400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Физикалық құбылыстар және лирика» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналады 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс шараның тақырыбы: «Физикалық құбылыстар және лирика» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналады

Сабақ мақсаты: Абай шығармашылығының физикалық құбылыстармен байланысын зерттеу

Сабақтың міндеттері

  • Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына әдеби талдау жасау және ондағы табиғат құбылыстарын физикалық тұрғыдан түсіндіру, өлендерді талдау машығын жетілдіру;

  • оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие беру. Олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру;

  • шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау, сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту.

Сабақтын әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап

Көрнекілік: Абай портреті, интерактивті тақтада, әдеби кітаптар, интернет материалдары.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, жаратылыстану, информатика, музыка



Сайыстың өтілу барысы:



  1. – жүргізуші:

Қазақта Абай – ақын, Абай – дана
Суреттеп табиғатты берген дара.
Физика табиғатты зерттей тұғын
Негізгі де қызықты ғылым жаңа.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Физикалық құбылыстар және лирика» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған сайысымызға қош келдіңіздер.


2– жүргізуші:

Жақсылық көрсең ғибрәтлі
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаңда ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз, - Абай атамыздың өсиетін орындауды арман еткен мектебіміздің жас физик – болашақ ғалымдарын ортаға шақырайық.


8 «А» сынып оқушылары:

8 «Ә» сынып оқушылары:


Бүгінгі сайысты жүргізушілер физиканы енді түсіне бастаған 7 – сынып оқушысы _________ мен физикамен етене таныс 10 – сынып оқушысы___________ .


1 – жүргізуші:

Ақылды қылды қырыққа бөлмек
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында
Адамның сүйенгені көппен дүрмек.
Сайысымызды бағалайтын қазылар – Абай өлеңімен сусындатқан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы ___________________________мен

Абай өлеңінен физиканы түсіндіре білген физика пәнінің оқытушысы

Кошманова Нургайша Каткеновна.


Бүгінгі сайысымыз 6 кезең тұрады:

  • I кезең «Сәлем – сөздің анасы»

  • II кезең «Ғылым таппай мақтанба» ұпайлық сұрақтарға жауап беру

  • ІІІ кезең «Абайдың лирикалық өлеңдері», физикамен байланыстыру

  • ІY кезең «Құлақтан кіріп бойды алар» музыкалық кезең

  • Y кезең «Өнерпаз болсаң арқалан» есептің жауабын табыңыз

  • YІ кезең Графикалық диктант


І кезең.«Сәлем – сөздің анасы». (топтарды таныстыру, аты, ұраны, сәлемдесуі)


II кезең «Ғылым таппай мақтанба» ұпайлық сұрақтарға жауап беру

Топтың әр мүшесі сұрақтарға жауап береді. Әр ұпайдың артында сұрақ жасырылған. Жауап берген оқушы сол ұпайды тобына алып береді.

20 :
Сағаттың шықылдағы емес ермек
Һәмишә өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кімінің өміріне ұқсас
Өтті, өлді, тағдыр жоқ, қайта келмек.
Күн жиылып ай болды, он екі ай – жыл
Жыл жиылып, қартайтып қалғаны бір.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса
Жалғаны жоқ, бір тәңірім, кеңшілік қыл.
Осы өлеңде қандай қайтымсыз процесс жайлы айтылады? Қайтымсыз процесс дегеніміз не?

Жауабы: Қайтымсыз процестерге температуралары әр түрлі денелердің бір біріне жылу алмасу салдарынан температуралары тенелу процесі жатады, себебі жылу ыссы денеден салқынға беріледі, керісінше болу мүмкін емес.


5:
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі көрінер аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Қансонарда неге тез ұстауға болады? Бұнда қандай физикалық ұғым жайлы айтылады?


15:
Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Көздің жасының пішіні қандай? Ол неге төмен қарай ағады?

Жауабы: Ауырлық күші

10:
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
«Тұман, жел, шаң-тозаң, ыс». Осы сөздерді физикалық тұрғыдан түсіндір.

ІІІ кезең «Абайдың лирикалық өлеңдері» 4 жыл мезгілі берілген таңдап өлеңді оқып, физикамен байланыстыру.


Қыс

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң- қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.


Жауабы:
Температураның төмендеуіне сәйкес молекулалардың жылулық қозғалысы кеміп, жоғарғы температурадағы сұйық және сұйық тәріздес денелер қатайып, мұз, қар, қырауға айналады. Осыдан күзге тән кейбір құбылыстар жойылады. Күн сәулесі жерге шуағын аз шашады да, жер бетін ақ ұлпа жабады. Сырттан әсер ететін суық ауадан адамның бетінің физикалық қасиеттері, ішкі құрылысы, оны құрайтын бөлшектердің қозғалысы өзгеріп, қызыл түске енеді. Қардың сықырлау себебі деформацияға байланысты. Деформацияланған қар қоршаған ауа молекулаларын қозғалысқа келтіріп, дыбыстың таралуын туғызады.


Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.



Жауабы: Температураның жоғарлауына сәйкес, молекулалардың жылулық қозғалысының артуына байланысты суыққа сәйкес қатайған заттар: қар, қырау, мұз заттың келесі күйі: сұйыққа, буға түрленеді. Осыдан қысқа тән кейбір құбылыстар жойылады. Жерге молырақ түскен күн сәулесінен жер жылынып, өсімдіктер бойында физиологиялық процестер басталады. Күн шуағынан, қоршаған ортадағы жаңа өзгерістерден адам организмі мен психологиясында өмірге талпыныс пен жігер, ынта арта отырып, маңындағы құбылыстарды көтеріңкі көңілмен қабылдайды.



Жаз

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқыны,

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғыр, биелер.

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап...

Жауабы: Жаз кезінде табиғат мүлде басқа күйге енеді. Көктемнің қара суығы кетіп, айнала жадырай түседі. Күн сәулесінің жер бетіне мол түсуіне байланысты көптеген физикалық құбылыстар қызу жүреді: температура артады да өсімдіктердің молекулаларының қозғалысы жиілеп, физиологиялық процестер өте белсенді жүреді. Күннің жоғары температурасынан қорғану үшін жан-жануарлар өзен-суларға шомылып, жылулық тепе-теңдікті сақтайды.

Жаз мезгіліндегі өте жоғары температураның нәтижесінде өзен-суларда “булану” процесі жүреді. Сонымен қатар “кебу” процесі де жүреді. Кебу құбылысының жануарлар тіршілігі үшін үлкен мәні бар. Өзеннің күркіреуі су ағысының қатты шашырап ағуынан бетіндегі ауа молекулаларын тербеліске келтіруінен. Осының нәтижесінде дыбыс толқындары пайда болып, кеңістікке тарайды.



Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап ,бие қашқан, тай жарысқан.



Жауабы: Табиғатта кез келген зат үш күйде болады. Температурасы мен қысымына байланысты заттардың бұл агрегаттық күйлері бір біріне өтеді. Әр жыл мезгілінің өзіне тән қысымдары мен температуралары болады.

Жаз өтіп, күз мезгілі келгенде “булану” процесіне қарсы “конденсация” (будың сұйыққа айналу құбылысы) процесі жүреді. Бу конденсацияланғанда энергия бөлініп шығады. Күзгі кеште ауа салқындағанда, шық түседі. Шық дегеніміз ауадағы бу суынан ауа салқындағанда пайда болып, шөп бастарына, жапырақ беттеріне қонған уақ тамшылар. Бұлттың түзілуін де будың конденсациялануымен түсіндіруге болады. Жер бетінен жоғары көтерілген су буы ауаның жоғарғы, суығырақ қабаттары да судың ұсақ тамшыларынан құралатын бұлтқа айналады. Ал тұман жер бетіне су тамшыларының іркіліп жиналуының нәтижесінде пайда болатын күз мезгіліне тән құбылыс.


ІY кезең «Құлақтан кіріп бойды алар» музыкалық кезең



  1. «Желсіз түнде жарық ай»

  2. ”Қараңғы түнде тау қалғып”

Жауап: Желсіз түнде жарық ай...жалпы жарық ай болған күндері жел болмайды, жел – Жер беіне қатысты ауаның көлдеңен қозғалысы. Желдің қозғаушы күші Күн көзі арқылы Жер бетіндегі қабаттардың бірдей жылынбауынан қысымның өзгеру салдарынан туындайды.

Сәулесі суда дірілдеп ... –су бетіне түскен айдың жарығы, судағы толқындар әсерінен азадап діріл қақандай болып көрінеді. Су бетінде механикалық толқын туындайды. Сондықтан сәуле дірілдегендей болады.

Тасыған өзен күрілдеп – өзен тасығанда су сапырылып, өзінің аққыштық қасиетне байланысты бірнеше қабаттар пайда болады. Олар өзара әрекеттескенде күрілдеген дыбыс естіледі, ал ай жарық болған түндері әдетте түн желсіз болады, сондықтан тынған түнде дыбыс өте жақсы естіледі.







Y кезең Есептің жауабын табыңыз

“Шыңғыс таудың басында үнемі жел соғып тұрады. Көктемде ол тауды қардан тазалайды, ал қыста жайылымдағы қарды үрлеп, малшыға көмектеседі. Кейде оның күші орасан болады. Қыраттардан тасты домалатып, биік шөптерді тамырымен жұлып кетеді”. “Жел олардың киіз үйін құлатқан, бұл жерде құйынды желдер көп болады”, - деді Ербол.

(М.Әуезов “Абай жолы”)

Қосымшада келтірілген кестені пайдалана отырып, үзіндідегі желдің жылдамдықтарын және олардың аттарын анықтаңдар. 50км; 100км қашықтықтарды боранды жел қандай уақытта өтеді?



YІ кезең Графикалық диктант

  1. “Физика” сөзі қазақша қандай мағына білдіреді?

а) табиғат ә) ғаламшар б) құбылыс

  1. Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы қалай аталады?

а) булану ә) кебу б) конденсация

  1. Жаз мезгілінде қандай процесс белсенді жүреді?

а) қатаю ә) балқу б) кебу

  1. Ауадағы су буынан ауа салқындағанда пайда болып, шөп бастарына, жапырақ беттеріне қонған уақ тамшылар?

а) тұман ә) шық б) бұлт

5. Будың сұйыққа айналу құбылысын қалай атайды?

а) конденсация ә) кебу б) балқу

  1. Абайдың 1888ж табиғат лирикасына жазған өлеңі?

а) “Күз” ә) “Жаз” б) “Көлеңке басын ұзартып”

7. Бу конденсацияланғанда не бөледі?

а) су ә) ауа б) энергия

  1. Көне сөздердің бірі шашыранды бұлт деген мағынаға ие болатын сөз?

а) “ұшпа” ә) “жай” б) “тез”

  1. Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңі?

а) “Жапырағы қуарған ескі үмітім” ә) “Жүрегім менің қырық жамау”

б) “Қараша желтоқсан мен сол бір-екі ай”

10. Будың конденсациялануынан қандай құбылыс пайда болады?

а) қар ә) бұлт б) булану



2 – жүргізуші: Сөз әділ қазыларға беріледі. Марапаттау.



1 – жүргізуші:
Барлық оқушыларды, жақсы оқып, дүниеден өз орнын тауып, елімізді көркейтуге өз үлестерін қосатын азамат болуға шақырамыз.

Ол үшін Абайды оқиық – тәрбие аламыз,
Физиканы оқиық – білімді ғалым боламыз!












Кішкенекөл №1 орта мектебі











Сыныптан тыс шара



Тақырыбы: «Физикалық құбылыстар және лирика» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналады



8 «А,Ә» – сыныптар



Физика пәні мұғалімі: Кошжанова А.Б.









2019 – 2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1080
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі