400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Физика пәнінен 7-9 сынып Олимпиада материалдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінен Олимпиада есептері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика пәнінен олимпиаданың мектепшілік кезеңі

7 сынып

1.Ұзындығы 1 м , ені 40 см және биіктігі 50 см аквариумды толтыру үшін неше шелек су қажет?Шелектің сыйымдылығы 10 л-ге тең.

2.Массасы 46 кг бала су бетінде ағыр бара жатқан массасы 1 т салдан 1,5 м/с жылдамдықпен жағаға қарай секірді.Сал қандай жылдамдыққа ие болады?

3.Өрге 3 км-ге тең жолда шаңғышы 5,4 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.Таудан 36 км/сағ жылдамдықпен түскен шаңғышы 1км жол жүрді. Шаңғышының барлық жолдағы қозғалысының орташа жылдамдығын анықтаңдар. Жауабыңызды м//с жазыңдар.

4.Автомобиль жолдың бірінші ширегін 90 км/сағ жылдамдықпен,ал қалған жолды 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.Автомобильдің орташа жылдамдығын табыңдар.



Физика пәнінен олимпиаданың мектепшілік кезеңі

8 сынып

1. Дененің ауадағы салмағы 3,6 Н,ал дененің судағы салмағы 2,8 Н. Біртекті дененің салмағын анықтаңдар. тела.Су тығыздығы 1000 кг/м3. (g=10 Н/кг)

2.Массасы 2 кг,ал температурасы -100С-та алынған мұздағы 1000С буды алу үшін қанша жылу мөлшері қажет? Мұздың балқу температурасы 00С, меншікті жылу сыймдылығы 2100 Дж/кг0С, меншікті балқу жылуы 34·104Дж/кг. Судың меншікті жылу сыймдылығы 4200 Дж/кг0С,меншікті булану жылуы 2,3 МДж/кг.

3. ПӘК-і 25% қыздырғыш қондырғыда 200С-тағы 4 кг суды қайнатып,толығымен буға айналдыру үшін қанша керосин жағу керек? Судың меншікті жылу сыймдылығы 4200 Дж/кг0С,меншікті булану жылуы 2,3 МДж/кг.Керосиннің меншікті жану жылуы 43 МДж/кг.

4.Массасы 5 г ,жылдамдығы 300 м/с қорғасын оқ болаттан жасалынған тақтаға тиіп тоқтайды.Болат пен оқтың арасындағы жылу алмасуды есепке алмағанда, соқтығысу кезінде оқтың қанша бөлігі балқиды.Оқттың болаттан жасалынған тақтаға соқтығуы кезіндегі температурасы 270С.Қорғасынның балқу температурасы 3270С, меншікті жылу сыйымдылығы 140 Дж/кг0С, меншікті балқу жылуы 25 кДж/кг



Физика пәнінен олимпиаданың мектепшілік кезеңі

9 сынып

1.Автомобиль 300 км жолды 72 км/сағ орташа жылдамдықпен жүрген кезде 70 л бензин жұмсалады.Егер машинаның ПӘК-і 25% болса,онда осы жолға кеткен машинаның орташа қуаты қандай? Бензиннің тығыздығы 710 кг/м3,меншікті жану жылуы 46 МДж/кг.

2. Электр шәйнектегі 2 л суды 12 минутта 200 С-ден қайнағанға дейін қыздырды.Егер желідегі кернеу 220 В болса,ПӘК-і 80% күшін табыңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3,судың меншікті жылу сыймдылығы 4200 Дж/кг0С.

3. 75 м биіктіктен 10 м/с бастапқы жылдамдықпен төмен лақтырылған дене жерге соғылды мезетінде1500 Дж кинетикалық энергияға ие болады.Сондағы дененің массасын табыңдар.(g=10 м/с2)

4. Дене біраз уақыт бойы тұрақты υ0=20 м/с жылдамдықпен қозғалып отырды. Сонан кейін оның қозғалысы бір қалыпты айнымалы болып, ол 10 с ішінде 300 м жол жүрді. Дененің үдеуін мен ақырғы жылдамдығын табындар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
06.12.2023
1362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі