жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физика сабағында ғылыми терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде қолдану
|
Физика сабағында ғылыми терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде қолдану |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Колледждер мен жоғары оқу орындарында ағылшынша білімі бар мамандықтар даярлануда.Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі. “Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында ағылшынша білімі бар мамандықтарды оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптар күшейтілуде. Сондықтан өз тәжірибемізде ағылшын тілін өз бетімізбен оқып, жеке өз білімімізді толықтырып отыруды алға мақат қылып, оны өз сабақтарында қолдана білуіміз қажет. Ол үшін кез келген сабақты үш тілде сәлемдесуден бастаған жөн.Сәлемдесудің формасы ретіндегі сөз: “Good-morning!”
(“Good-afternoon!”, ”Good-evening”). Бұлай мұғалім ме ноқушының
арасында сәлемдесуге болады: Физика сабағында ғылыми терминдер мен шамаларды ағылшын тілінде қолдану өте қолайлы, әрі сабақ қызықты өтеді, үш тілде білімдерін кеңейтеді. Мысалы, сабақтың ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды «түстер терапиясы» әдісі арқылы топқа бөлу. Мұнда интер белсенді тақтада берілген түстердің біреуін әр топ өз кезегінде таңдап, сол бойынша сұрақтарға жауап беріп,топтар өз аттарын анықтайды және үш тілде айтады: Қ К С
Оқушылар өздері ағылшын тілінен білімдерін пайдаланып немесе сөздіктерден жауабын тауып айтады.Сабақтың әр кезеңінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану ыңғайлы.Мысалы, «Тұрақты электр тогы» тарауын өткен кезде сабақты бекіту кезеңінде тақырыптың тірек ұғымдарын және орыс ағылшын тіліндегі аудармасын анықтайды. Мұнда қазақша нұсқасы ғана беріліп, тапсырманы оқушылар өз беттерінше топпен орындайды:
Бұл тапсырманы орындау арқылы физикалық шамалардың үш тілде атауын, белгіленуін, өлшем бірлігі мен формуласын есте сақтайды. «Магнит өрісі» тақырыбы бойынша жаңа сабақты меңгерту барысында мына тапсырма орындауғка беріледі.Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Кестеге магнит өрістерінің полюстерін ажыратып, олардың арасындағы байланысты анықтайды. 1.Магнит өрісінің арасында қандай күштер болады?Кестені толтыр
Оқушылар оқулықтағы мәтіннен қазақша мағынасын табады, өз беттерімен ізденеді, ағылшын тіліндегі нұсқасымен салыстырып, ойларын жинақтап өз ойларын ортаға салады. Сонда S-south pole-оңтүстік поюс, N-north pole-солтүстік полюс екенін ағылшын тілде біледі.Осыдан кейін ассосация құру арқылы магниттің қасиеттерін және үш тілде аудармасын есте сақтайды:
қозғалыстағы оңтүстік зарядтар тудырады солтүстік
күш сызықтары өрісі 3. Кесте бойынша сәйкесін тауып топтастыр :
Осы тақырып бойынша оқушыларда негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады, физикалық шамаларды тек қазақ тілінде емес ,сонымен қатар ағылшын тілінде де меңгереді. Сабақта қолданған мұндай әдіс-тәсілдердің артықшылығы: оқушы білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді. Ұстаздар осы жаңа әдіспен сабақ жүргізуді бәріміз бірдей қолға алып кіріссек, елімізді ең алдыңғы қатарлы елдер деңгейінен көрсете алар едік. Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сеніміміз мол.
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің физика пәні оқытушысы Сактаганова Нуршат Багдуллаевна
Пайдаланылған әдебиеттер:
|




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген