жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
А.Нуркожаева физика пәнінін мұғалімі
Е.С.Бозғұлов атындағы №249мектеп-лицей
Бәрімізді
бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас
ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл
ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі
қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен
көрегендіктің белгісі.
Ұлтымыздың
тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас
Елбасымыздың білім саласына ерекше
назар аударуымен айқындалып отыр. Өзекті
мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған
көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе
алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры,
еліміздің ертеңі жас ұрпақтың
қолында.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі
жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды
қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз
іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен,
кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне
ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы
қажет.
Қазіргі таңдағы адам ақпарат
саласында қарқынды өрлеу жағдайында
өсуде. Осы орайда мектеп алдындағы
тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында
туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен
табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің
салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті
ала білу, мұның өзі өмір барысында
жиналатын білімнің негізі болатын
өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын
алуды, осы білімді шығармашылық күйде
қолдана білуді білдіреді. Мектеп осы
жағдайларда өз оқушыларының бойында
ұтқырлық, серпінділік, сындарлылық
қасиеттерін дамыта отырып, заман
өзгерістеріне әзірлеуі тиіс.
Елбасы
Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы 13 қазанда әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-де өткен «Қазақстан
дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа
зияткерлік серпін» тақырыбындағы
дәрісінде: «Ұлттық интеллектің діңгегін,
Қазақстанның зияткерлік элитасын
тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті
мектептер құру қажет» деп атап
көрсетті.
Қазақстан-2050 стратегиясы
– жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы
жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты
1.
Міндеттердің жаңа парадигмасы
2.
Қайда бет алдық? Жаңа саяси бағыттың
мақсаттары
Қазақстан
Республикасындағы білім стандарттары
мен талаптары білім саласына заманауи
басқару үлгілерін енгізуге, инновациялық
білім бағдарламалар мен ғылыми жобаларды
жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Осыған
байланысты, білім саласында заманауи
басқару үлгісін енгізіп, инновациялық
білім беру бағдарламаларды және ғылыми
жобаларды жүзеге асырып, академиялық
бостандық пен дербестікті дамыту
мақсатында 2011жылдың 19 қаңтарында
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев
Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды.
Жиналған тәжірибені тарату Елбасының 2011 жылы 18 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату туралы берген тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі ДББҰ тәжірибесін таратудағы концептуалды шешімін, педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлату жүйесін дамытуды, педагогикалық шеберлік орталықтарын (бұдан әрі - ПШО) ашуды мақұлдады.
Республика мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін дамыту жобасы Зияткерлік мектептердің мұғалімдері стратегиялық серіктестермен бірлесіп дайындаған, үздік халықаралық тәжірибелерге сай деңгейлік оқыту бағдарламасы бойынша жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне біліктілікті жоғарлатуды ұйымдастыруды көздейді.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағадарламасымен үйлеседі. Бағдарламада ұсынылатын әдіс-тәсілдер қазіргі кезде өзекті болып отырған жеті модульдің әрқайсысы бойынша, пәндік және жас ерекшеліктеріне байланыссыз, жалпы сипаттағы кіріспе ақпаратты ұсынуды қамтиды:
Бағдарлама
келесі модульдерден тұрады:
1.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
3.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану.
5.
Талантты және дарынды балаларды
оқыту.
6. Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және
оқу.
7. Оқытудағы басқару және
көшбасшылық.
Аталған модульдер арасында өзара байланыс, сабақтың нәтижесін жоспарлау арқылы оларды сабақтарда тәжірибелік тұрғыдан қолдану әдіс-тәсілдері көрсетіледі.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстандық мұғалімдердің қазіргі заманға сай үздік кәсіби білім алуына жағдай жасау, оған көмек беру. Сабақтарда жеті модульді кірістіре отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы белсенділік әрекеттін дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету, қазіргі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
- жаңа әдіс-тәсілдер бойынша негізгі теориялық білімдерін қалыптастыру;
- осы алған білімдерін сабақ үдерісінде тиімді және ұтымды пайдалануына жол сілтеу және оны іс-жүзінде іске асырылуына жағдай жасау;
- отандық мұғалімдер арасында кәсіби қоғамдастық құрып, оның белсенді жұмыс істеуіне дайындау.
Бағдарламаның нәтижесі:
- жеті модуль бойынша негізгі тұжырымдамалық білімдерін және тәжірибелік дағдылардың қалыптасуы;
- өзіннің іс-жүзінде асырылған тәжірибесіне сыни тұрғыдан қарап ойлану, яғни рефлексия жаза алуы;
- мектеп мұғалімдері арасында құрылған қауымдастықтың жұмысына белсенді қатыса алуы.
Осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта қолданылатын жекелеген стратегиялар мен әдіс-тәсілдер жиынтығы болып өзара байланыста болады.
Енді мен өз тәжірибемнен осы жеті модульдік бағдарлама ұсынған жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін төменде айтып кететін көптеген сабақтан көрсеткім келеді.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Мұғалімдер
қалай оқыту керек екендігін үйрету?
Бұл
алдыңғы бөлімде оқыту жекелеген құбылыс
немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға
қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін
педагогикалық тетіктердің бір кешені.
Оларға мыналар жатады:
-
оқыту негізін түсіну, өмір бойы білім
алу керек екендігін түсіну және оның
әдіс-тәсілдерін таңдау;
- өзіннің шығармашылық таланттарын барынша пайдалану, анықтау;
- тілді, есептеуді жақсы көру;
- сандық технологияларды жақсы меңгеру.
Қалай оқу керектігін үйрету? арқылы сабақта жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім бағыт-бағдар береді, бақылайды, қадағалайды, бағалайды, өзгертеді, ал оқушы өздігінен білім алып өзін - өзі реттеуге дағдыланады, соңында оқушы қалай оқу керектігіне үйренеді , бұл жерде зерттеуге алған оқушы осының дәлелі болады.
Сыныптағы диалогтің маңыздылығы. Ғылыми зерттеулер нәтижелер сабағында диалогтің маңыздылығы өте зор. Диалог оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім деңгейлерінің жоғарлауына үлес қосады.
Диалогтік оқытуды әдіс-тәсіл арқылы оқушы топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы бір - бірінің ойын тыңдап, талқылайды, өз ойын ортаға салады, саралайды, тұжырымдайды, физика сабағы болғандықтан, диалог көбінесе дәстүрлі сабақтарда көп көңіл бөлінеді, ал қазір міндетті түрде әр сабақтарда орын алуы тиіс, өйткені оқушыларды физика тілінде сөйлеуге дағдыландыруымыз керек. Көбінесе мен әңгіме-дебат, топтық әнгіме және зерттеушілік әңгіме түрлерін қолданамын.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Мақсатым - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Осы бағдарламаның ішіндегі ең оңтайлысы, менің ойымша, сыни тұрғыдан ойлау модуліне негізделер едім, Неге? Өйткені, сабақ бойы оқушылар өздерінің түсінуі, ұғынуы сыни тұрғыдан ойлануға әкеп соқтырады. Тақырыпты ашуда коллаж жасау, тірек сызбаларды құру, екі ұғымның айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстыру, ой қозғау, ұғымдарды ой елегінен өткізу, сонымен қатар, «Көсемдікке ұмтылу», «Ұшқыр ойлар», «Шәйнек сыры» деген ойындарды қолданамын.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің көптеген стратегияларын қолданамын.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сыныптағы
бағалау тек қана техникалық тәсіл емес,
бұл мұғалімдердің жазбаша немесе ауызша
түрде баға қою жолымен бағаланады. Әр
оқушы сабақ бойы қалай жұмыс жасағанын
білу үшін, ол нені түсінді, ол өзі үшін
нені қажетті деп алды. Ол өзін ғана емес,
өзгені де бағалай алуы керектігін
түсінуі тиіс.
Мұғалімдер оқушылардың
түрлі пән салаларын зерделеу кезінде
олардың барлық мүмкіндіктерін дамытуға
барынша көмек көрсету үшін оқуға қажетті
барлық мүмкіндіктерді қабылдауға
көмектесе алатындай етіп «кері байланысты»
пайдалану арқылы оқыту үшін бағалауды
енгізуге болатындығының дәлелдемесі
бар. Оқу ондағы оқушылар қазіргі кезде
қайда орналасқандығын және олар қайда
бағытталғандығын, бір орнынан басқа
орынға қалай жететіндігін білетін
саяхат ретінде қарастырылуы мүмкін.
Бұл оқу саяхатында көмектесу үшін, мұғалім оқушылармен өзара байланысуы керек, әр оқушының жетістіктері туралы мәліметтерді жинауы керек, оқушы қаншалықты жақсы оқитындығы туралы қорытынды шығарып, кейін әр оқушыға алға ұмтылуға көмек көрсету үшін белгіленген жеке кері байланысты қамтамасыз етуі керек.
4.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану.
Оқушылардың
ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық
мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда
үздiксiз педагогикалық бiлiм беру
жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң
бiрiне айналып отыр. Физика сабақтарында
ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі:
- оқушының өз бетімен жұмысы;
- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- экономикалық тиімділігі;
- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Физикалық
процестер мен құбылыстарды модельдеу
оқу процесін дамыту мен жетілдірудің
болашағы болып табылады, әсіресе
оқушылардың шығармашылық белсенділігін
арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы
ролі ерекше.
Электрондық оқулықтың
тиімділігі де өте зор. Электрондық оқу
құралы – бұл оқу курсының ең маңызды
бөлімдерін, сонымен бірге есептер
жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар,
карталар, атластар, оқу эксперименттерін
жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық
және дипломдық жобаларға нұсқау және
т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік
органдар тағайындаған арнайы статусы
бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын
электрондық оқу басылымы.
Интерактивті
құралдардың мынадай ерекшеліктерін
атап өтуге
болады:
1.
Бормен тақтаға жазылған кескінді
интерактивті тақтадағы түрлі –
түсті
айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға
болмайды.
2.
Тақта мен бордың көмегімен әртүрлі
қосымшалары бар жұмысты
түсіндіру
қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4.
Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы
тест алу мүмкіндігін
қолдануға
болады.
5.
ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның
жоғарғы бөлігіне
кішкентайларға
да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Талантты
және дарынды балаларды анықтауға
сауалнама жасауға, бағдарлама құруға
және баланың білімін жетілдіруде қандай
жұмыстар жасау керектігі жайында пікір
алмасу. Дарынды және талантты балаларды
анықтауда критерий құрдым.
Мұғалімнің
педагогикалық шеберлігінің негізгі
өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік
танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі
оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін
тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске
жетелеу.
Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.
Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Дарынды және таланты оқушылар әр түрлі болуы мүмкін. Оқушылар бір ғана пәннен емес, бірнеше пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін. Мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттармен танылуы мүмкін. Бұл жағдайды біз өз тәжірибемізде де байқап жүрміз. Сонымен қатар, олар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін. Бұндай дарындылық пен қабілеттіктерді мұғалімдер, ата – аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Сондай – ақ оқушылардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет, бірақ та, бұл ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойынан өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыра алады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін зерделеу – дарындылықты дамытуға септігін тигізетін функционалды мүмкіндіктердің бірі болып табылады деп ойлаймын. Сонымен, дарынды деп, оқушының бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуін де айтуға болады. Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – заман талабы. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың мүмкіндіктері мен талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі керек. Дарындылықты дамытуда оқушыға талап қоя білу қажет. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс оқушының шығармашылығын шыңдап, жақсы нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың мақсаты- жан-жақты дамыған, білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру . Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау- белгілі бір баланың дамуына талдау жасау ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес. Дарынды балаларды іздеу – арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде жүргізілуі қажет екені жайлы «Талантты және дарынды балаларға білім беру» модулінде айтылған.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Осы модуль дарынды және талантты балаларды оқыту модулімен тығыз байланысты. Бұл модуль балалардың дамуының оқуда қолжетімдік дәрежесін анықтайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай берілген диалог стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай берілу керек. Сонымен қатар, ауыл мектептерінде кездесетін жас шамалары әр түрлі сыныптарда тиімді оқыту қарастырылып отыр. Оқушылардың оқуға деген қабілеттілігі, зейіні, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қатысты білім берілу керек. Осында біз негізінен оқушылардың өзін – өзі бағалауына ерекше назар аударуымыз қажет.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Менің ойымша, педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін терең кәсіби біліктілік керек. Осының негізінде қоғамдастықтың бір бөлігі көшбасшы мұғалім болып табылады. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер ететін ерекше факторларға мыналар жатады: іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алу,өзгерістер енгізу, бірігіп жұмыс істеу фактілерін жинау, кәсіби білімді құру. «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігінде құрылған. Әріптестер арасындағы пікірталас,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы ойларын жинау,әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында, басқа сыныптардың сабақтарына қатысу.
Ең алғашқы қадам әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау.Келесі қадам-өзгерістер туралы әріптестерінің кеңестері.Егер де келісу мен кеңесу тиімді болса, даму жұмысы жоспар бойынша жүзеге асады. Бұл үдеріс жалпы төмендегідей кезеңдерден тұрады: құндылықтарды анықтау, кәсіби міндеттерді анықтау,дамыту бағдарламасын құру,атқарылатын жұмыстар жоспарын құру,жоспар құруға арналған кеңестер, зерттеуге негізделген көшбасшылықты дамыту, кәсіби білімдердің дамуына әсер ететін қоғамдағы жұмыс. Осы модульдің нәтижесі әрдайым практикалық бағытта болады: олар тәжірибедегі өзгерістер,оқыту мен білім берудің жаңа әдістері. Егер де осы жұмыс басынан бастап нәтижелі болса, әріптестерін қызықтыра алса, бұл өзгерістер мектепте де кеңінен қолдау табады. Яғни, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Менің ойымша, бірлесе жасаған жұмыстар өз мектебінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен қатар басқа да ұстаздардың кәсіби білімінің негізін құрауға көмектеседі деп ойлаймын. Білім арқылы ғана ізгілікті бола алады.
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады.
Нәтижесінде оқушы:
- компьютерде еркін жұмыс жасайды;
- оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
- жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
- өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
-
ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық
мәдениеті қалыптасады.
Әдіс-тәсілдердің нәтижесі:
Осы керемет жеті модульдің әдіс – тәсілдерді пайдалануда оқушылар өз пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасау, өз ойларын қысқаша, дәл және нақты жасауға көмектеседі. Осы әдіс – тәсілдерді пайдалануда оқушылар төмендегідей нәтижеге жетеді:
1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2. Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді.
3. Өз ойын схема, кесте, суреттер, физикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін жеткізеді.
4. Физикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамытады.
5. Ізденуі іс – әрекеті қалыптасады.
6. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады.
7. Зертханалық және сарамандық жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады.
Қорыта
айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан
өзгеше, ал ертеңгі
сабақ бүгінгі
сабақтан жақсы болуы тиіс. Осылайша
физиканың негізгі заңдылықтары мен
құбылыстарын өмірмен байланыстыра
қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға
болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттырып
қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын
өмірде кеңінен қолданылатынын да
ұғындыруға мүмкіндік береді.
Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.
Менің ойымша, осы игерген біліміме мынадай сипаттама берер едім. Оқушыларды өзгермелі өмірге дайындау арқылы жаңа заманның ағымына сай өз бетінше білім алатын, ойын еркін айтатын, өзіне сенімділігі берік, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды меңгерген оқушы ретінде қол жеткізуге болады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формациялы педагог қажет» деген.
Жаңа формация мұғалімі - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шағармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының жалпы білім
беретін мектептері педагогтерінің
біліктілігін арттыру курстарының
бағдарламасы.
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан –
2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыт-бағдары» жолдауы –
2012 жылы, 14 желтоқсан.
4. Сілтемелер: www.cpm.kz, www.nis.edu.kz, www.ustaz.kz, www.moodle.nci.kz, www.physic.kz

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген