 - радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру;
11. 8.2.2 - радиоактивті ыдыраудың формуласын есептер шығаруда қолдану

1


Атомдық ядро. Ядроның нуклондық моделі. Изотоптар.
Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы

11. 8.2.3 - атомдық ядроның байланыс энергиясын есептеу және меншікті байланыс энергиясының ядроның массалық санына тәуелділігін түсіндіру

1


Ядролық реакциялар. Жасанды радиоактивтілік.
Ауыр ядролардық бөлінуі. Тізбекті ядролық реакция. Сындық масса

11. 8.2.4 - ядролық реакцияны жазу кезінде массалық және зарядтық санның сақталу заңын қолдану;
11.8.2.5 - ядролық синтездің және табиғи радиоактивтіліктің табиғатын түсіну

1


7 Зертханалық жұмыс
“Дайын сурет бойынша зарядталған бөлшектердің тректерін оқып үйрену”

11. 8.2.6 – магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалыс сипатын түсіндіру

1


Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану

11. 8.2.7 –α, β, γсәулелерінің табиғатын, қасиеттерін және биологиялық әсерін түсіндіру

1


Ядролық реактор. Ядролық энергетика. Термоядролық реакциялар

11. 8.2.8 - ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
11. 8.2.9 - ядролық энергетиканың даму кезеңдерін талқылау

1


Нанотехнология және наноматериалдар

Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңдері. Наноматериалдар

11.9.1.1 - наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын түсіндіру;
11.9.1.2 - нанотехнологияның қолданылуын талқылау

1


Космология

Жұлдыздар әлемі. Жұлдызға дейінгі қашықтық.
Айнымалы жұлдыздар Күн-Жер байланыстары

11.10.1.1 - жұлдыздардың басты спектрлік класын сипаттау;
11.10.1.2 - көрінерлік жұлдыздық шама және абсолют жұлдыздық шама ұғымдарын ажырату;
11.10.1.3 - көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану

1


Жұлдыздардың планеталық жүйелері. Жер топтарындағы планеталар және гигант- планеталар. Күн жүйесіндегі кіші денелер

11.10.1.5 - Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану;
11.10.1.6 - қара құрдымдар, нейтронды жұлдыздар және аса жаңа жұлдыздардың қасиеттерін сипаттау

1


Біздің Галактика. Басқа Галактикалардың ашылуы. Үлкен жарылыс теориясы. Қызыл ығысу және

11.10.1.7 - ара қашықтықты анықтау үшін, "қарапайым май шамдар" әдісін пайдалануды сипаттау

11.10.1.8 - Әлемнің жеделдеуi мен қара энергия туралы пікірталасты талқылау;



1



ТЖБ

1


Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау. Әлемнің кеңейуі

Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері. Әлемнің моделдері. Өмір және Әлем туралы ойлар
Адамзаттың космостық болашағы және космосты игеру

11.10.1.9 - берілген астрономиялық бақылауларға сүйене отырып, Әлемнің жеделдеуi туралы болжамды талқылау

2


4

11.10.1.10 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;
11.10.1.11 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру

1



Физикалық практикум 1

1



Физикалық практикум 2

1



Физикалық практикум 3

1



Физикалық практикум 4

1


ТЖБ

68








12


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!