400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физика пәні бойынша оқыту сапасын көтеру мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал физика пәні мұғалімдеріне, оның ішінде жас мұғалімдерге оқытуды ұйымдастыруды көп көмегін тигізеді деп үміттенем
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика пәні бойынша оқыту сапасын көтеру мәселелері

Калмагамбетова Эльмира Онайбергенқызы физика пәні мұғалімі

№77 жалпы білім беретін орта мектебі


Қазіргі дамыған ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық қатынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, кооператив пен шағын кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлік пен жеке меншіктің түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттілігі болашақ кадрлар жаңалыққа жылдам бақылаушылық ептілігі мен стандартты емес ойлау бейімділігі жетілген тапқырлық пен сезімталдықты, шеберлік пен іскерлік қасиеттерді талап етеді. Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор іс ті мектептен бастап, бәсекеге сай қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін, жастарға конструкторлық және өнертапқыштық, шығармашылық негіздерін үйретуіміз керек. Осындай нәтижеге қол жеткізуіміз үшін, физика сабақтарының мол мүмкіндіктерін пайдалануымыз керек.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда оларға эксперименттік есептер, творчествалық жаттығулар, зерттеушілік зертханалық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызықты үй тапсырмаларын орындаттыру керек. Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнертапқыштардың, бизнесмендердің, инвесторлардың өмір жолы мен теориялық ерекшеліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырған жөн. Мысалы, Никола Тесланы айнымалы тоқтың атасы деп есептейді, бірақ ол энергияны сымсыз тасымалдауға болатын әлем жайында армандаған. Оны жасау үшін ол электр энергияны бүкіл әлем бойынша сымсыз тасмалдайтын Тесла мұнараларынан тұратын Бүкіләлемдік сымсыз жүйе құруды ұсынған. Ол бұл идеясының іске асыруға әбден болатынын дәлелдейтін мысал көрсеткен- Тесла катушкасынан бір метр қашықтықта сымсыз жанып тұрған шамды көрсеткен.

Өкінішке орай, демеуші болған банк Тесланың электрэнергиясын тегін таратпақ екенін білгенде қаржыландыруды дереу тоқтатады. Егер Тесла өз идеясын іске асырғанда, адамдар әрдайым жаңарып отыратын қайнаркөздерден тегін және шексіз энергия ала алатын еді және бұның қоршаған ортаға және адамдарға еш зияны тимес еді.

Қазіргі кезде оқыту әдісі деп білім беру мақсатына жеткізерліктей мұғалім мен оқушының бірлесіп өзара жұмыс істеу тәсілдерін түсінеміз. Оқыту әдісі- білім берудің тәсілдері, ал ондай тәсілдердің түрлі қарекет, жол, әсер ету, амалмен жүзеге асырылатынын аңғарған жөн. Демек, «әдіс», «тәсіл», «амал», «жол», «әсер», «іс-әрекет» деген- термин ұғымдарды мұғалім өзара байланыстыра түсініп, күнделікті қолданылуы керек. Демек, оқыту әдістері көп тармақтан, көп компонентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістеріне ғылыми негізде талдау жасасақ, оған әр түрлі тұрғыда анықтама беруге болады: оқыту әдісі-оқытушы мен оқушы бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі- оқуда бірігіп атқаратын қарекеті; оқыту әдісі- оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы. Мұндай тұжырымдардың барлығының көздейтін мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау екендігін аңғару қиын емес.

Оқыту әдісінің, әдістемелік амалдан гөрі ірілеу бөлігі- оқыту тәсілі. Мысалы, есеп шығаруда аналитикалық, графиктік, эксперименттік әр түрлі тәсілдер қолданылады. Демек, оқыту әдісі мынандай компоненттерден тұрад: әдіс-тәсіл-амал-операция. Методикалық амалдар логикалық ұйымдастырушылық, техникалық формалар түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, әдістемелік амалдардың логикалық формасы-физикалық құбылыстарды, не денелерді, олардың ортақ бір қасиеттері мен белгілеріне байланысты топтап-талдау, ұқсастықтарына қарай салыстыру.

Мектеп өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылатыны белгілі, сондықтан оларды классификациялау принциптері де әр түрлі. Оның ішінде әзірге ең дұрыс деп қабылданып келген принцип- оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау. Бұл принцип тұрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді:

  1. сөзбен баяндау әдістері

  2. көрнекілік әдістері

  3. практикалық әдістері

Сөзбен баяндау әдістері мұғалімның ауызша түсіндіруі арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыларға берілетін білімнің негізгі көзі мұғалімның сөзі, ал мұғалімның қарекеті-сөзбен түсіндіру, оқушылардың қызметі-тыңдау,ойлану болып табылады.

Көрнекілік әдістері көрсету қызметі, демонстрациялау, ал оқушылардың сабақты оқу қарекеті –бақылау, эксперименттік фактілерді көріп ойлану, қорытынды жасау, білім қорын байыту. Көрнекілік әдістердің түрлеріне демонстрациялық экспериментті, экскурсияны, схема-плакат, сызу-сурет, коллекцияларды көрсетуді, телевизиялық хабарларды демонстрациялауды жатқызуға болады. Көрнекілік әдіс дидактикалық принципке сәйкес келеді.

Практикалық әдістер физиканы оқыту процесінде лабораториялық жұмыстар, физикалық практикумдар, кластан тыс бақылаулар жүргізіп, есеп шығару кезінде қолданылады. Оқушылардың өз бетінше түрлі практикалық жұмыстарды орындауы, ізденіп-ойлануы, есеп шығаруы олардың алатын білімдері мен ептіліктерінің көзі болып табылады.Бұл жағдайда да мұғалімның қызметі- жұмысқа түсінік –нұсқау беру, тексеру, қорытынды жасауға жәрдемдесу. Бұл әдістердің ешқайсысын да әмбебап әдістер деп қарастыруға болмайды оларды қолдану мақсаттарының түрлеріне сай келуі тиіс. Сабақта олардың ешбірі «таза күйінде» қолданылмайды, көбінесе «аралас формада» қолданылады. Сондай-ақ, сөзбен түсіндіру әдісі көп жағдайда практикалық әдіспен де бірігіп пайдаланылып отырады. Демек, қай уақытта қандай әдістерді қалай қолдану –мұғалімның творчествалық ісі, методикалық амал-тәсілі, шеберлігі. Мұны творчествалық және жаңашыл мұғалімдердің физика сабақтарында оқыту әдістерін сан алуан құбылтып, көптеген жаңа әдістемелік тәсілдер мен амалдарды ойлап шығарып, пайдаланып, оны әртүрлі түрлендіріп, дамытып, қолданып жатқаны бүгінгі күннің дәлелі болып отыр.












Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қараев Ж. А. «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы».

  2. Жұмабекова А. А. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».

  3. Тұрғанбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі №8, 2004 ж.

  4. Ильин В. С. «Формирование личности школьника». М, педагогика, 1984г.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі