400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың немесе мұғалімнің өз деңгейін көтеру үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігі

Физика пәнінің мұғалімі : Таштайева Райхан Үшкемпировна

Шымкент қаласы №59 ЖОББМ tashtaevar@mail.ru

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлытіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы орайда «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруға байланысты әрі жаһандық экономика жағдайында ғылымның тілін ағылшын тілінде игерудің маңызы зор екендігін уақыт дәлелдеп отыр. 

Бәсекеге қабілетті білім беруде әрі оқушылардың тілді жылдам меңгеруіне байланысты әрбір пәнді оқыту мә­селесінде озық тәжірибелерге назар аударылады. Осы орайда физика пәнінің оқытушысы ретінде СLIL әдістемесінің тиімділігіне тоқталып өткенді жөн көріп отырмын. Аталған әдіс барысында мұғалімнің аз сөйлеп, оқушылардың бір-бірімен пікірлесу дағдысын қалыптастыру басшылыққа алынады. Пәндерді ағылшын тілінде игерудің маңыздылығы зор.

Осы бағытта физиканы оқыту барысында ұстаздан көп ізденіс талап етіледі. Қажетті материалдарды іздеу, оқушыға бағыт-бағдар беру, осы салаға қатысты жетістіктер мен жаңалықтардан хабардар болып отыру әрі осының барлығын ағылшын тілінде меңгеруге мүмкіндік жасау – әр ұстаздың міндеті.  CLIL пәндік-тілдік білім беру әдістемесінің тиімділігі негізгі пән мен шет тілін қатар оқытуда жатыр.  Оқушы осы пәнге тән терминдерді, белгілі бір тілдік құрылымдарды оқып игеріп, пәндік терминология арқылы сөздік қорын жетілдіріп, дамыта алады. Осы тұрғыдан алғанда терминдерді  есте сақтау үшін «From Start to Finish» ойынын ойнатудың маңызы жоғары. Ойын кезінде оқушылар топтарға бөлініп, физикалық терминдердің қазақша, ағылшынша аудармаларын дұрыс тауып, баспалдақ түрінде орналастыру арқылы есте сақтай алады. «Find the terminology» (терминдерді тап) ойын әдісінде ағылшын әріптерінің орындары ауыстырылып, оқушы дұрыс жазылуын табуы қажет. «Puzzles» (пазлдар) арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі анықтамаларды оқып, сәйкес орындарға термин­дерді жазады. Ал «Matching» (сәйкестендіру) қазақ-ағылшын терминдерінің немесе ережелердің дұрыс сәйкестендірілуіне не­гізделген. «True and False» (ақи­қат және жалған) ойыны барысында оқушылар өздері сұ­рақ құрастырып, ағылшынша ай­тылған анықтамасының дұрыс не бұрыстығына байланысты бір-бірінен жауап алады. «Cards» ойын әдісінде таратылып берілген карточкаларға сәйкес қандай тапсырма берілгенін анықтап, аудармасының жауабын табуы тиіс.

Менің биылғы сыныптарым 7-9-10 сыныптар аралығы,биылғы жоспар бойынша тек 8 сыныптарға материалдар басталды , сондықтан 10 сыныпқа 8 сыныптың физика оқулығымен бірге «Core Physics» Кембридж оқулығын қатар қолданамын. Кей тақырыптар сәйкес келеді, кейбіреулері сәйкес келмейді. Сондықтан 8 сыныптың бағдарламасы бойынша физика сабақтарында ғылыми терминдер мен физикалық шамаларды орыс тілінде, ағылшын тілінде қолданып келемін. Сабақтың әр кезеңінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Мысалы, «Токтың жұмысы мен қуаты» тақырыбын өткен кезде сабақты қорытындылау кезінде «Жұмыс» сөзінің синонимі-еңбек, «Қуат» сөзінің синонимі-күш, энергия. Олай болса осы сөздерді үш тілде айтайық.

Ток-ток-electrisity

Жұмыс-работа-work

Қуат-энергия-energy

Күш-сила-power

Оқушылар өздері ағылшын тілінен білімдерін пайдаланып, немесе АКТ-ны қолдану арқылы ғаламтор беттерін тауып жауабын айтады. Келесі «Элементар заряд. Кулон заңы.» тақырыбындағы сабақта кесте бойынша қазақ тіліндегі нұсқасын бердім, оқушылар екі тілдегі нұсқасын сәйкесінше сәйкестендіреді. Мұнда қазақша нұсқасын ғана бердім оқушылар берілген тапсырманы өз беттерімен топпен орындайды, ізденеді.

Қазақ  тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Электрлік құбылыстар

положительный заряд

positive charge

Заряд

электрическое явление

Repulsion

Оң заряд

Отталкивание

electrical phenomenon

Теріс заряд-

закон сохранения зарядов

Attraction

Тебілу

Притяжение

negative charge

Тартылу

Заряд

The law of conservation of charge

Зарядтың сақталу заңы

отрицательный заряд

Charge

What you need to remember
(Copy and complete using the key words)

  • Electrical charges can be ----------- or -----------

A positive charge and a negative charge ------------- each other.

  • Two charges that are the me ------------ -- each other.



Осы сабақта оң және теріс зарядтар бір-бірімен тартылатын және олардың таңбалары әр  түрлі екенін өз беттерімін оқып танысады.Оқушылар оқулықтағы мәтіннен қазақша мағынасын табады, өз беттерімен ізденеді, ағылшын тіліндегі нұсқасымен салыстырып, ойларын жинақтап өз ойларын ортаға салады. Сонда Positive charge-оң заряд,Negative charge-теріс заряд, S-south pole-оңтүстік поюс, N-north pole-солтүстік полюс екенін ағылшын тілде біледі.Менің сабақта қолданған әдіс-тәсілдерімнің артықшылығы: оқушы білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді.Ұстаздар осы жаңа әдіспен сабақ жүргізуді бәріміз бірдей қолға алып кіріссек, елімізді ең алдыңғы қатарлы елдер деңгейінен көрсете алар едік. Бұл әдістермен жұмыс жасаған соң, біздің өмірге деген көзқарасымыз өзгереді, өмірге жаңа көзқараспен қараймыз.Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сенемін. Физика пәнінің термин сөздерін ағылшын тілінде үйретудің осындай тиімді жолдарын қолдану арқылы әрбір сабақ қызықты өтеді. Әрі әдіс-тәсілдің артықшылығы, оқушы білім алып қана қоймай, ақпарат алмасады, топта өздігімен жұмыс істеп, ойымен бөлісуге, бір-бірінен еркін жауап алуға мүмкіндік алады.  Жаңартылған білім беру жүйесінің озық жетістіктері ар­қы­лы білім саласындағы жоғары нәтижелерге жетумен қатар дарынды әрі ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде ұстазға үлкен жауапкершілік жүк­теледі. Ал бұл жағдайда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің жоғары болуы ләзім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.

  2. Shulman, L.S. (2007). Good teaching [Жақсы оқыту]. Box content in S.Loeb, C.Rouse&F.Shorri (Eds.), Introducing the Issue, in The Future of Children, 17 (1), 6-7.

  3. Үлестірмелі материалдар, екінші апта, үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.





 


 











:


 















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.04.2019
1036
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі