жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Физикалық және химиялық құбылыстар.
Сынып: 5
Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға физикалық және химиялық құбылыстары жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
1 |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. |
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. |
2 |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Қандай денені электрленген деп атаймыз? 2.Электр тоғы дегеніміз не? 3.Адам өмірінде электр тоғы қандай рөл атқарады? 4.Магнитті құбылыс дегенді қалай түсінесің? |
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
|
3 |
Табиғаттағы денелердің пішінін және қасиетін өзгерту процесін физикалық құбылыс дейміз.Олар-металдардың балқуы,қардың еруі,судың буға айналуы,қарға айналуы,т.б.Бір заттың екінші затқа айналуы.Мұндай процесті химиялық құбылыс дейді.Олар –өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруі (органикалық заттардың оттегімен тотығуы),сүттің іруі (сүт қышқылының әсері),асқазанда және ішектегі тамақ өнімдерінің қорытылуы және т.б. |
Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады. |
4 |
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды: 1.Табиғатта физикалық-химиялық құбылыстарға нені жатқызуға болады? 2.Физикалық және химиялық құбылыстардың қандай айырмашылығы бар? Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. |
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды. |
5 |
§40 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
6. |
Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау. |
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады Қоштасады. |
Сынып: 5
Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы: Өзендер.
Мақсаты:
Білімділік: Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу.
Дамытушылық: Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы: 1. Үй жұмысын тексеру.
2. Жаңа материалды меңгерту.
3. Бекіу.
4. Үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасын сұақ-жауап арқылы тексеру:
1.Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?
2.Көл дегенді қалай түсінесің?
3.Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?
4.Мұхитта мен теңіз суларының ластануы неге байланысты?
5.Еуразияның жағалауын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?
Жаңа сабақ.
Географиялық карталардан өзендердің белгіленуін қарастыру.
Өзен дегеніміз не?
Бастау.
Өзен аңғары.
Өзен жайылмасы.
Өзеннің саласы.
Географиялық карталарға мән беріп қарасңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан-жаққа созылып жақан көкшіл бояуларды көресіңдер. Бұлар жай сызылып қойылған бояулар емес, өзендер. Өзен дегеніміз- табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Өзеннің басталар жерін бастау деп атайды. Өзен басталар жерінен құяр жеріне дейінге аралықты өзен алабы дейді. Өзен аңғары- өзен албындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жер. Көбінесе лкен өзендерге екі қапталынан кішігірім өзендер келіп құяды. Оларды өзеннің саласы деп атайды. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен –Ніл. Оның ұзындығы 6671 км. Ал ең суы мол өзен –Амазонка. Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс.
Бекіту.
Алдымен тақырыпты оқып шығып, атласпен жұмыс жасау. Картадан Ніл, Амазонка, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендерін тауып алып кескін картаға белгілеу.
Сұрақтарға жауап беру:
1.Өзен дегеніміз не?
2.Судың ағыны қалай пайда болады?
3.Өзеннің құрамдас бөліктерін ата?
4.Өзің тұратын ауыл, қала арқылы ағатын өзенге мысал келтір.Үй тапсырмасы: § 23 оқу, 1-3 сұрақтарға жауап беру.
Сынып: 5 Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы: Механикалық қозғалыс.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларғаға механикалық қозғалыс жалпы қозғалыс жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
1 |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. |
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. |
2 |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Табиғатта физикалық-химиялық құбылыстарға нені жатқызуға болады? 2.Физикалық және химиялық құбылыстардың қандай айырмашылығы бар? 3.Қандай құбылысты физикалық құбылыс дейміз? |
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
|
3 |
Адам қозғалыссыз өмір сүре ала ма?Қозғалыс дегеніміз не? Кеңістікте дененің салыстырмалы түрде басқа денеге қарағанда орналасқан жерін өзгертуі.Жалпы айтатын болсақ табиғаттағы кез келген өзгерісті қозғалыс деп түсінеміз.Бір орыннан үнемі қозғалмайтын дене жоқ. Мысалы, адам пойызда отырғанда салыстырмалы түрде орындықта қозғалмай отыруы мүмкін,бірақ ол белгілі бір бағытта пойыз арқылы жүріп бара жатыр.Яғни дененің жылдамдығын бір қалыпты тоқтаусыз сақтауын-инерция дейді. |
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
|
4 |
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды. 1.Механикалық қозғалыс дегеніміз не? 2.Механикалық қозғалысқа мысал келтіріңдер. 3.Инерция дегеніміз не? Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. |
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды. |
5 |
§41 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
6. |
Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау. |
Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады Қоштасады. |
Сынып: 5 Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы: Тепе-теңдік
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адамдардың тепе-теңдікті сақтауы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
1 |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. |
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. |
2 |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Механикалық қозғалыс дегеніміз не? 2.Механикалық қозғалысқа мысал келтіріңдер. 3.Инерция дегеніміз не? 4.инерцияға мысал келтіріңдер. |
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
|
3 |
Кез келген қозғалмай тұрған денеге белгілі бір мөлшерде сыртқы күш әсер етеді.Дененің қозғалмай тұруына бір күш екінші күшті ығыстырып тепе-теңдікті сақтайды.Жануарлар денесінің тепе-теңдігі миға байланысты болады. Кейбір жануарларда тепе-теңдікті сақтауға арналған қосымша органдары қызмет атқарады. Адамдардағы тепе-теңдікті сақтайтын құлақ түбі органдары. Біздер жүрген кезде құлақ түбіндегі органдарындағы сұйық қозғала бастайды.Егер сендер бір орында тұрып бір жағыңа қарай бірнеше рет айналып тоқтасаң-басыңның айналып тұрғандығын байқайсың. Себебі біздер тоқтағанмен жоғарыдағы аталған сұйықтық біраз уақытқа дейін айналып тұрады. |
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
|
4 |
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды. 1.Тепе-теңдік дегеніміз не? 2.Тепе-теңдікке мысал келтіріңдер. 3.Адамдардың тепе-теңдікті сақтауына не әсер етеді? Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. |
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды. |
5 |
§42 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
6. |
Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау. |
|
Сынып: 5 Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы: Ғаламшардағы тіршілік.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жалпы ғаламшардағы тіршілік туралы жан-жақты түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
1 |
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. |
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. |
2 |
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау. 1.Тепе-теңдік дегеніміз не? 2.Тепе-теңдікке мысал келтіріңдер. 3.Адамдардың тепе-теңдікті сақтауына не әсер етеді? |
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
|
3 |
Тірі организмдер 4 патшалыққа бөлінген: микроорганизмдер,саңырауқұлақтар,өсімдіктер және жануарлар.Жер бетіндегі барлық өсімдіктер флораны,ал жануарлар фаунаны құрайды. Жердің организмдерден тұратын және оларды қалыптастырушы тіршілік ортасын биосфера қабығы (грекше биос-тіршілік) дейміз Биосфераға гидросфераның барлығы, литосфераның жоғарғы қабаты және атмосфераның төменгі қабаты кіреді.Яғни тіршілік бар жердің барлығы кіреді. 1.Тірі организмдердің бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығы неде? 2.Қандай тіршілік иелерін өсімдіктерге және жануарларға жатқызамыз? |
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
|
4 |
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды. 1.Биосфера дегенді қалай түсінесің? 2.Биосфераның шекарасын анықта. 3.Адам биосфераның бір бөлігі бола ала ма? 4.Флора және фауна деген не? Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс. |
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды. |
5 |
§43 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру. |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
6. |
Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген