жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Физикалық және химиялық құбылыстар" жаратылыстану 5 сынып
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Физикалық және химиялық құбылыстар»
-
Бөлім:
5.2 A Заттар және материалдар
Педагогтің аты-жөні:
Сидақова Г.А.
Күні:
23.11.21
Сыныбы: 5 «Ә»
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Физикалық және химиялық құбылыстар
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.3.1.4- физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Физикалық құбылыстарды түсіндіріп бере алады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар химиялық құбылыстар туралы біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Химиялық және физикалық құбылыстардың айырмашылығы неде екенін біледі
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
-
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін әр елдің амандасу сөзін пайдаланып, оқушылар бір бірімен амандасады.
ә)Топ ережесін еске түсіру.
б)Топтастыру
«Қатты», «Сұйық», «Газ» әр түрлі агрегаттық күйдегі заттар арқылы топқа бөлу.
Топтың ережесі:
-
ТҚЕ сақтау.
-
Топ басшысына бағыну.
-
Белсенді болу.
-
Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.
-
Уақыт шегінде жұмыс жасау.
Мақсаты: Оқушылар бір-бірімен басқа тілде амандасу арқылы дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Әр түрлі агрегаттық күйдегі заттардың аты жазылған кеспе қағаздар
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ж) «Сәйкестендіру» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау мақсатында жеке тапсырма беріледі.
Сәйкестендіру әдісі
Заттардық қасиеттері
Анықтамасы
Ерігіштік
Дененің қоймалжын сұйықтыққа айналу қасиеті
Жылуөткіз-гіштік
Заттың жарыққа шағылысу қасиеті
Иілгіштік
заттың тұрақты электр тогын өткізу қабілеті.
Балқу
Ішкі энергияны қызуы жоғары бөлігінен салқындау бөлігіне қарай өткізу қасиеті
Жылтырау
Заттың иленіп пішінін өзгерту қасиеті
Электрөткіз-гіштік
Заттың сұйықтықта еру қасиеті
Бағалау:
5-6 дұрыс – 2 балл
3-4 дұрыс – 1 балл
1-2 дұрыс – 0 балл
Интербелсенді
тақта
слайд №5
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
Оқушыларға Бейнеролик көру ұсынылады.
Бейнероликті көріп талқылау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
Оқушылар Бейнероликті көреді.
Сұраққа жауап беру:
-не көрдіңіздер?
-не байқадыңыздар?
- Оқушылардан айналада өзіміз байқап жүрген табиғат құбылыстарын атап айтуы сұралады?
Дескриптор: Жалпы - 2 балл
Бейнеролик:
(Т)Оқушыларға «Кластер әдісі» арқылы топтық тапсырма беріледі.
(Ж) Оқушыларға Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылықтарын белгілеп, жіктеу тапсырмасы беріледі.
1-ші «Қатты» тобына: «Табиғат құбылыстары» - оқушылар күнделікті өмірде көріп жүрген құбылыстарға мысал келтіреді, сипаттама береді.
2-ші топ «Сұйық» тобына: «Физикалық құбылыстар» - оқушыларға осы құбылыстарға мысалдар келтіру тапсырылады, сипаттама береді.
3-ші «Газ» тобына: «Химиялық құбылыстарға» мысалдар келтіріледі, сипаттама береді.
«Семантикалық карта»
Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылықтарын белгілеп, жіктейді
Құбылыстар
Парафин жануы
парафин балқуы
метал балқуы
заттыңтүсіөзгеруі
Судың буға айналуы
Қар еруі
Физикалық
Химиялық
Дескриптор: Жалпы - 2 балл
Дескриптор: Жалпы - 2 балл
5-6 дұрыс – 2 балл
3-4 дұрыс – 1 балл
1-2 дұрыс – 0 балл
1.Тапсырмаларды талдап сипаттайды
2.Кестені толтырады.
Интербелсенді тақта
Слайд №10
Постер
Слайд №11
Үлестірмелі парақтар
(Ж) "Т кестесі" арқылы келісемін +, келіспеймін - белгісін қою.. (оқушылардың барлығы орындай алатын тапсырма, оқушылар дұрыс сөйлемдерді табулары қажет).
1. Ауа – азот пен көмірқышқыл газдың қоспасы.
2. Балмұздақ – ол мұздың, қаймақтың, қош иістендіргіштердің, ауаның, кей жағдайда тамаққа қосатын бояғыш заттардан тұрады.
3. Сусындарды көпіретін етіп жасау үшін көмірқышқыл газын сұйықта ерітіп жасайды.
4. Химиялық құбылыста заттардың агрегаттық күйі өзгереді
5. Асқазандағы астың қорытылуы физикалық құбылыс
6. Судағы қанттың еру уақыты температураға байланысты
Дескриптор: Жалпы - 2 балл
5-6 дұрыс – 2 балл
3-4 дұрыс – 1 балл
1-2 дұрыс – 0 балл
1.Тапсырмаларды талдап сипаттайды
2.Кестені толтырады.
Слайд №13
Үлестірмелі парақтар
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
«Бес саусақ» Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын алады.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын жазу арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Материалды Word форматында жүктеп аласызТарифке кіреді8 ұстаз жүктеп алған20 қаңтар909Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадаларАттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеуСіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласызМинистірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі -

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген