жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Физикалық эстафета-сыныптан тыс шара. 9 сынып.
Күні: 18.01.2019 ж.
Cынып: 9 «а», 9 «ә»
Пәні: Физика.
Физикадан сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Физикалық сайыс».
Мақсаты :
Білімділік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлік, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Жоспары:
Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушылар, ұстаздарымыз мен мектеп оқушылары!
Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті көрермендер! Бүгін 9 «а» және 9 «ә» сыныптар арасында физика пәнінен өткелі тұрған «Физикалық сайысқа» қош келдіңіздер!
Олай болса сайысымызға қатысқалы отырған топтар:
1-топ 9 «а» сыныптың «Импульс»
2-топ 9 «ә» сыныптың «Энергия»
Сайысымыздың кезеңімен таныс болайық:
І-кезең. «Кім көп біледі?» - сұрақ-жауап.
ІІ-кезең. «Ойлан тап!» - формулаларды аяқтау.
ІІІ-кезең. «Суреттпен жұмыс». Суреттердік ортақ мағынасын табу.
ІV-кезең. «Дода».
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - әділқазылармен таныстыру.
Олай болса сайысымызды бастайық!
І-кезеңі. «Кім көп біледі?» - сұрақ-жауап. (Әр топқа сұрақ оқылады)
Бұл сайыста әр топқа бір минут ішінде сұрақтар оқылады, әр бір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
1-топ; Алғырлар тобын
Физика не туралы ғылым? (табиғат)
Жаңғырық қайдан пайда болады? (дыбыстың шағылуынан)
Заттың ең кішкентай бөлігі (атом)
Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)
Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық, газ)
Дененің жұмыс істей алу қабілетін сипаттайтын шама (энергия)
1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)
Күн бататын жақ? (Батыс)
Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы
(жылу мөлшері)
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
Кім барлық тілде сөлейді? (жаңғырық).
Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)
Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)
Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (үдеу)
Стакандағы суды ішіп қойса, ішінде не қалады? (ауа)
«Планета» деген сөз нені білдіреді? (қыдырма)
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
Молекулалардың ретсіз қозғалысы (Жылулық қозғалыс )
Дененің температурасын өлшейтін құрал (Термометр )
Табиғаттағы ең төменгі шектік температура (-273, 15°С )
Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі (Конвекция )
Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі (Джоуль(Дж) )
Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар (Скалярлық шамалар )
Сұйықтың буға айналу құбылысы (Булану )
Сұйықтың бетінде жүретін булану (Кебу )
2-топ.
Табиғат туралы ғылым (физика)
Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)
Адамға қай кезде көзілдіріктің керегі жоқ? (ұйықтағанда)
Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
Жердің серігі. (Ай)
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсын? (көлеңке)
Дененің пішінінің өзгеруі (Деформация)
Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың. Май шамды ма, әлде газды ма? (сіріңкені)
Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)
Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі? (метр)
Күн шығатын жақ. (шығыс)
Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)
Астероидтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)
Көк шарфты суға салса не болады? (су болады)
Күш өлшейтін құрал қалай аталады? Динамометр
Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль
Еркін түсу үдеуінің мәні? 9,8 м/с2.
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар (Векторлық шамалар )
Заттың агрегаттық күйлері (Қатты, сұйық, газ )
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (Үдеу )
Периодқа кері шама (Жиілік )
Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты (Айналу периоды )
Денелердің Жерге тартылу күші (Ауырлық күші )
Күшті өлшейтін физикалық прибор (Динамометр )
Будың сұйыққа айналу процессі? (Конденсация)
Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?(көлеңке басталған жерде)
Cуға салсаң батпайды, отка салсаң жанбайды (Мұз)
Дененің инерттілігінің сипаттамасы болып табылатын шама?
(масса)
ІІ-кезең. «Ойлан тап!» -формулаларды аяқтау. Әр топқа 9 формула беріледі. Берілген формуланы аяқтайды және ненің формуласы екенін айтады. Әр жауап 1 балл.
№
1
№2
ІІІ-кезең. «Суреттпен жұмыс». Суреттердің ортақ мағынасын табу.
ІV-кезең.
«Дода». Сайысымыздың
келесі бөлімі «Дода» деп аталады. Бұл
сайыста сендер саны көрсетілген
ұяшықтарды таңдау арқылы арнайы
сұрақтарға жауап берулерің керек. Егер
жауап бере алмай қалсаңдар келесі топ
жауап береді. Ұпай сол жауап берген
топқа беріледі.
Бүгін көріп, тамашалаған интеллектуалды
ойынымыз, физикалық сайысымыз өз мәресіне
жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген
команданы анықтау үшін сөз әділ қазылар
алқасына беріледі.
« Көрермендермен ойын» Физика пәніне орай жауап бересіздер.
Көрермендерге сұрақтар:
Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздалама? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)
Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )
Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))
Сен аңшылыққа шығасың, Сонда сауысқанды атасың, Бірақ қарға құлайды!!!! Қалай???
Төрт тізелі жануар (піл)
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
Жанды нәрсе туралы…..
а) Көзі
қырағы,жанған жарықта алыстан
көреді
б) Жүрегіңнің қуаты 2.2
Вт
в) Ғұмырында 40
тонна тамақ жейді
г) жердегі ең ақылды кім? ( адам)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген