400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Физика сабағында модульдік оқыту технологиясын пайдалаудың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдер бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы «Ордабасы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

М . Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Физика сабағында модульдік оқыту

технологиясын пайдалаудың тиімділігі.






























2017-2018ж



Баяндаманың аты: Оқушылардың сабақтағы оқу жетістіктерін

критериалды бағалау жүйесін тиімді

пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.

Баяндама авторының

тегі, аты, әкесінің аты: Бапышева Акерке Конысбаевна


Жұмыс орны,қызметі: «Ордабасы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

М. Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

физика пәнінің мұғалімі.




Аннотация

М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясыныңэлементтерін пайдаланып «Жұмыс. Қуат. Энергия.» тарауын модульдік әдіспентүрлендіріп өтудің тиімділігі оқушының пәнге деген қызығушылығының арттырып қана қоймай, сонымен бірге сабақта аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеумен, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшуімен және бір сабақта бірнеше есеп шығарылуымен ерекшеленеді.






























Оқушылардың сабақтағы оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.

Бапышева Акерке Конысбаевна

физика пәнінің мұғалімі

Бүгінгі заман талабы бойынша Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі құрылуда.Ал, мектеп міндеті – әр оқушыға терең білім беру мен оқушының ойлау қабілетін арттыру. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Осы уақытқа дейін мен өз сабақтарымды дәстүрлі оқыту түрінде ұйымдастырып жүрдім. Және дәстүрлі оқыту кезінде сабақта үй тапсырмасы сұрақ жауап түрінде сұралып, жаңа сабақты көрнекіліктер арқылы түсіндіріп өтетінмін. Жаңа сабақты пысықтау мақсатында жаттығу есептерін шығарып, пысықтау сұрақтарымен қорытындылайтынмын. Бағалау кезінде әр оқушыны жеке жеке бағалап, өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасын беретінмін. Сабақ барысында оқушылар менің талапарыма ғана жауап беріп, тыңдау, есте сақтау міндетін ғана атқаратын.

Яғни, мұғалім жұмысын мұқият жоспарлау арқылы оқушының терең білім алуына қолайлы мүмкіндіктер жасайды. Тәжірибелі мұғалім өзінің оқыту әдістерін қалай дамытамын деп шығармашылық ізденіс үстінде жұреді. Оқушыларды жалықтырып алмауы үшін оқыту тәсілдерін өзгертіп, сабақтарын түрлендіріп өтеді.

Сондықтан, менөз сабақтарымда оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында, оқушының білім алу арқылы дамуын жүзеге асыруда М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясын қолданып жүрмін. Бұл модуль бойынша әр түрлі белсенді формаларды қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады.

Мысалы, 7-сыныпта «Жұмыс. Қуат. Энергия.» тарауын модульдік әдіспен былай құрастыруға болады. Күнтізбелік жоспар бойынша тарауға 12 сағат бөлінген. Ал модульдік әдіс бойынша бұл тарауға 9 сағат құрастыруға болады.

М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы ІІІ бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде тараудың негізгі материалдарын көрнекіліктер арқылы 35 минут түсіндірдім де, 5 минут оқушыларға тарау бойынша сұрақтар қойдым. Модульдік оқыту технологиясының «Диалог әдісімен оқыту» бөлімі бойынша жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда аталмыш тақырып бойынша теориялық білімдерін қолдануға машықтандыру үшін оқушыларға күрделі сандық есептер ұсынуға болады. Қорытынды бөлімін бақылау жұмысына арнадым.

Физика және астрономия пәніне мектеп бағдарламасымен салыстырғанда екі есе аз сағат саны бөлінген. Осы қиындықты «Модульдік оқыту» технологиясын пайдалану арқылы шешуге тырыстым. Нәтижесінде, бұл тарауда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, есеп шешуде жоғары нәтиже көрсетіп, сонымен бірге ойын жүйелі, ашық айта білуге үйренді.

Модульдік оқыту технологиясы.


Модульдің құрамы

Сабақ реті

Сабақ мазмұнының түрі

Сағат саны

мерзімі

Кіріспе бөлім

1-сабақ

2-сабақ

1.Модульге кіру

2.Кіріспе бөлім

1

1


Диалог әдісімен оқыту

3-сабақ

4-сабақ

5-сабақ

6-сабақ

7-сабақ

8-сабақ

3.Кестемен жұмыс.

4.Деңгейлік тапсырмалар

5.Тест.

6.«Озық ойлы»

7.Зертханалық жұмыс №7.

8.Зертханалық жұмыс №8.

1

1

1

1

1

1


Қорытынды бөлім

9-сабақ

9.Бақылау жұмысы.

1



Сабақтың тақырыбы: Жұмыс. Қуат. Энергия.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: а) жұмыс, қуат, энергия ұғымдары жайлы түсінік қалыптастыру;

б) формулаларды түрлендіре білуге үйрету;

в) есеп шығаруға деген белсенділіктерін арттыру.

Дамытушылық: а) ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру;

б) теориялық білімдерін практикада қолдану.

Тәрбиелілік: Пәнге деген қызығушылығын арттырып,өз бетінше еңбек етуге, ізденуге баули отырып, ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: физикалық шамалар жазылған кесте, интербелсенді тақта, семантикалық карта, үлестірмелі кеспелер.

Пәнаралық байланыс:математика, информатика.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, қайталау.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, семантикалық карта, есептер шығару.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Кіріспе жасау. Жаңа сабақты меңгерту.


1-сабақ.

-Модуль дегеніміз не, оның мақсаты мен міндеті қандай деген сұрақтарға жауап беру бағыт беру.

-Жұмыс, қуат, энергия түрлеріне анықтама беру.

Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады. Бұл қорытынды қысқаша мына түрде беріледі:

Жұмыс = күш жол ,

Х.Ж өлшем бірлігі:

Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.


,

Х.Ж өлшем бірлігі:

Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.

Кинетикалық энергия деп денелердің қозғалуы салдарынан туындайтын энергияны айтады.

Энергияның өлшем бірлігі ХІХ ғасырдағы ағылшын ғалымы Д.Джоульдің құрметіне Джоуль деп аталады.

Оқушылардың теориялық білімдерін бекіту үшін §63-66 пысықтау сұрақтары қойылады.

Үйге тапсырма: тараудың пысықтау сұрақтарына дайындалып келу.

Бағалау.

2-сабақ.Жаңа сабақты меңгерту.

Серпімділік күшінің істеген жұмысы серіппенің потенциалдық энергиясы деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:

Потенциалдық энергияның өзгерісі жұмысты береді:

Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиясының қосындысын механикалық энергия деп айтамыз.

Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік деп аталады. Түсетін күштің өз күш иінініе көбейтіндісі күш моменті деп аталады:

Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) деппайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасын айтады:

Оқушылардың теориялық білімдерін бекіту үшін §63-73 пысықтау сұрақтары қойылады.

Үйге тапсырма: .§63-73 тақырыптарын оқып келу.

Бағалау.

3-сабақ. Сабақтың тақырыбы:«Кестемен жұмыс» сабағында мұғалім ұсынған үлгіде оқушылар кесте толтырады. Кез-келген оқушы тақтаға шығып параметрлерге мәліметтер жазады. Деректер келтіру арқылы оқушылар оқулықпен білімдерін қажетті кез-келген жағдайда қолдануға машықтанады.


Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірдігі

Формуласы

Ауырлық күші

H

Жол

S

м

Ауырлық күшінің жұмысы

А

Дж

Қуат

N

Вт

Потенциалдық энергия

Дж

Кинетикалық энергия

Дж

Дефор-ған серіппенің потенциалдық энергиясы

Дж

Механикалық энергия

W

Дж

Күш моменті

M

H

Механизмнің ПӘК-і


Оқушылардың теориялық білімдерін бекіту үшін мынадай сұрақтар ұсынамын:

  1. Механикалық жұмыс дегеніміз не?(денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы)

  2. Қандай жағдайда жұмыс істелді деп айтуға болады?(денені бір орыннан екінші орынға қозғап апарғанда)

  3. Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?(Жоқ)

  4. Дене қозғалыста болып, оған күш әсер етпесе, онда механикалық жұмыс істеле ме?(кез келген дене күштің әсерінсіз өздігінен қозғала алмайды, дене қозғалуы үшін оған күш әсер етуі тиіс)

  5. Қуат ұғымы неліктен енгізілген?(Жұмыстың орындалу тездігін сипаттау үшін)

  6. Қуат дегеніміз не? (Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама)

  7. Жұмыс пен энергияның өзара байланысын қандай мысалдар келтіріп көрсетуге болады?(Қозғалыстағы кез келген дене жұмыс істеуге қабілетті. Егер дене жұмыс істеуге қабілетті болса, онда оның энергиясы бар деп есептеуге болады.

  8. Энергияның қандай түрлері бар?(Потенциалдық және кинетикалық энергиялар)

  9. Потенциалдық энергия дегеніміз не? (Әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.)

  10. Кинетикалық энергия дегеніміз де?(Денелердің қозғалуы салдарынан туындайтын энергия)

Үйге тапсырма: §63-73 тақырыптарын оқып келу.

Бағалау.

4-сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Деңгейлік тапсырмалар» сабағында оқушылар семантикалық картамен жұмыс жасайды.


А-тобының тапсырмалары:

Б-тобының тапсырмалары:

С-тобының тапсырмалары:


1.Массасы 3 кг шойын кесектің ауырлық күшін табыңдар.

2.Массасы 1250 кг гранит тасын 20 м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер.

3.2 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 3 кг дененің кинетикалық энергиясын анықта.

1.Машина 72км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса, онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады?

2.Қуаты 600 Вт локомотив бірқалыпты қозғалып 200 м аралықты 20с-та өтеді. Оның тарту күші қандай?

3.Серіппелі пистолеттің серіппесінің қатаңдығы 4000Н/м. Оқтың массасы 5 г. Егер серіппе 2 см сығылса, оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығар еді?


Оқушылардың теориялық білімдерін бекіту үшін мынадай сұрақтар ұсынамын:

  1. Потенциалдық энергия қандай шамаларға тәуелді? (Дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді)

  2. Кинетикалық энергия қандай шамаларға тәуелді? (Дененің қозғалыс жылдамдығына және массасына тәуелді)

  3. Серпімділік күшінің жұмысы неге оның орташа мәнімен анықталады?(Себебі, бастапқы орнынан соңғы орынға жылжытқандағы атқарылған жұмыс серпімділік күшінің жұмысы болып табылады)

  4. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?(Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиясының қосындысын айтамыз)

  5. Күш моменті дегеніміз не? (Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісін айтамыз.)

  6. Иіндік дегеніміз не? (Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.)

Үйге тапсырма: №388, №393-жаттығу есептері.

Бағалау.

5-сабақ. Тест.

1.Денеге күш әрекет етіп, бірақ ол орнынан қозғалмаса, онда механикалық жұмыс атқарыла ма?

А) ия Б) жоқ В) қозғалуы мүмкін

2.Жұмыстың өлшем бірлігі

А) Дж Б) Н В) Вт

3.Қуатты қандай формуламен анықтаймыз

А) mgh Б) Fs В)

4.Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 мин-та қанша жұмыс істейді?

А) 12кДж Б) 18 кДж В) 15 кДж

5.Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?

А) Дж Б) Дж В) Дж

6.Массасы 100 кг дене 10 м биіктіктен биіктігі 3 м үйдің төбесіне құлап түсті. Ауырлық күшінің істеген жұмысы қандай?

А) 6,86кДж Б) 5 кДж В) 4,45 кДж

7.Қатаңдығы Н/м серіппе серпімділік күшінің әсерінен 3 см-ге ұзарады. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай?

А) 70 Дж Б) 80 Дж В) 90 Дж

8.Жер бетінен вертикаль жоғары лақтырылған массасы 0,5 кг доптың бастапқы кинетикалық энергиясы 49 Дж. Потенциалдық энергиясы кинетикалық энергияға тең болатын биіктік

А) 5 м Б) 10 м В) 20 м

9.10 м биіктіктен массасы 5 кг дене еркін құлайды. Жерден 5 м биіктіктегі дененің толық энергиясы

А) 500Дж Б) 300Дж В) 200Дж

10.Иіндіктің ұзын иініне 2,5 кН күш түсіріп, қысқа иініне бекітілген массасы 1 т жүкті көтереді. Жүк 0,8 м биіктікке көтерілгенде, иіндіктің күш түсірілген нүктесі 4 м төмен түсті. Иіндіктің ПӘК-і қандай?

А) 45% Б) 60% В) 80%

Оқушылардың теориялық білімдерін бекіту үшін §63-73 пысықтау сұрақтары қойылады.

Үйге тапсырма: .§63-73 тақырыптарын қайталау.

Бағалау.

6-сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы» сабағында оқушылар «Жұмыс» және «Күш» деген атпен екі топқа бөлінеді. Жүргізуші қолындағы сандықшаға есептер жазылған кеспе қағаздарды салып ортаға шығады. Әр топ бір кеспе қағазынан алады. Есептерді бірінші шығарған топ«Озық ойлы» атанады.

Оқушылардың теориялық білімдерін бекіту үшін «волейбол» ойыны әдісін пайдаландым. Екі топ бір біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қояды.

Сұраққа көп жауап берген топ жеңімпаз атанады.

Үйге тапсырма: 39-жаттығу.

Бағалау.

7-сабақ. №7 зертханалық жұмыс: иіндіктің тепе теңдік шарттарын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.

Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, масштабты сызғыш, динамометр.

Жұмыстың барысы: 1) иіндікке байланысты тақырыптарды қайталаңдар. 2) Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналастыратындай етіп теңгеріңдер. 3) иіндіктің сол жағына айналу білігінен қашықтыққа массаларының қосындысы болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе-теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай қашықтыққа ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді кестеге жазыңдар.


Біліктің сол жағы

Біліктің оң жағы

Масса (г)

Иін (см)

Күш (Н)

Күш моменті, (Н )

Масса (г)

Иін (см)

Күш (Н)

Күш моменті, (Н )

100

10

1

0,1

50

19

0,5

0,095


4) және күш моменттерін салыстыра отырып, күш моменттер ережесінен қаншалықты ауытқитынын анықтаңдар.

ауытқу

ауытқу

Үйге тапсырма: қайталау.

Бағалау.

8-сабақ. №8 зертханалық жұмыс:Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін табу.

Жұмыстың барысы:Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-і пайдалы жұмысты толық жұмысқа бөлгенге тең:

ПӘК-і табу үшін: 1) механиканың «алтын ережесін» пайдаланып, үйкеліс ескерілмеген жағдайда, көлбеу жазықтықтың күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелген мәнімен динамометр арқылы өлшенген мәнін салыстырыңдар; 2) көлбеу жазықтықтың һ биіктігін өзгертіңдер де, істелген жұмыстарды (пайдалы және толық) және көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңдар; 3) зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер.


№

КЖБ тарту күші (Н)

Ауыр-лық күші (Н)

Білеуді КЖБ қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс

КЖ-тың ұзын-дығы, l(м)

КЖ-тың биіктігі, һ(м)

Білеуді тік жоғары көтер-генде істелетін пайдалы жұмыс,

ПӘК %

1

1Н

2Н

2 Дж

2 м

0,6 м

1,2 Дж

60%

Үйге тапсырма: қайталау.

Бағалау.

9-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тарау бойынша бақылау жұмысы.

І нұсқа.

  1. Қатаңдығы Н/м серіппе 3 см сығылғандағы потенциалдық энергиясын тап.(жауабы:4,5Дж)

  2. Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биіктікке 10 мин ішінде көтерілген болса, баланың баланың өндіретін қуатын анықта.(жауабы:25Вт)

  3. Массасы 5 т Жер серігін 100 км биіктікке 8 км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығару үшін қандай жұмыс шығындалады?(жауабы:155Дж)

  4. Кемеде салмағы 20000 Н трап ұзындығы 15 м көлбеу жазықтықпен судан шығарылып алынды және 4,5 м биіктікке көтеріледі. Трапты тартып алатын тростың керілу күші 10000 Н. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін тап.(жауабы:η=60%)

ІІ нұсқа.

  1. Массасы 1000 т поезд 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатыр. Поездың кинетикалық энергиясын табыңдар.(жауабы: Дж)

  2. Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, оны 0,8 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартып келеді. Ат 1 сағатта қандай жұмыс істейді.(жауабы:1152кДж)

  3. Массасы 100 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып 10 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың Жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?(жауабы: Дж)

  4. Қуаты 5 кВт электр двигателін қозғалысқа келтіретін механикалық күрек 144 т топырақты 10 м биіктікке 2 сағатта көтереді. Қондырғының ПӘК-ін табыңдар.(жауабы:η=40%)

Үйге тапсырма: қайталау.

Бағалау.

Қорытынды

Мектептің педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз. Қазіргі заман ағымына байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Оқытудың тиімділігін арттыруда көптеген инновациялық технологиялар қолданылуда. Мен өз іс-тәжірибемде М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясының элементтерін қолданып жүрмін.

Бұл технологияны қолданғандаоқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығының артуына және есеп шығаруды меңгеруіне көмектеседі. Сондықтан да физика сабағын модульдеп оқыту тиімді.

М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясының тиімділігі:

Оқушы үшін:

  • әр деңгейлі есептер шығару;

  • Тақырыптағы ережелерді толық түсініп,оны есеп шығарғанда пайдалану;

  • Өтілген тақырыптарды жүйелі түрде қайталап,еске түсіріп отыру;

  • Бір сабақта бірнеше есеп шығарылып, есеп шығаруға деген белсенділігі артады.

Мұғалім үшін:

  • Жұйелі тапсырма беруге ұмтылады;

  • Оқушыны басқа қырынан таниды;

  • Өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;

  • Оқушының жұмысын бағалайды;

ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша сыныптағы жалпы 19 оқушының «5»-5, «4»-6, «3»-8 болса, ІV тоқсан нәтижесінде «5»-8, «4»-8, «3»-3 болды. Ең бастысы оқушылардың логикалық ойлауы, өз ойын дәлелдей білуі дамыды.

Әр бір бала – еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Сол себепті, әр сабақты түрлендіріп өтіп, оқушы санасына ұғындыру кез келген ұстаздың міндеті. Сеебебі бүгінгі өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, айтар ойы бар оқушы әрқашан елдің сенімді болашағы болмақ.






Пікір.

Физика пәнінің мұғалімі Бапышева Акеркенің «Жұмыс. Қуат. Энергия» тарауын модульдік әдіспен құрастырған сабақтары пән әдіс бірлестігінде қаралып, талқыларды. Сабақтың құндылығы Семантикалық карта, кестемен жұмыс, сайыс сабағы, тест тапсырмалары, жаттығу есептері және т.б әдіс-тәсілдерді пайдаланып өтуі оқушының тақырыпты түсінуіне және есеп шығаруды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Алиева Алияның осы тақырыптағы сабақтары құнды деп есептеліп, мұғалімдердің аудандық тамыз педагогикалық оқуына ұсынылды.



Бірлестік жетекшісі С. Ерсинов



Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. «Физика және астрономия» 7-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. алматы «Атамұра» 2003ж

  2. М.Жанпейісова «Модульдік оқыту» технологиясы.

  3. «Математика Информатика Физика» журналы. №5, №6 2012ж

  4. «Әдіске мұғалім» журнал №6 2010ж


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
1431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі