400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физика пәнінен «Оптика» бөлімінің оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада орта мектепте физика пәнінің «Оптика» бөлімін оқытуда қолданылатын тиімді әдістемелер, заманауи технологиялар және практикалық тәсілдер қарастырылады. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын кеңейту және зерттеушілік қабілеттерін дамыту жолдары ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика пәнінен «Оптика» бөлімінің оқыту әдістемесі

Байділлаева Шұғыла Жаңабайқызы

shugylabaidillaeva@gmail.com

Ш.Уалиханов атындағы КУ Математика физика информатика кафедра студенті

Аннотация

Бұл мақалада орта мектепте физика пәнінің «Оптика» бөлімін оқытуда қолданылатын тиімді әдістемелер, заманауи технологиялар және практикалық тәсілдер қарастырылады. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын кеңейту және зерттеушілік қабілеттерін дамыту жолдары ұсынылады.

Кілт сөздер: физика, оптика, оқыту әдістемесі, зертханалық жұмыс, көрнекілік, АКТ, құзыреттілік, тәжірибе.

Кіріспе

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның шығармашылық қабілетін дамыту, өздігінен ізденуге үйрету-басты міндеттердің бірі. Осыған сәйкес физика пәнін оқытудың да мазмұны мен әдістемесіне жаңа талаптар қойылуда.[1] Физикадағы «Оптика» бөлімі – табиғаттағы жарық құбылыстарын, оның таралуын, сынуы мен шағылуын, линзалар мен оптикалық құрылғылардың жұмыс істеу принципін түсіндіретін маңызды сала.[2] Бұл тақырыпты тиімді меңгерту үшін тек теориямен шектелмей, оқушылардың практикалық және зерттеушілік әрекетін күшейту қажет.

Негізгі бөлім

1.Оптика бөлімінің білім беру жүйесіндегі орны

Жарық – табиғаттағы кең таралған жіне күнделікті өмірде жиі кездесетін құбылыс. Сондықтан оны оқыту барысында оқушы тек ғылыми түсініктерді меңгеріп ғана қоймай, оны өмірмен байланыстыруды да үйренеді. Оптика бөлімі келесі тақырыптарды қамтиды:

Жарықтың түзу сызықпен таралуы

Жарықтың шағылуы мен сынуы

Линзалар мен олардағы кескіндер

Оптикалық құралдар (микроскоп, телескоп, фотоаппарат)

Жарық интерференциясы, дифракциясы, поляризациясы.

Бұл тақырыптар ғылыми тұрғыдан күрделі болғанымен, оларды тиімді оқыту арқылы оқушылардың ойлау, логикалық талдау және эксперименттік дағдыларын дамытуға болады.[3]

2. Оқыту әдістемесінің негізгі бағыттары

2.1 Көрнекілік әдістерді қолдану

Жарық құбылыстарын түсіндіруде көрнекілік маңызды рөл атқарады. Сабақ барысында оқушыларға айна, линза, жарық көзі, экран, лазер сәулесі сияқты құралдар арқылы демонстрациялар көрсету олардың қызығушылығын арттырады.[3]

Мысалы:

Жазық айнадағы кескіннің пайда болуын көрсету;

Сәуленің шағылу заңын тәжірибе арқылы дәлелдеу;

Линзалар арқылы кескін алу (жақындату-алыстату арқылы кескіннің өзгеруін бақылау).

2.2 Тәжірибелік және зертханалық жұмыстар

Практика мен тәжірибе – оқытудың негізі. Зертханалық жұмыстар:

Жарықтың шағылу бұрышы мен түсу бұрышының теңдігін дәлелдеу;

Призма арқылы жарықтың спектрге жіктелуін бақылау;

Жинағыш және шашыратқыш линзалар арқылы кескін алуды үйрену:

Интерференция мен дифракция құбылыстарын көрсету.

Бұл жұмыстар оқушының өз қолымен эксперимент жасауына, қорытынды шығаруына мүмкіндік береді.[2]

2.3 АКТ және цифрлық ресурстарды пайдалану

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану – заманауи сабақтың ажырамас бөлігі. Оптика тақырыбына арналған анимациялар, видеосабақтар, 3D модельдер мен интерактивті симуляциялар (мысалы, PhET симуляциялары) оқушыларға құбылысты көзбен көруге мүмкіндік береді.[4]

Мысалы:

Линзадағы кескіннің өзгеруін PhET симуляциясы арқылы көру;

Айнадағы бейнені интерактивті ортада құрастыру;

Телескоп пен микроскоптың құрылысын виртуалды түрде зерттеу.

3. Оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер

3.1 Саралап және деңгейлеп оқыту

Әр түрлі дайындық деңгейіндегі оқушылармен жұмыс жүргізу үшін саралап оқыту әдістері қолданылады:[2]

Жоғары деңгейдегі оқушыларға зерттеу жобасы, есептер шығару;

Орта деңгейдегі оқушыларға кесте, сызба, тірек-сөздер арқылы түсіндіру;

Төмен дейгейдегі оқушыларға көрнекі құралдар арқылы тәжірибе жасау тапсырмалары беріледі.

3.2 Интеграция және пәнаралық байланыс

Оптика бөлімі биология, химия, информатика пәндерімен тығыз байланысты.[3] Мысалы:

Биологиямен байланысы - көздің құрылысы, көру процесі;

Информатикамен байланысы – лазерлер, оптикалық кабельдер;

Химиямен байланысы – жарықтың спектрі, сәулелену.

3.3 Жобалық және зерттеушілік тәсілдер

Оқушыларға төмендегідей жобалар ұсынылады[1]:

Оптикалық құралдардың тарихы мен дамуы;

Көзілдіріктің фокустық қашықтығын есептеу;

«Күн сәулесімен суды қайнату» тәжірибесі;

Күн көзінен электр қуатын өндіретін қондырғы макетін жасау.

4. Құзыреттілікке негізделген оқыту

Құзыреттік тәсіл – оқушының білімді өмірде қолдана алу қабілетін дамыту.[1] Оптика тақырыбын оқыту барысында дамитын құзыреттіліктер:

Ақпараттық – жарық пен оптикалық құбылыстар туралы ақпаратты табу, талдау;

Коммуникативтік – ғылыми тілде өз ойын жеткізу, пікірталасқа қатысу;

Технологиялық – оптикалық құрылғыларды пайдалана білу;

Зерттеушілік – тәжірибе жасау, болжам құру, нәтижені интерпретациялау.

Қорытынды

Физика пәнінің «Оптика» бөлімін оқыту – оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруда, зерттеушілік қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл бөлімді тиімді оқыту үшін теорияны практикалық жұмыстармен ұштастыру, АКТ құралдарын пайдалану, пәнаралық байланысты орнату қажет.[5] Оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы физиканы терең меңгеруге, болашақта ғылым мен техника саласына бет бұруына ықпал жасауға болады.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесіндегі жаңартылған оқу бағдарламасы (Физика, 7-11 сыныптар).

  2. Әбдіғаппар А. «Физиканы оқыту әдістемесі». – Алматы: Рауан, 2020

  3. Құсайынов А. «Физика және астрономия: оқыту әдістемесі». – Астана, 2019

  4. PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder. https://phet.colorado.edu

  5. Сейсенова М. «Жаратылыстану пәндерін оқытуда АКТ қолдану». – Білім, №3, 2022.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
130
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі