жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ.
ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ.
Д.Қ. Құрмет
(физика және информатика пәні мұғалімі) k.dana.k90@mail.ru 87781023687
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
«РИДДЕР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ» РММ
«...Адамзат
үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың
ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды
жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және
жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ,
сіздердің еншілеріңіз...
Ал
жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың
қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың: “Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын” ерекше атап көрсетуінде де үлкен маңыз бар. Өйткені, кез келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін халықтардың білім деңгейіне қатысты бағаланады. Ендеше, еліміз сенім артып отырған бүгінгі тұлғалар, ертеңгі мамандық иелері. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат, еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Ал бұл мақсатты білім жүйесін реформалаусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Алайда, білімді реформалауда бүкіл дүниежүзілік тәжірибені пайдалана отырып, ұлттық білім беру үрдісінің озық үлгілерін соған сәйкестендіру, білім сапасын бәсекеге қабілетті етіп, ұлттық білім мен тәрбиені жаңа арнаға салу үнемі естен шығарылмауы қажет. [1]
Бұл тұрғыдан алғанда, білім беру саласын реформалау — бүкілхалықтық іс. Еліміздің ертеңі рухы биік, танымы терең, білімді білікпен ұштастырған ұрпақ қолында болғандықтан, бүгінгі білім жүйесінде жүріп жатқан өзгерістерге бүкіл қоғам тарапынан қолдау, түсінік қажет. Себебі, ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздікке қол жеткізген егемен еліміздің өркениетті елдер қатарынан лайықты орын алуы білім беру жүйесінің даму деңгейіне тікелей қатысты. Олай болса, білім реформасы – баршамызға ортақ, ұлт мүддесінен, ұрпақ қамынан туындап отырған іс.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының бірнеше бөлімі - білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары, білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, педагогикалық кадрлардың құзіреттіліктеріне арналған. Осы бөлімдерде педагог кадрлерге 21 ғасырдың мұғалімі қандай болу керек, келешекте өзіне қандай талап қою керектігі анық көрстілген. Білім берудің қандай түрі болмасын мұғалім – басты, әрі шешуші тұлға.
Сонымен, 12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оқушыға таным – бағыттық білім берудегі ең басты міндеті.
Мұғалімнің білім деген теңіздегі кеменің бас «капитаны» болғандықтан, сол кемедегі «матрос» – оқушылардың қабілеті мен жеке қасиеттерінің көзін ашуға көмектесетін нағыз маманы болуы тиісті. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудағы негiзгi құрал компьютeр және интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
МАҚСАТЫ:
Жаңа ақпараттық-техникалық оқыту құралдарын пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін және танымдық зейінін арттыруына, өз бетінше білімін толықтыруына, шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету. Бүгінгі таңдағы ғылым мен техника негіздерін түсініп, оның дамуынан хабардар ету.
Зерттеу өзектілігін айқындау үшін орта мектептің физика пәні мұғалімдерінен (15 мұғалім) сауалнама алынды. Сауалнамада төмендегідей сұрақтар болды:
Сізге сабақты қалай өткізген тиімді?
Мектептің физика кабинеті құралдармен мен аспаптармен толық жабдықталғанба?
Зертханалық жұмыстарды жасағанда жаңа құралдарды қолданасызба?
Сабақта виртуалдық зертханалық жұмыстарды қолданасызба? Қолдансаңыз оның ерекшелігі қандай?
Әлемдік талаптарға сай физиканы оқыту үшін не істеу керек?
Жоғарғы айтылғандарды іске асыру үшін физика пәні мұғалімдеріне қандай көмек қажет деп ойлайсыз?
Берілген сұрақ жауаптарын әр мектеп физика мұғалімдерімен талдай келе, белгілі болды. Мұғалімдердің көпшілігі әлемдік деңгейде қолданыста болып отырған заманауи құралдардың мектепте болғанымен оларды әр түрлі себептермен қолданбайтынын айтты.
Сол себептердің бірі заманауи құралдардың қолдану нұсқаулықтарының жоқтығын, оны үйреніп білуге маманның жоқтығын және т.б. айтты.
Сол себептен де тақырыпты өзекті деп санаймын.
Сауалнама нәтижесін келесі диаграммадан көре аласыздар. (1-Сурет )
1-сурет
ӨЗЕКТІЛІГІ
Мектептегі техникалық құралдардың және демонстрациялық құралдардың жұтаңдығы сонымен қатар барлық кабинеттердің АКТ құралдарымен толық қамтылмағандығы.
Ғылыми техникалық прогрестің дамуы
Бұрынғы жинақталған кинопленкалардың пайдалану уақыты өткен, кеуіп, ескірген мұндай кинопленкалардағы бейнетаспаға немесе компьтерге көшіру шеберлікті қажет етеді.
М І Н Д Е Т І
Оқытудың көрнекілігі артып, жаңа материалды меңгеруге себепкер болады,
әрі оқушының сабаққа ынтасын арттырады; оқу материалын түсіндіруге аз уақыт жібереді, әрі білім сапасының нәтижелігіне қол жеткізеді.
Оқушылардың табиғи сұраныстары мен қызығушылығын қанағаттандырады.
Ұстаздың еңбегін жеңілдетіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелей түседі
Тақырыпты пысықтауға жәнекөрнекі құралдарды кешенді пайдалануға мүмкіндік береді, әрі бүгінгі күн талабына сай.
Қазіргі уақытта физикалық білім берудегі білім сапасын арттыру тақырыбы өзекті мәселелерінің бірі- оқушыға физикалық есептерді шығаруды үйрету. Әр түрлі деңгейдегі физикалық есептерді шығара білу – оқушының оқу материалын өте жақсы меңгергендігін білдіреді. Дейтұрғанмен көбіне физикалық есептерді, әсіресе күрделі есептерді шығаруға сабақ уақыты жетпей жатады. Сондықтан физика – математика бағдарында оқыту үрдісіндегі “Физикалық олимпиадалардың есептерін шығару” атты қолданбалы курстың орны ерекше. Әрине оқушылар бірден күрделілігі жоғары есептерді шығарып кетпейді, бірақ сол жағдайға жетуді көздейміз. Бұл қолданбалы курс барысында оқушылар білім, білік, дағдыларды игерумен қатар өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді шеше білуді үйренеді, зерттеу, талдау, есте сақтау, логикалық және шығармашылық қабілеттері дамиды, жігерлілік, мақсаткерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауапкершілік секілді жеке қасиеттері қалыптасады.[3]
Мұғалімнің өз сабақтарында ақпараттық – комуникативтік оқыту технологиясын қолдана білуі - заман талабы. . Бұл өзекті мәселені шешу жолдарының бірі бағдарлы деңгейде физиканы оқытуға арналған интернет- ресурстарды қолдану.
Атап айтқанда:Оларға Google Earth немесе Google map;Аудио және бейне редакторлар; (Freeware бағдарамалар, мысалы: Audacity, Windows Live Movie Maker, Light Alloy тб)Тест конструкторлар, виртуальді конструкторлар (Начало электроники)Офис бағдарламалары (Word, Excel, P-Point, Publisher) Интерактивті оқыту бағдарламалары (Notebook, ActivStudio)Зертханалық құралдар жиынтығы: Cobra-4 және GLXplorer сенсорлар жиынтығы.
Бұл технологияныларды қолдану барысында оқушының пәнге қызығушылығы, ізденімпаздығы артады және шығармашылық, өзбетімен жұмыстану, дербес ойлау, өз ойын жүйелі түрде тұжырымдай білу қабілеттіліктері қалыптасады, әрі дамиды. Физиканы бағдарлы оқыту үшін көптеген мектептерде физикалық құрал- жабдықтар жетіспейді.
Физиканы оқытуға арналған интернет- ресурстарды қолдану.
Физика: коллекция опытов. http: //experiment. edu. ru
Современная физика в задачах. http: // www. nsu. ru/ materials/ssl/text/metodics/ivanov.html
Лабораторные работы по физике. http: //phdep. Ifmo.ru/labor/common/
Открытая физика http: //www.scph. mipt.ru/
Сборник материалов по физике и астрономии http: //astronom-htl.narod.ru
Бесплатные обучающие программы по физике.http: //www.history.ru/freeph. Htm
Открытый колледж: Физика http: //www. college. ru/physics/index. Php
Анимация физических процессовhttp: // physics.nad. ru/
Кабинет физики http: //www.edu.delfa.net/ [4]
Осы және тағы басқа сайттардың, электрондық оқулықтардың көмегімен қажетті компьютерлік физикалық көрсетімдерді, эксперименттерді, тәжірибелерді, лабораториялық жұмыстарды жүргізуге болды. Сонымен бірге әдістемелік, дидактикалық материалдарды алып пайдалануға болады. Күнделікті сабақтарды да бір сарынды етіп өткізбей қазіргі заман талабына сай жаңадан келіп жатқан белсенді тақтаны оның мүмкіндіктерінң барлық жақтарын қолдана отырып, әрбір сабққа флипчарт құрып, тесттерді тест құрылғыларын пайдалану, оқушының білім сапасын арттыруда көп көмегі тиеді. Оқушы күнделікті сабақты тек тыңдап қана қоймай тақтадан өте әдемі түрде берілген сабақ материалын көріп құрылғыларды өз қолымен ұстап,сезінуі де есте сақтау қабілетіне көп әсері бар. Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:
компьютерлiк үйрету бағдарламалары
электрондық оқу құралдары
компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
аудио және видеоматериалдар
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:
Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
Білім сапасына әсері зор;
Оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы - 9%, сипап сезу аркылы - 1%. Көптеген оқушылардың есте сақтау қабілетінін ішіндегі көру қабілетінің рөлі ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15 % есте сақтайды, көрген ақпараттың 25 %, ал есту және көру арқылы 65 % ақпаратты есте сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары болып есту және көру мүшелері болып табылатындықтан да білім сапасын арттыру мақсатында осы ойларды да есепке алған жөн- ау.
Физиканы бағдарлы оқытудың кейбір өзекті мәселелері
Бағдаралды даярлық үрдісін толыққанды ұйымдастыру.
Оқушының икемділіктерін, т.б. жеке ерекшеліктерін және болашақ оқу бағдарын анықтау.
Физикалық құрал – жабдықтардың жетіспеушілігі.
Оқушылардың бойында физикалық есептерді шығаруға деген жағымды мотивацияны қалыптастыру.
Оқушыларға күрделілігі әр түрлі эксперименттік, сандық, сапалық есептерді шығара білуді үйрету.
Әрбір оқушының таңдаған болашақ мамандығы негізінде саралап, даралап оқытуды жүзеге асыру.
Физиканы бағдарлы оқыту кезінде мұғалім келесі әрекеттерді жүзеге асыруы керек:
Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін: қызығушылықтарын, оқу мотивациясын, қабілеттіліктерін, ағымдағы оқу үлгерімінің деңгейін, оқудағы өзекті қиыншылықтарын, білімі мен біліктілігіндегі қалыстарын және т.б. анықтап, есепке ала отырып, оның физиканы меңгеру траекториясын құру.
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның оқу қызметін ұйымдастыру. Өз білімі мен біліктілігін жаңа практикалық жағдайларда қолдана білуді үйрету.
Оқушы орындаған тапсырмаларды тексеріп, бағалау және сараптау. Оқушы жіберген қателерді талдау негізінде оның оқу қызметін түзету (коррекциялау). Жіберген қателерін оқушының өзінің түзетуін ұйымдастыру. Қажет болған жағдайда көмектесу.
Оқушы білімі мен біліктілігіндегі қалыстарды жою мақсатында жүргізілетін шараларды анықтау.
Оқушының зерттеу жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру, өзбетімен жұмыстану және
шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сондай-ақ физика сабағында Pasport Xplorer GLX және “Spark” зертхана, сандық зертхана, Inter holding құрылғыларын қолдануға болады.
Pasport Xplorer GLX және датчиктер бұл – мұғалімдер мен оқушыларға зертхананың физикалық өлшемі туралы деректер жинайтын электронды өлшеуіш аспабы.(сурет 2)
Сурет 2
Pasport Xplorer GLX бұл – функционалды автономды қалталы компьютер және ғылыми мақсат үшін қолданылатын есептеуіш құрал. Сондай-ақ, ол Pasport датчигінің интерфейсі ретінде де жұмыс жасайды. Data Studio бағдарламалық қамтамасыздандырумен ноутбукқа немесе компьютерге жалғанған.
Pasport Xplorer GLX тіркеу кешенін және датчиктен берілген белгілерді өңдеу үшін ұсынылады.
Inter holding – бұл тек датчиктермен жұмыс жасайтын аспап. Датчиктер деректерді жинайды, графиктер тұрғызады және деректерге анализ жасайды. Inter holding немесе Data logger бір уақытта 4 датчикке ие (1 - сурет ). Inter holding бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы ноутбукқа немесе компьютерге жалғанады. Inter holding –тің Pasport Xplorer CLX-танайырмашылығы, Inter holding-те үй беті болмайды, ол барлығын компьютер экранына тез арада шығарады. (Сурет4,5)
3 – сурет. Сандық кезеңдегі температуралар демонстрациясы, Inter holding-тегі датчик
Сурет 4 Сурет 5
Оқыту жүйесiнiң сапасын арттырумен қатар бiрқатар пайдалы жақтары бар. (сурет 6)
Сурет 6 Сурет 7
Inter holding 8 датчикке ие:
күш датчигі;
қысым датчигі;
кернеу датчигі;
ток күші датчигі;
миллиамперметр датчигі;
температура датчигі;
ара қашықтық датчигі;
интенсивтілік датчигі
“Spark” зертхана кешеніне құрылғыны тіркейтін оқу құралы, химиялық құрылғы (температура, қуат, абсолютті қысым, сұйықтықтағы pH), су сапасын анықтайтын құрылғы (температура, pH, ISЕ, ТҚП, оттегінің еруі мен өткізгіштігі), ауа райын анықтайтын құрылғы (температура, барометрлік қысым, салыстырмалы және абсолютті ылғалдылық, желдің жылдамдығы мен екпіні және т.б), тығыздықты анықтайтын жабдық, таразы, жылытқыш плита, тамшы есептегіші, магнитті бұлғауыш, химия бойынша тәжірибе құрылғылары, сұйықтық электролизі, қосылыстарды бөлу, хромотография, электр өткізгіштігі, химиялық байланыстар, қышқылдар мен негіздерінің құрылғылары, сонымен бірге қозғалыс, жарық, дыбыс, көмірқышқыл газының және т.б. құрылғылары кіреді.
Сандық зертхана физикадан түрлі зертханалық жұмыстар орындауға мұмкіндік береді. Соның ішінде көлбеу бойынша қозғалыс, қарапайым тербелістер,сым кедергісінің вольтамперлік сипаттамасы, қызу шамның диоды,магниттік өрістер, дыбыс жылдамдығы, интерференция зертханалықтарын атап өтуге болады.(сурет 8-9)
Сурет 8 Сурет 9
Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.
Менің физика сабақтарында компьютерлік технологияларды пайдалану тәжірибемнен
Сурет 10 Сурет 11
Пайдаланатын компьютерлік электрондық оқу құралдары:
1. Тақырыптық электронды көрнекі құралдар – суреттер, плакаттар, мәтіндік тапсырмалар;
2. Электрондық оқулықтар – физика оқулықтары, мәтіндік құжаттар, презентациялар, видеофильмдер;
3. Лабораториялық жұмыстар;
4. Есеп жинақтары мен бақылау тесттері.
Қолданатын компьютерлік технологиялар – мультимедиа сыныбы:
1. Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері;
2. Мұғалімнің жеке ноутбугы;
3. Проектор;
4. Локал желі;
5. Компьютерге орнатылған офистік және оқу программалары;
6. Интернеттің оқу-білімдік ресурстары;
7. E-learning оқу жүйесінің ресурстары;
Ешкімге құпия емес, яғни мектеп және мектеп кабинеттеріндегі жиһаздармен құралдарының жинақтары жетіспеуі қазіргі күннің жеткілікті мәселесі болып отыр, негізінде қандай да жолмен шешілуі керек. Мектеп қаржысына қарағанда көбінесе тек жақсыны ғана қалап, мектеп жиһаздары, көрнекілік құралдары, сынып құрылғылары, кей-кезде оқу құралдарын ата-аналардың өздеріне алуға тура келеді. Егер де, әрине, оладың балаларының толық білім алуына мән берсе. Ата-аналар өте жақсы түсінсе де, мектеп құралдарының шығыны таза 100%, өйткені мектепке сапалы құрал-жабдықты ешқандай шығынсыз алуда үнемдегілері келеді [37].
Қазіргі заманға сай етіп жабдықтау үшін мектеп кабинеттерін және кәсіптік оқытуда көзді қызықтыратындай құралдар, мектеп жиһаздарының сапалы және оқу жиһаздарын, сондай парталар, столдар, дәрісхана солдары, мектеп парталары,оқушының столдары, орындықтары, қабырға тақталары, жоғарғы сапалы техникалық жабдықтар кәсіптік білім алуға, көп салалы техникалық оқыту оқу мекемелеріндегі әр деңгейлі білім алуының амалдарын Қазақстан Республикасының субъектілерін дүниежүзілік стандарт бойынша оқыту-тәрбиелеу кезінде материалдық-техникалық жабдықтарымен жабдықталған болуы керек.
Сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Қазіргі заман мен бүгінгі күн арасындағы байланыс, сапалы білім және преспективтік азаматтық қоғамның құрылуы, әсерлі экономика және қауіпсіз мемлекеттен анық. Мемлекет үшін, сондай-ақ жетілудің инновациялық жолы, өмірдің маңызды білім беру жүйесінің алға ұмтылуға ынталандыру.
Заманауй физика кабинетінің жобасы
Сурет 12
Сурет 11
Қазақстан мектебінің жаңа сапаға көшуі, білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, ХХІ ғасырда жалпы білім беретін орта мектептерде оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін жаңа үлгі таңдау.
Осы орайда мына шарттар жүзеге асуы тиіс:
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың, дидактикалық тапсырмалардың біршама жүйеленіп, сапалық деңгейінің артуы;
Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қабылеті қалыптасып, оқу әрекетінің дамуы;
Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде әр түрлі деңгейдегі әдістемелік іс - әрекеттері, ойын түрлерін жүйелі және шебер қолдана білуі.
Оқушылардың өзін ортада еркін сезінуі.
Физика сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- Оқушының өз бетімен жұмысы;
- Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Біріншіден, әр оқушы өзiне тән қарқынмен деңгейiнде жұмыс жүргiзедi. Қойылған мақсатқа жету үшiн қажеттi төзiмдiлiктi қалыптастырады.
Екіншіден, оқушы өз еңбегiнiң нәтижесiн көрiп өзiн - өзi бағалайды. Өз бетiмен жұмыс iстеу оқушының бiлiмiне әсер етпей, мiнез құлқына зор ықпалын тигiзедi.
Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған iсiн жемiстi аяқтауға тәрбиелейдi. Жауапкершiлiгi оятады. Бұл өз ретiнде оқушының iзденiмпаздылығын, шығармашылық қабiлетiн дамытады.
Мынадай ұсыныстар жасауға болады:
- болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қамтамасыз етудің дидактикалық шарттарын негізге алу;
- оқушылардың жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы құралдар жүйесін пайдалану.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық мәліметтеріне еркін қол жеткізуге болады.
Қорыта келгенде, жаңа құралдарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатындығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде құралдарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді, анық болады.Web-беттер арқылы жасалған оқу құралы практика жүзінде тексеріліп, пайдаланылды және өзінің жұмысқа жарамдылығы дәлелденді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің алдыңғы қатарына енуі үшін отандық білім беру жүйесін, оның ішінде физиканы оқытуды жетілдіру керек.
Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші –мен сонда түсінемін» делінген.Осы нақыл сөздегідей біздер оқушыларымызға өздеріне жұмыс істетіп– жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі.
Өзекті
мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған
көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе
алмаса-бізге сын. Халқымыздың
тағдыры,еліміздің ертеңі жас ұрпақтың
қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
“12 жылдық білім” атты Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал, №7 2005 ж. және №2 2006 ж.
“Математика және физика” ғылыми - әдістемелік журналы, №1,2006 ж.
Физикадан аймақтық олимпиада. Батыс Қазақстан білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік орталығы. Орал, 1999 ж.
Новикова Т.Г. Анализ разработки портфолио на основе зарубежного опыта./Развитие образовательных систем в контексте модернизации образования. –М.:ACADEMIA, АПК и ПРО, 2003,с.70
Жукова А.С. "Страна Ай – Кью" Москва, Знание, 1989.152 бет
Тарасюк Л.Н., Цейкович К.Н. "Образование в США". Социально- политический журнал, 1997, № 1.143 бет Сорос-Қазақстан Фондының білім бағдарламалар материалы бойынша және ҚР білім Министірлігі
Пилиповский В.Я. "Поиски новой модели школьного образования в США". Педагогика, 1996, №3
Лабораторное пособие по физике с Xplorer GLX. – Соединенные Штаты Америки. – 2006.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген