400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Қоғамдағы ақпараттандыру үрдістерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Қоғамдағы ақпараттандыру үрдістерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Физика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олар өз бетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әрбір оқушыға жас ерекшелігі мен ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді.

Физикалық теория – логикалық бір жүйеге келтірілген білімдер жиынтығы. Оның негізгі элементтерін (фактілер, сызбалар, ұғымдар, заңдар, теорияның салдары) білу – физиканы оқытудың негізгі мақсаты.

Логикалық ойлау – білімді тиімді меңгертудің бірден-бір жолы. Кез-келген есепті шешу барысында оқушыларды талдауға, яғни есепті шешудің бірнеше жолдарын қарастыруға, ойландыруға үйрету керек.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан, қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарды пайдалану – өзекті мәселелердің бірі.

Электрондық оқулықтарды теориялық сабақтарда пайдалану кезінде білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Әрбір оқушы таңдап алған тақырыбы бойынша тапсырмалар орындап, тесттер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулықты пайдаланып, физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Жылу машиналарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» атты ашық сабақ өткіздім. Бұл сабақта оқушылар жылу қозғалтқыштарының жұмыс уақытында қоршаған ортаға көмірқышқыл газын және басқа зиянды заттарды шығарып жататындығын, ауаның жану өнімдерімен, күлмен, күйемен зияндалуы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, жылу машиналарының проблемалары мен даму болашағы жайлы пікір алысты.

Сабақ беру үрдісінде төмендегідей негізгі факторларды:

  • Өз бетінше тапсырмалар орындауды;

  • рефераттар қорғауды;

  • оқушылармен жекелей және топпен жұмыстар жүргізуді;

  • үйге олардың ойлау қабілетін дамытатын есептер беруді;

  • сабақта халықтық педагогика элементтерін қолдануды;

  • теориялық-практикалық сауаттылығын арттыруды басшылыққа аламын.

Мен жұмысымда оқытудың жаңа педагогикалық технологиялық негізі етіп, деңгейлік саралауды алдым. Ол бойынша дамыта оқыту әдісі жүзеге асырылып, оқушының ойлауы мен есте сақтауын, белсенділігі мен ынтасын, дағдысы мен білім сапасының артуы қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі оқытуда өз бетімен жұмыс істеудің мақсаты – бекіту, өткен сабақты қайталау болса, қазір жаңа технологияға байланысты оқушылардың жеке фактілерді, физикадан алған білімдерін күнделікті тұрмыста қолдана білуіне көңіл аударылады.




Шығармашылық есептерді шығару оқушылардан шығармашылық іс-әрекеттерді талап етеді. Оқушының ізденушілігі әрдайым әр түрлі жағдайларда қолданылатын білім мен іс-әрекет тәсілдерімен байланыста болатынын ескерсек, шығармашылық есептерді орындамас бұрын немесе оны орындау кезінде оқушыларда төмендегідей іс-әрекет амалдарын қалыптастыру қажеттілігі туындайды:

  • физикалық құбылыс пен объектіні өз бетінше көре және көріп бақылағандары туралы өз ойлары мен фактілерді іздеу тәсілдерін тұжырымдай білуі;

  • бір физикалық объектіні нақты бақылай және оның белгілері мен сапаларын танып, ажыратып және ортақ белгілерді топтай білуі;

  • қарастырып отырған физикалық құбылыс пен объектінін сипатын, олардың белгілері арасындағы байланысын таба білуі;

  • фактілер туралы сұрақтарды тұжырымдап, қойылатын сұрақтарды топтарға біріктіру: «Неліктен басқаша емес?», «Не арқылы ерекшеленеді?», «Егер ... онда не болады?», т.б. сұрақтар мөлшері әр кезде көбейіп, басқа объектілерді танып-білу үшін көмектеседі;

  • қойылған сұрақтар бойынша проблема мен есепті тұжырымдай білуі;

  • қажет болған жағдайда проблеманың эксперименттік қойылуы.

Оқушылардың есеп пен тапсырмаларды орындауында негізгі болып саналатын амалдардын бірі – физикалық тәжірибелерді логикалық өңдеу амалы. Өйткені мұнда ғылыми таным әдістерінің барлық компоненттері қамтылады. Физикалық кұбылыстың (процестің) анализі, синтезі, жалпылануы және т.б. оқушылардың ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін шығармашылықпен дамытатынын көрсетеді.



Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жұмыстар, оқушыларды ұқсастықты, айырмашылықты т.с.с. қүбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады.

Оқушыларға физикалық шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибелердің нәтижесін өңдеу әдісін оқыту мына бағыттарда жүзеге асырылады:

  • мұғалім қарастырып отырған құбылысқа байланысты физикалық тәжірибені көрсетіп, қарастырады;

  • көрсетілген тәжірибенің қайсыбір физикалық зандылық пен фактінің немесе құбылыстың бар екендігін айқындайтынын баса айта отырып, оқушыларға тәжірибе нәтижесі бойынша тапсырма беріледі;

  • олардың жауаптары, мәселені талқылаулары тыңдалып, ойлары талқыланады;

  • қарастырып отырған тапсырманын шамасына қарай мұндай сызбаларды тізбекті түрде тақтаға іліп, пайдалануға болады.

Сонымен қатар, физика сабағында ойын элементтерін қолдана отырып, сабақ өткізу – әрбір баланың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын туғызады. Сабақта, сонымен бірге, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді өте тиімді пайдалануға болады. Ақпараттандыру заманында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеруде.

Қорыта келгенде, баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2025
134
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі