жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физикадан үйде жасалатын эксперименттік тапсырмалар
Қостанай облысы Амангелді ауданы
Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Ғазезова Әйгерім Сабырқызы
«Физикадан үйде жасалатын эксперименттік тапсырмалар»
Курстық жұмыс
Қостанай
2015 жыл
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................1
1.Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты,оның түрлері ....................................................................................................
1.1. Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар
1.2. Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі
1.3. Физикалық практикумның мақсаты және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесі
2. Сыныптан тыс эксперименттің маңызы
2.1 Уйде жасалатын эксперименттер
2.2. Кысым тақырыбы бойынша практикалық тапсырма
2.3 Сыныптарға арналған үйде жасалатын эксперименттер
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Қазірдің өзінде физика ғылымының комбинациясын анықтау ретінде теориялық және практикалық бөлімдер енгізілген . Автордың жұмысын физика мұғалімі оқыту процесінде мүмкіндігінше осы бөлшектердің қарым-қатынасын оқушылар көрсетуі тиіс, бұл маңызды деп санайды.Өйткені, оқушылар осы қарым-қатынасты сезінген кезде, олар көптеген процестерді табиғатта, тұрмыста, коршаған ортамен, теориялық түсіндіру құқығына ие болады. Бұл, автордың пікірі бойынша, толық меңгерілген материалдың жеткілікті көрсеткіші болуы мүмкін.
Мұғалім қандай практикалық оқыту формаларын тарихқа қосымша ұсынуы мүмкін? Бірінші кезекте, әрине, бұл байқау оқытушының тікелей басшылығымен зертханалық жұмыстарды алдыңғы сабақтарында оқушылар арқылы жүзеге асырды, эксперименттер ұсына алды, сондықтан, оқушыларға жаңа материалды немесе сыныпта мұғалімі жүргізілген демонстрациялық тәжірибелер қайталау түсіндірілді. Сонымен ұсынуға болады: 1) физикалық cеминар барысында сыныпта жүзеге асырылатын эксперименттер; 2) оқушылар өткізген демонстрациялық экспериментке жауап беру; 3) мұғалімнің тапсырмасымен үйде орындалатын тәжірибелер; 4) мұғалімнің тапсырмасымен үйге берілген қысқа мерзімдік табиғи құбылыстарды бақылау.
Үйде жасалатын тәжірибеге оқушыға қажеттті зат? Біріншіден ,ол тәжірибенің нақты жазылуы және оқушыға керекті заттар көрсетілген.Мектептегі физикалық оқулықта үйге ұсынылатын тапсырма және параграф соңында қойылған сұрақтар.Ол жерде тәжірибенің жазылуын сирек кездестіруге болады.Оқушыларға үйге ұсынылған үй тапсырмасы. Нақты,мұғалім үй тапсырмасын берген кезде, ол егжей-тегжейлі беруге міндетті.
Мақсаты: тәжірибе жасау мақсатының жиынын құру, мектеп балаларына арналған жарамды эксперименттер жиынтығы жасау.
Айтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды:
1) әдебиеттерді талдау; 2) физикадағы оқытудың үйдегі эксперименттер мен байқауларын қолдану әдістерін әзірлеу; 3) Оқытушы отандық эксперименттер жиынтығын жүзеге асырып дамыту үшін оқушыларға ұсыну.
1.Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты, оның түрлері
Физика - эксперименттік ғылым. Соңдықтан, физикадан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық кұбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады.
Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Ол фазиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып саналады, себебі оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (үдеу, өріс, жарық дисперсиясы т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті т.б.) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары т.б.) тексеріледі.
Физикадық оқу экспериментінің оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке, қиыншылықты жеңе білуге, ізденушілікке, бақылай білу ептілігін дамытуға, политехникалық дағдыларын қалыптастыруға күшті әсер ететіндей тәрбиелік маңызы да зор.
Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай 6 түрден құрылады:
1) демонстрациялық эксперимент;
2) лабораториялық эксперимент;
3)физикалық практикум;
4) сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент;
5)эксперименттік есептер шығару;
6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау.
Мектепте физикалық экспериментті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты шарты - физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде дұрыс жолға қоя білу. Бұл - физика мұғалімінің ынта-жігеріне және іскерлік қабілетіне бірден-бір байланысты жұмыс.
Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстіңде көрсетіледі, сондықтан, ол сабақтың бір бөлігі болып есептелінеді және оқытудың басқа тәсілдерімен (әңгімелеу, дәріс, проблемалық баяндау, т.т.) бірігіп қолданылады. Демек, демонстрациялық тәжірибелер көрсетпейінше физика сабақтарын сапалы өткізуте болмайды.
Сабақ үстінде физикалық тәжірибелерді көбінесе мұғалім көрсетеді, кейде оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады.
Физикалық эксперимент – оқытудың ең нәтижелі, әсерлі әдістерінің бірі. Демонстрациялық тәжірибелер көрсетілгенде физика сабағы қызықты өтеді. (4)
1.1 Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар
Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құндылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді:
1. Тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органикалық байланыста көрсетілуі керек.
2. Демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс.
3.Сабақта көрсетілетін физикалық тәжірибе көп уақыт алмауы керек және барлық құралдарды бірден көрсетудің қажеті жоқ. Олардың ең негізгілерін ғана тақырыпты түсіндіруде қолданып, қалғандарын оқушылардың сұрау, қайталау сабақтарында пайдаланған тиімді.
4. Физикалық тәжірибелер негізінен физикалық заңдылықтардың сандық мағынасын дәлелдеуге тиісті.
5.Демонстрациялық эксперименттің эврикалық түрде болғаны жөн, мұндай жағдайда тәжірибенің негізінде оқушылар өздері "жаңалық" ашады немесе тиісті қорытындыға келеді.
6.Тәжірибенің бірнеше нұсқаларынан, жаңа сабақты түсіндіруде олардың ең көрнекісі, әсері (эффектісі) күштісі көрсетілуі керек.
7.Тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керекті құралдар ғана қойылуы тиіс. Оның көрнекілігін күшейту үшін мұғалім түсті қағаздарды, ақ-қара экрандарды, түрлі түсті боялған сұйықтарды пайдаланып, құралдарды жарықтандырғаны жөн.
8. Көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен сұлбаларды дер кезінде тақтаға сызу қажет. Ең дұрысы - суретті динамикалық түрде салу.
9. Физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте-мөте қажет. (5)
1.2 Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі
Зертханалық жұмысты (экспериментті) орындағанда, физика-лық құбылыстарды оқушылардың өздері бақылайды, тексеріп көреді; табиғат заңдылықтарын зерттейді; "қолдан қайта (6) жасайды", сандық және сапалық қасиеттерін байқап, өлшейді; өз бетінше қорытынды жасауға үйренеді, физикалық процестерді біліп-тануға және өмірде қолдануға мүмкіндік болатындығына сенімі артады. Зертханалық эксперимент оқытудың ең әсерлі және нәтижелі әдістеріне жатады. Оны физика ғылымындағы эксперименттік зерттеу тәсілдерінің бейнесі және тікелей "көшірмесі" деп түсіну керек. Сондықтан ол мектеп физика пәніне ғылыми-зерттеу сипат береді. Мектепте физиканы оқытудың мақсаттарын орындайтындай зертханалық эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар.
1. Демонстрациялық тәжірибені көрсеткенде оқушылар тек ғана пассивті түрде бақылаушы рөл атқаратын болса, зертханалық экспериментке олардың өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды.
2. Зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылар физикалық приборлармен, аппаратуралармен жұмыс істеуге үйреніп, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытады, практикалық маңызын түсініп, олардың табиғат құбылыстарын біліп-тануға қажетті құрал екендігіне көз жеткізеді.
3. Зертханалық эксперимент жасау үстінде оқушылар бізді қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйренеді, физика заңдарының практикалық маңызына түсінеді, физика ғылымының техникамен және өмірмен байланыстылығына сенетін болады. Бұл физиканы оқытудағы формализмді жоюға жәрдемдеседі.
4. Зертханалық сабақтарда окушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге дағдыланады, физика ғылымының танымдық күшіне сеніп, оқуға деген олардың ынта-жігері артады.
Мектепте өткізілетін зертханалық эксперимент белгі-ерекшеліктеріне қарай мынадай 5 топқа классификацияланады:
I. Зертханалық экспериментке оқушыларды қатыстырылуы бойынша :1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық зертханалақ, жұмыстар; 2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін зертханалық жұмыстары болып бөлінеді.
II. Өткізілетін орны мен уақыты бойынша зертханалық жұмыстар 4 түрге бөлінеді : 1) толық бір сабақ бойы; 2) сабақта 162 қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық практикум деп аталатып ұзақ уақыт (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта (кабинетте, үйде - 10,30 мин) өткізілетін эксперимент.
III. Зертханалық эксперимент мазмұны бойынша сандық және сапалық жұмыстар болып бөлінеді.
IV. Өткізу тәсілдері бойынша зертханалық эксперимент: 1) фронталь; 2) әр түрлі жұмыстар жүйесі; 3) физикалық практикум болып 3 ке бөлінеді.
V.Зертханалық эксперимент қойылу мақсаты бойынша зерттеушілік, эвристикалык, иллюстративтік болып бөлінеді.
Фронталь зертханалық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. Ол сабақта яғни барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. Фронталь зертханалық жұмыстардың бірқатар ұйымдастыру - әдістемелік артықшылықтары бар: а) өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә) барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өтікізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді. Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а) сыныптағы барлық оқушыларды бірдей құралдармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді; ә) бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ болып істегендіктен, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б) жұмыстың құралдардың тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды.
1.3. Физикалық практикумның мақсаты және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесі
Бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар негізінен мектеп физика курсының мынадай басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді:
1) физикалық құбылыстарды бақылау және зерттеу
2) өлшеуіш приборлармен және физикалық шамаларды өлшеу әдістерімен танысу
3) физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыс-тарды тағайындау
4) физикалық тұрақтыларды анықтау және олардың сан мәндерін табу тәсілдерімен таныстыру
5)техникалық құралдармен және қондырғылармен таныстыру.
Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі мынадай жүйеде өткізілуі тиіс: мұғалімнің кіріспе түсінігі (3-5мин), оқушылардың 163тальды іскерліктерді дамытуға, жетілдіруге болады. Физикалық практикум негізінен 9-11сынып бағдарламасын қамтиды. Шамамен әр сыныпта физикалық практикумға 10 сағат беріледі.
Физикалық практикумды ұйымдастырып өткізу физикалық зертханалық жұмыстар сияқты 3 кезеңнен тұрады
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Әзірлік |
1) құралдарды әзірлеу 2) жұмысты істеп қарап қателікті анықтап экс-периментті орындау-дың тиімді әдісін табу 3) жұмысты орындауға нұсқау әзірлеу 4) жұмысты орындау-дың графигін әзірлеу |
1) графике сәйкес әзірлену; 2) теориялық мәселені қайталау; 3) жасайтын эксперименттің теориясымен танысу; 4) құралдарды олармен жұмыс істеу ережелерімен танысу; 5) экспериментті дәптерге түсіру |
Орындау |
1) жоспар бойынша бірінші сабақта кіріспе әңгіме өткізу 2) оқушылардың жұ-мысқа әзірлігін тексеру 3) оқушылардың жұ-мыстарды орындауын тексеру |
1) жұмысты орындауға әзірлігіне есеп беру 2) өз беттерімен жұмысты орындау 3) өлшеу қателіктерін есептеп, қорытындылау |
Қорытын-дылау |
1) Оқушылардың жұмы-сын тексеріп бағалау |
1) Істеген жұмыстарының нәти-жесін әзірлеп есеп беру |
2. Сыныптан тыс эксперименттің маңызы
Айналамыздағы бізді қоршап тұрған денелер мен процестер әлемінде тұнып тұрған физикалық сыр-құпия мен таңғаларлық тамаша құбылыстар мол. Тіпті, аяқ бассаң, қозғала кетсең, тамақ пісірсең, ойыншықпен ойнасаң, машинамен жүрсең, сырғанақ тепсең, суда жүзсең, ән салсаң, домбыра тартсаң - бәрі физика екендігін физик-мұғалім ешқашан естен шығармауы тиіс. Мұны оқушыларға ұқтырудың, оған нандырудың ең тиімді жолы - оларға сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелер мен (8) бақылауларды жасаттыру. Әрине, мұндай сыныптан тыс эксперимент мұғалімнің басшылығымен ғана жүргізіледі.
