Материалдар / Физика сабағын оқытуда сәйкестілікті келтіру тапсырмаларын дайындау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физика сабағын оқытуда сәйкестілікті келтіру тапсырмаларын дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика сабағын оқытуда сәйкестілікті келтіру тапсырмаларын дайындау. Осы мақалада көрсетілген қолдану тәсілі бар тапсырма анағұрлым тиімді және түсінікті болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2022
337
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика сабағын оқытуда сәйкестілікті келтіру тапсырмаларын дайындау.

Сәйкестілікке келтіру тапсырмаларында бір қатардың элементтерін екінші қатардың элементтеріне сәйкестілігін келтіру керек. Бұл тапсырмалар ассоциациялы білімдерді тексеруге мүмкіндік береді. Аталған білімдер анықтамалар мен фактілерді, авторлар мен олардың еңбектері, формасы мен мазмұндарының, мәні мен құбылыстардың және әртүрлі заттардың қасиеттерінің, заңдардың, формулаларының арасындағы өзара байланыстары туралы білімдер.

1-нұсқау Сәйкестілікке келтіру қажет:

Көрсетілген мысалда оң жақтың қатарының элементтері мен сол жақ қатары элементтері арасындағы сәйкестіктер орнатылады. Жауаптар «жауаптар» деген жолда оң жақ қатарға сәйкес келетін әріптерді қолдану арқылы жазылады.

Мұндай тапсырмаларды қолданудың педагогикалық мәні оқушылар мен студенттердің жеке оқуын зерттелініп отырған элементтерінің ассоциациясын күшейту арқылы және құбылыстардың бір- бірімен қарым- қатынастардың түсінігін жақсарту арқылы белсенділіктерін арттыру. Процесс барысында тест тапсырушылардың арасында кейбір элементтерді білмегендіктері туралы құбылыс пайда болады.

Композициялардың қағидалары:

Сәйкестіктерді орнатуға арналған тапсырмалардың негізгі принципі дегеніміз ол - вариативтілік (фасеттілік) принципі. Ол тапсырмалардың негізгі элементтерін өзгертуге, тексеріліп отырған білімдерді жоғарылатуға, өздік жұмысты белсендетуге және көшіріп алу жағдайларын төмендетуге мүмкіндік туғызады.

Машина тест тапсырушылардың қажетті білім нәтижесін алмайынша қайта- қайта сұраққа жауап талап ете беретін болады. Бұл жағынан бірде бір оқытушы ЭЕМ- мен бәсекелес бола алмайды және күрделі операцияларды ол анағұрлым тиімді жүзеге асырады. Сонымен қатар сәйкестілікті келтіру тапсырмаларын пайдаланудың да маңызы ерекше және ыңғайлы. Көрсетілген мысалдар әртүрлі пәндері бойынша білімдерді тексеру, сәйкестіктерді орнату үшін тапсырмаларды қолдану мүмкіншіліктерінің кең екенін дәлелдейді. Тапсырманың бірдей идеялары әртүрлі бола алады.

Мысалы: тапсырманың екі түрлі нысанының тақырыптары бірдей, бірақ, элементтері әртүрлі бола алады.

Физиканың заңдылықтарын, анықтама, формула, есептерін және т.б. элементтерін тест әдісі арқылы тексеруге болады. Сондықтан ондағы тапсырмаларға көп көңіл бөлінуі тиіс. Педагогикалық әдебиеттерде оқу процесін ұйымдастырудың бұндай қатынасын тапсырмалық деп атайды.

Кейбір тапсырмаларды қолдану оқуға деген қызығушылықты арттырады.. Сәйкестіктерді орнатуға арналған тапсырмалар кейде процесуалды білімді тексеруге мүмкіндік береді.

Түсінушілік қабілет асықпай ойлану арқылы пайда болады. Декартты еске алсақ, «білім қабілеттігін жетілдіру үшін көбірек ойланып және азырақ оқу керек» деп жазған. Ойланудың белсенділігінің маңызды екендігін көптеген атақты ғалымдар дәлелденген. Атақты неміс педагогы Дистервактың да ойы елге мәлім: «Даму мен білім алу бірде бір адамға беріле немесе жеткізіле алуы мүмкін емес. Кім де кім болмасын тек өзінің жеке қызметі, жеке күші, жеке тырысуы арқылы оған жетуі тиіс. Кері жағдайда ол тек құбыла алады».

Композициялардың негізгі элементтері:

Сәйкестіктерді орнату үшін тапсырмалардың негізгі элементтеріне тест тапсырушыларға арналған қолдану тәсілі, екі қатардың атауын, осы екі қатардың номерлері мен әріптердің қоса элементтерін, тапсырманың номерін жауаптар мен бағалардың (қойылатын бал) жолын жатқызуға болады. Қолдану тәсілі «сәйкестіктерді орнату» деген екі сөзден құралады. Кейбір жағдайларда осы екі сөзді сәйкестіктерді бірінші мен екінші арасындағы байланысты орнату» сияқты әртүрлі түсініктермен толықтырады. Екі қатардың атаулары -тақырыпшалар зерттелініп отырған элементтерінің барлығына қатысты болуы тиіс. Жауап барысы кезінде тест тапсырушы осы атауларға байланысты ойланады және содан соң бір қатардың элементтері екіншісімен сәйкестіре бастайды. Қатарлардың атаулары мүмкіндігінше тест тапсырушылар үшін түсінікті, қысқа және нақты болуы керек.

Қатарлардың элементтері:

Қатарлардың элементтері тапсырманың мәнін сипаттайды. Бұл элементтердің жинағы курстың бағдарламасы мен оқу жоспарының мағынасына негізделген. Осы оқу жоспарынан тыс бақылау жұмысы тестілерінің мағынасына енгізбейді. Сәйкестіктерге арналған тапсырмаларға қойылатын басты талаптардың бірі ол оң жақ пен сол жақ қатардың элементтерінің сандарының бірдей болмауы. Оң жақ қатардың элементтері сол жақ қатардың элементтерінен көп болуы тиіс. Артықтары (қатысы бар бірақ дұрыс емес элементтер) тек оң жақ қатарда орналасады. Дистрактор атқарады тест тапсырушылар осы тапсырмаларға жауап беріп жатқан кезде олар ең әуелі білетін элементтерін белгілейді. Егер екі қатардағы элементтердің саны бірдей болса, онда бірінші екінші сұраққа дұрыс жауап бере отырып, қалған екі сұрақтың жауабы белгілі болып қалады. Сондықтан оң жақтағы элементтердің саны сол жақтағы элементтер санынан көп болуы керек.

Нөмерлер мен әріптер элементтердің идентификаторы ретінде қолданылады. Сандарды қатардың сол жағына жазған жөн ал әріптерді оң жағына, бірақ кейбір жағдайларда керісінше жасауға болады. Нөмерлер қатарлардың мәні мен нүкте арқылы белгіленеді, ал әріптер жақша мен сызықша арқылы. Тапсырманың нөмері тапсырманың бірінші тақырыбының жанына қойылады.

Жауаптар жолы тест тапсырушыға өзінің жауабының қай жерге жазу керектігін тез анықтауға көмек береді. Бұл жол тапсырманың ортасында жазылады, кейде оң жақ қатарының бос жерінде. Ол тапсырманы аяқтаушы болғандықтан жолдың аяғында нүкте қойған жөн. Көптеген сәйкестіктерді орнату бойынша тапсырмалардың негізгі кемшіліктері - осы жолдың болмауы, нәтижесінде қайда жауапты жазу керектігі туралы сұрақ туады. Мүмкін болатын жауаптардың әр түрлі нұсқаларының ішіндегі дұрыс болып саналатың тек екеуін қалай анықтау керек екендігі туралы сұрақ туады. Басқа дұрыс емес жауаптардың комбинациясы әр түрлі дәрежеде дұрыс емес болып саналады, сондықтан оны бағалауы да әр түрлі болады. Бағдарламада жауаптардың барлық комбинациялары үшін бағаны нұсқада қарастырып отыруға болады. Ол жағдайда бағдарлама әр түрлі болып кетеді, оған қосымша әрбір мүмкін болатын жауапты бағалау үшін тәртіптерді енгізу қажет. Бұл жағдайда дұрыс жауаптарды бөліп көрсету керек.

Осындай қолдану тәсілі бар тапсырма анағұрлым жақсы болады. Тапсырма қағазда көрсетіледі ал жауаптары оқытушылармен бағаланады. Мұндай тестілеуді толық компютеризациялау керек. Бірінші кезеңдерде дұрыс жауабы үшін бір бал, дұрыс емесі үшін 0 бал берген жөн.

Екінші нұсқаның тапсырмаларын біріншідей қалап жүргізген жөн. Тесті құрастыру кезінде қиындық дәрежесі жоғары тапсырмалардың жетіспеушілігі туады. Бірнеше дұрыс жауаптары бар тапсырмаларды қолдану тиімді. Бұл жағдайда тапсырмалардың екінші нұсқасы қажет емес болады.

Сәйкестіктерді орнатуға арналған тапсырмалардың үшінші нұсқасы матрицалық тапсырмалар атауымен мәлім, бірақ олар еңбекті көп қажет етеді. Компютерлерді қолдану арқылы матрицалық тапсырмаларды қолдану қолайлы. Бағалау. Жауаптарды бағалауда әр түрлі нұсқалар қолданылады. Бірінші нұсқада тапсырма кезінде дұрыс жауапқа бір бал, ал дұрыс емес жауап үшін немесе қате жауап үшін ноль бал беріледі. Екініші нұсқада әрбір орнатылған дұрыс сәйкестік үшін бір бал беріледі. Үшінші нұсқада барлық дұрыс жауап үшін екі бал беріледі, бір қате үшін бал бірге дейін төмендетіледі, екі қате үшін ноль бал қойылады.

Сәйкестіктерге арналған тапсырмаларды қолданудың негізгі саласы, ол білімнің ағындағы және тақырыптық жайын анықтау. Сәйкестікке арналған тапсырманы тарауға қайталау-пысықтау, топтық дәстүрлі емес сабақтарда, өзіндік тапсырма ретінде, өзін-өзі тексеру үшін қолданған дұрыс.

Құлекеева Әсия Әбдірахметовна.

Жамбыл политехникалық жоғары

колледжінің физика пәнінің оқытушысы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!