Эрудиттер сайысы (физика)
Физика admin27.07.2015019803
Мұханова Ардақ Қуандыққызы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№ 4 орта мектебі
Физика пəні мұғалімі
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ
Пəні: Физика
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : «Эрудиттер сайысы»
Cайыстың мақсаты:
Білімділік: білім алушыларды ауызша есептей білуге,алған білімдерін одан əрі
тереңдету;
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін жəне логикалық ойлау қабілеттерін
арттыру;
Тəрбиелік: оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке жəне
өзара сыйластыққа, сөйлеу мəдениетілігіне тəрбиелеу.
Көрнекілігі:слайд,интерактивті тақта, піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке,бөтелке
Сайыс барысы:
1. «Бəйге»
2. «Құпия сандар»
3. «Физикалық тəжірибе»
Мұғалім: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер!
Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сəтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше,
бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, интеллектуалды олимпиада сіздердің
көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де
қуанарымыз əбден анық.
Құрметті көрермендер, сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз
жарқын, мерейлеріңіз əрқашан үстем болсын!
Бүгінгі біздің «Эрудиттер » сайысымызға хош келдіңіздер»! Эрудиция
( латын сөзі)-erud-оқымысты, tio-таным.
Ендеше бүгін нағыз оқымыстыларды анықтайық. Сайысымызды ашық деп
жариялаймыз!
Ойдың білім атасы
Көрегенді данасы
Көп алғысы бар батасы
Əділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, əділқазылар
алқасымен таныстырып өтейік.
Қалыбаева А-математика пəнінің мұғалімі
Бақтыбаева Н- математика пəнінің мұғалімі
Ізбасарова А-физика пəнінің мұғалімі
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар –дей келе ойыншыларымызды ортаға
шақырамыз!Қарсы алыңыздар!
1 кезең. « Бəйге» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез
болу керек.Қай оқушы қолындағы белгіні бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді.Əр
дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сұрақтар:
1)Үдеудің өлшем бірлігі(м/с)
2)Денеге əсер ететін күш масса мен үдеу көбейтіндісіне тең. Бұл қандай
заң?(Ньютонның ІІ заңы)
3) Термодинамикалық параметрлер қандай?(қысым, көлем,температура)
4) Термометр нені өлшейтін құрал?(температураны)
5)Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)
6) 1 килоджоульда неше Джоуль бар?(1000 Дж)
7)Тербелістердің уақыт бойынша кеңістікте таралуы қалай аталады? (толқын)
8) Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулалар аралық бос орындарына
өзара өтуі – бұл .... (диффузия)
9) Радионы ойлап тапқан ғалымды ата. (Попов)
10) Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-(Амперметр)
11)Сандық мəнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамалар (Векторлық)
12) Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – (Электр тогы)
І кезеңнен ұпайды аз жинаған оқушы ойыннан шығады.
Жанайық мəңгі сөнбейік
Мынаған көңіл бөлейік
Ұяшыққа назар аударып
Сұраққа жауап берейік – дей келе сайысымыздың
ІІ кезеңі «Құпия сандар» Мына ұяшықтардан таңдайсыздар
Ұлы физиктер
10
20
30
Жұмбақтар
10
20
30
Мақалдар
10
20
30
Əзіл-шыны аралас сұрақтар
10
20
30
Ұлы физиктер:
10. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? Жауабы:
(Архимед)
20. Зарядталған денелердің өзара əсерін тексерген
Жауабы: (Кулон)
30. « Жердің дəл шар емес екенін далаға шықпай, үйде отырып-ақ қалам ұшымен
дəлелдеген » ғалым.
Жауабы: Исаак Ньютон
Жұмбақтар
10. Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.
(Жол)
20. Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер əлсіз, кім күшті?
(Қуат)
30. Көтерілсе жоғары
Ерітеді мұхит
Төмен түссе шамала
Сездірер суық ызғарын
(Температура)
Мақалдар:
10. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді (диффузия)
20. Тау мен тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады. (заттың агрегаттық күйі)
30. Қазан отпен, адам əрекетпен қызады.(жылулық қозғалыс жəне ішкі энергияның
өзгеру тəсілдері)
Əзіл-шыны аралас сұрақтар
10. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық).
20. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
30. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
ІІ кезеңнен ұпайды аз жинаған оқушы ойыннан шығады
Мықты болсаң- алдағыны басып оз,
Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң-шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт!
Мықты болсаң-заманыңды көктеп өт!
ІІІ. Физикалық тəжірибе.Бұл кезең ұпайы-50 ұпай
Піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да, үстіне
жұмыртқаны қоямыз. Жұмыртқа бөтелкенің ішіне кіреді. Неліктен? (Қағаз жанғанда ауа
қызады қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі жұмыртқаға шығады Олар жайлы
төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куə болды көздерің. –деп əділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Сайыста өзінің оқымыстылығымен көзге түскен оқушы «Жас физик» атағына ие
болады.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Келесі кезіккенше сау болыңыздар!