жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физика пәнін оқытудың әдістері
Мұғалім тәжірибесінен
Физика пәнін оқытудың әдістері
Барлығымызда жаңаша бергіміз келеді, әрі қызықты болғанын қалаймыз. әркімде өз сабақты беру жолын іздеу керек және байқап қарау керек. Мектеп қуаныш мектебі болу керек, білімді алу жолы қуанышпен, оқушының ынта, жігерімен болуы қажет. Мектепте көптеген оқушылар қызықсыз оқиды, өйткені мұғалім орташа оқушыға тоқталып материал дайын күйінде беріледі. Әр мұғалімде жұмыс барысында белгілі бір принциптер қалыптасады, сол принцип бойынша мұғалім пәнді меңгертуге тырысады. Виктор Шаталовтың тірек сигналын танысқаннан кейін менде сабақ берудің жаңа жолы ашылды. Тірек сигналы бойынша күнделікті сұрау материалдың ішінде негізгісін ала білуге, мазмұнын нақтылауға, материалды азғандай бөліктермен қабылдауға, еске сақтауға және игеруге ыңғайлы, ең соңында оқушылардың жауапты дұрыс беруіне және қызығушылығына әкеледі. Тірек сигналы мен қатар тірек конспектілерінде қолданамын, бұл оқушыларға түсінікті және ойлануына, материалды игеруіне әкеледі.
5 негізгі принцип
1. Бірнеше рет қайталау.
Физикадан алғашқы теорияны әңгіме, диспут (төменгі сыныпта) және лекция (жоғарғы сыныпта) түрінде беруге болады. Екінші сабақта міндетті түрде тероияны талдау қажет, сапалы сұрақтар қойылып өздік жұмыстар жасалған жақсы. Теорияның негізгі сұрақтары тақырыптың қорытынды өздік жұмысында қарастырылуы керек.
2. Негізгісін белгілеу
Материалдың берілуі тірек конспектісі арқылы жүргізіледі. Өздік жұмыс үшін сұрақтар және қосымша мысалдар кірістіріледі. Негізгісін белгілеген тірек конспектісі тақырыптың қаңқасы болады.
3. Физикалық шамаларға үнемі бағдарланған, шындық сезімді қалыптастыру. Шындық сезім теория сұрақтарында дамиды, мысаплы осы немесе басқа заңдардың қолданылуы, құбылысты түсіндіру, бағалау, қауіпсіздік. Есепті шығару барысында алынған нәтижеден оқушылардың бағалануы міндетті. Шамаларға бағдарлануға үйрету
4. Әр сабақта оқушының өздік жұмыстануы. Теория, есептер шығарғанда, тәжірибелер жасағанда және т. б. Барлық оқушылар үшін өздік жұмысты міндетті түрде бағалау
5. Күнделікті сұрау және материалды меңгеруін тексеру
Бұл принцип оқу материалының жүйелілігін, материалды меңгеруін, өзіңнің жұмысыңды бағалауды көрсетеді.
Сабаққа 9 қажет элементтер
-
Тақта.
Материалдардың берілуінің көп жұмысы беріледі. Сұрау және есеп шығару. Талас сұрақтарды талдауда теорияны қайталау. Сондықтан тақта ауданы үлкен болу қажет.
-
Тірек конспектілері.
Материалды игеру барысында теорияның тірек конспектілері беріледі. Дайын беттер де берілуі мүмкін, бұл сабақ уақытын үнемдеуге болады.Ол уақытқа сапалы және саны көп есептер шығаруға және т.б. Оқушы түсіндіргенді тыңдайды, ал теорияны жазу қажет емес. Үйде ол дәптеріне тірек конспектісін жазады және қойылған сұрақтарға жауап береді.
-
Оқушыларда өздік жұмыстарға дәптерлері болады. Дәптерлер кабинетте сақталады. Оқушылар теория сұрақтарымен, есептер шығаруда жұмыстанады
-
Үй жұмыстарына арналған дәптер.
Үй жұмыстары дәптерлеріне оқушыларда болады. Бұл дәптерлерде үй жұмыстары орындалады. Дәптер бетінде кесте жүргізіледі. Үй жұмыстарының берілу күні, есеп нөмері және карандашпен орындалуы белгіленеді. Егер есеп шығарылса, қаламмен, ал шығарылмаған карандашпен сызылады. Сыныпта талданып карандаш қаламмен ауыстырылады.
|
Есептің берілген күні |
Есеп нөмері |
|||||||||
|
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12/XI |
|
|
|
306 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дәптерді мұғалім үнемі тексереді және мұғалімнің бақылауында болады. Баға жеке тақырып сұрағы ретінде және қорытындыға қойылады.
Зертханалық жұмыс дәптері
Зертханалық жұмыс дәптері кабинетте сақталады. Оқушы бұл дәптерін материалды дайындалуға, көрнекілеуге немесе қайталауға алып кете алады.
Көрнекілік плакаттар
Теорияны тез қайталауға, тақырыптың кілтін табуға қолданылады. Тірек конспектісін тақтаға жазып қысқаша тақырыпты қайталауға болады.
Таратылатын материал
Өздік жұмыстардың тапсырмалары. Тірек конспектісінің материалдарының сұрақтар жиыны
Білім деңгейін көрсететін журнал
Әр жыл сайын жеке-жеке сынып бойынша жүргізілсін. Онда оқушының материалды қаншалықты меңгергенін көрсетеді және журнал орнына қолданамын. Бірнеше баға қойғаннан кейін нақты сол тақырыпты қанша меңгергені бағаланады.
Мысалы
|
Оқушылардың аты – жөні |
күні |
тақырып |
есеп |
теория |
өздік жұмыс |
Тірек конспекті |
бақылау |
қайталау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың 7 түрі
-
Жаңа материлды игеру.
-
Тақырыптың атын, жоспарлы сұрақ қоямын. Тірек конспектісінің құрамын түсіндіре бастаймын. Түсіндіру барысында қажет тәжірибе жасаймын, таратылатын материалмен оқушылар қиын емес тәжірибелер жасауы мүмкін. Тақырыптың сұрақтарымен аяқтап, қысқаша қайталап шығамын.
-
Теориямен жұмыс (теоряны талдау). Тірек конспектісі арқылы қайталау, талдау. Екеу болып жұмыс істеу, өздік бағалау. Тексере отырып төрт оқушы жұмысы. Теория мен өздік жұмыс. Жұмыс «Өздік жұмыс» дәптеріне жазылады. Жабық тақтада жауап бере алады, түсіндіруімен және қайталаумен қатар жүреді. Қосымша сұрақты оқушы қояды, ал мұғалім қорытынды сұрақ қояды. Бағаланған жұмыс түсіндіріледі. Баға жөнінде сыныппен пікірлесу.
Есептерді шығару сабағы.
Тақырыптың негізгі есептерін талдаймыз. Тақтада есептің шығарылуы немесе талдауы жазылады. Оқушыға осы есепке ұқсас, бірақ мәндері, шамалары өзгертілген есеп ұсынылады, әрі қиындығы артып отыратын есептер талданады. Оқушылардың міндетті түрде өздік жұмыстану қажет.
Өздік жұмыстану сабағы
Оқушыға өздік жұмысқа (3-4) есеп беріледі. Есеп бағаланады. Қалған 25 минутқа қиындатылған есептер шығарылады және талданады. Ал келесі сабақта қиындатылған есептерге өздік жұмысы болады, кейде жауаптары бірнеше нұсқадан тұрады, яғни дұрыс жауабын оқушы таңдау қажет.
Қызыл есептерді талдау сабағы (шығарылмаған үй есептері)
Зертханалық және бақылау сабақтары
Бақылау жұмыстарын теориялық сұрақтармен қатар есептер беріп отырамын және есептердің жауаптарын оқушылар табу қажет.
Конференция сабағы
Тақырыптар алдын ала оқушыларға беріледі және оқушылар дайындалады. Мектеп материалынан берілмейді, соңғы бес жылда физиканың соңғы жетістіктер тақырыбынан беремін: кәзіргі кезде электр тогын алу жолдары, тиімдісі; асқын өткізгіштер, оларды қолдану жолдары; нанотехнология, даму тарихы; астрофизикадан, жұлдыздардың пайда болуы, қара құрдым т.б. Екі оқушы бір тақырыпты алып ашып беру қажет, слайдтармен дайындалады, қалған оқушылар сұрақтар қойып отырады. Оқушылар өте қызығып орындап жүр және бұл болашақ мамандық таңдауына да көмектеседі.
Зерттеу жұмысының сабағы.
Зерттеу жұмысымен таныстыру, қорғап шығу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген