Тақырып бойынша 11 материал табылды

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылармен физика сабағында жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдері айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Ақтөбе қаласы. Жұбаева Анар Онайевна

Әл-Фараби атындағы № 21 мамандандырылған гимназияның физика пәні мұғалімі.


Инклюзивті білім берудің мақсаты – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың әлеуметтенуіне және қоғамға интеграциялануына ықпал ете отырып, оның нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылғандықтан , мұғалімдердің міндеті – әлеуметтік жағдайына, физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық дамуына қарамастан дамуында ерекшелігі бар балаларды қабылдау және олардың қажеттіліктеріне бағытталған психологиялық-педагогикалық әдістер негізінде жағдай жасау. Білім беру кеңістігін кеңейту мақсатында бүгінгі таңда қабілеттері мен мүмкіндіктеріне , әлеуметтік және мәдени жағдайына қарамастан балаларды оқу процесіне қосу кең етек алуда.

Көптеген тәжірибелер көрсеткендей ерекше қажеттіліктері бар балаларды жаппай мектептің білім беру ортасына қосу барлық оқушылардың оқуға құлшынысын арттырып, жақсы өзгерістер әкелетін бәсекелестік тудырады.

Физика сабақтарында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

- дамуында ерекшелігі бар тұлғаларға сапалы орта білім беруді қамтамасыз ету;

- физиканы меңгеру кезінде білім алушылар үшін жеке білім беру траекториясын қалыптастыру мүмкіндігі.

Дамуында ерекшелігі бар балалар үшін сабаққа тапсырма дайындау кезінде, бір жағынан, қол жетімділік принципін, екінші жағынан, материалды шамадан тыс жеңілдетуге жол бермеу керек. Мұндай ерекше оқушылардың ойлауының басым формасы визуалды-бейнелі болып табылады, сондықтан оқуға деген қызығушылықты ояту үшін сабақтың мазмұнына ең жарқын және есте қаларлықтай тапсырмалар қосылуы керек.Білім беру процесіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қажет, өйткені бұл технологиялар көрнекілікке қойылатын барлық талаптарды барынша орындауға мүмкіндік береді. Ең көп қолданылатын ақпараттық технологиялардың бірі-мультимедиялық құралдар. Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану, ең алдымен, көрнекілік, визуалды ынталандыру үшін қажет. Мультимедиялық құралдар оқушылардың ақпаратты жылдам әрі сапалы қабылдауына әсер етіп қана қоймай, сол ақпаратты пайдалануға да мүмкіндік береді. Сонымен қоса физика сабақтарында оқу материалын толық әрі ыңғайлы, визуалды түрде көрсетуге де көмектеседі. Ал презентацияларды сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдануға болады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған мультимедиялық құралдарды тек бір кезеңде қолданып, содан кейін әдеттегідей жұмыс жасауға да болады немесе барлық сабақ барысында мультимедиялық сүйемелдеуді жүргізуге болады. Мысалы: оқушылардың білім дәрежесін бақылау сабағында презентация негізгі формулалар мен заңдарды қайталау үшін керек болса, ал жаңа тақырыпты меңгеру сабағында біз презентацияны 40минут бойы қолдана аламыз.

Сонымен қатар, Физика сабақтарында оқушылардың белсенділігін арттыру үшін көрнекі құралдарды (макеттер, плакаттар және т. б.) пайдалануға болады, әрқайсысына кесте, схема және т. б. түрінде орындалған материалдың қысқаша мазмұны беріледі. Ал оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы біз оқушылардың тек сабаққа ғана құлшынысын арттырып қана қомай, дамуында ерекшелігі бар оқушыларды топқа қосу мүмкіндігіне ие боламыз. Себебі «Әдіс» дегеніміз алдын-ала жобаланған мақсатпен соңғы нәтиже аражігін байланыстырып тұратын оқу процесінің мәнді бөлігі, ал оқыту әдісі дегеніміз белгіленген оқытудың мақсатына жетуге негізделген педагог пен оқушының реттелген іс-әрекеті . Ерекше баланы топқа қосу, ортаға бейімдеу – инклюзивті білім берудің басты мақсаты.

Мысалы: «Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау» атты зерт ханалық жұмыс кезінде оқушыға төмендегі суретті ұсынуға болады,кейін өзі де соны жасап шығады, d=  формуласы бойынша бір бұршақтың диаметрін анықтау көрсетілген (1-сурет).

1 – Сурет. Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау Жұмыстың бұл түрі оқушының абстрактілі ойлау қабілетін дамытады. Тақтаға тақырып бойынша маңызды, есте сақтауға қажет, сабақ бойынша қорытынды мағлұматтар жазылады.

Бұл әдісті сонымен қоса, сабақты бекіту мақсатында сабақ соңында да қолдануға болады. Ал жаңа сабақты өту кезінде – тапсырма орындау барысында көмек ретінде пайдалануға болады. Жаңа сабақ болсын, қайталау сабағы болсын мұғалімнің басты міндеттерінің бірі-пәнді оқуға деген қызығушылықты ояту. Пәнге танымдық қызығушылықты қалай дамыту. «Жеке тұлғаның шығармашылық ынтасын қалай ашуға болады?» деген сұрақ туындайды. Баланы оқу процесіне тарту мақсатында келесідей әдіс-әсілдерді қолданған тиімді. Тапсырмалар оқушылардың негізгі бөлігі үшін олардың мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру үшін «олар орындай алатындай» болуы керек. Әр оқушының сабақта белсенді жұмыс істеуі өте маңызды.

Өтілген тақырып бойынша берілген формуланы қолдана отырып, есептер шығару. Қажет жағдайда, оқушының алдында сол формуланы қолданып шығарған есептің үлгісі болуы қажет. Сол үлгіге қарап шығару балаға қиындық келтірмейді.

Жаңа өтілген физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін үйрену мақсатында карточкаларды қолданған тиімді.Мұндай карточкалар арқылы формуланы атап, әрі өлшем бірлігі есте сақтау тиімді .

Ал өтілген тақырып бойынша формулаларды есте сақтау мақсатында мнемоникалық үшбұрыштар қолданылады. Бұл үшбұрыштар оқушылардың алдына таратылып, оқушы бос тұрған орынға тиісті физикалық шаманың белгіленуін жазып өтеді.Ал төменгі жағына формуланы жазады (2-сурет).


2 – Сурет .Мнемоникалық үшбұрыштар

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін бірқатар әдістер мен тәсілдерді сабақ жоспарына енгізуге мүмкіндік бар . Мысалы «қатені түзет» әдісі. Мектеп мұғалімдері арасында айтылғандай, егер білім алушы қателеспесе, онда ол оқымайды. Қате-қажетті және пайдалы нәрсе. Қателікке дұрыс қарау керек, оны дұрыс пайдалану керек. Оқыту процесі тиісті дәрежеде жүруі үшін, білім алушы, ең алдымен, қателіктерді анықтай білуі қажет. Дайын шешімдердегі қателерді іздеу дұрыс шешім табуға әкеледі, дамуында ерекшелігі бар оқушылардың оқу-танымдық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Оқушыға қате шешімі көрсетілген тапсырма ұсынылады.Олардың міндеті – қатені тауып, түзету . Мысалы: «Қате формуланы көрсет»

Тағы бір жиі қолданылатын Stop-кадр. Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады. Бұл жағдайда дені сау білім алушылар мен дамуында ерекшелігі бар оқущылар арасындағы өзара іс-қимыл және тең құқылы оқыту және қарым-қатынас жағдайында қажетті білім мен дағдылар қалыптастырылады, ал оқытушы білім алушылардың мүмкіндіктерін ашуға ықпал ететін тапсырма көрсетеді.

Келесі бір «Допты лақтыру» әдісінде - мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.«Терминдер конверті» әдісінде ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл бөлім бойынша жиынтық бақылауға, тоқсандық жиынтық бақылауға дайындыққа жақсы көмектеседі. «Плюс, минус, қызықты» сабақты қорытындылау кезінде тиімді . Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Плюс» бағанына сабақта ұнаған кезеңдердің барлығы жазылады. «Минус» -оқушының пікірінше, бұл ақпарат ол үшін керексіз, пайдасыз. «Қызықты» бағанына оқушылар қызығушылық тудырған деректер мен әдістерді, ол туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады.

Инклюзивті білім берудегі аталған барлық әдістер тек оқу ортасында оқушылар мен мұғалімдер басқа да мектеп қызметкерлері арасында жайлы қарым – қатынас орнаған кезде ғана жүзеге асады.

Дамуында ерекшелігі бар оқушылардың басқалардан айырмашылығы, материалды қабылдаудың, өңдеудің, білімді бақылаудың аралық және қорытынды формаларын орындаудың өзіндік ерекшеліктері болады. Олар денсаулық пен ақпаратты қабылдауды шектеуге бейімделген нысандарда баспа және электрондық білім беру ресурстарымен (бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, өз бетінше жұмыс істеуге арналған материалдар және т.б.) қамтамасыз етіледі.

Осылайша, инклюзивті білім беру міндетті түрде мектептің білім беру кеңістігіне кіретін барлық оқушылардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін икемді білім беру ортасын құруды қамтиды. Инклюзивті білім берудің негізіне барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын балаларды кемсітуді болдырмайтын идеология жатады.

Әдебиеттер тізімі

1. Педагогика / И.П. Подласый. – Москва: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 1999. – 587 б.

2. Туйбаева Л.И. Ақпараттық технологиялар инклюзивті білім беруде сараланған тәсілді жүзеге асыру тәсілі ретінде // «Тұжырымдама» ғылыми-әдістемелік электронды журнал. - 2015. - Т. 37. - 211–215 б.

3. Меңдіғалиева Г.К. Педагогикалық интеграция негіздері: Алматы,2000.-13б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12