жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физикалық есептерді шығаруға жалпы нұсқаулар.
1-сабақ:
Физикалық есептерді шығаруға жалпы нұсқаулар.
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру бөлімі (Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау)
-
Негізгі бөлім
Физикалық есептерді шығаруға жалпы нұсқаулықпен таныстыру, есептердің шығару үлгілерін көрсету.
Физикалық есептер мазмұнына қарай қаралатын проблемаларға, құбылыстарға байланысты механикалық, молекулалық физика, электромагнетизм, оптика, атомдық физика есептері болып бөлінеді. Ал, құрылысына қарай, қойылған сұрақтарға, шешу тәсілдеріне қарай ауызша, сапалық, мәтіндік есептер, графикалық, тәжірибелік қызықты есептер болып бірнеше түрге бөлінеді. Бүгінгі сабақта осы есептердің түрлеріне тоқталамыз.
Ауызша сұрақ және сапалық есептер – құрылысы қарапайым, ауызша жауап беретіндей қарастырылады. Бұндай есептерді шығару үшін қарапайым құбылыстардың заңдылықтарын білу керек. Сонымен бірге есептерді шешу кезінде теориялық білімдеріңді саналы түрде, іс жүзінде пайдалана алатындай болу қажет.
Мәтіндік есептерді шығаруда бір немесе бірнеше құбылыстарды, олардың заңдылықтарын қамтитын математикалық есептерді пайдаланып шешілетін проблемалар түрінде беріледі. Бұндай есептерді шығару үшін келтірілген құбылыстарды талдап, бір-біріне байланысын анықтап, заңдарын жазып, оларға сай теңдеулер қорытып шығарып, соңында есептеу жүргізу керек.
Физикалық есептерді шығару әдістері:
-
Есептің шартымен танысу; есепте қарастырылатын мәселені толық ұғынып, қойылған сұрақты анық түсінуі керек. Есептің шартына байланысты берілген шамаларды, сұрақтарды, қосымша тұрақтыларды таңбалап жазу керек.
-
Есептің мазмұнын талдау; есептің шартында берілген құбылыстардың қандай заңға бағынатынын анықтап алу, ол заңды сипаттайтын формулаларды жазу керек. Есепті талдау үшін мүмкін болған жағдайда оқиғаның суретін салу, графигін сызу керек.
-
Есепті жалпы түрде шығару; есептің сұрауларына талдау беретін проблеманы анықтайтын теңдеуді жалпы формула түрінде қорытып шығару керек.
-
Есептеу: есептеу берілген шамалардың барлығын ХБЖ өлшемдеріне келтіріп, қорытып алынған жалпы формулаға шамалардың сандық мәндерін қойып, математикалық есептеулер жүргізу керек
-
Есептер шығару
1 есеп:
Маятникті сағатты экватордан полюске көшіретін болсақ, оның жүрісі қалай өзгереді?
Берілгені:
gэ = 9,781 м/с2 Алдымен сағаттың жүрісі қалай өзгеретінін анықтап алу
gп = 9,831 м/с2 керек, полюсте тартылу әлсіз, демек сағат алға жүреді.
Т/к ∆Т Онда Тэ-Тп – Тэ сағат жүрісі арасындағы айырмашылыққа
: бұдан бір секундтағы сағат
жүрісінің айырмашылығы:
∆Т =
Тп/Тэ
табу
керек: ол үшін Тп= ![]()
Тэ=
; ![]()
Есептің жауабы: ∆Т
=![]()
2 есеп:
Жіпке ілінген суы бар шелек тербеліп тұр. Шелектің түбіндегі тесіктен су біртіндеп ағып тұр деп есептеп, жүйені матемкатикалық маятник деп есептеп, оның тербеліс периоды өзгере ме, жоқпа деген сұраққа жауап беру керек.
Жауабы: Бір қарағанда период
өзгермейтіндей болып көрінеді. Бірақ:
мұндағы
-жіптің ұзындығы емес, іліну
нүктесінен ауырлық центріне дейінгі қашықтық, ауырлық центрі су
ағуына байланысты ығысады. Демек жүйенің тербеліс периоды да
өзгереді.
Үйге тапсырма: Кабардин есептер жинағынан есептер беру
2-сабақ:
Механика бөліміндегі тақырыптарға шолу жасау
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру бөлімі (үй тапсырмасын тексеру)
-
Негізгі бөлім. Қозғалыстың түрлерін, негізгі формулаларын, теңдеулерін, графигін түсіндіру. Бірқалыпты үдемелі қозғалыстың теориясын атақты италия ғалымы Галилей Галилео әзірлеген болатын. 1638 жылы шыққан “Механика мен Жергілікті қозғалысқа жататын жаңа екі ғылым саласына қатысты әңгіме және математикалық дәлелдемелер” деген өзінің кітабында Галилей алғаш рет бірқалыпты үдемелі қозғалыстың анықтамасын берді және оның заңдылықтары сипатталатын бірқатар теоремаларды дәлелдеді.
Сұрақтар беру
-
Механиканың негізгі мәселелері.
-
Түзу сызықты бірқалыпты және түзу сызықты үдемелі қозғалыстардың сипаттамалары және олардың графиктік кескіндері.
-
Шеңбер бойымен қозғалыстың кинематикалық сипаттамалары.
-
Механикада қарастырылатын күштердің түрі.
-
Қозғалыс теңдеуі дегеніміз не?
-
Қандай күштер ішкі және сыртқы деп аталады?
-
Есеп шығарғанда қай кезде динамика заңдары, ал қай жағдайларда сақталу заңдары қолданылады?
-
Қай кезде жүйе тұйықталған деп саналады?
-
Механикадағы импульстің сақталу заңының мағынасы
10. Механикадағы энергияның сақталу заңының мағынасы
11. Тербелмелі және толқындық процестердің негізгі сипаттамалары.
Есептер шығару:
1-есеп: Ұшақтың ауамен салыстырғандағы жылдамдығы 900 км/сағ. Батыстан шығысқа қарай 15 м/с жылдамдықпен жел соғып тұр. Егер ауысу тура 1) оңтүстікке; 2) солтүстікке; 3) батысқа; 4) шығысқа қарай болу керек болса, ұшақ жерге қарағанда қандай бағытта ұшу керек және оның жылдамдығы қандай болады.
Шешуі:
υ1=250м/с
υ2=15 м/с
1) α=2700
2) α=900
3) α=1800
4) α=00
Ұшақтың жермен салыстырғандағы жылдамдығы: υ= υ1+ υ2. Ұшақтың ұшуының оң бағыты меридиан бойымен оңтүстіктен солтүстікке бағытталған деп аламыз. Бұрышты осы бағыттан сағат тілшесіне қарама-қарсы бағытпен аламыз. Сонда: 1) υ= √υ1- υ2=245,5 м/с.
φ0=1800-φ; φ=1800-arcsin (υ2/υ1)=176034’. Ұшақ оңтүстік-батыс бағытта меридианмен φ0=3026’.
2) υ= √υ1- υ2=245,5 м/с. φ0=φ=arcsin (υ2/ υ1)=3026’ бұрыш жасай ұшуы керек.
3) υ= υ1+ υ2=265 м/с, φ=900. Ұшақ батысқа қарай 265 м/с жылдамдықпен ұшуы керек.
4) υ= υ1- υ2=235 м/с, φ=2700. Ұшақ шығысқа қарай 235 м/с жылдамдықпен ұшуы керек.
2-есеп. Платформада тұрған бақылаушының жанынан поездың бірінші вагоны 1 с-та, ал екінші вагоны 1,5 с-та өтеді. Вагонның ұзындығы l=12 м. Поезд қозғалысының а үдеуін және оның бастапқы мезеттегі жылдамдығын табыңдар. Қозғалысты бір қалыпты үдемелі деп есептеу керек.
Шешуі:
υор=l/t екенін біле отырып, үш теңдеу құрамыз:
1-теңдеу: І вагон үшін- (υ0+ υ1)/2=l/t1 немесе υ0+ υ1=2l/t1
2-теңдеу: ІІ вагон үшін: υ1+ υ2=2l/t2
3-теңдеу: екі вагон үшін: υ0+ υ2=4l/t1+t2.
Осы теңдеулерді шеше отырып: υ0=l(1/t1-1/t2+2/t1+t2)=13,6 м/с
Үдеудің формуласы: а=( υ2- υ0)(t1+t2); υ2=4l/(t1+t2)- υ0=5,6 м/с; а=-3,2 м/с2.
3-есеп. Доп төбенің етегінен басына қарай көкжиекке β=600 бұрышпен лақтырылды. Ол лақтырылған орнынан 30 м қашықтыққа барып түседі. Төбенің көлбеулік бұрышы α=300. Доптың қандай жылдамдықпен лақтырылғанын және оның ұшу уақытын табу керек.
Шешуі:
Доп горизонталь х осі бойымен : υх= υ cosβ жылдамдықпен бір қалыпты,
ал вертикаль бағытта υу= υ sinβ бастапқы жылдамдықпен және а=-g үдеумен бірқалыпты үдемелі қозғалады.
1-теңдеу: x= υхt= υtcosβ
2-теңдеу: у= υyt – gt2/2= υtsinβ-gt2/2. Доптың ұшу уақыты t=scosα/ υcosβ.
Осы өрнекті 2-теңдеуге қойып, жылдамдықты табамыз.
υ =cosα √sg / 2cosβ sin(β-α)=21 м/с
Доптың ұшу уақыты: t=scosα/ υcosβ=2,43 с
4-есеп. Велосипедші қозғаласын
тыныштық күйден бастады және алғашқы 4 с
ішінде 1
м/с2
үдеумен
қозғалды, содан соң 0,1 мин
ішінде ол
бірқалыпты қозғалды және соңғы 20 м
тоқатағанша теңкемімелі қозғалды. Қозғалыс уақыты ішіндегі
орташа жылдамдықты табыңдар.
тәуелділік графигін тұрғызыңдар.
|
|
|
|
Жолдың барлық бөліктерінде велосипедші қозғалысы түзу сызықты болғандықтан, қозғалысты координаттық әдісті қолданып кескіндеудің мағынасы жоқ.
Санақ
денесіне Жер жатады. Жалғыз
координата осін велосипедші қозғалысының бағытымен
сәйкестендіреміз (координата басы велосипедшінің бастапқы
жағдайымен сәйкес келеді).
Велосипедшінің бірінші бөлікте жүріп өткен жолы:
(1)
Осы
бөліктегі артқы жылдамдық, яғни
оның
екінші бөліктегі жлдамдығына тең, өйткені осы бөлікте ол бірқалыпты
қозғалды:
. (2)
Велосипедшінің екінші бөлікте жүріп өткен жолы:
. (3)
Үшінші
бөліктегі бастапқы жылдамдық
велосипедшінің екінші бөліктегі жылдамдығына тең,
яғни
. (4)
Осы
бөліктегі соңғы жылдамдық
(ол
тоқтады):
, (5)
осыдан:
. (6)
, немесе
. (7)
(
7) өрнектен:
. (8)
Орташа жылдамдықты анықтаймыз:
. (9)
Есептейміз:
.
Берілгенде барлық шамалардың өлшем бірлітері СИ жүйесінде келтірілген, сондықтан аралық есептеуде бірліктерді қоюдың мағынасы жоқ.
графигін тұрғызамыз,
өйткені
.
Уақыт осінде, велосипедшінің қозғалыс сипатының өзгерісіне сәйкес келетін мезеттер келтірілген.
Жауабы: велосипедшінің қозғалыс
ішіндегі орташа жылдамдығы
.
5-есеп. Екі велосипедші бір-біріне қарсы келе жатыр. Біреуі 18 км/сағ жылдамдықпен тауға көтеріліп келеді, оның үдеуі20 см/с2, ал екіншісі 5,4 км/сағ жылдамдықпен таудан түсіп келеді, оның үдеуі 0,2 м/с2. Егер бастапқы кезде олардың арасы130 м болса, қанша уақыттан кейін олар кездеседі және олардың әрқайсысы қанша жол жүреді?
(жауабы: s1= υ01t-at2/2; s2= υ02t+at2/2; s=s1+s2;
s=( υ01+ υ02)t; t=s/ υ01+ υ02=20c; s1 =60м. S2=70 м)
6-есеп. Бір дене 20 м биіктіктен, екінші дене 80 м биіктіктен түседі. Екінші дененің түсу жылдамдығы бірінші дененің түсу жылдамдығынан қанша есе көп? Екінші дененің түсу уақыты бірінші дененің түсу уақытынан қанша есе көп?
(Шешуі:
Жауабы:
υ2/
υ1=√2gh2
/
√2gh1=√h1/h2=2;
t2/t1=
υ2

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген