400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Физика туралы заңдылықтар" сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тәжірибе алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика заңдылықтары туралы аңыз.

(сыныптан тыс шара)

Г.Ж.Жексенғалиева БҚО,Орал қаласындағы

№44 мектеп-гимназиясы физика-

математика пәні мұғалімі

Сахна төрінде тақ.Тақта отырған король.Тақ жанында Корольдің үш қызы.Әрқайсысы өз ісімен әуре.

Жүргізуші.Алыс,алыс заманда бір елде ерекше король өмір сүріпті.Аты да оның ерекше екен.Гравитон! Корольдің үш қызы болыпты:Ауырлық күші,Серпімділік күші және Үйкеліс күші.Ауырлық күшінің сүйікті ісі денелердің еркін құлауын қадағалау екен.Әрине! Өйткені денелерді құлататын оның өзі ғой.(Ауырлық күші ваккум тұрбасы арқылы «Денелердің еркін құлауы» тәжірибесін қарап отыр.)

Ал Серпімділік күші серіппелердің серпімділігін ұнатады екен.Әсіресе мектептің есігінің қатты жабылып, біреулердің маңдайымен есікке соғылғаны қызық.(Серпімділік күші серіппелердің серпімді қозғалысын қарап отыр.)

Үйкеліс күші болса автомобильдер мен велосипедтердің тас жолға қалай үйкелгенін қарауды және от жағуды ұнатады екен.( Үйкеліс күші от тұтатады.)

Гравитон.Сүйкімді де сүйікті менің қыздарым!Мен сендермен әр уақыт бірге болдым.Міне, енді мен қартайдым,ауру болдым, маған арнайы дәрі қажет.Ал бұл дәрі сендердің теңдесі жоқ апаларыңыз Инерцияда ғана бар.Ал ол болса, өзге корольдікте тұрады, жол алыс,жолға үш күн керек.Қайсысыңды жұмсарымды білмей отырмын.Біреуіңнің болмауыңнан менің корольдігіме үлкен зиян келе ме деп қорқамын.

Ауырлық күші.Әкетай,мен таптым!Біз әрқайсысымыз бес минутқа ісімізді тоқтатып көреміз.

Серпімділік күші.Және кімнің болмауы аз сезілсе, сол дәрі алып келуге барады.

Үйкеліс күші.Иә,әкетай, бұл ең дұрысы.Ертеңге неге қалдырамыз,қазір бірден бастаймыз.

Ауырлық күші. Әкетай,мен дұға оқимын.

Гравитон.Енді не шара,оқы, қызым,оқы.

Ауырлық күші.Айналаны түгел от шалсын. Ал мен өлең айтамын:

Ути,боссе,боссе,Биссе, мен демаламын!

Жүргізуші.Осы сәттен бастап ауырлық күшінің әрекеті тоқтады.Енді не болды?Ашуланған,күйінген келушілер корольге қарай ағылды.Ұлы мәртебелім! Сізге Карлсон келіп тұр!

Карлсон.Мен нағыз жер щарындағы ең ақылды,ең сұлу да сүйкімді жанмын!Ең бастысы,менің өзгелерден басты артықшылығым және басты мақтанышым-мен ұша аламын!Мен,тек мен ғана ұшатын едім.Енді не болды? Бәрі ұшып жүр, тіпті, пропеллерсіз

Де ұшып жүр.Маған бұл керекемес!Егер ауырлық күшін қайтармасаңыз,мен аштық жариялаймын!Менөзімнің ешкімде жоқ даралығымды жоюға жол бермеймін!

Жүргізуші.Ұлы мәртебелім!Сізге корольдік аспаз келіп тұр,әбден ашуланған.

Аспаз.Бұл не болды?Мен асүйде ештеңе істей алар емеспін!Енді осындай азаппен бірнеше минут өтсе,Сіз,Ұлы мәртебелім, түскі ассыз қаласыз!Мен кастрюльге су жинай алмаймын.Кранды ашсам, су орнына шар тәрізді үлкен су тамшыларын көрдім,тез өсіп кететін болғасын оларды кастрюльге сыйғызу мүмкін емес.Кастрюль болса қалың су қабатымен оралған.Тек ішін маймен сылағаннан кейін ғана аздаған судыұстап қалдым.Ал бұл суды қалай қайнатамын? Сіз ауырлық күшінсіз су қайнатып көрдіңіз бе? 8сынып оқушылары жақсы біледі,бұл жағдайда конвекция болмайды, жылы қабаттар жоғары көтерілмейді және салқын қабаттармен араласпайды, ал судың жылуөткізгіштігі өте нашар, тым ұзақ қайнайды.Ал мына жалқау газшы пешті қосар емес, от үнемі сөніп қалады.

Газшы. Менің кінәм жоқ.Ауырлық күшінсіз от жанбайды! Жану кезінде көмірқышқыл,газ қалыптасады да жеңіл болғандықтан жоғарыға ұшып кетеді, ол жылы болғандықтан жеңіл болады.Ал қазір ауырлық жоқ, газ орнында қалады да, отты қоршап, қышқылға жолды бітейді, сондықтан да от сөніп қалады.

Жүргізуші.Ұлы мәртебелім!Бір пілге ұқсайтын түсініксіз пенде келіп тұр.(противогаз киген оқушы кіреді)

Противогаз киген оқушы.Гравитон, не болып жатыр? Ауа молекулалары біздің планетаны тастап, космос кеңістігіне сіңіп,жоғалып жатыр!Өйткені оларды Жерде ұстайтын ауырлық күші жоқ!Ауа тарылуда, мен өзіме противогаз таптым, бірақ бұл ұзаққа бармайды.Апат! Біз құрыдық!

Байланыс министрі.Жеделхаттар келуде.Оқуға рұқсат етіңіз.Өзен ағыстары жоғалып, су станциялары тоқтап қалды.Жаңбыр жаумай қойды.Айналада текапат!

Гравитон.Өте қауіпті жағдай.Өкінішке орай,саған баруға болмайды екен,Ауырлық күші! Мүмкін,Серпімділік күші, сен барып келерсің?

Серпімділік күші.Жарайды,әкетай! Дұға айтамын.

Айналаны түгел от шалсын. Ал мен өлең айтамын:

Ути,боссе,боссе,Биссе, мен демаламын!

Жүргізуші.Бізге дәрігер келіп тұр.

Дәрілер.Ұлы мәртебелім!Серпімділік күші жоғалғаннан бері болып жатқан барлық қайғылы оқиғалар үшін Сіз жауап бересіз!1400-дей қол,аяқтары сынған адамдар ауруханаға түсті.Адамдар жүруді ұмытып қалған сияқты.Болып жатқан көлік апаттары қаншама!

Жүргізуші.Гравитон,Сізбен сәнқой сөйлескісі келеді.

Сәнқой.Мен барлық әшекейлі нәрселерді жақсы көремін.Ал бүгін адам түсінгісіз жағдай:менің сырғаларым түсіп қалып жатыр.Мен оларды тағумен шаршадым,түсе береді.Боянуға да шама жоқ,қолыма алған заттар түсе береді.

Ағаш ұста.Ұлы мәртебелім,король Гравитон!Сіздің тағыңыз шайқала бастады.Шегелер мен болттарды ұстайтын серпімділік күші жоқ қой.

Гравитон.Не істеу керек?Тақсыз король бола ма?Сондықтан,Серпімділік күші,саған да кетуге болмайды.Енді сенің кезегің,Үйкеліс күші!

Айналаны түгел от шалсын. Ал мен өлең айтамын:

Ути,боссе,боссе,Биссе, мен демаламын!

Жүргізуші.Үйкеліс күші тоқтады.Түсініксіз жағдай.Тұтас бір делегация келіп тұр.Ұлы мәртебелім!

Акробат.Мен батутта секіргенді жақсы көремін,Батут жоғарыға лақтырылғанда өзіңді сондай ерекше күйде сезінесің.Бірақ Үйкеліс күші тоқтады да,бұл мүмкін болмай қалды!

Бадминтоншы.Ал мен бадминтон ойнағанды ұнатамын.Үйкеліс күші ракетаға соғылған воланды қайтарып тұратын еді.Енді Үйкеліс күші тоқтады да,менің сүйікті ойынымның мәні кетіп қалды.

Боксшы.Мен бокспен айналысамын,ал жаттығу қапшығы болмаса жаттыға алмаймын.Ол Үйкеліс күші арқылы қозғалып тұратын еді,үйкеліс күші болмаса,мен жаттыға алмаймын.

Баскетболшы.Сен жаттыға алмасаң, мен баскетбол ойнай алмай қалдым. Үйкеліс күшінсіз доп секірмейді, менің командам ойынсыз отыр.Сондықтан да,Гравитон,бізге Үйкеліс күшін қайтаруды талап етеміз!

Баскетболшы.Сен жаттыға алмасаң,мен баскетбол ойнай алмай қалдым.Үйкеліс күшінсіз доп секірмейді,менің командам ойынсыз отыр.Сондықтан да,Гравитон, бізге Үйкеліс күшін қайтаруды талап етеміз!

Гитарист.Мен жақында ғана гитара ойнауды үйрендім.Оның шектері үйкеліс күші арқылы дыбыс шығарушы еді,енді дыбыс та жоқ.

Аулашы.(жүгіріп кіреді) Гравитон! Қайғылы жағдай,апат!Үйдің төбесі төменге, бізге қарай құлағалы тұр,қазір ол бізді басып қалады.Құтқарыңдар!!!

Гравитон.Не істеу керек?Не істеу керек?Менің қыздарымның біреуіне де кетуге болмайды.Олардың болмауы осындай апатты болады деп ойламап едім.Мен одан да Инерция қарындасыма жеделхат жіберейін,дәріні өзі әкеліп, ағасының хал-жағдайын біліп кетсін.Ал менің қыздарыма, жерде тұрықты тірлікті сақтау үшін,Ауырлық күші,Серпімділік күші және Үйкеліс күшіне бүгіннен бастап, ғасырдан ғасырға дейін,барлық уақытта өз қызметтерін тоқтатпауға бұйырамын!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі