Материалдар / ФИЗИКА ПӘНІНЕН МӘТІН АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЛЫҚ ОҚЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ФИЗИКА ПӘНІНЕН МӘТІН АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЛЫҚ ОҚЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика сабақтарында мәтінмен жүргізілетін жұмыс мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік күрделі мәселелерді өз бетімен тиімді шеше білуге, тұлғаның өзін – өзі анықтауына, әлеуметтенуіне, яғни жеке тұлғаны дамытуға бағытталады. Баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2021
501
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФИЗИКА ПӘНІНЕН МӘТІН АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЛЫҚ ОҚЫТУ


Физика сабақтарында мәтінмен жүргізілетін жұмыс мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік күрделі мәселелерді өз бетімен тиімді шеше білуге, тұлғаның өзін – өзі анықтауына, әлеуметтенуіне,  яғни жеке тұлғаны дамытуға бағытталады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен оқушыларының көзқарасы, мінез-құлқы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі, жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, мүддесі, қызығушылығы, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, өмірлік жоспары, құндылық бағыттары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап отыру талап етіледі. Осы міндеттерге сәйкес тұлғаға бағыттап мәтінмен жұмыс жүргізудің басты мақсаты – оқушының өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, оқушының даралығын ашу, оның дамуына, айқындалуына, тұрақтануына көмек беру. Мектепте  әрбір оқушы қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын дара тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Оқушылардың физикалық білімін дамытуда кең тұрғыда мәтінмен жұмыс жүргізу қажет. Сондықтан мектеп оқушыларына физика пәнінен төмендегі дәрежеде білім беру мақсаты көзделеді.

  1. Мәтін арқылы жүргізілген жұмыстар оқушыға қажетті оқу, жазу, есте сақтау дағдысын қалыптастырады.

  2. Мәтін арқылы оқушы теорияны жетік түсініп, құбылыстар мен процестердің ерекшеліктерін, өту жолдарымен себептерін меңгереді.

  3. Мәтінмен жұмыс жасай отырып теориялық білімін практикада қолдана алады.

  4. Оқушы мәтін бойынша берілген сұраққа тар және кең түрде жауап бере алатын, оқығаннан, тыңдағаннан ауызша немесе жазбаша түрде нақты физикалық тілде жеткізе алатын болады.

Тұлғалық  бағдарлық оқытуда мәтін мен жұмыс рефлекциялық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Рефлекциялық толғанысты үнемі жүргізуді басшылыққа алу арқылы мұғаліммен оқушыларды өзінің әрекеттеріне талдау жасауға өзі үшін маңызды проблемаларды анықтай алуға және шешу жолдарын табуға үйренеді   Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі түзетуі – оның жеке тұлға ретінде қалыптасуымен тығыз байланысты үрдістер. Мұндай өзіндік әрекеттерге үйретуде қарапайым сатыдан жоғарыға, одан күрделі сатыға дамиды. Содан бірте-бірте оқушының белсенді таным әрекетіне байланысты өздігінен жұмыс істеу оқушының қажетіне айналады.

Рефлекциялық  – бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қорытындыланады . Ол үшін мәтін бойынша сұрақтар қойылады, арнайы тапсырмалар беріледі, материалды қаншалықты меңгергені жөнінде эксперименттік тапсырмалар, сандық сапалық есептер беріледі. Кері байланыс ұстанымы. Сабақтың өтілуі жайында «Кері байланыс» стратегиясы пайдаланылып сабақ жайындағы пікір тыңдалынады. Яғни «Кері байланыс» стратегиясы:  1. Не білдім? 2. Сұрағыңыз? 3. Пікіріңіз? Бұл жайындағы пікір тыңдалынады. Физика сабақтарында мәтін мен жұмыс барысында «Бүгін мен не үйрендім?» деп сабақ сонында алған нәтижесіне баға беріледі. Өзіндік баға беру арқылы белсенділік артады, кері байланыс нәтижесінде тұлғаның танымдық қызығушылығы, күрделі ойлау қабілеті есте сақтауы, қоршаған ортаға көзқарасы туралы ой-пікірінде өзгеріс болуы ықтимал. Яғни, өмірдегі өзінің орны туралы ой пікірінде өзгерістер пайда болады. Кері байланыс оқушылардың талқылап отырған материалды толық ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Кері байланыс арқылы оқушының әрқайсының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отырған маңызды.

Мәтін арқылы тұлғалы бағдарлық оқытуға негізделген физика пәнінен сабақ үлгілерін ұсынамыз.

 7 сынып Үйкеліс күші.     

Жаңа сабаққа көшпес бұрын қыс мезгілінің көрінісі интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. Балалардың мұз үстіндегі сырғанауы.

Оқушыға проблемалық сұрақ ұсынылады. 1. Шанамен сырғанаған балалардың қозғалыс түрлері және жотадан төмен сырғанаған шана біраздан кейін токтайды. Себебі неде? Топ мүшелері бірге отырып осы сұрақтардың жауабын іздейді. Оқушы жауаптары: 1. Шанамен сырғанаған балалардың қозғалысы бірқалыпсыз қозғалыс. Сырғанау үшін шананы итереді, жылдамдығы бірте-бірте артып кейін шана аяғы мұз бетімен үйкеліп тежелудің әсерінен жылдамдығы кеміп, токтайды. Шананың тоқтауына кедергі болған үйкеліс. Оқушылар сурет бойынша жекелеме, жұппен топта талқылау жасалады. Осы суретке қатысты «Эссе» жазады, әр топ мүшелері жазған эссесін оқиды. Жасалынған пікір нәтижесінде өтілетін тақырыптың аты анықталады. Мұғалім сөзі: Демек бүгінгі сабағымыз «Үйкеліс күші». Оқушыларға мәтін оқуға беріледі. Мәтін бойынша оқушылар сатылай кешенді талдау технологиясын қолданып, ақылдаса отырып, жаңа білімді өздері іздену арқылы тауып талдайды. Әр топтың пікірі ерекше есепке алынады. Бұдан оқушы пікірі тақырыпты қаншалықты түсінгендігі көрініп, оқушы жұмысы сараланады. Мұғалім мәтінмен жұмыста оқушының танымдық стратегияларын ұсынуына мүмкіндік жасай отырып, бір жүйеге келтіруге көмектеседі.

Мәтінді оқушылар түсінгенін білгеннен кейін мұғалім әрі қарай жұмыс жасау жолдарын оқушыға қарай бейімдейді. Топқа тапсырмалар беріледі. 1. Эксперименттік тапсырма. Қажетті құралдар: Динамометр, таразы жүктер жиынтығы немесе ағаш білеуше.   а) үйкеліс күшін анықтау; ә) үйкеліс коэффициенттін анықтау; б) үйкеліс күшінің қысым күшіне тәуелділігін анықтау, графигін тұрғызу.
Эксперименттік тапсырмаларды орындағаннан кейін тәжірибені бірлесе отырып шешеді.

Оқушы жауаптары тыңдалады:

  1. Ағаш білеушені динамометрге іліп алып парта бетімен қозғалтамыз. Осы кезде тарту күшімен үйкеліс күші тең болған кезде бірқалыпты қозғалыс пайда болады. Динамометр көрсетуі үйкеліс күшін анықтайды.

  2. Білеушенің үстіне массасы әр түрлі жүкті қойып, динамометрмен тартамыз. Үйкеліс күші өзгереді. =µmg бұдан қысым күші ауырлық күшіне тең болады, үйкеліс коэффициенті µ = формуласымен есептелінеді.

  3. Үйкеліс күші қысым күшіне тура пропорционал математика пәнінен алған білімдерін пайдаланып   пен N арасындағы тәуелділік графигін тұрғызады.

Оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыру мақсатында мынадай тапсырмалар берілді.

Неліктен судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
Жауабы: балықтың шырышты денесі үйкелісті азайтады.

Не үшін кейбір снарядтарда жаттығу жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал шаңғының табанын конифольмен сүртеді.
Жауабы: үйкеліс күшін көбейту үшін, сырғанауды азайту үшін.

Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс, заңдылық қолданылады.

Жауабы: қысым, қатты денелер арасындағы үйкеліс.
Өтілген сабақ бойынша оқушылар топ ішінде бірін – бірі бағалайды, өзара бағалайды, содан кейін мұғалім өзінің бағасын береді.
Оқушылар мәтін бойынша үй тапсырмасының көлемін өздері таңдайды, оқушы жауап беру барысында толық аша алмаған, қиындық туғызған тапсырмаларымен сұрақтары бойынша үй тапсырмасын алады.

Осы негізде 8 сыныпта температура тақырыбына берілген сабақты өткізу кезінде тақырыпты ашпас бұрын оқушыларға ой қозғау стратегиясын басшылыққа ала отырып, термометрді көрсете отырып, күнделікті өмірде не үшін қолданылатынын сұраймыз. Оқушыларға медициналық термометр беріледі де, жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар ұсынылады. 1. Медициналық термометрдің бір бөлігінің құнын тап. 2. Ең жоғарғы өлшеу шегі неге тең?  3. Ең төменгі өлшеу шегі неге тең екенін анықта. 4. Өз дене температуранды өлше. 5. Өз ойынды қағаз бетіне түсір. Оқушы жауаптары төмендегідей болды: медициналық термометрдің бір бөлігінің құны 0,1оС,  ең жоғарғы өлшеу шегі 42оС, ең төменгі өлшеу шегі 34,1оС, өз температурамды өдшедім, термометр 36,4оС – ді көрсетті және байқағаным 3-5 минуттан артық уақыт ұстасамда термометр көрсетуі өзгермеді. 36,4оС термометр көрсеткіші бұл біздің денеміздің жылуының термометрге берілуі яғни жылу алмасу. Оқушылардың термометрге берген анықтама жауаптары әр түрлі болды, жауаптар тыңдалды, сараланды. Демек термометр дененің температурасын өлшейтін құрал екенін түсіне отырып температураға анықтама берді. Температура – дененің жылулық тепе – теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама дей отырып тақырып ашылды. Мәтінмен жұмыс жасалды. Оқушылар мәтінді түсіне отырып сызба арқылы талдай отырып, білімдерін жинақтайды.

    Оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту бағытында тапсырмалар беріледі. 1. Сол түстік мұзды мұхиттың суы, Үнді мұхиттың суына қарағанда тұщырақ және онда ереген оттегі де көп неге? Жауабы: Төменгі температурада тұздың суда еруі азаяды, ал газдардың еруі керісінше көбейеді. 2. Егер мөлшерлері бірдей ыдыстағы ыстық және салқын суларды тоңазытқышқа қойсақ, қайсысы тезірек қатар еді? Жауабы: Ыстық су, өйткені температурасына байланысты. 3. Асханада екі кісі шәй алды. Біріншісі стақанға қантты салып бірден ерітті, ал екіншісі стақанға қантты тамағын жеп болған соң салып ерітті. Қайсысы ыстық шәй ішеді? Қант ерігенде жылу жұтады. Жауабы: Қант ерігенде шәйдің температурасы кемиді. Сонымен бірге, шәй ауа мен жылу алмасу есебінде салқындайды. Қант бірден ерісе, онда жылу аз беріледі, демек, бірінші кісі ыстығырақ шәй ішеді.

Егеменді еліміздің келешек ұрпағын қазіргі заманның сұранысына лайықты, ой өрісі кең, өзіндік көз қарасы орныққан, жеке ерекшелігімен дараланып тұратын тұлғаны тәрбиелеу бүгінгі ұстаздың басты міндеті болып табылады. Физиканы оқыту мәтін арқылы тұлғалық бағдарлық оқыту оқушылардың өздігінен ойлап қабілетін дамыту, Танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылыққа баулу, өзін-өзі бағалауға үйрету сауаттылығын дамытуға негізделген. Физика сабақтарында мәтінді талдау кезінде жүргізілетін диалогтық қатынас негізінде өзара субьектілер арасындағы (оқушы – оқушы, мұғалім – мұғалім, мұғалім – оқушы) бір-бірін құрметтеу, мойындау, бірін-бірі тыңдай білу, түсіне білу, өзара сыйластық әрекеттері қалыптасып мейірімділік қатынас орнайды. Сондықтан оқушыларға мәтінмен жұмыста оқушыларға білім берумен шектелмей, өз бетімен білім алу әдісі жүзеге асады. Қорыта айтқанда, өзіндік ішкі қажеттілікті түсінетін, қажетті ақпаратты өз бетімен таңдай алатын, өмірде өзіне, қоғамға пайдалы, қажетті білімі, дағдысы жетілдірілген тұлға қалыптасады.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Физика 7-8 сынып оқулығы

  2. Фронтальные лабораторные занятия по физике. А.Покровский

  3. Математика физика ғылыми әдістемелік журнал басылымдары

  4. Сатылай кешенді талдау. Н.Оразахынова

  5. Сатылай кешенді талдау әдістемелік құрал 7 сынып С.Мирамғалиева, Ғ.Абилова

  6. Piza тапсырмалары

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!