15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Физикадан сыныптан тыс сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты физика әлемі» интелектуаллды сайыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды сайыстыра отырып, физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық:
Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сайыс
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, көріністер
Құрал- жабдықтар: ноутбук, презентация, топ аты жазылған тақтайшалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы
күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын
термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді
боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып
кемелден !
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты сыныптан тыс сайысына қош келдіңіздер! Біз бүгінгі іс-шарамыз 7– сынып оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше, ортадағы ойыншыларымызбен таныс болайық.
1 ТОП –
2 ТОП –
3 ТОП-
Сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазы алқасымен танысайық.
1.
2.
3.
Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейін. Жалпы ойынымыз 8 кезеңнен тұрады:
Сайыс жоспары
1.Таныстыру.
2. «Сырлы сауалдар» (1 ұпай)
3. «Ғажайып сандықша»
4. Мақал- мәтелдер.
5. Сергіту сәті (Кел, күлейік)
6.«КІМ ТАПҚЫР!» ( Ой жинақтау).
7. Әннің физикалық мағынасын ашу. 10 ұпай
8. Тәжірибе жасау
1.Таныстыру.Ойынға қатысушы 3 топ өздерін таныстырады.(5 – 10 ұпай)
2. «Сырлы сауалдар» бөлімі
Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)
3. Екінші кезең «Ғажайып сандықша». Ал, енди біздің оқушыларымыз, физикалық аспаптарды сәйкестеңдіріп орналастыру керек.
1. Мензурка
2. Таразы
3. Динамометр
4. Барометр
4. Мақал- мәтелдер. Мақалдардың физикалық мағынасын айту қажет.
Мақал –мәтел |
Физикалық мағынасы. |
Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді. |
Диффузия. |
Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен |
Жылуөткізгіштік. |
Отқа салса, темірде балқиды. |
Заттың күйлері. |
Темірді қызғанда соқ |
Қатты дененің балқуы |
Уайым түбі теңіз батасың да кетесің, тәуекел түбі қайық мінесің де өтесің |
Архимед заңы |
Мақал –мәтел |
Физикалық мағынасы. |
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар. |
Заттың күйі |
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. |
Диффузия |
Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас. |
Механикалық қозғалыс. |
Көсеу ұзын болса қол күймес |
Жылу өткізгіштік |
Жақсы кісінің ашуы шай орамал кепкенше |
Кебу |
5.
Сергіту
сәті (Кел, күлейік)
Бұл не?
Оның түсі - ақ. Ол бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл. Ол атом реакторы іспетті. Оның сыртының температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К. /Күн/
Бұл қай жануар?
Адамға қарағанда 6 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіреді, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады /Мысық/
6. «КІМ ТАПҚЫР!» ( Ой жинақтау).
Ғалымдар – 10 балл:
Бұл ғалымды «сэр» деп атаған
Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған
Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы
Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген
(Исаак Ньютон)
Ғалымдар – 20 балл:
Мына суреттегі ғалым кім?
Итальян ғалымы, инерция заңын ашқан.
(Галилео Галилей)
Ғалымдар – 30 балл:
Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?
(М.В. Ломоносов)
Аспаптар 10 :
Денелердің массасын өлшейтін аспап (таразы)
Аспаптар 20 :
Молекулалар мен атомдарды үлкейтіп көрсететін құрал? (микроскоп)
Аспаптар 30 :
Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)
Өлшем бірліктер – 10:
Дж қандай шаманың өлшем бірлігі. (жылу мөлшері)
Өлшем бірліктер – 20:
Дж/кг қандай шаманың өлшем бірлігі? (отынның меншікті жану жылуы)
Өлшем бірліктер – 30:
1 кал қанша Джоульге тең (4,2 Дж)
7. Әннің физикалық мағынасын ашу. 10 ұпай
2 топқа 2 ән беріледі.
1.
Желсіз түнде жарық ай…(Жарықтың шағылу
құбылысы)
3.
Жұлдызды түнде шаттанамын…(Жұлдыздардың
ашық күндері жарқырауы физикалық
құбылыс)
8. Тәжірибе жасау
1 – топ
2 – топ
Қорытындылау.
Осымен 8 кезеңіміз аяқталды.
Игеріп әлем күшін игілікке,
Физика санамызда тұр биікте.
Ойлап тапқан бәрін де адам миы,
Сондықтанда бас иеміз компьютерге.
Айтамыз көп алғысты сайыскерлерге,
Тамаша кеш сыйлаған бәрімізге.
Рахмет, көрермендер сіздерге де,
Әділқазы айтсын өз шешімін біздергеде!- деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Марапаттау. "Қызықты физика әлемі" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын.
Апталыққа белсене қатысқан сыныптарды, жекелеген оқушыларды марапаттау.Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Әділ қазылар үшін
|
|
|
1.Таныстыру (10 ұпай) |
|
|
2. Сырлы сауалдар» (1 ұпай) |
|
|
3. «Ғажайып сандықша» (1 ұпай)
|
|
|
4. Мақал- мәтелдер. (5 ұпай)
|
|
|
5. Сергіту сәті (Кел, күлейік)
|
|
|
6.«КІМ ТАПҚЫР!» ( Ой жинақтау).
|
|
|
7. Әннің физикалық мағынасын ашу. (10 ұпай)
|
|
|
8. Жекпе -жек (Топ басшылары сайысқа түседі) (10 ұпай)
|
|
|
Жалпы ұпай саны |
|
|
Көрермендер
Мұз жарғыш жүзіп келеді
Бауыры қызып келеді
Абайла ойып түсер
Ондайлар бұзық келеді (үтік)
2 Шам, плита жұмысын жасай қалды
Ал оның есептен басы айналды
(Электр есептегіш )
3. Құйрығы інге кірсе беті өртенген
Ішегіне ішегі тисе қатер төнген (Электр пеші )
4. Суға салсаң батпайды
Отқа салсаң жанбайды (Мұз)
5 Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланам өмірге жарық үшін (Электр тогы)
1-жұмбақ.
Жердің
жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге
бармайсың.
Көлікпен де, жаяу
да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2- жұмбақ.
Көп
болса, асықпайсың,
Мезеттен
қашықтайсың.
Асықсаң
аз болады,
Табасың
мұны қайсың? (Уақыт)
3-
жұмбақ.
Қозғалыста
сипаттар шапшаңдықты,
Тағы
да бір белгісіз шама шықты.
Ол
болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді
бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4-
жұмбақ.
Жылдамдықты
өзгертеді,
Қозғалысты
тездетеді.
Қарсы
шықса қозғалысқа,
Тоқтарына
көз жетеді. (Үдеу)
5-
жұмбақ.
Қозғалысқа
келтіріп,
Жылдамдығын
береді.
Өлшемдерін
қарасаң,
Ньютонға
ол келеді. (Күш)
6-
жұмбақ.
Бірдей
көлемдегі масса кейде көп,
Аз
болса да кейде дөп.
Делінеді
бұл шама,
Аталуын
тапшы тек. (Тығыздық)
7-
жұмбақ.
Күш
көбейсе артады,
қайтадан
артқа тартады.
Жүзі
жұқа үшкір зат,
Одан
бірақ қорқады. (Қысым)
8-
жұмбақ.
Барлық
денелерге тән,
Онсыз
болмайды сән.
Әр
затта болады әр түрлі,
Өлшеуге
болады дәл. (Масса)
Көрермендерге сұрақтар:
Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)
Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)
Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )
Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))
Мақал –мәтел |
Физикалық мағынасы. |
Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді. |
|
Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен |
|
Отқа салса, темірде балқиды. |
|
Темірді қызғанда соқ |
|
Уайым түбі теңіз батасың да кетесің, тәуекел түбі қайық мінесің де өтесің |
|
Мақал –мәтел |
Физикалық мағынасы. |
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар. |
|
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. |
|
Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас. |
|
Көсеу ұзын болса қол күймес |
|
Жақсы кісінің ашуы шай орамал кепкенше |
|
Мақал –мәтел |
Физикалық мағынасы. |
Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді. |
Диффузия. |
Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен |
Жылуөткізгіштік. |
Отқа салса, темірде балқиды. |
Заттың күйлері. |
Темірді қызғанда соқ |
Қатты дененің балқуы |
Уайым түбі теңіз батасың да кетесің, тәуекел түбі қайық мінесің де өтесің |
Архимед заңы |
Мақал –мәтел |
Физикалық мағынасы. |
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар. |
Заттың күйі |
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. |
Диффузия |
Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас. |
Механикалық қозғалыс. |
Көсеу ұзын болса қол күймес |
Жылу өткізгіштік |
Жақсы кісінің ашуы шай орамал кепкенше |
Кебу |
1
– топ (Есеп)
150С-та
суды 1000С-қа
дейін қыздырғанда, оның ішкі
энергиясы178,8кДЖ-ге артты. Судың массасын
анықтаңдар.
2
– топ (Есеп)
Массасы
3 кг оқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия
бөлінген, Оқ дәрінің меншікті жану
жылуын есептеңдер.
«ОЗЕРНЫЙ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ» ММ
Сыныптан тыс жұмыс
«Қызықты физика »
Дайындаған:физика пәнінің мұғалімі
Есмаганбетова Г.А
2016-2017 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген