Физика пәні қолданбалы курс БИОФИЗИКА ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физика пәні қолданбалы курс БИОФИЗИКА ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Биофизика факультатив курсы бойынша жасалған ҚМЖ ҮЛГІСІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Биофизика нені оқытады?





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу

(Жаңа пәнмен таңыстыру)

Қоршаған ортамен танысу кезінде не себепті темір шеге суға батады, ал өте үлкен кемелер су бетінде жүзеді, не себепті күзгі жауыннан кейін кемпірқосақ болмайды, неге тұтылу кезінде Айдың түсі қара емес, қызыл болады деген сұрақтар мазалаған болар. Олай болса, бұл сұрақтарға физика ғылымы жауап береді.(Оқулықпен таңысу)



Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Қазіргі уақытқа тән белгі жеке ілімдердің бір-бірімен әсерлесіп, кешенді түрде дамуы болып табылады. Әсіресе, физика әр түрлі сабақтас ілімдер мен өнеркәсіптің дамуына жоғары дәрежеде әсер етуде. Ғылыми - техникалық революция болып өтті. Жаратылыстану ғылымының барлық циклында физикалық әсер ету (өріс, ультрадыбыс, элементар бөлшектер) кеңінен қолданылуы нәтижесінде биофизика ілімі пайда болды. Биофизика ― тірі ағзаларға физикалық факторлардың әсерін зерттейді. Одан медициналық биофизика бөлініп шықты. Оның негізгі мақсаты ― қолданбалы медицинаның негізін қалау, медицинаның дәл ғылымдармен берік байланысын орнату болып табылады. Қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторлардың бүлінушілік және терапевтік әсерлерінің биофизикалық негіздерін зерттеу, медициналық диагностиканың әдістерін жетілдіру және дәрілік препараттар іздеп табу - медициналық биофизиканың міндеті болып табылады.

Қазіргі кездегі медицина адамды емдейді және зерттейді, ол машиналар мен приборлардың сапасының, атқаратын қызметінің түрлерінің артуына әкелді. Кейбір инженерлік шешімдер организмдердің құрылысы мен әрекеттерін зерттеп, анализдеу арқылы дүниеге келді.

Космостың биология жасанды жер серіктерін, космос корабльдерін ұшыру арқылы пайда болып, дамиды.

Физика ― техника негізі, сонымен қатар физика биологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады және биологиялық объектілердің құрылысын, өмірін түсінуге көмектеседі. Барлық жаратылыстану ғылымдары физика заңдарын пайдаланады. Өсімдіктер, жануарлар, құстар, балықтар, адамдардың іс-әрекеттерін зерттеу көптеген физика заңдарының қолдану аясын ашты. Мысалы, көртышқанның дене құрылысын зерттеу инженерлерге жер қазатын машинаны құруға көмектесті, дельфиндер мен балықтарды зерттеу су асты кемелерін жетілдіруге әкелді. Лоенардо да Винчи құстардың ұшуын және олардың қанаттарының құрылысын зерттеп, осы идеяларды инженерлер ұшақтар, ракеталардың конструкциясында қолданды. Сөйтіп, тірі табиғат арасындағы байланыс жүзеге асты.

Физика ғылымы табиғаттану ғылымдарының бастауы десе де болғандай. Даму барысында тек өлі табиғатпен тұтас болғандықтан физиканың заңдары мен заңдылықтары тек сол өлі табиғатқа арналған, тек сол өлі табиғатты зерттейтін сияқты көрінеді. Сондықтан физикадан бөлініп шыққан техникалық физика, теориялық механика, құрылыс физикасы және т.б дегендерге онша таңданбаймыз. Алайда, соңғы жылдары, ғалымдардың назары биофизикаға ауып отыр. Оның басты себебі: табиғат заңдарының өлі табиғатқа да, тірі табиғақа да ортақ екенін білдіретін болса, екінші жағынан физиканың жетістіктерін биология мен медицинада кеңінен қолдану болып отыр.

Биофизика дегеніміз әр түрлі сатыдағы биологиялық жүйелерде болып жатқан физикалық және химиялық процестерді зерттейтін ғылым. Олай болса, биофизиканың зерттейтін обьектісі биологиялық материалдар, яғни тірі организмдер. Сондықтан физиканың өлі табиғат үшін ашылған заңдарын өзгеріссіз тірі организмге қолдануға болмайды . Оның себебі тірі организм –биологиялық жүйе, үнемі динамикалық қозғалыста болады және гетерогендік әртекті жүйе болып саналады. Атап айтқанда, биологиялық жүйе өзін-өзі басқаратын болғандықтан, бұған тән қасиеттер өлі табиғатта кездеспейді.

Биофизиканың ғылым болып қалыптасуына физика, химия, физиология, математика, биохимия тәрізді ғылымдардың негізінде дүниеге келген биофизиканың өз заңдылықтары, өз әдістері бар. Биофизиканың қалыптасуына атсалысушы ғалымдардың бірі профессор Б.Н Тарусовтың айтуы бойынша, биофизика дегеніміз - биологиялық жүйелердің физикалық химиясы және химиялық физикасы екен.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады








Тест орындайды
















































Кесте толтырады






Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін

































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс және күш. Ауырлық күші. Үйкеліс күші және ағзадағы кедергі.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

1) Әр түрлі жануарлар қозғалысының жылдамдығы: ұлу - 1,5 м/сағ, тасбақа – 70 м/сағ, шыбын – 5 м/с , жаяу жүргінші 1,5м/с немесе 5 км/сағ, жылқы 30 км/сағ, тазы ит – 90 км/сағ, түйеқұс – 120 км/сағ, гепард – 110 км/сағ, антилопа – 95 км/сағ, қоян – 50-60 км/сағ, қасқыр – 45 км/сағ, кейбір балықтар – 4 км/сағ, семсер балық – 140 км/сағ. Жер бетіндегі ең ірі құс Африка страусы - биіктігі 2,75 м, ұзындығы 2 м, салмағы 75 кг. Ең ұсақ құс колибридің кейбір түрлерінің салмағы 2 г, қанаттарының аумағы 3,5 см. Балықтар қозғалысының жылдамдығы:

Балықтар аты

Ұзындығы, м

Жылдамдығы

Дене

ұз-ғы, м

м/с

Акула

1,5

3,4

5,0

Лосось

0,75

8

6,0

Форель

0,3

9,3

2,7

Шортан

1,6

1,3

2,1


1. Ұлу қозғалысының жылдамдығы 0,9 мм/с. Осы жылдамдықты см/мин және м/сағатпен көрсет.

2. Бүркіт жемісіне қарай 300 км/сағ жылдамдықпен құлайды. Ол 5 секундта қандай жол жүреді?

Кит салмағы 70000 кг, піл – 4000 кг, үйректұмсық - 2000 кг, өгіз - 1200 кг, аю- 400 кг, шошқа – 200 кг, адам - 70 кг, қасқыр - 40 кг. Проблемалық тапсырма бойынша мүмкін болатын барлық физикалық шамаларды анықта.

4. Үйкеліс күші. Үйкелісті азайтуға арналған сұйықтықтар үнемі қою болады (май, қара май т.б). Сол сияқты жануарлар ағзасындағы сұйықтықтар да осындай. Ол суға қарағанда қою. Қан түтікшелерімен қозғалғанда ішкі үйкелістің әсерінен қарсылықты сезеді. Қан түтікшелері қанша жіңішке болса, қан қысымы да сонша төмендейді.

Буындардағы үйкелістің аздығы оның бетінің тегістігімен түсіндіріледі және сұйықтықтың үнемі бөлінуінен, дымқылданып тұрады. Тамақты жұтқанда мұндай рольді сілекей атқарады.

Бұлшық еттер мен сіңірлердің сүйекке үйкелуі арнайы сұйықтықтың бөлінуімен түсіндіріледі. Қозғалған кездегі кедергінің өзгеруіне суда жүзуші жануарлардың әр бағытта қозғалуын мысалға келтіруге болады. Мысалы, қаздар мен үйректердің жүзу жарғақтары ескектің ролін атқарады. Алға қозғалғанда жүзу жарғақтары артқа қарай қозғап үйрек суды еседі, ал артқа қозғалғанда саусақтарын жияды.

Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады










































Кесте толтырады






Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін













Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Газдар мен сұйықтардың қысымы. Архимед күші.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу



Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Тірі ағзалар өміріндегі атмосфералық қысымның ролі. Салмағы 60 кг, бойы 160 см болатын адамның сыртқы ауданы 16,2 , оған атмосфералық қысым арқылы 160000 Н күш әсер етеді. Ағза осы үлкен әсерге қалай шыдайды? Бұл адам денесінің түтікшелерін толтырып тұрған сұйықтың қысымы сыртқы қысымды теңестіріп тұратындықтан мүмкін болады. Су астындағы тереңдікте болу мүмкіндігі де осыған байланысты. Ағзаны басқа деңгейге ауыстыру оның қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Бұл белгілі бір ішкі және сыртқы қысымға лайықталған түтіктердің қабырғаларының өзгеріске ұшырауына әкеп соғады. Одан басқа қысымның өзгеруінен көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығының өзгеруіне байланысты ағзадағы тепе-теңдік те өзгереді. Қысым артқанда дене сұйықтықтардың газдарды сіңіруі артады, ал қысым мен еріген газдардың бөлінуі артады. Қысымның төмендеуі тез жүргенде газдардың жылдам бөлінуі салдарынан қан қайнап кеткендей болады, бұл тамырлардың бітелуіне әкеп соғып, аяғы көп жағдайда өлімге әкеп соғады.

Сүңгушілердің су астында бола алатын тереңдігі 50 м төмен болмайтындығы осыған байланысты. Сүңгушілердің суда төмен түсуі мен жоғарылауы өте баяу жүруі тиіс, себебі газдардың бөлінуі бірден барлық қан айналу жүйесінде емес, өкпеде ғана жүруі тиіс.

2) Архимед күші. Суда тіршілік ететін тірі ағзалардың тығыздығы су тығыздығынан көп ерекшеленбейді, сондықтан олардың салмағы Архимед күшімен толықтай теңеседі. Осыған байланысты су жануарлары жердегі жануарлар сияқты үлкен скелетті қажет етпейді. Балықтардағы торсылдақтың ролі қызықты. Торсылдақты кеуде және басқа бұлшық еттердің жиырылуы арқылы қыса отырып, балық өз денесінің көлемін өзгертеді, сөйтіп өзінің қандай тереңдікте болуын реттейді.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тірі табиғат әлемінде ұшу. Тірі табиғаттағы реактивтік қозғалыс.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Леонардо да Винчи ұшу аппараттарын жасау жолдарын қарастырғанда құстардың ұшуын зерттеген. Аэродинамиканың негізін қалаған Н.Е.Жуковскийді де құстардың ұшуы қызықтырған.

Құстар қауырсыны - табиғат ғажайыбы. Құстарды жануарлар арасындағы нағыз ұшқыштар жасаған да осы қауырсындары болып табылады. Қауырсын жеңіл және мықты. Ол негізгі өзектен тұрады және одан 45° бұрышпен екі жағынан да параллель қауырсындар кетеді, олар да тармақталады. Осы нәзік жіпшелер өз ілмектері арқылы қалың тор құрап, құстардың денесін мықты жабынмен жауып тұрады. Құстардың скелеті де олардың ауада ұшуына байланысты ерекшеленген. Ұшу мықты раманы қажет ететіндіктен құстардың көптеген сүйектері өзара бірігіп кеткен. Кеудесінде, ұшу бұлшық еттері бекітілген сіңірлер жақсы дамыған. Дамыған кеуде бұлшық етінің массасы құстың жалпы массасының 15-30% құрайды. Ұшудың негізгі жағдайы салмақтың аз болуы. Құс кіші болған сайын оның қанат қағуы жиі болады. Колибри секундына 50-70 немесе 80 рет, көгершін 5-8 рет, аққұтан 2 рет, пеликан 1-3рет қанат қағады. Құстардың көпшілігін ұшақпен салыстыруға болады, ал калибри тікұшақты еске түсіреді. Тікұшақ ауада қозғалмай тұрғанда оның оның винті жерге параллель жазықтықта айналады, калибридің де қанаты дәл сондай. Тікұшақтар да калибри сияқты бірден тік көтеріледі.

ТІРІ ТАБИҒАТТАҒЫ РЕАКТИВТІК ҚОЗҒАЛЫС.

Кейбір жануарлар реактивті қозғалыс принципімен қозғалады. Мысалы, кальмарлар, сегізаяқтар, каракатицалар. Теңіз ескіш молюскасы (моллюск гребешок) қабықшасын бірден қысып, қабықшадан шыққан су ағынының реактивті күшін пайдаланып, алдыға қарай атылып қозғалады.

Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін



































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тірі табиғаттағы жай механизмдер.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу



Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Мысықтарда — қозғалмалы тырнақтары, балықтарда — арқа жүзбе қанаттарының тікендері, буынаяқтыларда – сыртқы қанқа сегменттері, қос жақтаулы моллюскаларда жақтауша  шеттері  рычагтың ролін атқарады.

Қаңқалардың рычагтық механизмдері күш пен жылдамдықты ұтуға негізделген. Әсіресе буынаяқты жәндіктерде жылдамдықты ұту табысты жүреді. Жануарлар мен адамда рычагтық  элементтер дененің әр бөліктерінде кездеседі, мысалы, жақта, аяқ-қолда. Бассүйек мысалында рычагтың тепе-теңдік жағдайын қарастырайық. Мұнда, рычагтың айналу осі О, бассүйектің бірінші омыртқамен байланысқан жерінен өтеді. Алдыңғы жақтан тірек нүктесінен салыстырмалы қысқа иінде бас салмағының күші R, арттан F күші – ол бұлшық еттер мен сіңірлердің тарту күші әсер етеді.

Өсімдіктерден шалғындық жалбызды мысалға алуға болады. Ұзындау аталық рычагтың ұзын иіні болып табылады. Оның ұшында тозаңқап орналасқан. Рычагтың қысқа иіні гүл аузына кіруді қадағалағандай. Насеком гүлге енгенде ол қысқа рычагтың иінін басады. Сол кезде ұзын иін тозаңқаппен насекомның арқасын ұрады да, тозаңдары төгіледі. Басқа гүлге қонып, насеком оның аналығын тозаңдандырады.

  1. Топтық жұмыс.

1). Жан-жануарлардағы рычагтық механизмдерге қандай мысалдар келтіруге болады?

2).  Рычагтың тепе-теңдік жағдайына қандай мысал келтіруге болады?

3). Өсімдіктердегі  рычагтық механизмдерге мысал келтір.

4).  Рычагтық механизмдердің жетілдірілген түрлері өмірде қалай пайдаланылады?

  1. Слайд: Техникадағы рычагтың қолданысы.

  1. Үйге тапсырма: § 7-9 сынып физика қайталау.

Дидактикалық материалдар пакеті.

Төмендегі  сұрақтарды, есептерді талдау,  жауаптарды негіздей дәлелдеуге бағыттау.

  1. Жазғы ыстық күннен кейін кешке ойпат жерде тұман түскенін көреміз, бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Кешке қарай жазғы ыстық күннен кейін ауаның температурасы 10-15˚C-ге төмендейді. Сол себепті ауадағы су буы қанығып, тұманданып жартылай суға айналады.

  1. Неге қыста дем алғанда аузымыздан будың шыққанын байқаймыз, ал жазда ол байқалмайды?

Жауабы: дем алғанда аузымыздан шыққан будың температурасы бірқалыпты 36˚C-ға жуық, қыста бұл су буы шық нүктесінен төмен салқындайды. Ол қанығады да, жарым жартылай конденсацияланады, сондықтан тұманданғанын байқаймыз. Жазғы күндері бізді қоршаған ауаның температурасы шық нүктесінен жоғары, сондықтан тұман пайда болмайды.

  1. Не себептен ыстық күні суға түскенде су ауадан гөрі салқын боп көрінеді, ал шыққанда керісінше болады?

Жауабы: Адам судан шыққанда оның денесінің жылуын су тамшылары алып буланады.

  1. Неге температурасы бірдей судан гөрі бу қатты күйдіреді?

Жауабы: Бу конденсацияланғанда жылу бөлінеді, сол себептен бу қатты күйдіреді.

  1. Суды қыздырмай қайнатуға бола ма?

Жауабы: Болады. Егер суды жабық ыдысқа құйып үстіндегі ауаны сиретсе және оның үстіндегі қысымы 15 мм сын.бағ. жуық болса су бөлме температурасында қайнайды.

  1. Ас тез пісу үшін қайнап жатқан ыдыстың астындағы отты күшейткен дұрыс па?

Жауабы: Егер ыдыстағы барлық судың температурасы 100˚C-ға жетсе онда судың қайнауы бітпей, демек су түгел буға айналмай оның температурасы өзгермейді. Сондықтан отты күшейту мүлде пайдасыз. Бірақ берілген жылу ыдыстың  ішіндегі астың қайнауын бәсеңдетпейтіндей және оның сыртқа шығуын толықтыратындай болуы қажет.

  1. Ағзадағы су буының парциал қысымы 14 кПа, температурасы 333 К. Ауаның абсолюттік ылғалдылығын анықтау керек.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін







Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тірі табиғат ағзаларындағы деформация.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу



Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар

Оқу тапсырмаларың орындау:

Деформация (ағылш. deformation) — сыртқы күштер, температура, фазалық түрленуі және ылғалдылықтың т.б. әсерінен пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі барысында дене бөлшектерінің орнын ауыстыруына алып келетін үдеріс.

Кернеуді арттырғанда деформация әсерінен дене толық бұзылуға алып келуі де мүмкін. Материалдардың деформацияға және әсер етуші күштерге төзімділігі олардың механикалық қасиеттерімен сипатталады. Қандай да бір деформация түріне ұшырауы оған әсер еткен күшпен сипатталады.Shape1 Денеге әсер ететін күштердің сипатына қарай деформацияны келесі түрлерге жіктейді:

  1. Созылу деформациясы;

  2. Сығылу деформациясы;

  3. Ығысу деформациясы (немесе кесу);

  4. Бұрау деформациясы;

  5. Майыстыру деформациясы.

Ең қарапайым деформация түрлері: созылу деформациясы, сығылу деформациясы және ығысу деформациясы (немесе кесу) болып табылады.

Деформация — өзара әрекеттесуші екі дененің жанасуы кезінде оларды құрайтын жеке бөліктері қозғалысқа келеді де, бұл денелердің пішіні мен өлшемі өзгереді. Мысалы, серіппе денеге әрекет ете отырып созылады, жұқа таяқша иіледі, қолдың бұлшық еттері қатаяды.

Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация - бүліну, бұзылу) деп атайды.

Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады. Мысалы, қолдың эспандерге әрекетін алайық.

Эспандерді созу кезінде қолдың Бұлшық еттері қатаяды (деформацияланады), эспандер де деформацияланады, яғни ол өз пішінін өзгертеді. Деформация пластикалық және серпімді болып бөлінеді.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

Пластикалық деформациядан кейін дене өзінің жаңа пішіні мен өлшемін толығымен немесе жартылай сақтайды және ондай дене пластикалық дене деп аталады.Мысалы, пластилиннен немесе саздан көп күш түсірмей-ақ қандай да бір пішіндегі дене жасауға болады. Ал қолымыздың пластилинге әрекет етуі тоқтағаннан кейін ол өзінің жаңа пішінін сактайды.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мындай деформация серпімді деп аталады.

Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама-қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын кәрсетеді. Бұл күш серпімділік күш деп аталады. Мысалы, допты тепкен кезде, ол өзінің пішінін өзгертеді, яғни деформацияланады. Серіппеге қандай да бір күшпен әрекет ете отырып, оны созуға емесе қысуға болады. Деформациялаушы күш тоқтағаннан кейін серпімділік күші денені бастапқы қалпына келтіреді. Сол сияқты ауа шарын үрлеуді тоқтатсақ, ол да бастапқы пішінін алады. Дененің деформациялануы артқан сайын бұл кезде пайда болатын серпімділік күші де артады. Ал түсірілген күштің шамасы белгілі бір шектен асқанда (әр түрлі материалдар үшін түрліше), денелер серпімділік қасиетін жоғалтып, ең соңында пластикалық сипат танытады.

Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.

Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін





Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тірі табиғат ағзаларындағы диффузия





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу





Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Жылусыз тіршілік жоқ. Өте күшті ыстық пен суықтың тіршіліктің барлық түрін жойып жіберетіні белгілі. Бірақ кейбір өсімдіктердің дәндері мен ұрықтары едәуір салқынға шыдайды.



Жылы қанды организмдер – сүтқоректілер мен құстар – денесінің температурасы тұрақты болады, ол сыртқы ортаның температурасының өзгеруіне тәуелді емес дерліктей.


Мысалы, ақ құр өз денесінің 450С температурасын тіпті 40 градустық аязда да сақтайды.

Салқын қанды жануарлар денесінің температуралары тұрақты болмайды, ол сыртқы температуралық жағдайға байланысты өзгеріп тұрады, бірақ қоршаған орта температурасынан жоғары болуы мүмкін. Мысалы, полюстік аймақтар мен биік таулы аудандарды мекендейтін жәндіктер қоңыр түсті болып келеді. Жәндіктердің қоңыр денесі күн сәулесін жақсы жұтады да, қоршап тұрған ауаға қарағанда, температурасы жоғарырақ болады.

Кейбір қос мекенділермен мен бауырымен жорғалаушылардың терісінің ішінде арнаулы пигментті клеткалары аз, терісінің түсі ақшыл, ол күн сәулесін жұтпайды дерліктей. Егер күн салқындай бастаса, клеткалары ұлғайып, бір-бірімен қабаттасады да, терісінің түсі бірден қоңырланады, сәуле энергиясын жұтуы артады, сондықтан жануардың денесі жылына бастайды.

Жылудың шығын болуы дененің бетіне пропорционал екендігі белгілі, сондықтан жануардың құлақтары, құйрықтары, табандары аумағының жылуды үнемдеуде маңызы зор. Мысалы, суық жерді мекендейтін жәндіктердің құлақтары жылы жерді мекендейтіндердікіне гөрі ылғи кіші болады.

Мәселен, арктика түлкілерінің құлақтары орташа климатта мекендейтін түлкілердікімен салыстырғанда кіші, ал бұлардың Сахара шөлінде тұратын туыстары – фенектің құлақ қалқаны өте үлкен болады. Оның құлақ қалқанында қан тамырларының жүйесі шоғырланған, ол фенектің миын салқындатып тұратын «радиатор» міндетін атқарады.


Жануарлар денесінде керекті температураны ұстап тұруда қорғаныш жамылғыларының (май қабаты, мамығы немесе жүні) маңызы үлкен.

Түйенің неге өркеші болатыны туралы сіздер ойландыңыздар ма? Егер түйенің бойындағы май қоры бүкіл денесіне бір қалыпты жайылған болса, майдың жылуды нашар өткізуінің салдарынан, қайнап тұрған шөл далада түйе салқындай алмай, ыстық өтіп өліп қалар еді. Керісінше, қалың май қабаты суық климатқа бейімделген – пингвин, ақ аю, тюлень және морждардың денесінде жылуды сақтауға көмектеседі. Олар мұздай судың ішінде сағаттап жүзіп жүре алады. Император пингвинінің барлық 35 кг массасына қыс таянған кезде жинайтын майының қоры 10 – 15 кг – ға жетеді.

Тері мен қауырсынның жылу өткізбейтін қасиетін жақсы білесіңдер. Олар жылуды нашар өткізіп қана қоймай (айналамыздағы ауаның жылу өткізгіштігі одан да нашар) олар конвекциялық ағынды ұстап қалады да, жылудың шығуын әлсіретеді. Жүнін қорбитып, қауырсындарын дүрдитіп жануарлар ауа қабатынан жамылғы жасайды, ол неғұрлым қалың болса, оның изоляциялаушы қасиеті соғұрлым көп болады. Мысалы, торғайлардың сыртқы түрі қыста және жазда қалай өзгеретінін бақылаңдар.

Жануарлар табанында түк болмайды, бірақ қар басса да табаны тоңбайды, өйткені қан ағымы температураны тұрақты етіп ұстап тұрады. Қан - өте жақсы жылу тасығыш; қанның 75 – 80 % - і судан тұрады – ал судың меншікті жылусыйымдылығы өте үлкен. Бірақта артериялық қан жануарлардың табандарына жеткен кезде ыстық болмауға тиіс (сырты ортаға берілетін жылу үлкейіп кетер еді). Екінші жағынан, табаннан ішкі органдарға келетін вена қаны салқын болмауға тиіс, әйтпесе бұл қанды қыздыруға көп жылу керек болар еді.

Табиғаттың өзі «жасаған» жануарлар денесінің қорғансыз жерлеріндегі жылуды қайта қалпына келтіру механизмдері адамның осы күнге әр түрлі жылу ауыстырғыштарда қолданып жүргендеріне ұқсайды. Дененің ішінен келе жатқан артериялық қанның жылуы, «мұздай» сумен немесе қармен түйіскен аяқтан келе жатқан веналық қанды жылытады. Осындай жылу ауысу тікелей қарама- қарсы ағып жатқан капилляр шоғында, веналармен артериялардың түйіскен жерінде болып жатады. Жануарлардың тұмсығы мен аяғының температурасы бірте- бірте төмендеп, қоршаған ортаның температурасына жақындайды.

Жоғарыда айтылған (және көптеген басқа да) бейімделушіліктердің арқасында өмір сүруге өте қолайсыз тәрізді болып көрінетін жағдайлардың өзін де де тіршілік жүріп жатады.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін















Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Капиллярлық құбылыс. Булану.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу





Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Капиллярлық құбылыстарды қарастырғанда оның биологиядағы ролін ерекше көрсетуге болады, себебі өсімдік және жануарлар ұлпаларында капиллярлы түтікшелердің саны өте жоғары. Ағзаның тыныс алуы мен қоректенуіне байланысты негізгі процестер барлық күрделі өмір химиясы диффузия құбылысымен тығыз байланыста болып, осы капиллярларда өтеді. Ағаштар діңі, өсімдіктер бұтақтары арқылы өте көп капиллярлы түтіктер өтеді,олар арқылы қоректік заттар ең жоғарыдағы жапырақтарға барады. Өсімдіктердің тамыр жүйесі де өте жіңішке жіпшелермен капиллярлармен аяқталады. Топырақтың өзі де тамырды қоректендіру көзі бола отырып, көптеген капиллярлы түтіктерден тұрады. Оның құрылысы мен өңделуіне байланысты су мен онда еріген заттар жылдам немесе баяу көтеріледі. Капиллярдағы сұйықтың көтерілу биіктігі оның диаметрі неғұрлым аз болса, соғұрлым жоғары. Осыдан топырақтың ылғал сақтауы үшін таптау керектігі, ал кептіру үшін қопару керек екендігі түсінікті.

Адам ағзасына байланысты мысалдар келтірейік. Адам аортасының көлденең кесіндісінің ауданы 8кв.см, ал барлық капиллярлардың көлденең кесіндісінің орташа ауданы мөлшермен 3200кв.см, яғни капиллярлар ауданы аорта ауданынан 400 есе үлкен. Осыған сәйкес, қан айналу жылдамдығы аортадан басталғанда 20см/секундтан 0,05см/секундта капиллярларда кемиді. Әрбір капиллярдың диаметрі адам шашының диаметрінен 50 есе кіші, ал ұзындығы 0,5мм-ден аз. Ересек адам денесінде 160млрд капилляр болады. Капиллярлардың жалпы ұзындығы 60-80мың км, жүрек бұлшықетінің көлденең кесіндісінің әрбір квадрат миллиметрінен 2000 капилляр өтеді. Жүрек тамыр жүйесінің моделі болып мықты қабырғалары бар тармақталған түтіктер жүйесі табылады. Тармақталған сайын түтіктердің жалпы қимасы артады да, сұйықтың жылдамдығы сәйкес түрде азаяды. Дегенмен, Тармақталу көптеген ұсақ каналдардан тұратындықтан, ішкі үйкеліс артады да сұйықтың қозғалысына жалпы кедергі өседі.


Турбина (латынша turbo-құйын) жұмыстық дененің ішкі энергиясын жұмысқа айналдырады, негізгі бөлшегі ротор, ол өте жылдам айналады. Ротор (латынша roto-айналамын), машиналардың айналатын бөлшектері.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін



























Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалар үшін булану құбылысының ролі.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:


Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Заттың сұйық немесе қатты күйден газ тәріздес күйге (буға) ауысуын булану деп атайды. Әдетте булану дегеніміз сұйықтың газ тәріздес күйге өтуі. Қатты дененің сұйық күйге өтпей, тікелей буға айналуын сублимация деп атайды. Керісінше заттың будан сұйыққа айналуын, демек, сұйылуын, конденсация деп атайды.

Булану кезінде кинетикалық энергиясы жоғары сұйықтың молекулалары сұйық бетінен сыртқа қарай молекулалық тарту күштерін жеңіп шығады. Демек, буланған молекулалар молекулалық тарту күштеріне қарсы жұмыс істеуі қажет. Осының нәтижесінде сұйықта қалған молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы төмендейді, сондықтан булануда сұйық суыйды. Осы салқындау булану жылуын анықтайды.

Буланумен қатар керісінше сұйылу (конденсация) процесі өтеді. Будың кейбір молекулалары қайтадан сұйыққа өтеді. Осы қарама-қарсы өтетін булану және конденсация процестері үздіксіз болады. Егер булану процесі конденсацияға қарағанда үдемелі болса, онда сұйық буланады. Егер конденсацияның қарқындылығы басым болса, онда сұйықтың мөлшері ұлғаяды. Сондықтан бірінші немесе екінші процесс басым болуы мүмкін немесе екеуі тепе-теңдікте болады. Тепе-теңдік тек қана будың белгілі бір тығыздығында орнығады. Бұл тығыздықты тепе-теңдік тығыздығы деп атайды. Тепе-теңдік күйде жабық ыдыста бірлік уақыт ішінде қанша молекула будан сұйыққа конденсацияланады. Осы кезде сұйық пен будың мөлшері тұрақты болады. Тығыздығы тепе-тең күйдегі буды қаныққан бу деп атайды. Сөйтіп, сұйық пен бу арасында динамикалық тепе-теңдік болады. Сонымен өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды. Белгілі температурада тығыздығы мен қысымы қаныққан будың тығыздығы мен қысымынан төмен буды қанықпаған бу деп атайды.

Қаныққан будың қысымы температура өскенде артады. Сұйық буланғанда суыйтынын айтқанбыз. Осының салдарынан тез ұшып кететін заттармен, мысалы эфирмен немесе спиртпен және т.б. денені сүрткенде оның қатты салқындағанын сеземіз. Бірақ беті ашық ыдыстағы су буланғанда оның температурасы төмендегенін байқамаймыз. Мұндай жағдайда сұйықтың температурасы тұрақты болатын себебі, ол қоршаған ортадан, ауадан, жылу алып тұрады. Сонымен сұйық буланғанда температурасы өзгермеу үшін, оған жылу берілуі қажет.

Булануға кері процесс - сұйылуда жылу бөлініп шығады.

Тұрақты температурада 1 кг сұйықты буға айналдыру немесе 1 кг буды сұйылту үшін қажет болатын жылу мөлшері бірдей. Мұндай жылу мөлшерін меншікті булану жылуы дейді. Ол Дж/кг-мен өлшенеді.

Сұйықтардың ішіндегі көпіршіктің тепе-теңдік күйін мына түрде жазуға болады:

Рқан + m/М *RT/с =Ратм + ρgh + 2σ/r

Мұндағы Рқан =f(T) – көпіршік ішіндегі қаныққан будың қысымы, m/М *RT/V – көпіршік ішіндегі ауаның қысымы, Ратм – атмосфералық қысым (сыртқы қысым), ρgh – көпіршік орналасқан деңгейдегі гидростатикаық қысым, 2σ/r – көпіршіктің иілген бетінің астындағы қысым. Көпіршік ыдыстың қабырғасына F күшінің әсерінен жабысып тұарады, бұл жағдайда F Архимед күшінен үлкен болуы шарт, демек F> ρgh мұндағы ρ – сұйықтың тығыздығы, V – көпіршіктің көлемі.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін















Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзаларда энергиялардың сақталу және айналу заңдары.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар: «


Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Р.Майер адам ағзасындағы құбылыстарды зерттеу кезінде оның назары тропикалық белдеудегі және қалыпты белдеулердегі адамдардың веналық қандарының түстеріндегі айырмашылықтарға түсті де, ағза мен қоршаған орта арасындағы температуралық айырмашылық қанның екі түрінің, яғни артериялық және веналық қандардың түсінің арасындағы айырмашылықпен сандық қатынаста болуға тиісті деген қорытындыға келді. Түстердегі бұл айырмашылық оттегін пайдаланудағы айырмашылықты көрсетеді, немесе ағзада өтіп жатқан жану процесінің өнімділігін көрсетеді. Майердің зерттеулерінің біразы өсімдіктер мен жануарлардағы энергетикалық процестерді анықтауға арналған. Майер тірі ағзалардағы механикалық және жылулық процестердің, жылулық эффектілердің оттегі мен қоректің сіңірілуі нәтижесінде жүретін химиялық процестердің нәтижесі деп есептеді. Ол өсімдік пен күн сәулесінің арасында сандық байланыстың бар екендігі жөнінде алғаш рет айтып, энергияның сақталу заңын фотосинтез процесімен байланыстырды.


Айналулар

Қайда жүзеге асады?

1

Химиялық энергия электр энергиясына

Жүйке жасушалары, ми

2

Дыбыс энергиясы электр энергиясына

Ішкі құлақ

3

Жарық энергиясы химиялық энергияға

Хлоропластар (өсімдіктер)

4

Жарық энергиясы электр энергиясына

Көз торшасы

5

Химиялық энергия механикалық энергияға

Бұлшық ет жасушасы, кірпікшелі эпителий

6

Химиялық энергия жарық энергиясына

Жарық шығару мүшесі

7

Химиялық энергия электр энергиясына

Дәм сезу және иіс сезу мүшесі


Термодинамиканың бірінші заңының биология үшін шындығын тірі ағзаны сыртқы ортадан бөліп тастап, олардан бөлінген жылудың мөлшерін есептеп, оны ағзаның ішкі бөлігіндегі биохимиялық реакциялардың жылу эффектісімен салыстыру арқылы дәлелдеуге болады. Осы мақсатта 1780 жылы Лавуазье мен Лаплас теңіз шошқасын калориметрге орналастырып, бөлінген жылу мен көмірқышқыл газын есептеген. Бұдан соң тамақтану өнімдерін тікелей жағу арқылы бөлінген жылуды есептеген. Екі жағдайда да ұқсас нәтиже алынған. /Оқушылардың жинақтаған мәліметтерін тыңдау/.



Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін





















Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардағы биотоктар.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар

  • .

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар

Оқу тапсырмаларың орындау:

Италья дәрігері Луиджи Гальвани егер басы алынған бақа денесіне электр кернеуін жіберсе, оның аяқтарында жиырылу пайда болатынын байқаған. Сөйтіп ол, бұлшық еттерге электр тогының әсер ететіндігін көрсеткен. Сондықтан оны электрофизиологияның әкесі деп орынды атайды. Гальвани аяқ табаны мен жүйке арасында кернеу айырмашылығы бар екендігін, яғни жануарларда электр тогы болатындығын болжады. Бұлшық еттің жиырылуын ол бақа ұлпасы металға жанасқан кезде пайда болған электр тогының әсерінен екендігін түсіндірді. Гальванидің отандасы Алессандро Вольта жүйке бұлшық ет препараты бұл тәжірибеде сезгіш гальванометрдің қызметін ғана атқаратындығын айтты. Гальвани өзінің жеңілісін мойындамады. Ол бұлшық еттің жиырылуы ешқандай металсыз ақ жануар тогы арқылы ақ жүзеге асатынын дәлелдемекші болды.

Оның ізін басушылардың бірінің осыны дәлелдеуге қолы жетті. Сөйтсе, жүйкені жаралаған бұлшық етке тастағанда электр тогы пайда болады екен. Осылайша, бүлінген бұлшық етпен сау бұлшық ет арасында пайда болатын электр тогы анықталды.(ток повреждения) Кейіннен жүйке мен бұлшық еттер жұмысы электр тогының генерациясынан пайда болатындығы анықталды. Осылайша тірі ағзаларда биотоктардың пайда болатыны анықталды. Қазіргі кезде оны осциллограф деп аталатын прибормен анықтап, зерттейді.

Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін















































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлардың нерв жүйесіндегі электрлік құбылыстар





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Ертедегі римдіктер, электрлік скаттар, өзінің қорегін қалай аулайтынын білген. Олар жемдерін қуаламайды, тығылған жерінен атылып шықпайды. Бірақ, скаттардың қасынан өтіп бара жатқан крабтар мен сегізаяқтар болса, олар электр разрядының әсерінен өледі. Скаттар «тірі электростанциялар» болып табылатындығы шындық. Сол кезден-ақ электрлік балықтар разрядын емдік мақсатта қолдану идеясы туды. Б.э.д 30 жыл бұрын-ақ Диаскорд подогра мен созылмалы бас ауруын электрлі жыланбалықпен жанастыру арқылы емдеді. ХІV ғасырдағы орыс қолжазбаларынан бұл емдеу тәсілі орыстарға да белгілі екендігі сипатталған. Онда жанастыру арқылы пайдаланылған емдік балықтар жөнінде баяндалады. Фарадейдің электрлік скатпен жасаған тәжірибесі бойынша бұл балықтың электрлік мүшесі арқылы бөлінген электр тогы химиялық немесе басқа көздерден алынған токпен бірдей екендігін дәлелдейді, бірақ бұл тірі жасуша әрекетінің нәтижесі көптеген балықтардың ерекше электрлік мүшелері, өзінше батареялары үлкен кернеу бөледі. Мысалы, Нілдің электр скаты – 350В, электрофорус жыланбалығы 500В кернеу тудырады. Ал, балықтың өзіне бұл үлкен кернеу ешқандай әсер етпейді. Міне, электризолляция құпиясы қайда жатыр! Ары қарай зерттеулер электрлік мүшелердің жиырылуға қабілетін жоғалтқан бұлшықеттерден тұратынын; бұлшық ет ұлпасы өткізгіш, ал біріктіргіш ұлпа изолятор болатындығын көрсеткен.





Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін













































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлардың нерв жүйесіндегі электрлік құбылыстар





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу





Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Ертедегі римдіктер, электрлік скаттар, өзінің қорегін қалай аулайтынын білген. Олар жемдерін қуаламайды, тығылған жерінен атылып шықпайды. Бірақ, скаттардың қасынан өтіп бара жатқан крабтар мен сегізаяқтар болса, олар электр разрядының әсерінен өледі. Скаттар «тірі электростанциялар» болып табылатындығы шындық. Сол кезден-ақ электрлік балықтар разрядын емдік мақсатта қолдану идеясы туды. Б.э.д 30 жыл бұрын-ақ Диаскорд подогра мен созылмалы бас ауруын электрлі жыланбалықпен жанастыру арқылы емдеді. ХІV ғасырдағы орыс қолжазбаларынан бұл емдеу тәсілі орыстарға да белгілі екендігі сипатталған. Онда жанастыру арқылы пайдаланылған емдік балықтар жөнінде баяндалады. Фарадейдің электрлік скатпен жасаған тәжірибесі бойынша бұл балықтың электрлік мүшесі арқылы бөлінген электр тогы химиялық немесе басқа көздерден алынған токпен бірдей екендігін дәлелдейді, бірақ бұл тірі жасуша әрекетінің нәтижесі көптеген балықтардың ерекше электрлік мүшелері, өзінше батареялары үлкен кернеу бөледі. Мысалы, Нілдің электр скаты – 350В, электрофорус жыланбалығы 500В кернеу тудырады. Ал, балықтың өзіне бұл үлкен кернеу ешқандай әсер етпейді. Міне, электризолляция құпиясы қайда жатыр! Ары қарай зерттеулер электрлік мүшелердің жиырылуға қабілетін жоғалтқан бұлшықеттерден тұратынын; бұлшық ет ұлпасы өткізгіш, ал біріктіргіш ұлпа изолятор болатындығын көрсеткен.


  1. Жәндіктер мен өсімдіктердің клеткаларындағы, тканьдеріндағы және мүшелеріндегі жеке бөліктер арасында организмдегі зат алмасу процесімен байланысты биопотенциалдар деп аталатын қандай да бір потенциалдар айырымы пайда болды. Биопотенциалдың шамасы неге тең?

  2. Қандай балықтар тірі электростанциялар деп аталады?

  3. Электр тогының биологиялық әсері неге байланысты? Адам өміріне қауіпті ток күші неге тең?

  4. Электр тогы адам денесінде қандай өзгерістер туғызады?

  5. Үзілген жоғары кернеулі өткізгіштің жермен түйіскен жеріне жақын орында тек бір аяқпен тұруға ғана кеңес беріледі. Неліктен?

  6. Адам денесінің қандай мүшелері маңайына магнит өрісін туғызады?


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін



































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Адамның дауыс аппараты. Адамның есту аппараты.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Адамның дауыс аппараты өкпеден, дауыс сіңірлері бар өңештен және ауыз, мұрын қуыстарынан тұрады. Дауыс сіңірлері дауыс аппаратының дыбыс шығарушы болып табылады. Қалыпты тыныс алғанда олар бос және олардың арасында ауаның еркін өтуіне қажет кең қуыс қалады. Сөйлескенде дауыс сіңірлері бір-біріне жақындап, олардың ортасында дауыс қуысы деп аталатын жіңішке орын ғана қалады. Тыныс алғанда өкпеге өткен ауа осы қуыс арқылы жүргенде дауыс сіңірлері тербеледі және тербеліс жиілігі қысылмай байланысты өзгереді. Дыбыс қуысындағы пайда болған дыбыс толқындары барынша күрделі, алуан түрлі тондарды шығара алады. Ауыз және мұрын қуыстары резонторлар рөлін атқарады. Осы қуыстың формасы тіл, тістер, еріннің тиісінше қозғалысы мен өзгерте отрырып, біз дыбыс қуысынан шыққан дыбыс толқындарының кейбір тондарын өз қалауынша өзгертіп, қажет дыбысты шығара аламыз.

Дауыс сіңірлері ауыз қуысы мен жұтқыншақтың әр түрлі резонанс арқылы дауысты дыбыстарды шығарғанда барынша күшті тербеледі. Дауыссыз дыбыстарды жұмсақ таңдай, тілдің ұшы және еріннің әр түрлі бөлімдерінде еркін тербеліс болады. Бұл тербелістер өз алдына немесе дауыс сіңірлері шығарған дыбыстар қоспасымен қосыла отырып адам сөздерінің дауыссыз дыбыстарын жасайды. Адамның қалыпты сөйлеуі үшін октаваның 4-6 тоны жеткілікті. Ән айтқанда диапазон кеңірек болады.



Адамның дауыс аппараты

2) Адамның есту аппараты.

Құлақ – ерекше сезімтал мүше. Дауыс жиілігі аумағында (1500Гц) құлақ Вт/ күші бар дауысты да қабылдай алады. Құлақтың сезімталдығының арқасында өте ақырын дыбысты өте үлкен қашықтықтан ести аламыз. Мысалы, 75 адамнан тұратын симфониялық оркестр өте қатты ойнай отырып, барлығы 60 Вт кернеу шығара алады ол кәдімгі стол электр лампасының кернеуіне тең. Ал, кез-келген тыңдаушы концерт залының қай жерінде отырса да, оның дыбысын ажыратып, сүйсіне тыңдай алады.

Егер дауыс күші 10 Вт/ болса, дыбысты сезіну ауруға әкеліп соғады. Дыбыстың мұндай күші ауырту шегі деп аталады. Адамның есту аппараты дыбысты өткізу және дыбысты қабылдау бөлімдерінен тұрады. Дыбыс өткізуші бөлім: сыртқы дыбыс жолынан, дауыс жарғағынан және онымен байланысқан дауыс сүйектерінен құралып, олар ортаңғы құлақта орналасқан.

Ішкі құлақ немесе жарғақты лабиринт дыбыс қабылдаушы аппарат болып табылады. Олар күрделі формадағы сүйекті капсулада орналасқан.

Адамның дыбыс аппараты

Дауыстың тербелісін қалай көруге болады?

Өз дауысыңның тербелісін көру үшін мына құрал жабдықтар қажет:

Қатты қағаз, желім, қалбыр, ұзыншақ келген тік төртбұрышты әйнек.

Қалбырдың қақпағын ашқышпен қиып алып тастаймыз да, қатты қағаздан қалбырдың бетіне дәл келетіндей домалақ қылып қиып аламыз және оны қалбырдың бетіне желіммен жабыстырамыз. Қаңылтырдан жіңішке, ұзыншақ қылып қиямыз да, оның басын үшкір ине тәрізді қылып қиямыз. Бұл қағаздың бетіне басқа ұшынан қайырып жабыстырамыз. Қалбырдың екі жақ қабырғасынан (бүйірінен) кішкене домалақ кесеміз де оған жуандау келген сымды өткіземіз. Екі ұшты біріктіріп қысқыштың астына бастырып қоямыз. Ал әйнекті не істейміз? Ең бірінші май шам жағып, әйнекті күйдіреміз, ол қара түске айналу керек. Кепкеннен кейін, оны ағаштың үстіне қойып, қалбырға жапсырылған ине тәріздіні әйнекке тигізіп қойып, қалбырдың түбінен қатты айғайлаймыз (а-а-а немесе басқа сөзбен айқайлауға болады), сол кезде әлгі әйнекті жақындатқанда, басында айғайламай тұрғанда ол жер ұзын сызықша болып келеді, ал одан кейінгісі ирек – ирек пішінге айналады. Бұл біздің дауысымыздың тербелісі.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін



Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлар әлеміндегі дауыстар: балықтың биоакустикасы.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

) Құстардың дауыс аппараттары. Құстар мен адамның дауыс аппараттары үрлемелі «музыкалық» құралдар типіне жатады, олар дыбыс шыққан ауаның қозғалысы есебінен пайда болады. Әсіресе құстардың дауыс аппараттары ерекше қызықты. Мысалы, канарейканың сайрау қаттылығын адамдікімен салыстыруға болады, бірақ канарейканың массасы адам массасының 0,001 есе кем бөлігін құрайды. Құстарда екі кеңірдек болады: барлық сүтқоректілердікіндей жоғарғы және төменгі. Дауысты шығарғанда негізгі рольді әртүрлі құстардағы құрылысы әртүрлі және күрделі болып келетін төменгі кеңірдек атқарады. Онда вибратор немесе дыбыс көзі барлық сүтқоректілердегідей біреу емес, екеу немесе төртеу және олар бір-бірімен байланыссыз жұмыс істейді. Құстарда трохеяның төменгі бөлімінде екінші кеңірдектің пайда болуы, трохеяны күшті резонатор ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Көптеген құстарда трохея ұлғайып кеткен, ұзыннан және диаметрі жағынан ұлғайып кеткен. Көлемі жағынан әрбірінде байланыссыз дыбыс көзі бар, бронхылары да ұлғайған. Денені қозғай отырып және арнайы бұлшық-еттерін соза отырып, құс бұл резонатордың күрделі жүйесінің формасын белгілі дәрежеде өзгерте алады және осылайша өз дауысының жоғарлағанын тембрлік қасиеттерін басқара алады.

Дауыс аппараттарының құрылысының алуан түрлілігінің арқасында құстар шығаратын дыбыстар да алуан түрлі – төменгі басстан (қаз, үйрек, қарға), жоғары тонға дейін (қара торғай туыстастарына жататын әнші құстар).

Құстар дауыстарынан тіпті ультрадыбысты обертондар (50000 Гц дейінгі) да табылған. Кейбір құстар әні толығымен ультрадыбыстан тұрады. Кейбір құстар дыбыс шығару үшін басқа да «музыкалық құралды» пайдаланады: тұмсығы, табаны, қанаты тіпті құйрығын да. Тоқылдақ керемет «барабаншы», ол барабан ретінде жақсы кепкен ағаштың діңін пайдаланады.

Сүтқоректілердің дауыс аппараттары адамдікіне ұқсас.

Бақалар- өте қатты және әртүрлі дыбыс шығарады. Кейбірінің басының екі жағында орналасқан шар тәрізді дыбыс күшейткіші болады, ол қатты дыбыс шығарғанда ұлғайып, күшті резонатор бола алады.

Насекомдар дыбысы ұшқан кездегі қаннаттарының тербелістері арқылы шығады. Кейбір насекомдарда, мысалы шегірткелерде арнайы дыбыс шығарушы мүше кездеседі – артқы аяқтарында қанаттарының шетіне тиіп, олардың тербелісін туғызытын тісшелер орналасқан.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жүрек пен өкпе дыбысын тіркеу.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.

Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықетkardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.[1]

Shape2 Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.

Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың. Өйткені сол қарыншадан бүкіл денеге тарайтын қолқа қан тамыры басталады. Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді) қақпақшалар жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалардың жиегіне қарыншалардың ішінде орналасқан емізік тәрізді бұлшық еттер бекіп, жақтаулы қақпақшаларды қарыншаларға қарай ашады. Ж-тің қарыншалары мен олардан басталатын артериялық қантамырлардың арасында үш жарты тәрізді қақпақшалар бар. Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады. Ж-тің миокард қабаты да көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады, оның қаңқа бұлшық ет ұлпасынан айырмашылығы – Ж-тің бұлшық ет талшықтары торланып орналасқан және бір-бірімен қосылып жатады. Ж-тің миокард қабатында миофибриллалары аз, көбіне саркоплазмаға бай бұлшық ет талшықтары шоғырланып орналасады. Олар Ж-тің ырғақты жұмысын реттеп отырады. Оны Ж-тің өткізгіш жүйесі деп атайды. Ондағы бұлшық ет талшықтарында оқтын-оқтын қозу импульстары пайда болып, өткізгіш жүйедегі клеткалар өздігінен жиырылады. Ересек адамдарда Ж-тің салм. 250 – 330 г-дай, ұзындығы 10 – 15 см, көлденеңі 8 – 11 см, қалыңд. 6 – 8,5 см. Шамамен Ж-тің үлкендігі әркімнің өзінің жұмған жұдырығындай болады. Ж-тің қызметі жүрекше бұлшық еті мен қарынша бұлшық етінің белгілі бір ырғақпен кезектесе жиырылуы (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарылады. Ең алдымен, жүрекше жиырылып, қанды бос қарыншаға итереді, оған 0,1 с уақыт кетеді; екінші кезеңі – қарыншалардың жиырылуы (қан қолқа мен өкпе артериясына итеріледі), оған 0,3 с, ал үшінші кезеңі – жүрекшелердің де, қарыншалардың да босаңсуы (диастоласы), мұны жалпы пауза деп атайды, оған 0,4 с уақыт кетеді. Ж-тің осындай жұмысына 0,8 с уақыт кетеді. Ересек адамның Ж-гі минутына 72 – 75 рет соғады. 1 мин-та Ж-тің қантамырларға шығаратын қан мөлшерін Ж-тің минуттық көлемі деп атайды. Ж-тің жұмысы қанмен бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ, өзіндегі шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырылады. Ж-тің адам организмінде алатын орны ерекше.

Жүрек пен өкпе


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2021 ж ________________Бекітемін





















Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ультрадыбыс, оның биология және медицинадағы ролі.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Адамның құлағы кеме гудогы сияқты төмен дыбыстан бастап, бұлбұлдың сайрағаны секілді жоғары дыбыстарға дейін жақсы естиді. Алайда, өкінішке орай, біздер дыбыс атаулының бәрін бірдей ести алмаймыз. Адам баласы еститін ең жоғары дыбыс – масаның ызыңы. Ал, одан жоғары дыбысты (секундына 20 мың тербелістен астам) адам ести алмайды. Ультрадыбыс дегеніміз осы. «Ультра» латын тілінен аударғанда «өте жоғары», «шектен тыс» деген ұғымды білдіреді. Дельфин, жарқанат, сондай – ақ кейбір насекомдар ультрадыбыс шығаруға әрі оны қабылдауға бейімделген.

Ультрадыбыстар тарату немесе қабылдау адамдардың да қолынан келеді. Алайда олар мұны арнайы аспаптар – ультрадыбыс генераторлары мен қабылдағыштарының көмегімен жүзеге асырады.

Осындай аспаптардың бірі – эхолот. Ол шығаратын ультрадыбыс белгілі бір затқа шағылғаннан кейін, бізге ультрадыбыстың жаңғырығы болып кері оралады. Егер ол тез естілсе, онда шағылатын заттың жақын болғаны, ал тым жай естілсе зат өте алыста орналасқан болып шығады. Ультрадыбысты эхолоттардың көмегі арқылы адамдар теңіздің тереңдігін, балық үйірін, су асты рифтерін анықтайды.

Ультрадыбысты шығару және қабылдауды меңгергеннен кейін адамдар оны түрлі зерттеулер үшін ғылым мен техникада кеңінен пайдалана бастады. Ультрадыбыстың көмегі арқылы тастарды ұнтақтап, металдарды, өте қатты материалдарды бұрғылайды және кеседі, сондай – ақ араласуы қиын сұйықтарды араластырады.

Ультрадыбысты пайдалану аясы жылма – жыл кеңею үстінде. Қазір ультрадыбыс арқылы кір жуып, киім тігуде, дәнекерлеу мен кесудің сапасын тексеруге болады. Ультрадыбыс медицинада да кеңінен пайдаланылады. Ультрадыбыспен массаж, операция жасауға, тісті емдеуге, тіпті сырқат диагнозын анықтауға болады. Осылайша ультрадыбыс адамдардың сенімді көмекшісіне айналды.





Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін











































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жарық. Жарықты қабылдау үрдісі.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Жарық – қуаттың бір түрі. Осының арқасында тірі жаратылыстардың барлығы, оның ішінде адам баласы да айналасындағы әлемді көре алады. Жарықтың өзі көзге көрінбейді,алайда өзі басқа заттардың барлығына көруіне себепші болады. Ол түзу сызық бойымен қозғалады, жолында мөлдір емес зат кездессе, сол заттың көлеңкесі пайда болады. Көлеңке дегеніміз- жарық көзіне қарама-қарсы жақта пайда болатын қараңғы аймақ.

Корінетін жарық - барлық жарықтың бірі

  1. тар мағынада – көрінетін сәуле, яғни жиілігі 7,5 •1014 – 4,0 • 1014Гц аралығындағы адам көзі қабылдайтын электрмагниттік толқын;

  2. кең мағынасында — қабылданатын сәулемен бірге спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл аймағындағы сәулелерді де қамтитын оптикалық сәуленің синонимі

Жарықтың шашырауы – жарық сәулесінің бастапқы таралу бағытын өзгертіп, жан-жаққа ауытқуы. Бұл құбылыс жарықтың оптикалық жағынан біртекті емес ортада таралуы кезінде байқалады. Сол орта ішіндегі бөгде бөлшектер жарықтың таралу бағытын өзгертеді. Жарық толқынының электр өрісі әсерінен мұндай орта электрондары еріксіз тербеледі де, барлық бағытта бастапқы толқын жиілігіндей екінші реттік электрмагниттік толқындар шығарады. Жарық бөгде қоспалардан мұқият тазартылған ортадан (заттан) өткенде де шашырайды. Өйткені молекулалар мен атомдар үздіксіз қозғалыста болатындықтан, шағын көлем ішінде де заттың тығыздығы өзгеруі мүмкін. Осы өзгеріс салдарынан да жарық шашырауы байқалады.

  • Есеп шығару үлгісі

1-есеп. АВ заты мен CD айнасы суретте көрсетілгендей орналасқан (4.40, а-суретті қараңдар). АВ затының айнадағы кескінін түрғы- зыңдар. Барлық заттың кескінін толық көру үшін оған адам қай жерден карау керек? Ш е ш у і. А нүктесінен шықкан сәулелер айнадан шағылғаннан кейін ССг және DDX (4.40, ә-сурет) түзулерімен шектелген жолақ ішінде, ал В нүктесінен шыққан сәулелер СС2 және DD2 түзулерінің арасында болады (сәулелердің шағылу заңына сәйкес). Заттың барлық нүктелерінен шыққан сәулелер тек ССХ және DD2 түзулерінің ара- сындағы жолақ алаңда орналасқан болса ғана адамның көзі көре алады.
2-есеп. Күн сәулелері горизонталь жатқан айнадан шағылып вертикаль түрған экранға түседі. Горизонталь жатқан айнада жазық дене орналасқан. Вертикаль экрандағы көлеңкені сипаттаңдар.

Ш е ш у і. Нәрсенің биіктігін һ деп белгілейік, ал нәрседен экранга дейінгі кашыктық I болсын. Жарық экранға а бүрышпен түссін. Екі жағдайды карастырайық. 1) I > 2 htg a . Бүл жағдайда экранда табандарымен беттескен, түзу және төңкерілген екі көлеңке (4.41-сурет) көрінеді. Көлеңкенің жалпы ұзындығы 2 һ. Көлеңке күн сәулелерімен жарықталған және экранның жарық тура түскен және шағылған сәулелерімен жарьщталған бөліктерінен айкын ерекшеленеді. 2) Z< 2/itga. Бүл жағдайда көлеңкенің үзындығы 2Л-тан кіші. Сонымен қатар оньщ түскен және шағылған сәулелермен де жарықтанбаған жерлері болады.

Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін







Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Биолюменесценция. Инфрақызыл, ультракүлгін және рентген сәулелері.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Фотолюминесценция – түскен жарық әсерінен жарқырау. Хемилюминесценция – денеде жүрген химиялық реакциялардың әсерінен жарқырау.

Әлсіз флюоресценцияны жылқы, ешкінің көзінен бақылауға болады.

Мысық, қасқыр және тағы басқа жануарлардың көзінің жарқырауы флюоресценцияға жатпайды, бұл түскен жарықтың шағылуы.

Хемилюминесценция табиғатта кеңінен таралған.

Биолюминесценцияны кейде, “суық жарық”деп атайды, себебі мұнда жылу өте аз бөлінеді. Кейбір люминесценциялайтын жануарлардың шығыратын жарық күші таң қаларлықтай. Жарқырайтын организмдер ішінде белгілілері - жарқырауық қоңыздар. Олардың кейбіреулері қазіргі кездегі флюоресцентті шамдардың күшіндей жарық күшін туғыза алады.

Жарқырау - әр түрлі денелерде өзінің бөлшектері бойынша әр түрлі болып келетін ферментативті реакцияларға байланысты. Бактериялар мен саңырауқұлақтар оттегі қатысында үздіксіз жарқырайды. Көпшілік жарқырайтын жануарлар олардың люминесцентті мүшелерінің стимуляциясы болғанда ғана жарық береді.

Микроорганизмдер арасында жарық шығаратын бактериялар да бар. Олар әр түрлі жануралар мен өлекселердің бойында паразиттік тіршілік етеді. Өте көп мөлшерде көбейіп, олар жарық тудырады: түнде шіріген ағаш түбірлері, балық өлекселері, кейбір саңырауқұлақтар жарқырайды.

Микроскопиялық зерттеулер түнде жарқырайтын бактериялар болатынын көрсетеді. Кейбір балықтардың жарқырауы да олардағы бактериялардың жарқырауымен байланысты. Басқа жағдайларда жарқырау жануарлардағы ерекше клеткаларға байланысты болады.

Табиғаттағы биолюминесценциялық көріністер.

Жарқырау мүшелері әр түрлі. Кейбір медузалар, теңіз жұлдыздарының барлық денесі жарқырайды, ал кейбір шаяндарда телескопқа ұқсаған көздері ғана жарқырайды. Сегізаяқтың жарқырау мүшесі ерекше қызықты. Құрылысы төмендегідей: бесаяқты моллюсканың терісінде кішірек қатты денешіктер болады. Осы денешіктің алдыңғы бөлігі түссіз, мөлдір, көздің қарашығына ұқсас болады, ал артқы үлкен бөлігі қара пигментті клеткадан тұратын қабатпен қапталған.

Инфрақызыл сәулелерді барлық денелер өткізеді. Ағзаға алғашқы әсері сыртқа жақын жатқан ұлпаларды қыздаруымен байланысты. Ол химиялык әрекетке бастайды, әсіресе арнайы құрамдағы фотоэмульсияларға әсер етеді. Оның көмегімен қараңғыда суретке түсіруге болады. Осы әдісті биологтар жануарлар дүниесін түнде бақылауға белсенді түрде қолданады. Көптеген жағдайда ішкі мүшелер ауырғанда температураның көтерілетіні белгілі. Мысалы, қатерлі ісіктердің температурасы айналасындағы ұлпалардың температурасынан 0,5 – 0,8°C жоғары болатыны, ал бауыр ауруында (гепотит, холецистит) оның температурасы 0,8 – 2°С – қа көтеріледі. Миға қан құйылуы температураның төмендеуіне әкеледі.

Ғалымдар теңіз түбіндегі температураны өлшеу үшін оны құрайтын атомдар мен молекулалардың хаосты жылу тербелісінен пайда болатын шуды пайдалануды ұсынды.

Кейінгі кезде табылған мидың жылулық жауаптарын тіркеу әдістерін термоэнцефаласкопия әдісі деп атады.

Ол адамның басының терісі арқылы жарыққа жауап бергенде пайда болған жылулық белсенділік ошақтарын тіркеуге мүмкіндік береді. Жарықпен нүктелік тітіркендіруге немесе теріні тітіркендіргенде бір бөлігі ғана жауап бермейді, жылу өнімдерін көптеген бөліктері түзеді екен. Бұл -

мидың құрылысының жағдайы жөнінде ақпараттардың көптеген ағынын береді, бұл әр түрлі аурулардың диагностикасында, адамның физиологиясын зерттеуде өте маңызды.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін







Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Спектральды және рентген құрылымдық қорытындыны гемоглобин құрылысын оқу үшін қолдану.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Ультракүлгін сәулелер тірі ағзаларға аса күшті әсер етеді, ол оларды жұтқан кездегі фотохимиялық реакциялармен байланысты. Ультракүлгін сәулелер ағза ұлпаларында тереңге енбейді, 0,1 – ден 1,0мм ғана енеді, бірақ күрделі биохимиялық реакция тудырады, оның әсерінен адамның терісі қызады (эритема), ол біраздан соң кетеді, бірақ ашық қоңыр пигмент қалдырады (күнге күю).

Ультракүлгін сәулелердің биологиялық әсері оның толқындарының ұзындығына байланысты. Толқын ұзындықтары 400- ден 315мкм болғанда ағзаны шынықтырады, күшейтеді. Ол гигиеналық профилактикалық мақсаттарда қолданылады.

Толқын ұзындықтары 315-280мкм сәулелер (эритемді) емдік мақсатта қолданылады. Толқын ұзындықтары 280 – 300 мкм-ге тең болса, бактерияларды өлтіреді. Бұл сәулелену дезинфекция мақсатында қолданылады.

Рентген сәулелері оның денені жарқырату қабылетіне байланысты табылған. Рентген сәулелерінің ең маңызды қасиеттері зат арқылы өте алуы. Рентген спектірінің ең ұзын толқындары адам көзі қабылдай алатын ең қысқа жарық толқындарынан 20000 есе қысқа.

Дене арқылы өтіп, рентген сәулелерінің біразы жұтылады. Жұтылу дәрежесі заттың тығыздығы мен қалыңдығына байланысты. Рентген сәулелерінің қорғанысының қалындағы 0,016см қабатынан, алюминийдің қалыңдығы 1,6см қабатынан және қалыңдығы 4,3см су қабатынан өтетіні анықталған. Қалыңдығы 0,4см қорғасын қабаты барлық рентген сәулелері үшін өткізбейтін қабат болып табылады. Рентген сәулелері әр түрлі химиялық өзгерістер, фотоқағаздардың немесе фотопластикалардың қараюын тудырады, бұл кез келген мүшелер мен ұлпалардың фотосуреттін алуға мүмкіндік береді: егер адамның кеуде қуысын сәулелендірсе, ауаға толы өкпе оны аз жұтады, бұлшық – еттер көбірек, ал сүйектер одан көбірек жұтады. Өткен сәулелер флюоресциялық экранда өкпенің, қабырғалардың және басқа мүшелердің көлеңкелі проекциясын береді. Рентген сәулелері емдік мақсаттарда да пайдаланылады. Сәулеленудің биологиялық әсері клеткаларды, әсіресе тез көбейетіндерінің өмір әрекеттерін жоятындығында. Осыған байланысты рентгенотерапия қатерлі ісіктермен күресте кеңінен қолданылады. Асқазан және ішек сияқты мүшелерді, жеке бөліктері тығыздығы жағынан айырмашылықтары жоқ мүшелерді де зерттеу әдістері табылған. Ондай жағдайда жұтудағы айырмашылықты қолдан жасайды. Зерттелетін мүшелерге көрші ұлпаларға қарағанда сәулелерді жоғары дәрежеде ұстай алатын зат жібереді.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Медицинадағы оптикалық құралдар.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Көзді зерттегенде көз айнасы – офтальмоскоп жиі қолданылады. Бұл прибордың жұмысы көзге түскен сәулелердің торлы қабықшада көрініп, көз ортасында сынып, жарық түскен жақтан қарсы жаққа қарай өтуіне негізделген. Егер жарық көзін сәл қырынан түсіріп жарықты зерттейтін көзге ортасында тесігі бар дөңес сфералық айна арқылы түсірсе, онда торын қабықшадан шағылысқан жарық біразы осы тесік арқылы өтеді де, тесіктің қарсы жағындағы бақылаушының көзі көз алмасының түбін көреді. Жақсы көріну үшін көз түбінен өткен сәуленің жолына жинағыш линза орналыстырады, ол көрінген картинаны ұлғайтып көрсетеді. Жұтқыншақты, трахеяларды, бронхыларды, асқазанды тексеру үшін пайдаланылатын приборлар (эндоскоптар) жарық көзінен және көру трубкасынан (линзалар мен призманың әр түрлі санынан) тұрады.

Қазіргі кездегі эндоскоптарда талшықты оптика қолданылады. Оларда бірнеше мыңдаған қалыңдығы 10мкм шыны талшықтар қолданылады. Осы прибордың көмегімен ағзалардың жағдайы жөнінде әр түрлі мәліметтер алып, суретке түсіруге, операциялар жасауға болады. Прибор қан тоқтатуға, дәрілік заттар жіберуге, бөтен заттарды жоюға көмектеседі. Эндоскоптардың жаңа түрлерінде көрінетін жарық ультракүлгін сәулелермен толықтырылған. Жаңа пайда болған ісіктер табиғатына байланысты ультракүлгін сәулелер әсерінен әр түрлі сәулелерді өткізеді. Алдымен, кәдімгі жарықпен қарап ауырған өзгерістер бар дене бөлшектерін анықтап, кейін ультракүлгін сәулелер шоғын қосады. Жарқырау спектрі бойынша және оның белсенділігіне қарап денеде зерттелген бөліктің ерекшеліктерін анықтайды.

Анық көрінуді арттыру үшін емделуші ағзасына зиянсыз люминесцентті индикатор енгізіп, ультракүлгін сәулелердің аз күшін пайдалануға болады. Эндоскопты сәулелі терапия әдісімен емдеу үшін де қолдануға болады, онда ісік пайда болған жерді радиактивті препаратпен сәулелендіреді.

Балаларды емдеуде фирондоскопия әдісі енгізілген. Балалардың зерттеу органдарының диаметрінің аздығы (өнеш, ішек, бронхы) жаңа техникалық әдістемелік құрал ашуды қажет етті. Фиброэндоскоптарды пайдалану кішкене пациенттерге диагноз қоюда үлкен жаңалық болды

Мұндай жағдайды болдырмау үшін зерттеу кезінде кристалды дымқыл күйде кішірек шыны капилярларға орналастырады. Сосын монокристалға рентген сәулесінің жіңішке монохроматты бөлігін бағыттайды. Егер кристалл қозғалыссыз болса, оның артында орналасқан фотография пленкасында эллипс бойында орналасқан таңбалар көрінеді. Кристалды белгілі бір дәрежеде айналдырса таңбалар дұрыс тордың бұрыштарыңда пайда болып, кристалдағы молекулалардың орнын көрсетеді. Рентгеннограмма негізінде кристалдың атомдық құрылымын анықтауға болады. Алынған рентгеннограмманы дифракциялық таңбалар қабаттарымен толтырылған сфераның кесіндісі ретінде қарастыруға болады. Тиісінше есептеулер жүргізіп, белок моделін алуға болады. Сараптаманың бұл әдістері шаш құрылысын, жібек пен жүн талшықтары құрылысын қарастыруға мүмкіндік береді. Инсулин, гемоглобин, ДНК молекулалары құрылысы да осы әдіспен анықталған.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін





















Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Биология және медицинадағы радиоактивті изотоптар





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Радиактивті элементтердің атомдары басқа элемент атомдарынан ерекшелігі - олар қоршаған ортаға сәуле бөліп шығарады, сондықтан оларды белгіленген атом деп те атайды.

Осы сәулелерді анықтаудың жоғары дәрежелі сезімтал әдістері арқылы белгілі бір объектіде радиактивті заттардың бар екендігін жеңіл анықтауға болады, олардың қозғалысын, химиялық реакциялардың барысын бақылауға болады.Биологтар үшін бұл әдістің құндылығы сонда, өмір сүріп жатқан ағзаға зиянды әсер етпей зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Биологтар белгіленген атомды қолдану бағыттарын былай бөледі:

  1. Жануарлардың миграциалануы және орналасу жолын анықтау.

  2. Жануарлар мен өсімдіктердегі зат алмасуды зерттеу, кейбір компоненттердің қозғалысы.

  3. Ұлпаларда әртүрлі элементтердің жинақталуы.

  4. Биологиялық сұйықтықтарды зерттеу.

Радиоизотоп дегеніміз ядролық реакция нәтижесінде жасанды жолмен алынған химиялық элементтердің тұрақсыз ядролары. Жартылау ыдырау периолы қысқа радиоизотоптар адамға үлкен қауіп төндірмейді. Олар өндірісте, ауылшаруашылығында, медицинада, биология саласында кеңінен қолданылады. Радиоизотоп радио активті деп те айтылады.

Радиоизотоптарды қолдану

Радиоизотоптарды олардың сәулеленуі бойынша алуға болады. Кез келген физикалық немесе химиялық реакция радиоктивті элементпен жүретін болса, ол процесті қабылдау әдісі таңбалы атомдар әдісі деп аталады. Осы әдіс бойынша адам ағзасындағы зат алмасу зерттелен. Адом ағзасындағы барлық атомдар қысқа уақыттың ішінде жаңарып отыратыны анықталған, тек көмір атомы ғана, эритроциттің құрамына кіретін болғандықтан өзгермейді.Медицинада радиоактивті изотоптарды ауруды зерттеу, диагностикалау, емдеу үүшін қолдануға боладыМысалы, радиоактиті йод қалқанша безінің ауруын емдеу үшін қолданылады және рак клеткаларын жою үшін.

Радиоактивті изотоптар өнеркәсіпте металл құймалардың сапасын, олардың кристалдық торларындағы ақауларды анықтау үшін қолдданылады


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін



































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сәулеленудің биологиялық әсері.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Адамдар және жер бетіндегі барлық тірі организмдер миллиондаған жылдар бойы радиацияның әсеріне ұшырап келеді: ауада болатын ғарыштық сәулелендіру және радиоизотоптар, судағы, топырақтағы, тау жыныстарындағы тұрақты радиация радиациялық фон тудырады. Оның өлшем бірлігі – 1 рад.1 рад – массасы 1 кг болатын сәулелендірілген зат жұтқан 0,01Дж энергия болатын иондалған сәулелендіру дозасы.

Тірі ағзаларға иондалған радиация әсері аз: жылына орташа 0,1 рад. Иондалған сәулелену құрамына α, β, γ сәулелер, нейтрондар енеді. Зат арқылы өткенде олар оның иондалуын тудырады. Бұл кезде кері процесс те жүреді – иондардың бірігуі, яғни рекомбинация.

Әр түрлі сәулелендірудің биологиялық әсері әр түрлі: рентген сәулелеріне қарағанда α-сәулелердің әсері 10 есе күшті, жылулық нейтрондар 5 есе, ал жылдам нейтрондар 10-20 есе күштірек.

Иондалған сәулелер тірі ағзаларға әсер еткенде тірі ағзада болатын су молекуласының, әртүрлі белоктық заттардың иондалуын тудырады. Сол кезде тірі ұлпаларда бос ракидалдар – күшті тотықтырғыштар түзіледі, олар өте улы және өмірлік әрекеттерді өзгертетін кері процестері бар.

Егер адам үнемі сәулелендіру әсерінде болса, ол аз мөлшерде болғанда да (созылмалы) оның ағзасында радиактивті заттар жинақталып, созылмалы сәуле ауруына ұшырайды. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтамағанда врач-рентгенологтарда, радиактивті эелементтерді зерттеушілерде, радий және уран кеніштерінде, радий рудаларында жұмыс істейтін жұмысшыларда созылмалы сәуле ауруы пайда болуы мүмкін. Фосфор, йод, т.б радиактивті элементтердің изотоптары емдік мақсаттарда қолданылады. Ауыз арқылы бұларды қабылдағанда олар белгілі бір ұлпалар мен мүшелерде жиналып, айрылғанда өзіне жақын жатқан ұлпаларды сәулелендіреді.

Мысалы, радиактивті фосфор қуысты сүйектердің көмегімен жинақталады. Электрондарды бөліп ажыратқанда кемік заттарды сәулелендіріп, ондағы қан жасушасының бұзылуын ретке келтіреді. Қатерлі ісіктерді емдегенде γ сәулелердің көзі ретінде радиактивті кобальт қолданылады.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін









































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Радиотелеметрия. Электромагниттік өрістің (ЭМӨ) тірі табиғат өміріндегі рөлі.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Жануарлар немесе адамның физиологиялық жағдайы жөнінде ақпараттарды радиоқұралдарының көмегімен алысқа жіберуге болады, мысалы, электрокардиограмма. Жүрек биопотенциалын күшейткен соң радиоқабылдағышқа беріледі де, олардың жіберілген толқындары тиісінше модульдендіріледі. Осылайша, ғарыштағы ғарышкерлердің жүрек жұмысының жағдайы, спортсмендердің жаттығулар кезінде физиологиялық жағдайын, өндірістегі жұмысшылардың жағдайы жөніндегі ақпараттарды алуға болады. Жартылай өткізгіштік техникалық жетістіктердің арқасында мөлшері өте кішкентай датчиктер жасалынды. Оларды әртүрлі мүшелердің ішіне енгізуге, тіпті ағзадағы ұлпаларда орналастыруға болады. Мысалы, жүрек қуысындағы қан қысымын өлшеу үшін кішкентай ғана электроманометрді пайдаланады. Зерттелуші жұтатын пилюля формасындағы эндорадиозонд асқазан-ішек жолының температурасы, қысымы және ортасының қышқылдығы үзіліссіз зерттеледі. Осындай «радиопилюляның» сигналдары сыртта орналасқан антенна арқылы қабылданып, құрылымға беріліп, сәйкес мәліметтерге айналдырылады.

Тірі табиғаттағы электромагниттік өрістің рөлі.

Тірі табиғаттағы электромагниттік өрістің рөлі сан алуан: бұл оның ағзалардың тіршілік әрекеттеріне әсері, организмдердің өз денесіндегі электромагниттік жерлер, организмдер арасындағы электромагниттік байланыстардан байқауға болады.

Әр түрлі организмдер электромагнит өрісіне өте сезімтал, әсіресе геомагнитті және геоэлектрлі өрістерге, атмосфераның өрістеріне, күн сәулесінің әсерлеріне. Электромагниттік өрістер әсерінен әртүрлі физиологиялық қызметтер бұзылады – жүрек соғысы, қан қысымы, зат алмасу процестері, эмоциялық жағдайлары өзгереді (сезу, көру, дыбыс сигналдарын қабылдау т.б).

Организмдердің бойындағы және олардың арасындағы электромагниттік өрісті бақылау өте қызықты. Адам жүрегінің туғызатын электромагниттік тербелісі, омыртқалы жануарлардағы электромагниттік жүйесінің реттелуі ашылып, зерттелген. Осы жүйе жануарлардың жалпылама мінез-құлқын бақылап, оларға жердің магниттік және электр өрістері осы жүйе арқылы әсер ететіні анықталған. Жануарлар дүниесіндегі ультракүлгін, инфрақызыл, ультрадыбыстық сәулелердегі сигналдардың берулері, жануарлар топтарындағы қозғалыстың осы сигналдар арқылы жылдам реттеліп отыратындығы анықталған. Кейбір жағдайларда жануарлар бір-бірін осы сигнализация арқылы тауып алады.(электромагниттік өріс). Бұл ұя салу орнын анықтау, бір-бірін тауып алу, балықтар мен құстардың миграциясы кезінде маршруттарында қателеспеуін қамтамасыз етеді.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін





























Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Медицинадағы лазерлер





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Лазерлердің медицинада қолданылуы көз хирургиясынан басталды.

Көз ауруларының ең ауыр түрінің бірі – көз алмасының ішкі артқы қабырғасынан торлы қабықшаның бөлінуі. Осыдан 20-30 жылдар бұрын бұл аурудың ақыры бірте-бірте көздің көруінің бұзылуына әкеп соғатын. Лазер адам шашының жуандылығының 1/50 бөлігіндей нүктеге оңай жиылатын энергияның жоғары тығыздығын қамтамасыз етеді.

Лазер сәулесі биологиялық ұлпаларға аппараттың механикалық бөлігінің жанасуынсыз-ақ әсер етеді, яғни кесетін құралдар мен электропышақтан айырмашылығы - жанасусыз хирургиялық аппарат болып табылады.

Жұқа темірдің нүктелік сваркасы сияқты, оның көмегімен ажырап кеткен торлы қабықшаны көз алмасының артқы қабырғасына жабыстыруға мүмкіндік туды. Дәрігер-офтальмологтар бұл әдіспен 1970 жылдан - ақ қаруланды. Қазір торлы қабықшаның бөлінуінде лазерді қолдану көптеген мыңдаған адамдардың көруін қамтамасыз етті. Медиктер лазерді көз алмасының түбіне және торлы қабықшаның жағдайын зерттеу үшін де қолданады.

Әдетте, алдымен көз қарашығын кеңейтетін дәрі тамызылады, одан соң дәрігер емделушінің көзіне жарықтың барынша белсенді бөлігін бағыттайды және офтальмоскоп көмегімен бақылау жасайды. Қазіргі кезде ғалым-дәрігерлер жаңа офтальмоскоп ойлап тапты. Онда әр сәтте көздің торлы қабықшасының азғантай ғана бөлігін жарықтандырып, оның бетіне тез жүгіріп өтетін лазер сәулесі қолданылады. Сонымен бірге видеомониторға секундына 25 кадр көрсететін жиіліктегі сурет пайда болады, бұл көздің өзгерістерін қозғалыста зерттеп, мәліметтерді магнитті түрде еске сақтап, жазып отыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде көз ұлпасына уақыт бірлігінде кәдімгі офтальмоскопта қолданылатын жарықтан белсенділігі жөнінде 20-30 есе кем жарық әсер етеді. Лазерлерді қолданудың тиімділігі, әсіресе, қан тамырлары көп ұлпаларға оперция жасағанда көрінеді: оларды асқазан-ішек хирургиясында, мүшелерді жалғастырғанда, өт жолына, бауырға операциялар жасағанда, пластикалық операцияларда, тері ісіктерін алуда, пигментті дақтарды жоюда кеңінен қолданылады.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін





































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Плазмалық скальпель.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Адамдардың кейбір мүшелерін операция жасау өте қауіпті және күрделі, мысалы - бауыр. Мұнда қан тоқтату мүмкін емес. Мысалы, көк бауырда кішкентай ғана жарақатталу болса-ақ алып тастауға тура келеді. Дәрігерлерді тиімді және қауіпсіз құрал ретінде жоғары температуралы плазманы қолдану қызықтырды, ол балқытып әсер етеді, кептіреді, залалсыздандырады. Плазманың көмегімен хирургиялық кешенде бауырды резекциялайды (бүлінген жер көк жалынмен күйдіріледі) немесе қан ағып жатқан бауыр мен көк бауырдың кесіндісін күйдірілген қабатпен қаптайды. Бұл қабат бірнеше күннен кейін сорылып кетеді (жазылады), оның астында жазылған беті қалады. Хирургияның кешенде лезвие-плазматроннан басқа оның жұмысын реттеуші (стабилизатор), өлшеп-бақылау аппараты, дисплей болады.

Эрвин Шрёдингердің «Физика тұрғысынан өмір деген не?» (1945) биофизиканың негізі ретінде өмірдің термодинамикалық негіздері, тірі ағзалардың жалпы құрылымдық ерекшеліктері, кванттық механика заңдарына биологиялық құбылыстардың сәйкес келуі сияқты ғылымның негізі және т.б. ретінде жұмыс жасайды деп айтуға болады.

Биофизика өз дамуының бастапқы кезеңдерінде физика, химия, физикалық химия және математика идеялар және әдістерімен тығыз байланысты және биологиялық объектілерді зерттеуде нақты тәжірибелік әдістерді қолданды (спектрлік, изотоптық, дифракция, радио-спектроскопиялық). Биофизика дамуының осы кезеңінің басты нәтижесі - физиканың негізгі заңдарын биологиялық объектілерге қолданылуының эксперименталдық дәлелі болып табылады.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін



































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қолданбалы бағыттағы есептер шешу.





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Басқа тірі жануарлар батпақты малтығып жүре алмай жатқанда бұлан ондай жермен біршама жеңіл жүгіріп өтеді. Неліктен?

Жауабы: Бұланның әр аяғында екі-екіден тұяқ болады. Олардың арасына жарғақ тартылған. Бұлан жүгірген кезде тұяқтары бір-бірінен алшақтайды, жарғақ керіледі. Жануар дененсінің қысымы тіреуіштің салыстырмалы үлкен ауданына таралады, сөйтіп бұлан батпаққа батпайды.


2. Көптеген жануарлар тепе-теңдік қалпынан ауытқуын қалай анықтай алады?

Жауабы: Жануарлар организмінде оның тепе-теңдік қалыптан ауытқуын анықтауға арналған өзіндік тік сызық болады. Ол тепе-теңдіктің бұзылғандығы жөнінде автоматты түрде сигнал береді.


3. Балықтың ауаға сіңген оттегімен тыныс ала алатыны неліктен?

Жауабы: Кез келген газ қысымы көп жерден қысымы аз көрші кеңістікке өтуге ұмтылады. Балықтың қанындағы оттегінің қысымы оның судағы қысымынан аз, сондықтан оттегі судан желбезектің жіңішке түтіктерімен ағатын қанға өтеді.


4. Қай ауада оттегі көп: біз тыныс алатын ауада ма, әлде балық тыныс алатын ауада ма?

Жауабы: Біз тыныс алатын ауадағы оттегі көлемі бойынша 21%-ын құрайды. Оттегі суда азотқа қарағанда екі есе еритіндіктен ауа оттегімен байыйды: суда еріген ауадағы оттегі шамамен 34%.


5. Аквариумда тіршілік ететін балықтардың кейде су бетіне шығатыны неліктен?

Жауабы: Балық суда еріген оттегімен тыныс алады. Судағы оттегі азайған кезде ол судың оттегісі көп ауамен жанасқан бетіне көтеріледі.

6. Адамның күре тамырындағы қан қысымын өлшеу үшін дәрігерлер манометрді қалай пайдаланады?

Жауабы: Резеңке түтікті медициналық термометр ауа үрлегішпен және дәрігер емдеушінің қолына орайтын резеңке манжетке жалғанған. Дәрігер ауа үрлегішпен манжетке тамырлардағы қанның ағысы тоқтағанша ауа айдап енгізеді. Содан кейін кішкене кран ашылады. Ауа манжеттен жайлап шыға бастайды, ал прибордың сынап бағаны төменге қарай ұмтылады. Жүрекке манжет астындағы қанның үлесі қозғап жіберуге болады. Дәрігер фонендоскоп арқылы тамырдың бірінші соғуын тыңдайды да, күре тамыр қысымының шкаладағы жоғарғы ең үлкен мәнін белгілеп алады. Дәрігер сынаптың қозғалысын бақылай отырып тамырдың соғуын тыңдайды. Манжеттегі қысымның төмендейтіндігі сондай, ол күре тамырдағы қан қысымына теңеледі. Дәрігер тамырдың соңғы соғуын тыңдайды да, осы кезде сынап бағанасының жоғарғы шекарасы қай бөлікке қарсы тұрғандығын байқайды. Осылайша ең төменгі қысым анықталады.

7. Ашық теңіздер мен мұхиттарда жабысқақ балық деген болады. Бұл балық әр түрлі нәрсеге жабысады. Әсіресе акула мен кемеге жиі жабысады, әрі үлкен күшпен жабысатыны сондай оны жұлып алу қиын. Ондай балық нәрсеге қандай күштің әсерінен жабысады?

Жауабы: Жабысқақ балықтың арқасындағы түрі өзгерген қанат сорғышқа айналады. Бұл сорғыштың әсері ұшы резеңке таяқшаны ататын ойыншық пистолеттің әсеріне ұқсас. Ұшы резеңке таяқша қабырғаға барып соғылғанда резеңке жалпаяды, содан кейін ол серпімділік күшінің әсерінен қайтадан бұрыңғы пішініне келеді. Қабырға мен резеңке сорғыш арасында сиретілген кеңістік пайда болады. Өйткені соққы кезінде ондағы ауаның біраз бөлігі ығысып шығады. Сондықтан атмосфералық қысымның әсерінен таяқша қабырғаға қатты «жабысады». Жабысқақ балық сорғышының әсері оның бұлшық еттерінің жиырылуы арқылы жүзеге асады. Сорғыш жануарлар дүниесінде өте кең тараған. Мысалы, теңіз құрты мен сегізаяқтың көптеген сорғыштары бар қармалауыштары болады. Олар осы қармалауыштардың көмегімен әр түрлі нәрселерге жабысады.



8. Ұшып бара жатқан құс қанатынан пайда болған тербелісті біз неліктен дыбыс ретінде қабылдаймыз?

Жауабы: Құс қанаттары туғызған тербелістер жиілігі біздің есту қабілетімізден төмен. Сондықтан құстың ұшуын біз дыбыс ретінде қабылдаймыз.

9. Жыланда ішкі құлақ болмайтындығы белгілі. Бірақ олар дыбыс тербелістерін қалай бақылайды?

Жауабы: Жалпы жыландар керең, бірақ олар топырақтан тараған тербелістерді құрсақ бетімен қабылдайды.

10. Ұшқан кезде маса араға қарағанда тоны жоғары дыбыс шағарады. Бұл шіркейлердің қайсысы қанаттарын жиі қағады?

Жауабы: Дыбыс тоны жиілікке байланысты. Маса қанаттарының тербеліс жиілігі ара қанаттарының тербеліс жиілігінен едәуір жоғары.

11. Өрмекшінің іс-әрекетін бақылай отырып мынаны бақыладық: ол өзінің баспанасынан ытқып шығып шыбынға бағаттала ұмтылу үшін өзі құрған торға түскен шыбынның өлшемі орташа болуы керек; егер кішкене шыбын түссе, онда өрмекші көбінесе оған көңіл бөлмейді де. Өрмекші өз азығының өлшемін қалай анықтайды?

Жауабы: Өрмекші торының тербелісін аяқтарындағы ерекше сезім мүшелері арқылы қабылдайды және олардың күші арқылы торына өлшемі қандай шыбын түскенін біледі. Егер шыбын өте кішкентай болса, онда өрмекші оған көңіл бөлмеуі мүмкін. Егер тербеліс күшті болса, өрмекші азығына ұмтылады да жіпті үзіп оны босатып алады, сөйтіп ол өзінің қалған торын аман алып қалады.

12. Орманда дыбыстың қайдан шыққанын анықтау біршама қиын болатыны неліктен?

Жауабы: Орманда құлақ тікелей дыбыс көзінен келген дыбысты ғана қабылдамайды, сонымен бірге жан-жақтағы ағаштардан шағылған дыбыстарды қабылдайды. Бұл шағылған дыбыстар дыбыс шығарған нәрсеге қарайғы бағытты анықтауды қиындатады.

Қабырға, орман, биік-қоршау, тау-жалпы жаңғырықты шағылдыратын кез-келген бөгет дыбыс үшін айна болап табылады. Жазық айна жарықты қалай шағылдырса, дыбысты да солай шағылдырады. Дыбыс айналары жазық қана емес қисық бетті болуы мүмкін. Ойыс дыбыс айналары рефлектор тәрізді әрекет етеді: «дыбыс сәулелерін» өзінің фокусында жинақтайды.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін











Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қоршаған әлемнің материялылығы





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Тірі және өлі табиғат - диалектикалық дамудың ортақ заңына бағынады. Физика заңдары екеуіне де де қолданылады. Табиғат заңдарының біртұтастығы жөнінде көзқарас түрғысынан алғанда айналу заңының ерекше рөлі бар. Бұл заңды ең алғаш ашып, теориялық тұрғыда пайымдаған неміс ғалымы Роберт Майер болды (1841ж).Тірі және өлі табиғат әлеміндегі көптеген заңдардың статистикалық мәні бар. Газ қысымы, броундық қозғалыс, денелердің ішкі энергиясының механикалық және энергияның басқа түрлеріне ауысуы статистикалық заңдылықтарға негізделеді. Бұл зандардылықтардың әсері біртекті құбылыстардың көптеген қорытындысы ретінде көрінеді. Олардың әрқайсысы белгілі дәрежеде кездейсоқ өтеді. Көптеген кездейсоқ факторлардың әсерінен статистикалық заңдылықтардың байқалуы физика және биологияда мысалдар арқылы түсіндіріледі. (Ыдыс қабырғасына түсетін газ қысымы - белгілі бір өсімдік және жануар организімінің орташа сипаттамасы). Статистикалық заңдылықтарда заңның барлық белгілері бар. Олар әр құбылыстарды және олардың мәнді байланыстарын көрсететіндей мысалдармен оқушылар арасында ой бөлісіп, пікірталас тудыру.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте





"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін













































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат заңдарының жалпылығы





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Қоршаған ортаны қорғау келесі екі ережеден тұрады:

  • ғылыми экологиялық принциптерді тұжырымдайтын орындалуға міндетті заңдар түрінде құқықтық қорғау;

  • табиғатты қорғау қызметін экономикалық тиімді жасауға тырысатыны үшін өнеркәсіптерді материалдық ынталандыру.

Экологиялық құқық ұғымы — бұл қоғам мен табиғат арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Экологиялық қатынастар тек экономикалық құқық нормаларымен ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да, мысалы, жер, су, орман және т.б. салаларымен реттеледі.

Экологиялық құқық ұғымы заң ғылымдарының саласы ретінде XX ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болды. Қазіргі кезде бұл негізгі үш бөліктен тұрады:

  1. Экологиялық құқық үшін маңызды, институттар мен ережелерге қатысты жалпы бөлім; экологиялық құқық пәні, әдістері, экологиялық құқықтық қатынастар, табиғи ресурстарға меншік құқығы, табиғатты пайдалану және оны реттеу құқығы, экологиялық сараптама, экологиялық құқық бұзу үшін заң бойынша жауапкершілік.

  2. Жерді, атмосфералық ауаны, жер қойнауын, ормандарды, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын аймақтарды қорғау және пайдалануды құқықтық реттеу сияқты бөлімдерден тұратын негізгі бөлім.

  3. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың халықаралық құқықтары мәселелері туралы арнайы бөлім.

Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшелігі - әкімшілік-құқықтық әдіспен әсер етудің басымдығы.

Олай дейтініміз, екі жақтың (азаматтық-құқықтық әдіске тән) заңды түрде тең еместігі, билік пен бағынушылықтың қатынасы. Мұндайда осы қызметті заң талаптарына сәйкес жүргізуі керек және қоғам мен азаматтардың мүддесін білдіруі қажет табиғат қорғау органдары билікке ие болып шығады. Соңғы кезде экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу саласында, экономикалық немесе қаржылық механизм арқылы әсер етудің ролі арта бастады.

Қазақстан Республикасының конституциясы - экологиялық құқықтың негізгі көзі. ҚР конституциясына сәйкес, «әрбір адам жанға жайлы қоршаған ортаға, сондай-ақ экологиялық құқық бұзу арқылы адамның денсаулығына немесе дүние мүлкіне әкелетін зардаптар, қоршаған ортаның жағдайы және шығынды өтеуі туралы анық ақпараттар алуға құқылы».

Қазақстан Республикасында жер және басқа да табиғи ресурстар сол территорияда өмір сүретін халыктардың тіршілік негізі. Егер де қоршаған ортаға зиян әкелмейтін болса және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүддесі бұзылмайтын болса, онда жерді немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдалану олардың меншік иелерімен еркін жүргізіледі.

Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022ж ________________Бекітемін























Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттың танылуы





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

ізді қоршаған ортажан-жануарлар мен өсімдіктерЖер мен АйКүн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

  • «Су ішкен құдығыңа түкірме»

  • «Бұлақ көрсең, көзін аш»

деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, географиягеологиябиологияхимия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.

Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.

Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.

Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.

Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.

Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады. Ал табиғатпен адам қатар ұғым. Табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда.


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін







































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Биологияға физика және техника не береді?





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

Судағы жарық.

Қара теңіз бен Балтық теңіздерінің және Солтүстік теңізінің әр жерінен кешке қарай көгілдір оттардың жарқ-жұрқ етіп сәуле шашқанын көруге болады. Бұл – жарық шығарушы бактериялардың әсерінен болатын құбылыс. Бұл құбылыста жарық шығарушы бактериялардың терең су түбінде жүретін балықтардың басына ұялап, қараңғы су түбінде светофордың қызметін атқарып, балықтардың жемдерін тауып жеуге себін тигізетіндігі анықталды.

Тұздан қорықпайтын бактериялар.

Әдетте, тағамдар бұзылмас үшін тұз себетіні белгілі, бірақ осы тұздың үстінде мекендейтін бактериялар да болатындығы анықталды. Басқұншақ пен Сакс көлдерінен микробиологтар қызғылт түсті тұз тапқан. Бұл микрококк, серратия, галлофил, салинария деп аталатын тұз сүйгіш бактериялардың әсерінен қызыл түске боялған тұз екен. Бұлар тіпті тұздылығы 0,5-1%-тен бастап 20%-ке дейін жеткен тұзды суларда тіршілік етеді. Мұндай бактериялар тұщы суларда кездеспейді.


Бактериялар темірді де теседі.

Темір – барлық тірі организмдерге өте қажет, ол табиғатта органикалық және анорганикалық қосылыстар күйінде болады. Темір бактериялары топырақта кездеседі, олар металдарды тотықтырады, топырақтағы күкірт қышқыл тұздарын тотықсыздандырады. Осының нәтижесінде пайда болған күкіртті сутегі труба темірімен әрекеттесіп, күкіртті темір қосылысын түзеді. Бұдан труба қабырғалары бүлініп, тесіледі, я болмаса мүжіледі. Темір бактерияларына галиионелла және невская деген түрлері жатады. 1905 жылы Германияның Дрезден қаласында бүкіл су құбырларының істен шыққаны байқалған. Енді 10 см трубалардың іші түгелдей темірмен бітеліп қалған, бұның бәрі құжынаған темір бактерияларының көптеп жиналуына себепші болып, су, көл, батпақтардың беттерін қоңыр-сарғыш түсті таттар басып кеткен. Бұл құбылыстардың бәрі темір бактерияларының әрекеті екендігі ашылған. Темір бактерияларының клеткалары суда еріген темірдің күрделі қосылыстарын өзіне сіңіреді, ол қосылыс бактерияның денесінде жай заттарға ыдырап темір тотығы (тот) қалады. Трубалар таттанбас үшін оның сыртын түрлі майлармен майлайды.

Сабақты бактерия.

Сабақты бактериялар тұнық суларда, қайырларда, топырақтарда кездеседі. Бір клеткалы денесінде сабаққа ұқсаған өсіндінің сыртын қабық қатпаған, оның ішінде цитоплазмалық мембрана бар. Сабақтардың пішіндері түрліше болады, мысалы, жуан, жіңішке, жуан, ұзын, қысқа және т.б. Мұндай бактерияларға каулобактер, астикакаулистер жатады. Клеткалары көлденеңінен бөліну арқылы көбейеді. Алғаш пайда болған жас клеткада алдымен талшық жетіліп, соңынан сабақ пайда болады. Сабақ басқа затқа орнықты бекіну үшін қажет.

Әдетте бактерияның атын естісек ойымызға аурудың түрлері оралатыны анық. Шынында да олардың ауру туғызатын түрлері аз емес, дегенмен пайдалы жағы басымдау. Бактериялардың тіршілігін жете зерттеудің нәтижесінде пайдалы түрлерін ауыл шаруашылығында, өндірісте пайдалану, ал зиянды түрлеріне қарсы күрес ашып құрту шаралары жүргізіліп отыр. Бактериялардың пайдасы көп, олар:

-табиғаттағы зат айналымына қатысады (органикалық, күрделі заттарды минералдық, жай заттарға айналдырады);

-топырақтың құнарлылығын арттырады (бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларында түйнек түзіп, ауадағы бос азотты бойына сіңіріп, оны топырақтағы минералдық азотқа айналдырады);

-түрлі ашыту процестеріне қатысады (сүт қышқылы бактериясы сүт белогы – казеинді ұйытады, май қышқылды бактериялардың әсерінен қант май қышқылына, көмір қышқыл газына және сутегінің молекуласына ыдырайды, сірке қышқылды ашудың нәтижесінде этил спирті сірке қышқылына айналады);

-басқа микроорганизмдер тіршілігін тежейтін ерекше зат – антибиотиктер түзеді (мединицада, ветеринарияда мал шаруашылығында кеңінен қолданылады);

-химиялық препараттарды өндіруге қатысады (май қышқылы, лимон қышқылы, глицерин, ацетон, және бутил спирті өндіріледі);

-сүрлем даярлауға қатысады;

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде жер жүзінде көп таралғандары – балдырлар. Олардың 40 мыңнан астам түрі бар, денесі арнаулы мүшелерге жітелмеген, талломды өсімдіктерге жатады. Бұлардың бір клеткалы, көр клеткалы, колониялы түрлері бар. Балдырлар негізінен су өсімдігі болып саналғанымен дымқыл топырақтарда да, ағаш қабықтарында да, жартастарда да кездеседі. Клеткаларындағы бояғыш заттарына байланысты көк-жасыл, жасыл, қоңыр, қызыл, алтындай сары балдырлар болып жіктеледі.

Радиоктивті сәулелерден қорықпайтын балдырлар.

Ғылымға көк-жасыл балдырлардың 2500-ге жуық түрі белгілі. Бұлар барлық балдырлардың ішіндегі ең көнесі, себебі табылған қазба-қалдықтарға қарағанда олардың протерозой эрасында шыққандығы анықталды. Клеткасында жасыл түсті хлорофилл, қызғылт-сары түсті каротин, көк түсті фикоциан бояуларының ішінде хлорофилл мен фикоциан басымырақ болғандықтан балдырдың түсі көк-жасыл. Құрылысы жағынан бактерияларға жақын, өйткені мұнда да жеке дараланып оқшауланған ядросы, вакуолясы, пластидтері жоқ, көбеюі – жыныссыз және клеткасының сыртында іркілдек кілегейлі зат бөлініп тұрады. Бұлар мұхиттарда, теңіздерде, ыстық қайнарларда тұзды суларда, топырақта, қар үстінде, жер астындағы мұнай қабатында, тас бетінде кездеседі. Бұл клеткалы түріне хроококк, көп клеткалы түріне осциллятория, колониялы түріне носток жатады.

Бұлардың көбі атом бомбасының радиоактивті сәулелерімен зақымданған аралдарды тіршілік етеді, сондықтан бұл балдырларды тіршілікке өте қауіпті радиоактивті сәулелерден қорықпайтын «балдырлар» деп атауға болады. Көк-жасыл балдырлар басқа өсімдіктер өспейтін жерлерде, құз, жартастарда тіршілік етіп, азотсыз және азотты органикалық заттардың қорын жинап, келешекте сапрофиттік және автотрофты тау жынысын бұзушы микроорганизмдердің таралуына жағдай туғызады, сонымен қатар күкіртті сутек тотықтырып, көптеген органикалық қышқылдарды ыдыратады.

Топырақта тіршілік ететін кейбір көк-жасыл балдырлар ауадағы бос күйіндегі азотты бактериялар сияқты бойына сіңіріп, жерді азотпен байытады. Сондықтан да, бұл балдырларды күріш атызындағы суды азотпен байыту мақсатымен басқа тыңайтқыштарға араластырып, күріш егістігіне қолдануда, соның нәтижесінде күріш өнімі 25%-ке артады. Көк-жасыл балдырлар белокқа өте бай, сондықтан осы күні ғалымдар оларды белок алу мақсатында пайдаланудың жолдарын іздестіруде. Ал Пятигорскіге жақын жерге орналасқан Тамбукан көлінде өсетін көк-жасыл балдырлардан түрлі зиянды бактерияларды жоятын қасиеті бар жаңа препарат «цианофитин» өндіруде.

Космосқа ұшқан балдыр.

Космосқа ұшқан балдыр – хлорелла. Хлорелла жасыл балдырлар тобына жататын дөңгелек пішінді, бір клеткалы балдыр. Табиғатта дымқыл топырақтарда, ағаштардың діндерінде, суда кездеседі. Суда еріген тұз, көмір қышқыл газымен қоректеніп май, белок, қант түзеді. Жарықта оттегін көп бөледі.Әдетте, гүлді өсімдіктер күн энергиясының 7-13%-ін пайдаланса, хлорелла 25-30%-ын пайдаланады. Хлорелла өсімдіктердің ішінен бірінші болып космосқа көтерілді. Ол күн сәулесі мен электр жарығын пайдаланып үздіксіз органикалық заттар түзіп отырады. Радиоактивтік сәулелерге төзімді келеді.Космос сапарында адамды тамақпен, оттегімен қамтамасыз етуде хлорелланың маңызы зор. Құрамында 50% белок6 22% май, 12% қант, 10% минералдық тұздар бар, одан хлореллин деген антибиотик алынады. Құрамында сондай-ақ К, А, В1, В2, В6, В12, Д, С витаминдері бар.

Тамыр - тынымсыз «насос».

Тамыр ылғалды топырақтың өте терең қабатынан сорып алады. Күн аса ысыған кезде жапырақтар суды неғұрлым көп буландырса, тамырдың жұмысы да соғұрлым күшейеді. Суға жету үшін тереңге еніп, таралып, жан-жағына жайылады. Кейде топыраққа ылғал жетіспейді, ал, су өте ыстық болса, тамыры оны сора алмайды.

Жапырақтың суды буландыруы мен тамырдың топырақтан суды сорып алу шамасы ылғи да кең түсуі керек, егер бірінің жұмысы бәсеңдеп кетсе, екіншісінің жұмысы да бәсеңдейді, осы кезде жапырақта түзілетін органикалық заттардың да мөлшері азаяды, жапырақтар мерзімінен бұрын сарғайып түсе бастайды. Мұндай жағдай көбінесе жапырақта кездеседі, себебі жапырақтар суды пайдаланады, ал тамыр насостың қызметін атқарып, суды жеткізіп отырады. Жапырақ пен тамыр жұмысының сәйкес келмей қалуы өнімді төмендетеді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін жерді өңдеу жұмысын барлық ережелерге сай жүргізу керек.

Сабақтардың өсу жылдамдығы

Барлық өсімдіктердің ішіндегі ең жылдам өсетіні бамбук. Егер сыртқы орта жағдайы өте қолайлы болса, минутына 0,005 мм, тәулігіне 30 см-дан 1 метрге дейін өсіп отырады. Самшит, кизил ағаштары тәулігіне 1-3 см өседі. Ақ қараған, ақ үйеңкі, шынар, емен жылына 1,5 метрден 2 метрге дейін өседі. Эвкалипт бірінші жылы 3м , 5 жылында 12 м, 35 жылында 200 жылдық еменнің биіктігіне теңеледі. Ол біздің елімізде Кавказ, Қырым, Украина, Молдавияда өсіріледі.

Уақыт пен ауа райын болжайтын жемістер

Батыс Африканың тропиктік ормандарында өсетін гиффония ағашының бұршаққыны қақыраса – ол тұқым себу мерзімі келгендігінің белгісі. Биіктігі 18 м келетін клаоксилон ағашының жемісі піссе – жаңа жылдың келгендігі.



Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін







Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Биофизика іліміндегі қызықты деректер





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

АЛҒАШҚЫ БАНКОМАТ

Қолма-қол ақша беру бойынша алғашқы банкомат 1967 жылғы 27 маусымда Лондонның солтүстігінде (Ұлыбритания) Энфилд ауданында Barclays британ банкінің бөлімшесінде орнатылған. Оны әлемнің 150 елінің ақша белгілері үшін қағаз шығарушы британдық De La Rue компаниясының тапсырысы бойынша жұмыс істеген шотландық Джон Шепард Баррон ойлап тапқан. Пластик карталары қырық жыл бұрын болмаған және ақша алу үшін алдын ала банктен алу қажет арнайы ваучерлер қолданылған. Бірнеше жыл өткен соң басқа шотландық – Джим Гудфеллоу – банктік есепшоттрға заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін құпия ПИН-кодты пайдалануды ойлап тапқан болатын. Ал магниттік жолағы бар бірінші пластик карталары АҚШ-да пайда болған.

УОЛТ ДИСНЕЙ (1901ж. туған – 1966ж. дүние салған)

Атақты американ суретшісі, режиссер, продюссер, өзін әлемдік даңққа бөлеген толықметражды мультфильмдердің тұтас сериясын жасаушы. Көркемөнер докторы, 29 рет «Оскар» сыйлығын алған және АҚШ-тың жоғары азаматтық үкіметтік «Азаттық медалін» иеленген. «Уолт Дисней компани» консорциумын құрушы және әлемдегі бірінші «Дисней ленд» орасан зор балаларға арналған сауық бағын құрушы. Мың миллиондық байлықтың иесі.

Өмір бойы Дисней өнімді еңбек етті. Ол он төрт тілде жеті жүзге жуық мультфильм түсірген. Ақша Диснейді тек өзінің шығармашылығын қаржыландыру үшін қажет болғандықтан ғана қызықтырған болатын.

Дисней өмір бойы шығармашылық ләззат алу күйінен қатты қамығу күйіне ауысып отырған. Отызыншы жылдары ол шығармашылық белсенділігінің ұшар шыңына жетті, бірақ көп уақыт бойы Дисней маниакалды депрессиядан зардап шеккен. Ол түні бойы жиі жұмыс істеген, түсірілімдердің жартысына жуық уақытын тура студияда түнеп өткізген.

Дисней жетістігінің түбірі – оның ерік күшінде, керемет өжеттілігі мен алған бетінен қайтпайтын қайсарлығында болып табылады. Ол тіпті жеңілістен басқа шара қалмағанда да берілмейтін. Ол өзінің идеяларына қатты сеніп, ақылды шешім қабылдай білген. Дисней басқалардың пікіріне сенбеуді ертеден-ақ үйреніп, егер компания басшылығына оның жобалары ұнаса, оларды жүзеге асырудың қажеттілігі бар-жоқтығын байыппен салмақтаушы едім деп пәлсапа соғатын. Егер оның идеяларын бірден табалдырықтан аттамас бұрын қабылдамай тастаса, Уолт бірден өзінің ермегінен бірдеңе шығатынын біліп, іске кірісетін. Диснейдің билігі сарапшылар пікіріне қарсы жүруге мүмкіндік беретін оның орасан зор өзіне деген құрметімен байланысты еді. Оның туындылары ұдайы жетістік әкеле берген жоқ, бірақ жетістік келсе, оның күші зор болатын. Сарапшылар Диснейге «Аппақ қардай қыз», «Пиноккио», «Қиялды» түсірмеуге кеңес берген, Диснейленд туралы ойдан бас тартуды сұраған. Уолт олардың кеңестерін елемегендіктен, оның қыңырлығының нәтижесінде Дисней империясы пайда болды. Болашақты кең ауқымда көру оның замандастарының көпшілігінде жоқ қасиет еді.

Дисней алыпқа арбалудан зардап шегетін прометейлік тұлға түріне жататын. Бұл қасиеттер оған кез-келген мүмкіндікті асқан қайсарлықпен пайдалануға мүмкіндік берді. Болашақ үшін Дисней қолында барды салып тастауға даяр еді, ол мүмкіндік болса, жаңа айрықша нәрсе жасай бергенді ұнатушы еді. Бұл ретте, туындыларына ақшаны қайдан табудыкөп ойланбайтын. Осы мінез ерекшеліктерінің арқасында Дисней мультипликация шедеврлері мен сол дәуірдің анағұрлым бағалы фильмдерін жасады. Бұл да көп жылдар көлемінде студияны банкроттық шегінде ұстады. Осы кезде фирма есепшоттары бойынша есептесе алмаған бір жарым жыл да өтпейтін. Диснейді кассалық фильмдер қызықтырмайтын, ол өзінің картиналарының табысқа жетеріне сенімді болды. Сондықтан, оның бір таспасы зор табысқа жетіп, екіншісі жеңіліс тауып жатады. Диснейдің өмірі мен жұмысы американ сырғанағына ұқсас болып кететін; ол жеңістік шыңына тек көптеген айлар бойы шығармашылық шыңырауына құлдилап құлау үшін ұшып шығатын. Самғау мен құлдилауға толы өмір 1920 жылы он тоғыз жасар Уолт өзінің сүйікті ісінің баспалдағымен көтеріліп келе жатқан тұсында басталып, 1954 жылға дейін Диснейленд ашылғанша созылды. Диснейдің шабыттан, серпілістен тұратын кезеңдері қатаң тоқырауға алмасып жатушы еді, осылайша тұйық шеңбер айнала береді. «Дисней студияларының» жетістіктері мен жеңілістері кейде ләззат, кейде қамығудан тұратын. Бірақ, көрегендігі бар Диснейдің өзі дағдарыстың шығармашылық белсенділіктің қозғаушы күші екендігін ылғи айтып жүретін.

Дисней жетістігінің сыры өзі берген сұхбатының барысында айтылған ескертуінде өте зәрлі түрде сипатталған: «Ойлау түрінің ерекшелігі, біздің пікіріміз бен тәжірибеміз бізді басқалардан айрықшалайды. Істеген ісіміздің бәріне біз өз психологиялық көзқарасымызды дамытқанбыз. Біз әлі жанымыздың сыбызғысын қалай тартуды білмейтін сияқтымыз» (Томас. 1994, 278 бет)


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін







































Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Биофизика элменеттері

Күні:


Сыныбы

10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қорытынды





Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу




Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар:

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар


Оқу тапсырмаларың орындау:

«Биофизика» курсын оқу барысында оқушылар физика пәнінінің өзге пәндермен байланысын практика жүзінде жүзеге асуына көздерін жеткізе біледі. Бұл пәнге деген қызығушылықтарын арттырумен қатар, алған білімдерін өмірде қай мамандық саласында пайдалануға болатынын байқатады. Курс оқушылардың өздігінен зерттеу жұмыстарын жасауға түрліше тапсырмаларды шешу арқылы бағыттайды.

«Биофизика» курсы:

  •  Дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • Қазақстандық медицина мен индустрияландыру пилоттық жобасы бойынша еліміздегі жетістіктер мен атқарылатын техника саласындағы зерттеулер бойынша оқушыларға ақпарат беруге көмегін береді ; 

  • Интернетпен жұмыс істеу, ақпаратты өңдей білуге үйретеді.

Курс барысында алынған білімдерін тексеру тестік жұмыс арқылы, кіші жоба қорғау, мультимедиялық презентация арқылы бағаланады. «Биофизика» курсы жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытының, физика-технологиялық профилі бойынша 10 сыныпқа 34 сағаттық апталық оқытуға жоспарланды. Курс бағдарламасын құрастыруда оқушылардың өзіндік ой - пікірлері мен ұсыныстары және алынған сауалнамалар қорытындысы ескерілді.

Қазақстанда Биофизикалық зерттеулер

Биофизика молекулалық биологиябиохимия ғылымдарымен тығыз байланысты. Биофизиканың негізгі салалары радиобиологиябиомеханикабиоэнергетика, фотобиология, биолюминесценция, т.б. Жалпы, Қазақстанда биофизикалық зерттеулер XX ғасырдың 60-жылдарында басталды. Қазір биофизикамен Онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеулер институтыБотаника және фитоинтродукция институты, “Биоген” жабық акциондық қоғамы, ҚазҰУҚазҰМУ шұғылданады. Қазақстанда, әсіресе, радиологиялық зерттеулер жақсы дамыған (С. Балмұқанов, С. Рысқұлова, А. Сейсебаев, Т. Байбекова). Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде лазер технологиясын ауыл шаруашылығында пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымын, егістіктерді, суды гелий-неон лазерінің сәулесімен өңдеу арқылы астықтың өнімін, өсімдіктің әр түрлі кеселге төзімділігін арттыруға болатындығы дәлелденді (В.М. Инюшин, Қ.Өрісбаев, С. Төреханов, т.б.). Суды лазермен активтендіру арқылы өндірістік ластанған судағы ауыр металдардың (қорғасынсынапкадмий, никель, т.б.) мөлшерін және органикалық зиянды заттарды азайтуға болатындығы анықталды (Инюшин, Өрісбаев, т.б.) Ауыл шаруашылық дақылдарының биоэлектрлік активтілігі олардың физиологиялық қасиеттерімен (Ф. Полымбетова), ал жүйке жасушасының биоэлектрлік активтілігі жылу реттелу процестерімен (С. Тілеулин) байланыстылығы зерттелді. Клетка мембранасының өткізгіштік қасиеті және оның механизмі (О. В. Есырев), ауыл шаруашылық дақылдарының фотосинтезі зерттелді (В. П. Беденко). Жүн талшығының өсуін реттейтін биологиялық механизмдер ашылды (Э.Б. Всеволодов). Гендік ақпаратты ядродан цитоплазмаға тасымалдайтын молекулалардың бір жерден екінші жерге ауыстырылуын қамтамасыз ететін биополимерлерде байқалатын бірқатар физикалық-химиялық процестер молекулалық биология мәселелерімен байланыстыра зерттелді


Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады






Жаңа тақырыппен танысып, дәптерге конспект жазады





























Сабақтың соңы

Кері байланыс – оқушыларға сабақ бойынша сауалнама жүргізу.


Мұғалім кері байланысты Онлайн мектеп, Кунделік немесе басқа платформа арқылы жүргізеді



кесте


"______________"_________________2022 ж ________________Бекітемін







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2024
68
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі