жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДА КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДА КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Саурова К.С. магистр, аға оқытушы,
Алматы энергетика және байланыс университеті
Компьютерлік модельдеу – студенттердің танымдылығын, оқытушыларға жоғарғы деңгейде физиканы оқыту мүмкіншіліктерін арттырады. Көркемділік, құбылыс параметрлерін өзгерту мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды және процесстерді көрсету мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды зерттеу мүмкіншіліктері және т.б. сондай-ақ, студенттер модель параметрлерін өз еркінше өзгерту мүмкіншілігін алады.
Сонымен бірге, компьютерлік модельдеу сабаққа дайындалу уақытын әлдеқайда үнемдейді.
Компьютерлік модельді пайдаланып есептер шығару, студенттердің өздігінен дамуына көмектеседі, өз бетінше есептерді шығаруға, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Компьютерлік модельдеу – бұл нақты физикалық процесстерді, ЭЕМ көмегімен қорытындылау әдісі болып табылады. Компьютер динамикалық модельдерді құру, сондай-ақ нақты объект реакцияларының уақытын жылдамдату немесе ақырындату, кеңістікті созу немесе қысу, жағдайды қайталау, кесте, кескіндермен толықтыру сонымен бірге процессті басқару мүмкіншіліктерін береді.
Компьютер арқылы факторлар мен шамалар, кездейсоқ жағдайларды енгізу, творчестволық процесстерді модельдеу, қабылданған шешімдердің салдарын, сондай-ақ алынған нақты қорытындыларды имитациялауға болады.
Компьютерлік технологияны колдану физикалық процесстерді модельдеуге, сонымен бірге нақтылы түсіндіруді қажет ететін, мәселен, фотоэффект құбылысы, Резерфорд, Штерн тәжірибелері және т.б.
Жылулық сәуле шығару. М.Планктың идеялары. Кванттық теорияның пайда болуын қарастырайық.
Температурасы абсолют нөлден ерекше болатын кез-келген дене өзiнен сәуле шығарады. Бiрақ, көп жағдайда бұл сәулелердiң толқын ұзындығы адам көзi сезе алатын толқын ұзындығының аймағынан тысқары жатқандақтан бiз оны көре бермеймiз.
Денелердiң өзiнен бұлай сәуле шашуын жылулық сәуле шығару деп атайды. Шығарылатын сәулелердiң қарқындылығы және қандай толқын ұзындықтарындағы сәулелердi басымдылықпен шығаратындығы сол сәуле шашып тұрған дененiң температурасына байланысты. Әрбiр дене өзiнен сәуле шашып ғана қоймайды, сонымен қатар өзiне түскен сәуленi жұтады да. Дененiң қандай толқын ұзындығындағы сәуленi қарқындырақ жұтатындығы да оның температурасымен анықталады. Толқын ұзындығының қандай болғанына қарамастан өзiне түскен барлық сәуленi жұтатын денелердi шымқай қара денелер деп атайды. Шымқай қара дене ретiнде кiшкене саңлауы бар, iшкi бетi жақсы шағылдыратын қоспамен қапталған бiтеу дененi қарастыруға болады. Себебi тар саңлау арқылы түкен жарық ыдыстың iшкi бетiнен толық жұтылғанға дейiн аса көп рет шағылып, сыртқа шықпайды десе де болады.
Классикалық физикада сәуле шашу және жұту үздiксiз үрдiс ретiнде қарастырылады. Терең зерттеулер барысында М.Планк осы түсiнiктiң шындыққа жанаспайтынын байқады. Осымен байланысты ол өзiнiң мынадай әйгiлi болжамын ұсынды: денелердiң сәуле шашуы және жұтуы үздiксiз үрдiс емес, олар сәулелердi белгiлi үлестер – кванттар түрiнде шығарып, жұтады. (quantum – латын сөзi, мөлшер дегендi бiлдiредi).
Ал енді есептерге тоқталайық:
-
Толқын ұзындығы 500 нм көрiнетiн жарық фотонының импульсiн табыңыз.
Шешуi: Фотон импульсi
p = mc
теңдiгiмен анықталады. Ал, фотон массасы:
.
Ал оның энергиясы өз кезегiнде келесi түрде табылады:
.
Онда фотон массасы үшiн мынадай теңдiктi қолданамыз:
.
Сонымен, фотон импульсi төмендегiдей анықталады:
.
Жауабы: 1,3·10-27 кг·м/с.
-
Фотон энергиясы, бастапқы жылдамдығы 106 м/с және 4 В потенциалдар айырымымен үдетiлген электронның кинетикалық энергиясына тең. Фотонның толқын ұзындығын анықтаңыз.
Шешуi: Фотон энергиясы:
.
Бұл өрнектен, фотонның толқын ұзындығы
![]()
тең екенi табылады.
Есептiң шарты бойынша
![]()
мұндағы me – электронның тыныштық күйдегi массасы, v-электр өрiсiмен үдетiлген электронның соңғы жылдамдығы.
Сонымен, электр өрiсiнiң жұмысы, электронның кинетикалық энергиясының өзгерiсiне тең болады, яғни
.
Электр өрiсiнiң жұмысы
.
Онда
.
Бұдан, фотонның толқын ұзындығы келесi түрде анықталады:
.
Жауабы: 1,8·10-7 м.
3) Металл пластина толық ұзындығы 420 нм жарықпен жарықтандырылған, Электронның пластина бетiне шығу жұмысы 2 эВ, тежеушi потенциалдың қандай мәнiнде фототок тоқтайды.
Шешуi: Фотоэффект үшiн Эйнштейн теңдеуiне сәйкес
![]()
бұдан ұшып шыққан фотоэлектронның кинетикалық энергиясы
.
Тежеушi өрiстегi электронның eUТ потенциалдық энергиясы, оның кинетикалық энергиясына тең болған кезде, пластина бетiнен электрондардың ұшып шығуы тоқталады, яғни
![]()
мұндағы UТ-тежеушi потенциалдар айырымы немесе тежеуi кернеу.
.
Бұдан, тежеушi потенциалдар айырымы:
.
Жауабы: 0,96 В.
Мәселен есептерді шығаруда компьютерлік модельді пайдалану студенттердің қызығушылығын арттыратындығын, сонымен бірге білім сапасының артатындығын, біліктілігін арттыратындығы өз тәжірибемнен белгілі.
Сонымен бірге сабақ барысында сабақты қызықты жүргізуге, қызықты материалдармен олардың көңіл күйін аулауға, олардың жоғарғы деңгейдегі жұмыс қабілеттіктерін көрсетеді. Сабақты бұлай жүргізу студенттердің танымдық мотивациясын ұстану әрекетін, үлгерімін жоғарылатуға тек кана жаксы әсерін тигізеді.
Әдебиеттер тізімі:
-
Г. А. Бордовский, А. С. Кондратьев, А. Д. Р. Чоудери Физические основы математического моделирования. – М.: Академия, 2005. – 320 стр.
-
Д. В. Алексеев Компьютерное моделирование физических задач в Microsoft Visual Basic. – М.: Солон-Пресс, 2004. – 525 стр.
-
Смирнова Е. М. Влияние новых информационных технологий на методическую систему обучения физике. [В Интернете]
-
Мастронас З. П., Синдеев Ю. Г.,. Физика: методика и практика преподавания. Серия "Книга для учителя". Ростов на Дону : "Феникс", 2002.
-
Каменецкий С. Е., Пурышева Н. С., Важеевская Н.Е.,. Теория и методика обучения физике в школе: Общие вопросы: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. М. : Издательский центр "Академия", 2000. ISBN 5-7695-0327-0.
Түйін:
Есептерді шығаруда компьютерлік модельді пайдалану арқылы студенттердің қызығушылығын, сондай-ақ, білім сапасын, біліктілігін арттыру. Сабақты бұлай жүргізу студенттердің танымдық мотивациясын ұстануәрекетін, үлгерімін жоғарылатуға тек кана жаксы әсерін тигізеді.
Резюме
В решении физических задач применение компьютерного моделирования повышает интерес у студентов, их качество образования. Во время проведения занятия с использованием компьютерного моделирования у студентов повышается мотивация, а так же повышается качество успеваемости.
Summary
The decision for the application of physical simulation increases the interest of the students, the quality of education. During exercises using computer simulations motivate students, as well as improving the quality performance.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген