Физика сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физика сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика сабағындағы АҚТ -ның тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика сабағында ақпараттық технологияларды қолдану


Саримова Б.Ж,


Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, 40 орта мектеп


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә. Назарбаев.


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа интерактивтік технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Ақпараттық коммуникациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Іздемпаз, талапты;

Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне АКТ – ны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енеді.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл өзін – өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Инерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым – қатынас жасауіды дамытуды ұсынады.

Интерактивті тақта - бұл мұғалімдерге жаңа материалдарды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көз көрінетін ресурс. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқушылар үшін де, интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады.

Интерактивтік оқыту технологиясына төмендегілер кіреді:

  1. Жұптасып жұмыс істеу.

  2. Ротациялық үштік.

  3. Ролдік /іскерлік/ ойын.

  4. Шағын топтармен жұмыс.

  5. Дискуссия.

  6. Аяқталмаған сөйлем.

  7. Миландыру /мозговой штурм/

  8. Дебаттар.

Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Оқушылардың өздігінен танып – білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуге жетелейді. Физика сабағында оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:

Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.

Блок – схема, графиктер т.б.

Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.

Ойын арқылы оқыту.

Сөзжұмбақ, ребустар.

Логикалық есептер.

Тестілеу және бақылау.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электронды оқулықты пайдаланып келемін. Онда әр түрлі тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы. Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз. Электрондық оқулық оқытушының жұмысын жеңілдетіп, оқушыны жалқаулықтан құтқарады. Электрондық оқулықтың бағалық – нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы дмаграмма түрінде білім деңгейін көре алады.

Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Электрондық оқулық арқылы түрлі сурттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргеніненәлдеқайда тиімді , әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа ақпаратты жеткізуге, сондай – ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған бағдарламалық құрал.

Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивті тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

Технология – бұл қандайда болмасын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. Академик В.М.Монаховтың айтуынша: «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан – жақты ойластырылған үлгісі» деп білемін.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

  2. М.А. Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары»

  3. Математика – Физика журналы №1, №2 2012ж.

  4. Физика және астрономия журналы №2 2012ж.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі