400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық технологияны әрбір пән мұғалімі өз оқыту жұмысын жүргізуде қолдану үшін ең алдымен компьютерлік сауаттылығы болуы керек.Қазіргі уақытта оқыту процесінде компьютер, мультимедия құралдары,электрондық оқулықтар, электрондық бейне таспалар, интернет қолданып отырмыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№12 орта мектеп мектепке

дейінгі шағын орталығымен»МКМ

физика пәні мұғалімі Н.Садыкова



Тақырыбы : Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі



Ақпараттық технологияны әрбір пән мұғалімі өз оқыту жұмысын жүргізуде қолдану үшін ең алдымен компьютерлік сауаттылығы болуы керек.Қазіргі уақытта оқыту процесінде компьютер, мультимедия құралдары,электрондық оқулықтар, электрондық бейне таспалар, интернет қолданып отырмыз. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану – әр бір оқытушы мен оқушы өз білімін әрі қарай жетілдіру болып табылады. Міне көріп отырғанымыздай өскелең ұрпақ уақытты тиімді пайдалана алатын, жан-жақты, ізденімпаз,шығармашылыққа жаны құмар, ойлау қабілеті дамыған, белсенді, ақпараттық технологияны жете меңгерген болып шығады. Физика пәнін оқытуда АКТ пайдаланудың негізгі артықшылықтары:
- Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орындарында отырып қол жеткізе алады (интернет,қашықтан оқыту);
- Олар оқушыларға тақырып шеңберіндегі физикалық құбылыстарды немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер қорын ұлғайтады;
- Компьютер көмегімен оқушы өз бетінше және өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс жасай алады;
- Оқу курсындағы жаттығулар мен эксперименттік тапсырмаларды шапшаң, әрі нақты орындай алады.
Жаңа ақпаратты технология құралдарын физика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интелектуалдық қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдылардың қалыптасуына әкеледі.Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігінің бір көрінісі 7 сыныпта физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін,табиғаттағы құбылыстарды аннимацияық модельдеу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырдым,сондай-ақ 8сыныптарда «Жылу құбылыстары» атты тарауда электронды оқулық арқылы көрсетілген тәжірибе, қатты денелердің жылуөткізгіштігі туралы жақсы ақпарат берді.Физикалық эксперименттерді моделдеу-физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға,физикалық құбылыстарды зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік алады.Мысалы 11 сыныпта «Электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу» деген практикалық жұмысты «Кирилл и Мефодия»электрондық оқулығы бойынша компьютерлік модельдеуді терең үйренуге және тербелістерді сипаттайтын физикалық шамалардың тәуелділігін анықтау оқушылардың қызығушылығын арттырды.Сондай-ақ «Bilimland.kz»сайтындағы электронды оқулықтар физика таңдап отырған оқушыларды дайындауға үлкен септігін тигізді.Себебі,тараудағы оқу материалдары бойынша берілген аннимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды көрсете отырып,түсіндіруге ыңғайлы екендігін көрсетті. АКТ –ны пайдаланудың бір ерекшелігі жаңа тақырыпты игеруге алдын ала берілген тапсырмалар, оқушының өзінің ізденуі арқылы шығармашылыққа жетелейді.Соның бірі, «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша 8 сынып оқушылары интернет желісінен жер бетіндегі бір күндік су айналымын тауып,өздіктерінен ізденіп,зерттеу жұмыстарын жүргізді.Тарауды қортындылау мақсатында оқушылар «Табиғат құбылыстары» деген тақырыпқа эссе жазды,бұның өзі өздігінен ой қозғауға,жүргізілген құбылыстарды зерделеуге,белгілі бір тұжырым жасауға итермелейтіндігін байқатты.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12