Сыныптан тыс эксперименттің білімдік және тәрбиелік маңызы күшті: оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын арттырады; оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеу-лер жүргізуге баулыйды; физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді; айналамыздағы физикалық құбы-лыстардың мән-маңызын ұғады; физика және техника туралы әдебиеттерді оқуға әуестенеді; ол жайындағы кәсіби мамандықтардың ерекшеліктерімен танысады. Мұның бәрі оқушылардың физикалық білімдері мен іскерліктерін қарқынды дамытуға күшті ықпал жасайды, физиканы тереңдетіп және кеңейтіп оқуға ұмтылдырады, физика сабақтарының көрнекілігін күшейтіп молайтады.
Оқушылардың физика-техникалық сыныптан тыс тәжіри-белері мен бақылауларын ұйымдастыруға бірқатар жеткілікті мүмкіндіктердің бар екендігін аңғару қиын емес (механикалық ойыншықтар, балалардың алып жүретін (портативтік) жеңіл инструменттері, арнаулы конструкторлық приборлар комплектісі, үй-тұрмыстық машиналар мен тетіктер, үйдегі өлшеуіш при-борлар, мектеп айналасындағы өндіріс орындары, ұстагершілік үй аспаптары, т.т.).
Сыныптан тыс эксперимент үйде, өндіріс объектілерінде экскурсия кезінде, физикалық - кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, оқушылар сарайлары мен жас техниктер станса-ларындағы секция жұмыстарында, қолдан приборлар жасау кезінде өткізіледі. Оқушыларды ұдайы физика-техникалық өнертапқыштықпен, рационализаторлықпен, техникалық шығар-машылықпен әр түрлі жолмен (үйірмеде, сабақта, физикалық кеште, қабырға газеті арқылы, көрмеде, экскурсияда) таныс-тырып тұру қажет.
Сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелерді, бақылау-ларды, өлшеулерді нәтижелі өткізу мұғалімнің мынадай әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарды күні бұрын жасай білу шеберлігіне байланысты: 1) оқу материалына сәйкес қосымша әдебиеттерді таңдап алып, онымен оқушыларды таныстыру, олар орындайтын тәжірибелер мен бақылауларды жоспарлау;
2) жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3) оларды орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау.
Мысалы, оқушылардың үйде жүргізетін бақылаулары мен өлшеулері мынадай тапсырма бойынша орындалуы керек:
а) үйден шелектің, бидонның, кесенің сыйымдылығын мензурканың жәрдемімен өлшеп анықтау (7-сынып).
ә) үйден мектепке дейінгі жүрген жүрісінің орташа жылдамдығын қадымдап анықтау, оның графигін сызу (7, 9-сынып).
б) тұрмыста және техникада инерция құбылысының ескерілуін бақылау (7, 9 сынып)
в) Үйдегі электр есептегіш арқылы бір күнде және бір аптада жұмсалатын энергаяның құнын есептеу (8 сынып).
г) Үйде және табиғатта байқалатын жарықтың дисперсиясы, интерференциясы, диффракциясы құбылыстарын бақылау, оларды түсіндіру (11 сынып).
д) Адамның жерге түсіретін қысым күшін және қысымын өлшеп, анықтау (7 сынып).
Сыныптан тыс эксперименттің орындалу нәтижелерін мұғалімнің сабақта сұрап, талдап, қорытындылап, толықтырып тұруы қажет.
2.1 Уйде жасалатын эксперименттер
Егер оқушылар жұмыстарды орындауға қажетті приборлармен қамтамасыз етілгенін ескерсек,онда үйде орындалатын эксперименттік жұмыстарды негізгі үш түрге бөлуге болады:
-оқушылар үй тұрмысындағы нәрселерді және қолда бар материалдарды пайдаланып істелінетін жұмыстар;
-оқушылар өздері жасаған приборлармен эксперимент жасайтын жұмыстар;
Өнеркәсіп жасап шығарған приборлармен орындалатын жұмыстар.
Жұмыстың бірінші түрін ұйымдастыру анағұрлым оңай .Алайда анағұрлым бағалырағы-жұмыстың қалған екі түрі.Оқушылардың үйде қарапайым физикалық приборлар жиынтығы мен көмекші материалдары болса өте-мөте пайдалы.Мұндай жиынтықты жасау қиыншылықтар туғыза тұрсада оқушылармен олардың ата-анасының қолынан әбден келеді.(9)
VI жәнеVII кластарда әр оқушы үйінде өз лабораториясында масштабтық сызғыш,мензурка,воронка,рычагты таразылар,ұсақ гирлер,динамометр, термометр,магнит,темір үгінділері, жалғастырушы проводтар,резеңке және шыны түтікшелер тағы басқа қосымша материалдар болуы жеткілікті. Сондай-ақ арнайы электромагнитизм,электроконструктор жиындықтары болғаны да жөн.
Тапсырма толық мағнасында пайда келтіру үшін,оқушылардан отчеттарды әзірлеуді талап ету,үйдегі бақылаулардан шыққан қорытындыларды сыныпта тексеру,талқылау және оларды анализдеу қажет.
Мұғалім үшін оқушылардың үйдегі эксперименттік жұмысына арналған біршама құралдар шығарылған .Эксперименттік сипаттағы көптеген тапсырмалар оқулыққа енгізілген.Осының бәрі лабораториялық сабақтардың бұл түрінің кең қолданылуына жағдай жасайды.
С.Я.Шамаштың құралы өте қызғылықты .Онда жұмыстар өлшеу сипатында жазылған.Жұмыстардың бәрін приборлардың минимал санын пайдаланып өткізуге болады (мензурка,Бакушинский динамометрі және өлшеуіш сызғыш,термометр).
Мұнда жұмысты өткізу үшін оқушыларға мектептен қажетті приборларды үйге беру ұсынылады (оларды оқушылардың тауып алу мүмкіндігі бола тұрса да)
VI-V кластардағы физика курсы бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау процесінде,өлшеу приборларымен жұмыс істегенде оқушыларда біліктер және дағдылармен қатар өлшеулердің қателіктері және олардың себептері жайлы жалпы түсінік болуы,тікелей өлшеулердің абсолюттік қателігін анқтай білуі, жуық сандарға қолданылатын амалдар ережесі бойына өлшеулердің нәтижелеріне өңдеу жүргізу,бірнеше өлшеулердің арифметикалық ортасын таба білулері қажет.Оқушылар өлшеудің салыстырмалы қателігі процентпен өрнектелген жайында жалпы түсінік алуы тиіс. Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның әртүрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперементтің маңызы зор. Физика сабақтарында оқушылардың эксперементтік жұмыс дағдасын, шығармашалақ қабілетін дамыту тұлғасын арттыруға болады. Мұғалімнің үйге эксперементтік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен, оқу процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының формасын түрлендіреде (кітапты оқыту, есеп шығару), екінші оқушының алдына тек қана өздігінен эксперементтік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды.Үй тапсырмасына эксперементтік тапсырмалар беру оқушының мынадай қабілеттерін және шеберліктерін дамытады: интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперемент нәтижелерін жазу және қорытындылау), пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру), ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау), еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.). Эксперементтік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперементтік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлығын тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады. Эксперементтік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда эксперементті қою және өлшеулер жүргізу маңызды. Есеп түріндегі эксперементтік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.
2.2. Кысым тақырыбы бойынша практикалық тапсырма
Тапсырма 1.
Целлофан пакетті ауызбен бір бағытта үрлегенде жан-жаққа бірдей тарайды неге?
Тапсырма 2.
Сабын көпіршігі оған ауа үрлеп енгізгенде жан-жақты бірдей ұлғайып,көпіршік шар формалы болады.Неге?
Тапсырма3.
Адамның қан айналу жүйесіндегі қысымның арнайы құрал-сфигмотанометрдің жұмыс істеуі арқылы көрсету.
Тапсырма4.
Стаканды суға батырып,оны судың ішінде төңкеріңдер.Одан соң оны жайлап судан шығарыңдар.Сонда стаканның жиегі судың ішінде тұрғанда неге оның ішіндегі су төгілмейді?
Тапсырма 5.
Спиртке батырылған мақтаны жағып,оны медициналық банканың ішіне салып,содан соң банканы денеге жабыстырады.Банка сорып алады.Неге?
Тапсырма 6.
Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?
Тапсырма 8.
Стаканға жартылай су құйып,бетін бір парақ қағазбен жабыңдар. Қағазды қолмен басып тұрып,стаканды төкеріңдер.Егер қолды қағаздан тартып алсақ,сакандағы су төгілмейді.Қағаз стаканның жиегіне жабысып қалғандай болады . Неліктен?
Тапсырма 9.
Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Не байқаймыз?
Тапсырма 10.
Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен?
Кәдімгі ақ қағаз, өлшемдері барлық жағынан бірдей. Егер екеуін жерге бір мезетте тастайтын болсақ, онда екеуінің жерге бірдей түсетінін байқаймыз.
Сіздерге сұрақ қағаздың бірі екіншісіне қарағанда жерге жылдам, әрі тез түсе алады ма?
Қағаздың үстіне кез келген затты қояйық. Енді затқа тиіспей қағазды алуға боладыма?
Қағаз кастрөл жанбайды, бірақ суды ысытады.
Тығыз
қатты қағаздан коробка жасап, оның
шеттерін скрепкамен қыстырыңыздар.
Коробкаға кішкене су құйып, оны оттың
үстіне қой. Қағаз кастрөліміз оттың
үстінде, қағаз жанып, оның ішіндегі су
құйылып кететін сияқты, бірақ олай
болмайды. Су қайнайтындай сияқты, ал
қағаз кастрөл сап-сау, тек су қайнап
шыққан кезде ғана, қағаз кастрөл лаулап
жанып күлге айналады. Бұдан мынадай
ой туады: қайнап тұрған су қағазды
қалайда бір салқындатып тұрады.
Диффузия құбылысына
Екі ыдыс алып біреуіне ыстық су, ал біреуіне салқын су құйып, екеуіне де марганцовка ерітіндісін салып бақылап көрейік. Нені байқаймыз? Ия дұрыс айтасыздар, ыстық судағы ерітінді тез, жылдам еріп, салқын судағы баяу ериді. Неліктен?
Сіріңкемен жасалған эксперимент.
4-5 сіріңкені 2-ге бөліп гүлге ұқсатып орналатырамыз. Енді осы сірікелердің ортасына су құйып жіберетін болсақ, онда сіріңкелер жайылып, жұлдызшаларға ұқсай бастайды. Себебі неде деп? Ойлайсыздар!
Бір түрткеннен суды қайнатып көрейік. Бұл үшін бізге:
1.Орамал.
2.Таза стакан.
3.Резеңке қажет.
Орамалды суға батырып, жақсылап сығайық. Стаканға су толтырып орамалды стаканның бетіне жауып резеңкемен бекітейік. Орамалдың ортасын саусақпен басайық, ал енді стаканды төңкерейік. Кішкене су төгіледі. Стаканды бір қолда ұстап тұрып екіншісімен түбінен бір түртетін болсақ, су қайнағандай болады. Неге?
Суға шамды тастап көрейік. Ол көлденең күйге түсіп, суда қалқиды. Бұл күйде шамды жаға алмаймыз. Ал егер шамның төменгі бөлігін шегемен қағып қоятын болсақ, онда жағдай басқаша болады. Шегені күшпен қаға алмаймыз, сондықтан шегені қыздырып қағатын болсақ, онда ол оңай қағылады. Шамның басының кішкентай бөлігі ғана су бетінде қалқитындай етіп, шегені таңдаймыз. Шамды жақ, ол соңына дейін жанады.Неге? Су тиетіндей жағдайда сөніп қалатын сияқты, бірақ ол сөнбейді. Неге бұлай екен?
2.3 Сыныптарға арналған үйде жасалатын эксперименттер
7-сынып
Медициналық шприцтің, балалардың сүт ішетін бөтелкесінің, градусниктің бөлік құнын және өлшеу шегін анықта.
Миллиметрлік сызғышты пайдаланып иненің, шегенің және т.б. заттардың диаметрін анықта.
Таразымен өзіңіздің массаңызды өлшеңіз. Серіппелі таразымен қазанның, шанышқының, қасықтың массасын анықта.
Әр түрлді денелерді суға батыру арқылы көлемін анықтау. Ыдыстағы судың деңгейін және бетінің ауданын өлшеуіш лентамен өлшеу.
Қант кесегінің, күріштің, жарманың өлшеуіш ыдысты және серіппелі таразыны пайдаланып тығыздығын анықта. Серіппелі таразының өлшеу шегін және бөлік құныны анықта.
Серіппелі таразы көмегімен кастрөлге және өлшеуіш ыдысқа орталап, сосын толтыра су құйып, үстел бетімен үйкелес күшін өлше, алынған мәндерді заттардың массасымен салыстыр.
Заттың көлемін біле отырып ығысқан судың салмағын (немесе кері итеруші күшті) есепте және осы заттың салмағымен салыстыр.
Капрон қақпағы бар банканың немесе тығыны бар бөтелкенің, шелектің көмегімен дененің сұйықта жүзу шарттарын анықта.
Миллиметрлік бөлігі бар сызғышпен рычагтың иіндерін өлше (қайшы, кілт) және қанша ұтатынын есепте.
Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде теңгені ең соңғы шеті көрінетіндей етіп қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен? (жарықтың екі ортада таралуы)
8-сынып
1. Кружкаға немесе сыйымдылығы белгілі ыдысқа шәй құйып, температурасын термометрмен өлше. Үстіне қайнаған су құйып, тағы да температурасын өлше. Шәйдің алған және қайнаған судың берген жылу мөлшерлерін есепте және салыстыр.
2. Массасы белгілі кастрөлге көлемі белгілі қайнаған су құй және 4-5 минуттан кейін (бұл уақытта беті жабық кастрөл жылиды) судың температурасын өлше. Бөлме температурасы біле отырып, қатты дененің (кастрөлдің) меншікті жылу сыйымдылығын есепте.
3.Кружкаға мұз кесектерін сал және сыртқы термометрдің көрсетуін пайдаланып, судың еруін бақыла. Минут сайын термометрдің көрсетуін жазып ал, графигін сыз.
4. Қалта шамының тізбегінің схемасын сызып көрсет және оның бөліктерін ата.
5. Құрғақ элементтерден құралған кішкентай ескі батареяны бұзып бөлшекте. Оны құраған бөлшектерді тауып, элементтердің бірін тіліп, оның құрылысына зер салып қара.
6. Электрлік тігін машинасындағы реостаттың немесе радиоқабылдағыштың телевизордың дыбыс реттегішінің қажеттілігін анықта.
7. Шырша гирляндасындағы лампочканың және қалта шамының құжаттық жазулары бойынша қыздыру шамының кедергісін есепте.
8. Шырша гирляндасындағы лампочканың қосылу түрін анықтап қара, әр лампочканың кернеуін есепте. Лампочканың қосылу схемасын сызып көрсет.
9. Люстрадағы лампочкалардың қосылу түрін анықта және схемасын сызып сыз.
10.Үйлеріңіздің барлық бөлмелеріндегі лампочкалардың, үтіктің, шаң сорғыштың, тоңазытқыштың, құжаттық жазулары бойынша қуатын есепте. Электр энергиясын тұтынатын барлық құрылғылардың жалпы қуатын есепте.
9-сынып
Серіппелі таразының серіппесінің қатаңдығын анықта.
Көлбеу жазықтықтан домалаған доптың үдеуін есепте. Өлшеуіш лента және секундтық тілі бар сағат арқылы.
Горизонать лақтырылған тастың, доптың лақтыру жылдамдығын есепте. Доптың ұшу алыстығын және биіктігін өлшеуіш лентамен өлшеуге болады.
Краннан аққан судың жылдамдығын анықта.
Трактордың қандай детальдарында үйкеліс пайда болатынын және үйкелісті азайтудың жолдарын айт.
Сызғыштың көмегімен механикалық сағаттың минуттық тілі мен сағаттың ұштарының жылдамдығын тап.
Кішірек шардың диаметрін мензурканың көмегімен қалай анықтауға болады. Жіңішке сым темірдің диаметрін торкөз дәптер мен қарындаштың көмегімен дәл анықтау.
Су құйылған тік бұрышты ыдыста жүзіп жүрген дененің массасын сызғыштың көмегімен анықта.
Су құйылған тар цилиндр ыдыстағы жүзіп жүрген ағаштың тығыздығын сызғыштың көмегімен анықта.
Қорытынды
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы білім саласына қойылатын талаптар мен мақсаттардың артуына әкеліп соқтырады.Физика эксперименттік ғылым ретінде қоғамға қосар үлесі зор екендігі және білім алушыға физика курсында эксперименттің қаншалықты маңызды екендігі зерттеу барысында түсіндірілді.
Сонымен зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік:
1.Мектеп оқушыларының теориялық материалдарды үйде жасалатын эксперименттік тапсырмаларды жасай алуын айқын көрсетеді.
2.Мектеп оқушыларының физика пәніне қызығушылығы жоғарлағаны анықталады
3.Физика сабақтарында оқушылардың үйде жасалатын эксперименттік тапсырмалардың жүргізу әдістемесін жасады.
«Қазіргі заманда оқушыларға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп. Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Бүгінгі көрсетілген әрбір тәжірибе сіздерге қызық болды деп ойлаймыз. Бұл тек бір бөлігі ғана оқушылардың танымдық, шығармашылық, біліктік, білімділік қабілеттерін дамытатын физиканың қызықтары әлі де көп. Физиканы оқып үйренейік. «Қызықты физика» үйірмесіне қатысайық.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Физика және астрономия» ғылыми педагогикалық журнал №2-3, 2009. 33-35б.
«Физика және астрономия» ғылыми педагогикалық журнал №4, 2007. 6-8б.
А.П. Рымкеевич «Физика есептерінің жинағы», Алматы «Рауан» 1992.
Б.С.Беликов «Решение задач по физике, общие методы», Москва «Высшая школа» 1986, 256 с.
Анарбаева А.Т «Физика есептерін шығару тәсілдері» Алматы «Мектеп» 1987 жыл. 154 б.
“Физика-7” .Р.Башарұлы,У.Тоқбергенова,Д.Қазақбаева Алматы «Атамұра» 2003
“Физика-8”. Б.М.Дүйсембаев,Г.З.Байжасарова,А.А.Медетбекова Аламты «Мектеп»2008
“Физика-9”. Р.Башарұлы,У.Тоқбергенова,Б.Нысанбай,К.Д.Мукажановна Аламаты «Мектеп» 2005
Әбдіғапаров Қ.Қ «10 сыныпта физикадан есеп шығарудың тәсілдері» Алматы «Мектеп» 1975. 255 б.
Таммет Х.Ф. «Новые методы обучения решению задач по физике» Учебный материал, Таллин «Пед.ин-т», 1981. 354 б.
Физические задачи и методы их решения. Алма-ата. /Дамитов Б.К., Фридман Л.М./ «Мектеп» 1987. 258 б.
Методика обучения решению физических задач. Б.К.Дамитов Уральск – 2002 г. 221 б.
Методика решения задач по физике, Кабуелкин Б.Н. М: Просвешение, 1972, Для учащихся. 355 б.
Творческие задачи по физике. Разумовский В.Г. М: Просвещение, 1978.
Качественные задачи по физике. Тульчинский М.Е. М: Просвещение, 1972. 298 б.
Опыты и наблюдения в домашних заданиях по физике. С.Ф.Покровский.
Москва, 1963.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген