жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Найзабек Оразкул Тойшықызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Түркістан облысы және Шымкент
қаласы бойынша ПҚБАИ
«Әдіснама және педагогикалық инновация»
кафедрасының аға оқытушысы»
«Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін» Конфуций
Білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді. Бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп, бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы үлкендердің әсері, қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ үстіндегі әрекеті. Ал біздің мақсатымыз – баланың сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты болатындай етіп ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады.
Физикалық білім беруді жаңарту ісі ең әуелі әрбір оқушыны дамытуға, өзін-өзі бағалай білетін және өзін сынай ойлана білетін жаңа деңгейдегі саналы адамды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау бағытында жүргізілуі тиіс. Ғылымның қай саласын алсақ та, теориялық және қолданбалы тәжірибелік мәнде болады деп есептесек, физика сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін біріге қарастыру өзекті мәселелердің бірі екендігін де ескергеніміз абзал.
Дәл қазір оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етуде. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Игерілуге тиісті ұғым, түсіндірілу қажет білім, айтылмақ болған ой-түсінік оқушыға әсер ететіндей болса, ол тиісті деңгейде оқушы көңіліне қонымды болады, тереңірек ойландырады, есте ұзақ сақталады.
Осы орайда мектеп алдындағы тұрған мақсат – оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді. [1]
Әрбір ұстаз өз оқушысының нені оқу керектігін, қалай оқу керектігін анықтай алады. Мысалы оқушыға тек қана белгілі бір білімді үйретуге болады. Бірақ ол жеткіліксіз, біз осыларды пайдалана отырып, оны ойлануға, саралауға, талдауға жеткізуіміз керек. Бұл дағдылар болашақтағы үлкен өмірде нық қадам басуға зор көмегін тигізеді.
Оқу әрекетінде біріншіден оқу міндеттері шешіліп,
мақсаткерлік, мотив, танымдық процесс ақпаратты қабылдап, күрделі
шығармашылық процестің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік
көріністермен және т.б. сипатталады. Екіншіден, танымдық түсінікті
қалыптастырады. Үшіншіден, танымды жүзеге асырып, оны өмірде
қолдана білуге жол ашады.
Білім берудің жүйелік саласындағы басты ұстаным – сапалы түрде іске
кірісіп, тиімді әрекеттену, құндылықтарды тұтына отырып нәтижелі
табысқа жету болатын. Бұл қағиданы ұстана білген тұлға сөзсіз
табысқа жетеді, көздеген мақсаты орындалады.
Осыған орай, мынаны айтып көрейік; 7-сыныптың «Физика және астрономия» оқулығында оқушылар зат құрылысымен, денелердің қозғалысы және олардың өзара әсерімен танысады; бұл білімдер физика курсының барлық, басқа бөлімдерін оқу кезінде пайдаланылады. Зат құрылысымен танысу сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде пайдаланылады. Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер мысалында қарастырылады, механизмдердің п.ә.к.-і енгізіліп, энергияның сақталу заңы оқытылады. Рычагтар мен біліктерге байланысты күш моменті, денелердің тепе-теңдік шарттары енгізіледі.
Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қызығушылықты оятудан бастаймыз. Олардың жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастайды. Осы арқылы "ой қозғау" жүзеге асады. Мұнда "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау”, "Әлемді шарлау” т.б. деген әдістер (стратегиялар) жинақталған. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны бұрынғы біліммен ұштастырады.
Осы әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолдана отырып, мен өз оқушылармды жаңа қырынан тани бастадым. Олардың сабаққа деген көзқарасының өзгергендігін аңғардым.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасайды. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – "білемін”, ― - "мен үшін түсініксіз”, + - "мен үшін жаңа ақпарат”, ? – "мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір үдерістің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, формуланы түрлендіріп, физикалық өлшем бірліктерді ажырата білу, олардың мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Кейде, сабақта, топтық талқылауда оқушылардың бір мәмлеге келмей, уақытты үнемдемей тапсырмада қиналуы олардың жылдам тез ойланып, өз ойын ортаға саралап дұрыс жеткізе алмауынан деген шешімді қабылдауға тура келеді. Сондықтан мен, оқушылардың ойлануына ықпал жасайтын әдіс-тәсілдерді көбірек кіріктіру қажеттігін байқадым. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға "жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті "жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең”, "Венн диаграммасы”, "Еркін жазу”, "Семантикалық карта”, "Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Физика сабағында, ол қай сынып болмасын оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді игере отырып диалог арқылы оқытуды және қалай оқу керектігін үйренуді пайдалану, оқушыларға тапсырманы сыни тұрғыдан ойландыра отырып беру арқылы талантты және дарынды балалардың оқу үдерісіндегі жетістіктерін, басқа да оқушыларға ашық түрде үлгі ету, тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне сай бере отырып қалай оқу керектігін үйрету, алған білімді түсініп қана қоймай өз өміріне пайдалана алуды меңгерту болды. [2]
Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану, бір-бірін оқыту, өзара бағалау, жұптық, топтық жұмыстар оқу сапасын арттыруда жақсы нәтиже беретіндігін түсіндім. Мұнда оқушылар оқу прцесінің маңызды бөлшегі болады. Жұптық, топтық жұмыстар оқушыларды бір-біріне жақындастырады, оқушылар бұл жұмыстарда жек дараланбай бірігіп жұмыс атқарады. Көп жағдайда олар бір-бірінің тарапынан қолдау тауып, олар өзінің білім алуымен қатар құрдастарының жоғары қарай өрлеуіне де жаупты болады.
Өз мақсатына жету үшін ұстаздың қолында үш қаруы болуы керек.
Ең бастысы шәкірттеріне деген шынайы сүйіспеншілігімен терең ғылыми білімі , үшіншісі- сол білімін оқушы бойына санасына жеткізетін әдіс-тәсіл.
Осылардын басын біріктіре білген ұстас жаңа техналогияның тимдісін
ең көрнектісін таңдап
қолданады. Мұғалімдер сабақ беруіне емес оқушылардың оқу ептілігін
дамытуға назар аудару тиіс. Сонда біліммен түсінік оқушы бойында
қалыптасады. Ал мұғалім-бұл үдерісте көмек көрсететін жан болып
табылады.[3]
Осы арқылы физика пәні жаратылыстану ғылымы болғандықтан
физикалық құбылыстар, табиғат құбылыстары, қоршаған ортаның
физикалық құбылыстары мен заңдылықтарын сабақ барысында оқушылармен
зерделеу, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оқушы бойына ғылыми
дүниетаным негіздері қалыптасуы мен қатар пәнге деген қызығушылығын
артады. Бұдан оқушы өзінің оқуы жөнінде ақпарат жинайды, талдайды
және өзінің жетістікке жетуі, дамуы жайлы қорытынды
шығарады.
Сабақтарда оқушылардың қызығушылығын
арттыруда физиканы оқу үшін бұл бағдарламаның берері шексіз.
Болашақ ұрпақ бәсекеге қабілетті, сыни ойлай алатын, сұрыптау,
талдау жасай алатын, шығармашылықпен, өз алдына жұмыс жасауы
сыныптағы оқу үдерісін сапалық жағынан арттыруға негіз
болады. Бұл мұғалімнің білім беруі мен
оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа
бастама.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013
-
«Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру» әдістемелік көмекші құрал. Қызылорда 2012ж
-
Абдулаев Ж., Асқаров П. Физика курсы. -Алматы: Ғылым: 2004.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген