жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара "ФИЗИКА ҚҰРМЕТТЕУГЕ ЛАЙЫҚ" атты интеллектуалдық сайыс
Сабақтан тыс іс-шара
ФИЗИКА-ҚҰРМЕТТЕУГЕ ЛАЙЫҚ
атты (интеллектуалдық сайыс)
(9 а-б сынып)
Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекілігі: компьютер, слайдтар, плакаттар.суреттер.
Барысы:
1.Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер. 9 а-б класс оқушылары
2. Қатысатын оқушыларды екі топқа бөлу.
3. Топтар жарысы.
4. Жарыс шарттарымен таныстыру..
5. Қазылар алқасының қорытындысы.
I. Мұғалім: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұстаздар! Баршаңыз да ФИЗИКА ҚҰРМЕТТЕУЕ ЛАЙЫҚ" атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар Ордабеков Т. Дарханова Л
Сайыс қатысушылары 9 а –б класс оқушыларын ортаға шақырамыз: Жаратылыстану ғылымдары туралы қанатты сөздер.
Түймебай: "Физика - табиғат туралы ғылым"
Қарақат: "Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы"
Рамиля: "Математика барлық ғылымдардың патшасы, ал физика оның қызметшісі"
Жания: "Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі"
Нурсултан: "Дүниенің ғылыми бейнесінің көрінісі: Физика
Ұлбосын- Достық теңдікпен. Физика табиғатпен бастау алады
Мейрамбек- Физика ғылымын алғаш зерттеген ғалым Аристотел
Қудайберген –Физика ғылымдарын зерттеген ғалымдардың бірі: Архимед. Архимед математик және физик әрі астраном болған.
Ұлбала –италияндық физик Галилео Галилейді казіргі заманның физика атасы деп санайды.
Аяжан Физика ғылымдарын зерттеген германиялық атақты физик Альберт Эйнштейн
Еңлік Жылу көзін ашқан атақты ағылшын физигі Джеймс Джоуль
Арман Таңғаларлық жетістіктерімен танылған атақты физик Блез Паскаль Паскалина деп аталды.
II. Топқа бөлу. Алдымен қатысатын оқушылар екі топқа бөлінеді.
Құрметтейік ғалымды,
Ғылымды алға жылжытқан.
Инерция құбылысын
Айтшы, достар, кім ашқан? (Галилео Галилей)
Қасына емес басына,
Алма түсіп қасына,
Тартылыс заңын таптым деп
Кетті ғалым асыға (Исаак Ньютон)
IІІ. Жарыс шарттарымен таныстыру.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты ол -
Еңбектену жалықпау,
Сәт сапар тілеп бәріңе
Сайысты енді бастайық!
Сайыс мынадай белестерден тұрады:
1. «Өткел» кезеңі
2. «Белес» кезеңі
3. «Бекет» кезеңі
5. «Асу» кезеңі
6. «Жерұйық» кезеңі
7. «Сергіту кезеңі
8. серпілу кезеңі
9 сіз білесіз бе?кезеңі
1 кезең. Ойынның алғашқы «Өткел» кезеңінде топтар өздерін таныстырады. Өз топтарын таныстыру арқылы постер қорғайды.
2 кезең. «Белес» кезеңінде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
«Галилей» тобына:
1. Молекулалары бей-берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйі.
(Газ)
2. «Физика» гректің қандай сөзінен шыққан? (Табиғат)
3. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы. (Телескоп)
4. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шаманы не деп атайды? удеу
5. Сандық мәнімен бірге бағыты да көрсетілген физикалық шаманы ата? (Күш)
6. Дененің инерттілік қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайтын шама қалай аталады? (масса)
7. Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығу құбылысы қалай
аталады? (Фотоэффект)
8. Дененің жерге тартылу барысында аспаға әрекет ету күші калай аталады? Салмақ.
9. заттың неше күйі бар? 3
10.ауа райын өлшейтін құрал?
Ньютон» тобына
1. Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену
құбылысы қалай аталады? (Диффузия)
2. Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды? (Галактика)
3. бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? Ньютон
4. Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым? (Аристотель)
5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі. (м/с)
6. Атом қандай бөлшектерден тұрады? (Электрон, протон, нейтрон)
7. Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш? (Микрофон)
8. ньютонның қанша заңы бар? 3
9. дененің массасы мен жылдамдығына көбейтіндісі не деп аталады? Дене импульсі
10. жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама. Үдеу
3 кезең. «Бекет» кезеңі деңгейлік есептер шығару.
Деңгейлік 10-баллдық есептер
Массасы 1500кг автокөлік 0,5м/с үдеумен горизонталь бағытта қозғала бастады. Қозғалысқа кедергі жасайтын күш 500Н.ға тең. Қозғалтқыштың өндіретін тарту күшін анықтаңдар.
Массасы 200г дене 1,5м/с үдеумен қозғалуы үшін оған қандай күш түсіру қажет?
Жерде массасы 6кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы және оған түсірілген тіректің реакция күші қандай?
Массасы 1,5т автобус орнынан 1,5кН тарту күшінің әрекетінен қозғалады. Егер автобусқа әрекет ететін кедергі күш 450Н болса, онда оның үдеуі неге тең.
20-баллдық деңгейлік есептер
Ұзындығы 1м болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеп шығарыңдар.
Серіппеге ілінген массасы 1кг дене периоды 1с-қа тең тербелістер жасайды. Осы серіппеге ілінген массасы 4кг дененің тербеліс периоды қандай?
Бала үйдің ашық терезесінен 10м/с жылдамдықпен доп лақтырды. Егер үй іргесінен бастап есептегенде,доп 4,9м қашықтыққа түскен болса, онда оны қандай биіктіктен лақтырған?
10м биіктіктен құлаған массасы 2,5кг жүктің потенциалдық энергиясы 1с-тан кейін қалай өзгереді?
4кезең. Сайысқа келген қонағымызды таныстыру.
Мұғалім: Оқушылар есеп шығарып болғанша бүгінгі сайысымызға келген қонағымызды таныстырсақ.
- Сәлеметсіз бе? Өзіңізді таныстырып өтсеңіз?
Лабиринт «Физикалық шамалар»
Лабиринтте белгілі физикалық шамалардың 12 атауы берілген, кез-келген бағытта оқуға болады.
У |
А |
Ж |
Т |
Ы |
Ұ |
Т |
А |
Қ |
Е |
Т |
Ы |
Қ |
Ы |
Ғ |
Ы |
М |
Ж |
У |
П |
М |
Е |
Т |
Ж |
Л |
Д |
З |
Ы |
А |
Р |
Е |
Р |
У |
Л |
Ы |
Қ |
А |
Д |
М |
С |
У |
Т |
А |
Е |
У |
М |
Ы |
М |
Ы |
С |
А |
А |
Д |
Ү |
Д |
М |
А |
Д |
Қ |
Қ |
С |
А |
Т |
Ж |
К |
Т |
Ө |
І |
Қ |
Ы |
Ү |
О |
Ж |
Л |
О |
Г |
Д |
Л |
Р |
Ы |
С |
Ү |
А |
Б |
Э |
Р |
Ш |
З |
Ш |
Е |
М |
К |
Ү |
Ш |
Ь |
П |
Н |
В |
Б |
уақыт, жылу мөлшері, қысым, қуат, күш, тығыздық, жұмыс, температура, масса, жол, жылдамдық, үдеу.
6-кезең. «жерұйық кезеңінде логикалық сұрақтар екі топ ойыншыларына қойылады.
Дұрыс жауапқа 5- ұпай беріледі.
1-сұрақ .Бір үйге келген атақты ғалым, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр» - деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?
Жауап. Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады, оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді, қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып, іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі, сол кезде дыбыс шығарады. Процесс осылай жалғаса береді.
2-сұрақ:
Үй иесі дастарханға тамақ қойып отырып «тамақ ыстық кезінде ғана тәтті, сол үшін көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, тамақ салынған табақты металл подносқа салып қоямын» - депті үйдің иесі «Одан да тамақты ағаш подносқа салған дұрыс болар», - деп жаңағы ғалым кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?
Жауап. Ағаштың жылу өткізгіштігі металға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста табақ баяу суиды.
1) Негізгі сұрақ. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай-жармай ішінде қоспасы бар жоғын білуді ұсынған. Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген. Ол қуанғаннан «Эврика! Эврика!» деп айқайлап жіберген. Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген. Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?
Жауабы: Архимед (б.з.б. 287-212)
2) Негізгі сұрақ. Бұл құбылысты алғаш рет суда қалықтаған Плаун спорасын микроскоппен қарап, бөлшектерін пайдаланады. Бұл бөлшектер бей-берекет қозғалыста болады.
Ең ғажабы бұл қозғалыс еш уақытта тоқтамайды.
Температура артқан сайын молекуланың қозғалғыштығы артады. Бұл құбылыс қозғалысты газда, ауада, қалықтаған тозаңнан немесе түтіннің бөлшектерінде байқаған болады. Бұл құбылысты неміс физигі ПОЛЬ бақылаушыны қызықтыратын етіп әдемі суреттеген. Бұл қандай тәжірибе, оны ашқан ғалымның есімі кім?
Жауабы: Бұл құбылысты алғаш рет 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ашқан,
Броундық қозғалыс деп атаймыз.
7-кезең Сергіту сәті
Қара жорға биі. Видеоролик ұсынылады.
8-кезең Ойлан тап Физикалық шамаларды белгілеу
9-кезең.
Сіз білесіз бе? ТАБИҒАТТЫҢ СЫРЫН АШҚАН
ТҰЛҒАЛАР
Бұл
кезеңде топқа 2 сұрақтан беріледі,
сұраққа топ болып жауап беріледі. Әрбір
дұрыс жауапқа 5ұпай.
1.
Ғалымның атын сурет арқылы табу:
-
Оны “СЕР” деп атаған.
-
Оны классикалық механиканың атасы деп
атаған.
-
Оның құрметіне күштің өлшем бірлігіне
аты берілген. /И. Ньютон
.
2.
Оны Пасколина деп атаған.
Қазіргі заман физика атасы
деп атаған.
Оның құрметіне қысымның өлшем
бірлігі белгіленген.
3. Аттас зарядтар бір бірін тебеді
Зарядтарды ашқан ғалым әрі ағылшын атақты физигі
Ауа-райын өлшейтін құрал БАРОМЕТР ді ойлап тапқан және атмосфералық қысымды Физикаға енгізіп үлес қосқан француз ғалым кім?
Келесі
сөз кезегін әділқазылар алқасында,
бүгінгі күн жеңімпазын марапаттау
құрметін сіздерге береміз!
Осымен
бүгінгі біздің «Физика – құрметтеуге
лайық!» атты интеллектуалдық сайысымыз
өз мәресіне жетті, келіп тамашалағандарыңызға
рахмет.
Сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген