400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Физика пәнінен сыныптан тыс іс-шара "Қызықты физика"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал оұушылар үшін өте тиімді,ойлау қабілеттері артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 115 орта мектебі» ММ







Сыныптан тыс іс-шара «Қызықты физика»








Физика пәнінің мұғалімі: Нактаева К.С













Қостанай қаласы

2020-2021 оқу жылы






Сыныптан тыс іс-шара «Қызықты физика»


Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, білу, тез ойлау, табу, дұрыс шешім, құрметтеуге тәрбиелеу қарсыласына тәрбиелеу, командада жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру, білім алушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.


Міндеттері:

- физика пәні бойынша білімді жалпылау және тереңдету;

- логикалық ойлауды дамыту, айтысып, орнатуға себеп-салдарлық байланысы, эксперимент жүргізу;

- оқушылардың қызығушылығын және назарын олардың қоршаған әлемгетәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: физиктердің портреттері, майшам, стақан сумен, құрғақ жанармай, қағаз, ине, сызғыш.

Кабинетті безендіру: ұлағатты сөздер, түрлі –түсті шарлар,стикерлер


" Ғалымдар біледі, бұл ғылым кінәлі болуы мүмкін емес. Кінәлі ғана адамдар оның жетістіктерін нашар пайдаланады" Ф. Жолио – Кюри

"Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның көзі" М.В.Ломоносов.


Мұғалім:

Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !

Баршаңыз да «Қызықты физика» атты сыныптан тыс сайысына қош келдіңіздер! Біз бүгінгі іс-шарамыз 7-9-сынып оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.



Сайыс жоспары


1.Таныстыру.

2. Кім тапқыр (ой жинақтау).

3.  Қалжыңы мен әзілі аралас физика

4. Сиқырға толы физика 

5. Логикалық сұрақтар

6. .Физикалық жұмбақтар

7.  Ғалым туралы








1.Таныстыру. Әр команда өздерін таныстрады.

«Алғырлар» Ұраны: Жарыс десе жанамыз.

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Тапқырлар» Ұраны: Білікті бірді жығады.

Білімді мыңды жығады.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

2. Кім тапқыр (ой жинақтау).

1.Инерция заңын ашқан кім ( Галилео Галилей )

2.Жылдамдықтың өлшем бірлігі( м/с)

3.Жұмыстың уақытқа қатынасы (қуат)

4.Өлшем бірлік - м/c2 қандай формуланың өлшем бірлігі.( үдеу)

5. 20 м2 қандай шаманың өлшем бірлігі ( аудан )

6. Өлшем бірлік - Паскаль қай формулаға тиісті. ( қысым )

7. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.(ареометр )

8. Сұйықсыз сөзінің грекше баламасы. ( анероид )


3. Қалжыңы мен әзілі аралас физика

 1. Үзіліс кезіндегі екі оқушының соқтығысуының арасындағы аралық неге тең Жауабы: Еркін жүру жолының ұзындығына тең

 2. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды ? Жауабы: Электр зарядының бірлігі - Кулонды 

3. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы? Жауабы: Нобель сыйлығы 

4. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды ?  Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым 

5. Қандай сақинаны тағуға болмайды ?  Жауабы: Ньютон сақинасы 

6. Қандай торға қамауға болмайды ?  Жауабы: Дифракциялық торға 

7. Қандай моль киімді жемейді ?  Жауабы: Моль - заттың мөлшерінің бірлігі

 8. Қандай өріске мал жаюға болмайды ? Жауабы: Электрлік және магниттік өріс


4. Сиқырға толы физика (2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды)

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

1- тәжірибе:Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады? Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады. Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды. 

Жауабы: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

2-тәжірибе: Парафиннен жасалған шамды алыңыз. Шамның түбіне кішкене жүк қыстырып қойыңыз. Сосын суы бар әйнектен жасалған ыдысқа салыңыз. Шам жүзуі керек. Жоғарғы жағындағы жанып тұрған фитель судың үстінен шығып тұрады. Шам қанша уақыт жанады? Осы құбылысты түсіндір

Жауабы: Жалын сумен толып және шам тез өшетін сияқты көрінеді. Бірақ жанып тұрған шамның массасы азайып судың бетіне қалқып шығады.


5.Логикалық сұрақтар:

1.Қостанайдан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет.Ал Қарағандыдан Қостанайға қайтуға 150 минут керек. Неге бұлай?

Жауабы: 150 минут= 2 сағат 30 минут

2.Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?

Жауабы: Жоқ, өйткені олардың арасында түн бар.

3.Термометр 15 0С ты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр неше градусты көрсетеді?

Жауабы: 15 0С

4.Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды?

Жауабы: тақыр бастың

5.Сиыр неге Жерге жатады?

Жауабы: өйткені ол отыра алмайды.

6.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

Жауабы: шырпы

7. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? 

Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса


6.Физикалық жұмбақтар:

1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін (Электр тоғы)

2.Бар жоғын білмейсің,

Онсыз өмір сүрмейсің. (Ауа-диэлектрик)

3.Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды (Масса)

4. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді   (Күш)  



5.Жай көзге көрінбейді,

Қозғалуға ерінбейді.  (Молекула)

6.Көтерілсе жоғары,

Ерітер мұхит мұздарды.

Төмен түссе шамалы,

7.Қос сүрлеу бар жолымда,

Екі қамшы қолымда

Міндім де екі арғымақ

Таудан түстім қарғып-ақ. (Шаңғы)   


7. Ғалым туралы


1. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай-жармай ішінде қоспасы бар жоғын білуді ұсынған. Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген. Ол қуанғаннан «Эврика! Эврика!» деп айқайлап жіберген. Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген. Аңыз бойынша тәж затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған.

Өзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты. Ол «маған тіреу нүктесін беріңдер, Жер шарын да орнынан қозғалта аламын» деп айтқан. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?

Жауабы: Архимед (б.з.б. 287-212). 


2.Бұл құбылысты алғаш рет суда қалықтаған Плаун спорасын микроскоппен қарап, бөлшектерін пайдаланады. Бұл бөлшектер бей-берекет қозғалыста болады.

Ең ғажабы бұл қозғалыс еш уақытта тоқтамайды.

Температура артқан сайын молекуланың қозғалғыштығы артады. Бұл құбылыс қозғалысты газда, ауада, қалықтаған тозаңнан немесе түтіннің бөлшектерінде байқаған болады. Бұл құбылысты неміс физигі Поль бақылаушыны қызықтыратын етіп әдемі суреттеген. Бұл қандай тәжірибе, оны ашқан ғалымның есімі кім?

Бұл суықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

Жауабы: Бұл құбылысты алғаш рет 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун ашқан, Броундық қозғалыс деп атаймыз.


3.Бұл ғалымды «сэр» деп атаған. Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған. Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы. Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген

Жауабы: Исаак Ньютон


4.Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?

Жауабы: М.В. Ломоносов

Марапаттау. "Қызықты физика " атты сыныптан тыс сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
39 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
3659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі