жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физика пәнінен зерттеу жұмысы: М.Мақатаев өлеңдеріндегі физикалық құбылыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ
МАЛАЯ АКАДЕМИЯ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі физикалық құбылыстар»
Секция: физика
Аты-жөні, сыныбы: Оңдасын Бибінұр 11сынып
Оқу орны: « Өтенай ауылындағы МДШОБ №21 ОМ»КММ
Жетекшісі: Оразбаева С.К.
Талдықорған қаласы, 2019жыл
«ӨТЕНАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ БАР №21 ОРТА МЕКТЕП» КММ-НІҢ 11«А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
ОҢДАСЫН БИБІНҰР
« М.МАҚАТАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР »
АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫНА
ПІКІР
Зерттеушінің «М.Мақатаев өлеңдеріндегі физикалық құбылыстар» тақырыбындағы ғылыми жобасы табиғат жайындағы өлең шумақтарын, ақынның әрбір сөйлемін, сөзін талдап көру арқылы олардың сырын физикалық тұрғыдан ашу барысында ана тілінің барлық ғылымының анасы екендігін дәлелдеп, әдебиет пен физика ғылымының арасындағы тығыз байланыстың бар екендігі айтылған. Өлең жолдарындағы табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, анықтап, көрсете білген.Автор пікірін ұтымды, ойын ашық жеткізген. Оқушыны ізденімпаздыққа бағыттау бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.Жобаны зерттеу үш бөлімнен тұрады:
1.Кіріспе 2.Зерттеу 3. Қорытынды
Жобаның зерттеу бөлімінде жан-жақты талдаған. Бұл жұмыстың келешекте де пайдаланатын мәліметтері мол екендігін атап өтуіміз керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, зерттеу жұмысына «жақсы» деген баға беремін.
Мектеп директоры, физика пән мұғалімі : Н.Слямова
Мазмұны
I. Кіріспе.......................................................................................... 3
1.1.М.Мақатаевтың өмірі мен өлеңдері.......................................4
1.2.М.Мақатаевтың табиғат туралы өлеңдеріндегі физикалық
құбылыстардың мағынасын ашу .............................................7-9
1.3 Дыбыстардың таралуы....................................................9
1.4 Жылу.Механикалық қозғалыс.................................................... 10
1.5 Планеталардың қозғалысы............................................. 11-13
II. Қорытынды................................................................................. 14
IІІ. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................15
IV.Қосымша..................................................................................16-18
АННОТАЦИЯ
Зерттеу нысаны : М.Мақатаев өлеңдеріндегі физикалық құбылыстар
Зерттеу
мақсаты :Мұқағали
өлеңдері арқылы физика пәнін оқыту
үдерісінде оқушылардың танымдық
іс-әрекетінің қалыптасуын теориялық
және практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің
ғылыми болжамы :
егер жалпы орта білім беретін мектептерде
гуманитарлық бағыттағы физика пәнін
оқытуда ақындар шығармашылығы арқылы
оқушылардың танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру мәселесі ғылыми-теориялық
тұрғыда негізделсе, онда осы пәнді
оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетін
қалыптастыру кезеңдері толық жүзеге
асады, өйткені ақын шығармалары бұл
бағыттағы оқушыларға танымдық іс-әрекетін
қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңі.Жинақталған материалдарды қорыту,жүйелеу.
Екінші кезеңі:Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу.
Үшінші кезең:Зерттеу жұмысын қорытындылау
Зерттеу әдісі: Арнайы шолу, салыстырмалы талдау, анализ, жинақтау,синтез.
Абстракт(аннотация)
Цель исследования: Доказать физического явления, которые встречаются в литературных произведениях.
Гипотеза исследования: Обратить внимание на причину явления.Основные этапы исследования:
1-й этап. Систематизировать собранные материалы
2-й этап. В связи с проведениеми исследовательских работ брать точные результаты, подготовить собранный материал к печати.
3-й этап. Сортировать собранные материалы.
Метод исследования: Собрать, сортировать.
Заключение:
Заключение автора поданным сведениям:
Если методы физического явление связывает с литературным произведением, тогда ученики легко понимают значение физического явления и появляются интерес к предмету физике.
Abstract
Objectives: To prove the physical phenomena that occur in literary works.
Hypothesis of the study: Pay attention to the cause of the phenomenon. The main stages of the investigation:
1st stage: Systematize the collected materials
Stage 2: In connection with the conduct of research work to take accurate results, prepare the collected material for printing.
3rd stage: Sort collected materials
Research method: Collect, sort
Conclusion:
The conclusion of the author submitted information:
If the methods of the physical phenomenon associates with a literary work, then the students easily understand the meaning of the physical phenomenon and there is an interest in the subject matter of physics.
Абстракт(аннотация)
Цель исследования:Доказать физического явления,которые встречаются в литературных произведениях.
Гипотеза исследования: Обратить вниманиена причину явления.Основные этапыи сследования:
1-й этап. Систематизировать собранные материалы
2-й этап. В связи с проведениеми сследовательских работ брать точные результаты, подготовить собранный материал к печати.
3-й этап. Сортировать собранные материалы
Метод исследования:Собрать, сортировать
Заключение:
Заключение автора поданным сведениям:
Если методы физического явление связывает с литературным произведением, тогда ученики легко понимают значение физического явления и появляются интерес к предмету физике.
Abstract
Objectives: To prove the physical phenomena that occur in literary works.
Hypothesis of the study: Pay attention to the cause of the phenomenon. The main stages of the investigation:
1st stage: Systematize the collected materials
Stage 2: In connection with the conduct of research work to take accurate results, prepare the collected material for printing.
3rd stage: Sort collected materials
Research method: Collect, sort
Conclusion:
The conclusion of the author submitted information:
If the methods of the physical phenomenon associates with a literary work, then the students easily understand the meaning of the physical phenomenon and there is an interest in the subject matter of physics.
І. Кіріспе
Физиканың негізгі мақсаты — табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Күнді айнала қозғалуы) аталып отыр.Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары,астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады. Физиканың заңдылықтарының Мұқағали шығармаларындағы көрінісін келтірудің, оны көркем тілмен жеткізудің мектеп оқушылары үшін тәрбиелік, дамытушылық мәні зор. Ұғымдардың мағынасын кеңейту, пәннің теориялық негіздерін өмірмен байланыстыру және оқушылардың өз бетімен ізденуі арқылы танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың мүмкіндіктері жоғары. Зерттеу жұмысымызға сай өткізілген сабақтар оқушылардың қызығушылығын тудырып, білім сапасының көрсеткіштерінің артқандығына іс жүзінде көзіміз жеткізуге болады.Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мағынасын терең ашып беретін арнайы терминдер физикалық құбылыстардың Мұқағали өлеңінде қалай жырланатыны туралы таныстыру мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1.1.Мұқағали өмірі мен өлеңдері:
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған. Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған. Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған. Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған. М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек
Хангелдіұлының ерлігін суреттейді. М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар
тағдыры,
өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен
ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы
лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта,
ұлттық зермен кестеленген. Табиғат
құбылыстары арасындағы байланыстарды
табу арқылы физика заңдары ашылады.
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың
мағынасын терең ашып беретін арнайы
терминдер физикалық ұғымдар деп
аталады.
Осы физикалық құбылыстардың
Мұқағали өлеңінде қалай жырланатыны
туралы таныстыру мақсатында мына бір
өлеңдері таңдалды.
Мысалы:
Мұқағалидың мына өлеңдеріне
тоқталсақ:
«Неге жыламайсын?»
Бәрісі
де жылаған.
Жылай жүріп, жылай жүріп
шыдаған.
Түнек болып келе жатқан
тажалға,
Аттануда, аттануда тірі
адам.
Жылап жатыр өбісуде
еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір
жер,
Жылап жатыр үйленбеген
күйеулер,
Жылап жатыр үйге енбеген
келіндер.» [1.47]
деген шумағын алайық.
Немесе «Көрмесем екен» өлеңінде
«Көзіңнің
жасын көрмесем екен мен сенің,
Көзіңнің
жасын көрсетпе маған еңселім,
Қайғыру
саған қара теңіз боп теңселу,
Қайғыра
көрме, алмастан соққан семсерім.»
[1.134]
Адамды физикада не деп қабылдаймыз?
Көзден аққан жас тамшысының формасы
қандай, қалай қозғалады деген сұраққа
жауап іздейтін болсақ, жас тамшысының
салмағын және құрамындағы бөлшектер
және Жердің тарту күші әсерінен домалай
қозғалатынын түсіндіруге болады.
Табиғаттағы әрбiр затты тiрi рух ретiнде
қабылдаған ақын ондағы құбылысты да
адами әрекеттермен әрлейдi.
Армандап
адам сұрады
Ақ таулар iштен тынады
Азан сап тұрып ақ бұлттар
Ағыл да тегiл жылады,
Ақ
нөсер, бар ма арманың?!
Келтiрiлген
өлең жолындағы кейiптеу ақын шеберлiгiнiң
айғағындай.
Табиғаттың
«адамтануы» поэзия әсерлiлiгiн барынша
арттырған.
«Сен қартайды дегенге»
деген өлең шумағындағы
«Сен қартайдың
дегенге мен сенбеймін,
Әжіменен
кәрілік өлшенбейді,
Әжім деген –
әйгілі тамшы – уақыт,
Тамшы – уақыт
тасты да жеңсем дейді.» [1.13] осы бір
жолдардан «тасты», «тамшыны» деген
сөздерді физикалық тұрғыдан егжей –
тегжейін талдауға болады. Тастың
физикалық қасиеті қандай, күйі қандай,
бөлшектері қалай орналасады? Су тамшысының
формасы қандай, қозғалыс бағытының
жылдамдығын анықтайтын параметрлер
қандай? Бұл сұрақтарға молекулалық
физика тұрғысынан және Бернулли заңы
бойынша оңай жауап береді.
Қолаң қара
шашың – ай күн қақтаған!
Қос бұрым –
ай жотаңда бұлғақтаған!
Қарғам, сенде
жерімнің иісі бар – ау,
Жер иісі
жұпардан қымбат маған! – [2.56] деген өлең
жолдарындағы немесе
«Бозқараған…
Көрдің
бе бозқараған?
Сирень аңқиды боз
даладан,
Тағы да
Бойжеткендер
тойларын жасарында
Бозқараған жағатын
ошағында
Әтір исін әкеліп аш
ауылға,
Желік беріп тұратын
жеңгейлерге,
Жер түбіне біреумен
қашарында
жер иісі, жұпар иіс бұларда
физикалық құбылыс. Яғни заттар мен
денелерді құрайтын бөлшектердің үнемі
қозғалыста болатыны дәлелденген.
Бұл – диффузия құбылысы
1.2.М.Мақатаевтың табиғат туралы өлеңдеріндегі физикалық құбылыстардың мағынасын ашу
Адам
мен табиғат. Ақын бұлардың тұтастығын
сұңғыла философтарға тән түйсік пен
ұғынған. Белгілі суреттерден белгісіз
сырларды аңғарды. Ақынның «Тау өзені»
деген өлеңінде бала шопаннан таяқ жеген
серке ата шопанның соңынан маңырайды.
Ол бекер маңырап тұрған жоқ, адам мен
табиғаттың арасы алшақтанып, оның соңы
дүлей құбылыстарға ұрындыратынын сезді.
Сол үшін де шығар, ақын қайыңнан «өмір
сүрейік алмасып» деп өтінуі. Сол қайыңнан
адамдар тіршілігін көргісі келеді. Ол
адамдар арасындағы қарым – қатынасты
суреттесе де, табиғат көріністеріне
үңілсе де, өткен тарих жолына көз салса
да, адамның таусылмайтын арманын,
өлмейтін махаббаты, үзілмейтін сағыныш
сезімін, біріне – бірі жалғасып жатқан
тіршілік сабағын жазды.
М.Мақатаев
поэзиясында кейіпкер бар болмысымен,
ішкі және сыртқы табиғатымен толық
анықталды:
Көрдің бе таң мен түннің
соғысқанын,
Жарық пен қараңғының
тоғысқанын?
Мен көрдім, көрдім – дағы
тек отырдым,
Дем беріп біріне, де
болыспадым.
Енді
Мұқағалидың табиғаттың түрлі құбылыстарын
суреттейтін өлеңдеріне тоқталайық:
Алыста,
сонау аспанда,
Атыстар, сірә,
басталды.
Жай түсіп жатыр
тастарға.
Жайратып жатыр асқарды.
Дүрілдеп
біраз тұрды да,
Гүрілдеп ала
жөнелді.
Аспанды құдай ұрды ма?
Айырар
ма екен төбемді.
Жарқ етті алды
көзімнің,
Өртене жаздап басылдым,
Отым
ба, әлде өзімнің,
Оты ма әлде
жасының!?
Немесе
Жанымды болдым
қорғамақ.
Жалтарып тұра қшқан
ем,
Төбемнен төмен сорғылап,
Сөндірді
нөсер басты әрең –
деген өлең
шумағындағы бінеше сөздерді физикалық
тұрғыдан түсіндіруге болады.
Көктем
де келер,
От ойнар әлі аспанда.
Көгерер
әлі:
Кәрі емен, қайың, жас тал
да.
Дүлейдің шоғы түспесе екен деп
тіле,
Аспанда апат зарядтар жағаласқанда!
Күркіреу,
найзағайдың ойнауы, бұлттың пайда болуы,
жаңбырдың жаууы, тамшы формасы, төмен
құлауы. Физикада конденсация құбылысын
түсіндіруде қолдануға болады.
Сондай-ақ
тағы да күз, тағы міне сары тағы ұзақ
түн Уысында тағы да мен ұйқы дейтін
тұзақтың,
Ой хой, шіркін, тағы да бір
күзді міне ұзаттым,
Бұл
өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша
идеялық – көркемдік тұрғыда беріліп,
күзде күннің қысқарып, жылу берілуі
азаятындығы бейнеленеді.
Сарышұнақ
аяз.
Салт атқа шана жектіріп,
Сапарға
шықсаң,
Ақ қарға жонын бөктіріп,
Сабаса
келіп үскірік тікен бетке ұрып.
Немесе
Жәйімен
жапалақтап қар жауып тұр,
Үлгермей
де қалдық қой қамданып бір,
Ыққа кеп
қонақтаған көгершіндер,
Бұталарға
қапайды таңданып құр. [2.134]
Бұл өлең
жолдарын кристалл заттар тақырыбын
өткенде тамаша қолдануға болады. Қардың
кристалл екендігін, күш әсерінен
кристалдық тордың бұзылуынан, сықырлап
дыбыс шығаратындағын түсіндірген кезде
пайдалана аламыз.
Жарқырайды түнгі
ауылдың оттары,
Адам даусы, пысқырынған
аттары.
Қызыл сәуле бір көрініп, бір
сөніп,
Белден асып машиналар кетті
әрі
деген өлең жолында машиналардың
қозғалысы механикалық қозғалыс
болатындығын көреміз. Және де осы өлең
арқылы толқындық құбылысты да түсіндіруге
болатыны анық.
1.3 Дыбыстардың таралуы
Мұқағали
тек қана табиғатты суреттемеген,
табиғаттағы дыбыстарды ести білген,
оны жырға қосқан.
Сұмдығы ай осы біреу
мұң дауыстың,
Шыға алмай көкіректе
тұнған ұшқын.
Күй тартып көкіректе
боздатады,
Сұмдығы ай осы біреу мұң
жауыстың.
Осы бір боз дауыстыестігенде
Ән
болып көкейімде есті жел де
Ойыма
ойран салып осы бір үн
Бауырымды
ұстарамен кескілеуде.
Немесе
Үн
біткен бұлай емес тегіс неге?
Қайта
орал, сиқырлы үн көріспеген
Апыр ай
әлгі бір үн қайдан шықты,
Адам ба
қанатты бір періште ме?
«Ән» өлеңі
бойынша мынадай сұрақтар қою арқылы
өлеңнің физика тұрғысынан шешімін
табуға болады. Ән – күй, яғни музыклық
дыбыстар қалай пайда болады, қалай
таралады. Дыбысты адам құлағы қалай
қабылдайды, құлақтың осы тұста атқаратын
функциясы қандай? Бұл сұрақтарға
толқындардың таралуы бойынша жауап
береміз.
1.4 Жылу
От
та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуым
бар келіңдер, жылыныңдар. [2.163]
Сәби
болғым келеді.
Сондай – ақ
Менің
де бір шуағым бар жинаған,
Бұлтты
күндей буырқанам, қиналам
Өзімді
емес, өзгелерді жылытайын,
Жарық
дүние, жақсылығыңды қи маған.
Яғни,
бұл өлеңдерді «Жылу» тақырыбын өткенде
пайдалана аламыз.
1.5 Механикалық қозғалыс.
Мұқағалидың
«Қозғалыс» өлеңін оқып көрсек физикадағы
механикалық қозғалыстың анықтамасындай
болары сөзсіз.
Ағылады екен – ау
бұлай халық,
Бар адам бір адамдай тұр
ойланып,
Немесе
Бар әлемнің осында
көз жанары
Барлық нәсіл Ильичтің өз
қонағы
Жер кіндігі іспеттес осы
жерде
Қозғалады дүние қозғалады.
Қозғалады
мұхиттар, материктер
Тілдеспей ақ
бір – бірін түсінгендей
Шындығында
қозғалыс Мұқағали айтқандай барлық
денелерге, табиғаттағы нәрселердің
бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән
қасиет.
1.6 Планеталардың қозғалысы
Аспан
денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде
қозғалатынын білеміз. Түні бойы Ай мен
жұлдыздардың қозғалысын бақылуға
болады. Міне осы қозғалыс Мұқағали
өлеңдерінде көптеп кездеседі. Бұл
тақырыпты Мұқағалидың мына өлеңімен
бастауға болар еді.
Аспан мен Жер,
Уақыт
заман жайлы…
Соын ойлап көңіл шіркін
алаңдайды деп ақын өзі айтқандай
табиғаттың түрлң құбылыстарын жырға
қосады.
Тағы да таң атады, күн
шығады.
Түн келеді,
Тіршілік
тыншығалы,
Ауысып алма кезек тұрсын
әлі,
Ей, менің өмірімнің күн шуағы.
(Күн шуағым) [1.11]
Ай
жұлдыз абыр – сабыр араласып,
Түн
кетті шымылдығын ала қашып
Жарқын
өмір жарықсыз қалды ма деп,
Күн ұшып
келе жатыр, далаға шық – деген жолдардан
[2.170]
Немесе
«Күн ауысып барады»
өлеңіндегі,
Күн ауысып барады түнге
қарай,
Шығыста, — кеш, Батыста –
кірген арай,
Күн шыққан жерден әркез
түн келеді,
Маған солай, білмеймін,
кімге қалай – деген Мұқағали жолдарын
планеталар қозғалысы тарауында
пайдалануға болады. Жарық күн мен түннің
алма кезек ауысуының басты себебі Жердің
өз осінен үздіксіз айналуы.
Күн жүйесі
құрылысының жобасын алғаш рет дұрыстап
түсінген Н.Коперник болды. Ол Жер өз
осін айнала отырып, барлық планеталармен
бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады
деп көрсетті. Осы тақырыпты өткен кезде
Мұқағалидың «Дөңгелек, жер» өлеңінен
үзінді келтіре отырып ашуға болады.
Жер
айналдың,
Мен төсіңе жайғастым
Саған
мініп,
Аспан бардым, Ай бастым…
Дөңгеле
жер, дөңбекші жер, айнал жер
Арқаңнан
мен айырыла қоймаспын. [2.157]
Немесе
Көкжиекке
ымырт кеп асылады,
Түн келіп, дүниені
басынады.
Күн неге асығады, асығады?!
О,
жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне
асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа
арнаға бұратындай.
Түннен қорқам…
Мәңгілік
тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы,
қуатым-ай!
Білмеймін асығатын Жер
ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені
тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді
айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер
бетінде.
Жетпедім ұшығына күнде
ойланып,
Жер қайда асығады, күнді
айналып?!
Мұқағали iшкi әлемiндегi
құбылысты табиғаттағы құбылыспен
ауыстыра бейнелегенде тылсым сырлы
аспан әлемiн жиi нысанаға алады:
Жүрегiмнiң
сауыты – тылсым кеуде,
Тынымсыз
дүрсiлдеуде, дүрсiлдеуде.
Көктемдегi
аспандай күркiрейдi
Болар-болмас
жүрегiм күрсiнгенге.
Ақынның поэтикалық
тiлiнде Тау – аспанға жеткiзер
асқақтық:
Тауға барып, көкке ұшып
кетсем бе екен,
Ұстап алып қыранның
қанатынан, – деп тебiренген ақын биiктiк
пен кеңiстiкте еркiн тыныстап, тiрлiк
күйкiлiгiнен азат болуды көксейдi.
Әдетте
адам бір нәрсені жақсы меңгерсе, осы
сала бойынша өз танымын кеңейте түсуге
деген табиғи талпынысы арта түсетіні
баршамызға аян. Теория негіздерін санаға
құю – бастапқы қадам. Сондықтан да
гуманитарлық пәндерге жақын , соның
ішінде тарихты,әдебиетті сүйіп оқитын,
физика пәнін тек мектеп бағдарламасында
оқуға тиістімін деп қана жаттап алып
оқитын балалар үшін физика пәнін
әдебиетпен байланыстыру тиімдірек.
Іс
жүзінде жаратылыстану пәндерін толық
меңгеретін шәкірттердің басым көпшілігі
– осы пәндерге деген қызығушылығы бар
оқушылар. Ал гуманитарлық бағыттағы
оқушылар үшін жаратылыстану пәндерін
оқытуда ақын шығармаларын пайдалана
отырып жұмыс жүргізілсе, олардың
қызығушылықтары арта түспек. Олар
өлеңдерді физиканың тақырыптарына
байланысты сұрыптау мақсатында өлеңдерді
іздей отырып физиканың да заңдылықтарын
жете меңгеріп үлгереді. Ал жаратылыстану
бағытындағы оқушыларға бұндай жұмыс
қажетсіз. Себебі өлеңге деген қызығушылығы
төмен, физикаға жақын балаға бұл бос
уақыт кетіру болады.
Сабақтың мазмұнын
ашуға пайдаланылған ақын өлеңдерінің
мысалдары тартымды және пайдалы екендігі
байқалды. Сынып оқушылары өтілген
ұғымдарды, ережелерді оңай меңгереді.
Физиканың заңдылықтарының Мұқағали
шығармаларындағы көрінісін келтірудің,
оны көркем тілмен жеткізудің мектеп
оқушылары үшін тәрбиелік, дамытушылық
мәні зор. Ұғымдардың мағынасын кеңейту,
пәннің теориялық негіздерін өмірмен
байланыстыру және оқушылардың өз бетімен
ізденуі арқылы танымдық іс-әрекетін
қалыптастырудың мүмкіндіктері жоғары.
Зерттеу жұмысымызға сай өткізілген
сабақтар оқушылардың қызығушылығын
тудырып, білім сапасының көрсеткіштерінің
артқандығына іс жүзінде көзіміз жетті.
Қорытынды:
Мұқағалидың кез – келген өлеңдер
шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр
сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық
тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді танып
– білуге, адамның дүние танымдық
көзқарасын қалыптастыруға ықпалын
тигізеді. Табиғатты сүюге, оны қорғауға
шақырады.
Мәселен, «Батар түн»
өлеңіндегі мына шумаққа ой жіберейік:
Батар
күн, келер түн,
Атар таң, шығар
күн.
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы
мен, осылай мәңгілік тұрамын,
Осы мен
, сірә да өлмейтін шығармын.
Өмірім,
сірә да әріден басталған
Әріден
басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен,
өлмейтін шығармын
Сәл ғана мызғып –
ап, қайтадан тұратын
Ақын дәл болжап
кеткен. Ол сәл мызғыды да, мәңгілік жаңа
өмірі басталды. Өйткені халық жүрегінен
терең орын алып, өлеңдері әнге айналып,
жүрек жарды лебіздер, зерттеулер,
естеліктер жазылып жатыр. Мұқағали
шығармаларына ән жазбаған композитор
кемде – кем шығар. Мызғып ап, орнынан
қайта тұрды деген осы емес пе?
Ұлы
физик А.Эйнштейннің «Ғылыми ойлауда
әрқашан поэзия элементі болуы тиіс»
деген тұжырымды негізге ала отырып,
болашақта бейінді бағыттарда жазылатын
физика оқулықтарында М.Мақатаев өлеңдерін
енгізу арқылы, ұлттық мүддемізге сай
түсінікті де оқулықтар қолданыс тапса.
Пайдаланылған әдебиеттер:
М.Мақатаев «Соғады жүрек» ІІ том Алматы: Жазушы 1982
«Қалай біткен мынау гүл тау басына?!» // Ақиқат. – 2007. №5 81 – 84 бб.
Негимов С. Ақын жыраулар поэзиясы. Алматы: Ғылым, 2001. 280 бет
Физика және астрономия 7 сынып оқулығы
Энциклопедия «Физика әлемі»
Жетекшісімен бірге
Ізденіс үстінде

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген