Физикадан 9-11 сынып олимпиада тапсырмалары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Физикадан 9-11 сынып олимпиада тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Физикадан 9-11 сынып олимпиада тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика

10 сынып


  1. Автомобиль жолдың үштен бірін υ1 жылдамдықпен, ал қалған бөлігін υ2=50 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Егер автомобилдің бүкіл жолдағы орташа жылдамдығы 37,5 км/сағ болса, жолдың бірінші бөлігіндегі жылдамдығы қандай?

4 ұпай


  1. Ұзындығы 3 метр, массасы 180 кг қайық суда тыныштықта тұр. Егер массасы m2 болатын адам қайықтың алдынғы жағынан артқы жағына орын ауыстырғанда қайық 0,75 метр қашықтыққа жылжыды. Адамның массасын табыңдар. Судың кедергі күшін ескермеңдер.

5 ұпай


  1. Ұзындығы 5 метр, биіктігі 3 метр көлбеу жазықтықта массасы 50 кг жүк тұр. Осы жүкті көлбеу жазықтықпен жоғары қарай қозғау үшін қандай күш жұмсау керек?

а) Бірқалыпты. /Үйкеліс коэффиценті барлық жағдайда 0,2 ге тең

б) 1 м/с2 үдеумен.

6 ұпай



  1. ПӘК-і 90% болатын су турбинасының пайдалы қуатын анықтау керек. Егер турбинаға түсетін судың жылдамдығы 6 м/с, ал одан шығатын судың жылдамдығы 1 м/с. Су деңгейлерінің айырмасы 4 метр. 1 секундтағы су шығыны 20 м3.

5 ұпай


















Физика

  1. Сынып


  1. Массасы m ге тең болат құйманы судан қатаңдығы k болатын темір арқанмен судан a үдеумен көтергенде, темір арқан қаншаға созылады? Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Судың кедергі күшін ескермеңдер.

4 ұпай


  1. Массасы 3,6 тонна автомобиль 40 литр бензинмен қанша жол жүреді? Үйкеліс күші автомобиль салмағының 0,05 бөлігіне тең. Қозғалтқыштың пәк –і 18 %. Қозғалыс бірқалыпты. Бензиннің меншікті ж ану жылуы q=4,6*107Дж/кг. Бензиннің тығыздығы 700кг/м3

5 ұпай

  1. Электр қозғаушы күштері 1,6 және 1,3 В және ішкі кедергілері 1,0 және 0,5 Ом болатын екі ток көзі параллель жалғанған. Олардың ұштарындағы кедергісі R= 0,6 Ом резисторға қосылған . Барлық тармақтардағы ток күштерін анықта. Жалғағыш сымдардың кедергісін есепке алмаңдар.

5 ұпай

  1. Орам саны 800 болатын өзекшесіз катушкада ток күші 2,5 А- ден 14,5 А- ге өзгергенде магнит ағыны 0,0024 Вб – ге артады. Егер ток күшінің өзгерісі 0,15 с ішінде өзгеретін болса өздік индукция ЭКҚ – нің орташа мәнін анықта. Ток күші 5 А болған кездегі катушкадағы магнит өрісінің энергиясын анықта.

6 ұпай



















Физика

9 сынып


1.Бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатқан екі қайықтың біреуі ағыс бойымен, екіншісі ағысқа қарсы жүзгенде, әрбір 10 секунд ішінде ара қашықтықтары 20 метрге азаяды. Егер қайықтар алғашқы жылдамдықтарындай жылдамдықпен ағыс бойымен жүзсе, 10 секунд ішінде олардың ара қашықтықтары 10 м-ге артады. Суға қатысты қайықтардың жылдамдықтары қандай?

5 ұпай


2. Трактордың артқы екі дөңгелегінің ара қашықтығы 2 м. Осы ара қашықтықтың ортасындағы нүкте трактор бұрылған кезде радиусы 9.0 м болатын доғамен қозғалды. Бұл кезде ішкі дөңгелек 8,4 айналым жасаған болса, сыртқы дөңгелек қанша айналым жасайды? Дөңгелектер жолмен сырғанамайды деп есептеу керек.

5 ұпай


3.Көлік жолдың 2/3 бөлігін 60 км/сағ жылдамдықпен, ал жолдың қалған бөлігін 40 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, көліктің орташа жылдамдығын табыңдар.

4 ұпай

4. 200 С температурада суы бар ыдысқа температурасы 100 г мұз салынды. Ыдыста қандай температура орнайды? Суы бар ыдыстың  жылу сыйымдылығы 1.67 кДж/К. Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы 2100 Дж/кгС, мұз еруінің меншікті жылуы  3.4 Дж/кг.

6 ұпай


















«Абай атындағы гимназия мектеп» КММ
















Физика пәнінен олимпиада тапсырмалары























Ұзынағаш, 2022

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2024
489
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі