400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеудің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Студент пәнді жақсы білумен қоса, физика пәнін әдістемесін де жетік меңгеруі тиіс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеудің тиімділігі


Саурова К.С. магистр, аға оқытушы,

Алматы энергетика және байланыс университеті


Бүгінгі таңда компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми мәселелердi шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педогогикалық мәселенiң бiрi-оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамту болып табылады.

Компьютерлік модельдеу – студенттердің танымдылығын, оқытушыларға жоғарғы деңгейде физиканы оқыту мүмкіншіліктерін арттырады. Оқытушы өз қолына қуатты педагогикалық құралды алады. Көркемділік, құбылыс параметрлерін өзгерту мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды және процесстерді көрсету мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды зерттеу мүмкіншіліктері және т.б. сондай-ақ, студенттер модель параметрлерін өз еркінше өзгерту мүмкіншілігін алады [1].

Компьютерлік модельді пайдаланып есептер шығару, студенттердің өздігінен дамуына көмектеседі, өз бетінше есептерді шығаруға, сонымен бірге, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге сабақты қызықты жүргізуге, қызықты материалдармен олардың көңіл күйін аулауға, олардың жоғарғы деңгейдегі жұмыс қабілеттіктерін көрсетеді. Сабақты бұлай жүргізу студенттердің танымдық мотивациясын ұстану әрекетін, үлгерімін жоғарылатуға тек кана жақсы әсерін тигізеді.

Физика пәнін оқытудағы негізгі элемент есептерді шығару болып табылады. Есеп шығару барысында студенттер физикалық заңдарды және формулаларды, олардың қайда және қалай қолданылуын, олардың негіздерін, қарастырылып отырған физикалық құбылыстарды тереңірек түсінеді. Есеп шығару студенттердің қорытынды жасауға қабілеттіліктерін дамытады, студенттердің қойылған сұрақтарға жауап табуға және оларды талқылауды үйренеді. Оқытушы, студенттердің есеп шығарғанына қарап олардың қаншалықты өтілген материалды түсінгендігін көре алады [2].

Физика курсын физикалық есептерді шығармай меңгеру мүмкін емес. Негізінен оқытушылардың көбісі физикалық есептерді шығаруға көп көңіл бөледі. Мәселен физикалық есептерді шығаруда компьютерлік модельді пайдалану студенттердің қызығушылығын арттыратындығын, сонымен бірге білім сапасының, біліктілігін арттыратындығы өз тәжірибемнен белгілі.

Физиканы оқытудағы негізгі мақсаттың бірі – физикалық есептерді шығаруға үйрету, оқытушылар үшін бірден бір қиын мәселе болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін оқытушы студенттерді қызықтыра білуі қажет, яғни оларда осы немесе басқа есептерді шығаруға деген нақты мотивациясы пайда болуы қажет. Осы мәселені шешудің бірден бір әдісі физикалық есептерді шығаруда компьютерлік модельді пайдалану болып табылады [3].

Компьютерлік модельдеу – студенттердің танымдылығын, оқытушыларға жоғарғы деңгейде физиканы оқыту мүмкіншіліктерін арттырады. Көркемділік, құбылыс параметрлерін өзгерту мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды және процесстерді көрсету мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды зерттеу мүмкіншіліктері және т.б. сондай-ақ, студенттер модель параметрлерін өз еркінше өзгерту мүмкіншілігін алады. Сонымен бірге, компьютерлік модельдеу сабаққа дайындалу уақытын әлдеқайда үнемдейді.

Студенттердің физикалық құбылыстардың моделін компьютер арқылы жасау, табиғи құбылыстарды өз бетімен танып білу, творчестволық ойлау жүйесін дамытуға жол ашу [4] .

Біз нақтылы түсіндіруді қажет ететін физика тарауын алдық, мұнда процесстерді модельдеу арқылы есептер шығару жолдары қарастырылды. Мәселен, молекула-кинетикалық теория, термодинамика.

Дене құрылымының молекула-кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады.

Молекула-кинетикалық теория (МКТ) негiзi мынадай үш қасиеті бар:

  • барлық денелер бөлшектерден, атомдардан, молекулалардан, оң және терiс зарядталған иондардан тұрады;

  • бұл бөлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста болады;

  • бөлшектер арасында өзара әсерлесу күштерi күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бөлшектердiң өзара гравитациялық әсерлесуi өте аз.

Бұл тұжырымдардың ақиқаттылығы көптеген физикалық бақылаулар мен тәжiрибелер арқылы дәлелденген. МКТ-ның негiзгi көзқарастарына ең нақты дәлел бола алатын мысалдар:

  • броундық қозғалыс құбылысы;

  • молекулалық диффузия құбылысы.



Сурет 1 – Броундық қозғалыс құбылысы


Жылулық қозғалыс әсерiнен пайда болатын кинетикалық энергияның артықшылығынан қашанда молекуланың жеке бөлшектерi сұйық бетiнен бөлiнiп шығады. Заттың сұйық күйден газ күйiне өту процесiн буға айналу деп атайды. Неғұрлым сұйықтың температурасы жоғары болса, соғұрлым сұйық тезiрек буға айналады.

Буға айналудың екi түрi бар: булану және қайнау.Кез келген температурада және тек сұйық бетiнен шығып бу күйiне айналуды –булану деп атайды. Бу– буланудың әсерiнен пайда болатын газ. Булану барысында сұйық салқындайды.

Буланған молекулалардың белгiлi бiр бөлiгi хаостық (ретсiз) қозғалыс жасай отырып қайтадан сұйық бетiне түсуi және оның молекулаларына айналуы керек. Сонымен, булану процессiмен қатар бiрмезгiлде конденсация деп аталатын керi процесс - те жүредi. Конденсация– бұл заттың салқындау немесе сығылуының салдарынан газ тектес күйден сұйық күйге айналу процессi. Сұйық бетiндегi будың қысымы неғұрлым жоғары болса, сол температурада конденсацияға ұшырайтын молекулалар саны да соғұрлым көп болады.

Бетi ашық ыдыстағы сұйықтың булану процесi конденсация процесiнен басым болып келедi. Ал бетi жабық ыдыста сұйық пен будың арасында, булану процесi мен конденсация процесстерi бiрiн-бiрi толықтыратындай,динамикалық тепе-теңдiк орнайды. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдiкте болатын буды қаныққан бу деп атайды.

Температура тұрақты болған жағдайда қаныққан будың қысымы оның алатын көлемiне байланысты болмайды.

Егер сұйықтың булануы конденсациядан басым болса немесе сұйық толық буланып кетсе, онда оның үстiндегi буды қанықпаған бу деп атайды. Буларға, тек бу қанықпай тұрған жағдайда ғана, идеалды газдар үшiн орныққан заңдарды қолдануға болады.

Жер атмосферасындағы су буының бар екендiгiн сипаттайтын шама ылғалдылық деп аталады.

Берiлген жағдайдағы 1м3 ауа құрамындағы су буларының массасы ауаның абсолюттiк ылғалдылығы f деп аталады. Әдетте оны ХБЖ-де (г/м ) бiрлiгiмен өрнектейдi:

f = ρбу(г/м3)≈P(мм. сынап бағанасы бойынша) (3.1).

Бұл жерде су буының қысымы деп оның үлестiк қысымын айтады, яғни атмосфераны құрайтын – азот, оттегi және т.б. компоненттерi жоқ, болғандығы су буының жасайтын қысымы.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ деп ауадағы су буының қысымы p-ның атмосфералық температурадағы судың қаныққан буының қысымы pk – ға қатынасына тең шаманы айтады.

φ=(p/pk)·100 % (3.2)

мұндағы pk шамасының мәндерi белгiлi сәйкес кестелерден анықталады. Ауаның температурасы төмендеген сайын оның салыстырмалы ылғалдылығы артады, себебi неғұрлым ауаның температурасы төмен болса, соғұрлым су буы қанығуға жақындай түседi.

Салыстырмалы ылғалдықты өлшеу үшiн арнайы психрометр деп аталатын прибор қолданылады.

Салқындату барысында (процесiнде) бұрын қанықпаған бу қаныққан буға айналатын температура шық нүктесi деп аталады. Шық нүктесiне тең температурада атмосферадағы су буы конденсациялана бастайды. Тұман пайда болып, шық түседi, қатты дене беттерi терлей бастайды.

Көлем тұрақты болған жағдайда қаныққан будың қысымы температураға тікелей тәуелдi болады, сондықтан Шарль заңын қаныққан буға қолдануға болмайды. Температура жоғарлаған сайын, будың конденсациялануына қарағанда, сұйық тезiрек буланады. Қысымның күрт өсуiне будың тығыздығының ұлғаюы тiкелей әсерiн тигiзедi.

Қайнау– бұл тек қана ашық беттегi сұйықтың интенсивтi булануы емес, сонымен қатар бу көпiршiктерiн түзетiн қуыс көлемiндегi сұйықтың да интенсивтi булануы.

Егер сұйық бiрқалыпты қыздырылмаған болса, онда су көпiршiктерi қалқып шыққан кезде олардың iшiндегi қысым бу конденсациясының есебiнен азаяды да, көпiршiктер жарылып кетедi. Ал сұйық жеткiлiктi қыздырылған болса, онда көпiршiктер жарылуын тоқтатады да, сұйық бетiне еркiн қалқып шығады. Сұйық қайнайды (8 сурет).



Сурет 2 – Қайнау


Физиканы оқытудағы негізгі мақсаттың бірі – физикалық есептерді шығаруға үйрету, оқытушылар үшін бірден бір қиын мәселе болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін оқытушы студенттерді қызықтыра білуі қажет, яғни оларда осы немесе басқа есептерді шығаруға деген нақты мотивациясы пайда болуы қажет. Осы маселені шешудің бірден бір әдісі физикалық есептерді шығаруда компьютерлік модельді пайдалану болып табылады.

Әсіресе, қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді. Студенттердің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор.

Ал енді есептерге тоқталайық.

Есеп № 1. 100 г суда сутегiнiң қанша атомы бар?

Берілгені:

M≈18·103

Т/к:

Шешуi:

Судың молярлық массасы M≈18·103кг/моль болғандықтан, зат мөлшерi болады.

Осыдан молекулалар саны

Жауабы:


Есеп № 2. Ауаны идеал газ деп есептеп, қалыпты жағдайда ауадағы молекулалар концентрациясын табу керек.

Берілгені:

Т/к:

Шешуi:

Қалыпты жағдайда T=273oK, р=105Па аламыз. Газ қысымы формуласымен есептелетiндiктен, бұдан

Жауабы:


Есеп № 3. Бөлмедегi ауаның температурасы 20oС, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%. Терезе сыртындағы ауаның температурасы қандай болғанда, терезе әйнектерi терлей бастайды?

Шешуi: Өздерiңiз бiлетiндей, салыстырмалы ылғалдылық мына формула бойынша есептеледi:

,

мұндағы p – ауаның құрамында болатын су буының қысымы, рк – берiлген температурадағы кеңiстiктi қанықтырушы су буының қысымы. Температурасы 20oС болғанда қанықтырушы будың қысымы рк =17,5мм сынап бағаны (кесте бойынша). Қысым р = рн·φ, немесе р=17,5·0,6 = 10,5мм сынап бағаны. р қысымы кеңiстiктi қанықтырушы будың қысымына сәйкес болған кездегi ауаның температурасында бу конденсациясы басталады. Кестеден қысымның мына мәнiне р = 10,5 мм сынап бағаны бойынша, 12oС-температура сәйкес екендiгiн табамыз.

Жауабы: әйнек терезе сыртындағы ауаның температурасы 12oС болғанда терлей бастайды.


Есеп № 11. υ=72 км\сағ жылдамдықта автомобиль 100 км жолда m=5,5 кг жұмсайды. Егер ПЭК η=25% болса, онда қозғағыш (двигатель) қуатын анықтаңыз. Бензиннің жану жылуы q=45 Мдж\кг.

Шешуі: Q=qm формуласынан A=Q болса, онда υt=S формуласынан t=S/υ болады. Осыдан N=Q /t =12.5 кВт

Жауабы: N= 12.5 кВт

Есеп № 12. Көлемі V=12л ыдыста N=1,44∙1018 газ молекуласы орналастырылған. Газ молекуласының n концентрациясын анықтаңыз.

Шешуі: Газ молекуласын мына формуладан анықтаймыз:

Жауабы:


Есеп № 13. t=0 температурадағы массасы m =200 г мұзды қыздырғышқа орналастырды. Қыздырғыштағы су 10 мин ішінде қайнады. Егер оның ПЭК 60% болса, онда қыздырғыш қуатын анықтаңыз. С=420 Дж\кг к; ,3 * 105 Дж\кг.

Шешуі: Егер Q=m, Q2=cmt, t=100K болса, онда Q=mcmt=A осыдан, A=3/5m(ct). Бұдан: N=A/T=5*m(+ct) / 3T

Жауабы: N=A/T=5*m(+ct)/3T

Жалпы, компьютерлік модельді пайдаланып есептер шығару, студенттердің өздігінен дамуына көмектеседі, өз бетінше есептерді шығаруға, сонымен бірге, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Сондай-ақ, әр түрлi деңгейдегi программалық құрылым бұл мультимедиалық технологияның гипермәтiн, анимация, дыбыс, графика және т.б. компоненттерi. Бұл құрылымды пайдалану белгiлi бiр мақсатқа: көру және сезiмдiк жадыны белсендендiруге, таным қызығушылығын арттыруға бағытталған сипаттамаға ие.

Әсіресе, қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді. Студенттердің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор.

Компьютерлік модельді пайдаланып есептер шығару, студенттердің өздігінен дамуына көмектеседі, өз бетінше есептерді шығаруға, сонымен бірге, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады [5].

Сонымен бірге сабақ барысында сабақты қызықты жүргізуге, қызықты материалдармен олардың көңіл күйін аулауға, олардың жоғарғы деңгейдегі жұмыс қабілеттіктерін көрсетеді. Сабақты бұлай жүргізу студенттердің танымдық мотивациясын ұстану әрекетін, үлгерімін жоғарылатуға тек кана жаксы әсерін тигізеді.

Физиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану - ол оқу материалдарын демонстрацияланған, сонымен бірге, теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба –тәсілдер арқылы толықтырып, оны көзбен көріп, түйсініп, бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Физика курсын физикалық есептерді шығармай меңгеру мүмкін емес. Негізінен оқытушылардың көбісі физикалық есептерді шығаруға көп көңіл бөледі. Оқу және әдістемелік құралдарда студенттердің физикалық ойлау қабілетін дамытуға, физикалық ұғымдарды меңгеруге және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға арналған есептер, жаттығулар болады.

Физиканы оқытудағы негізгі мақсаттың бірі – физикалық есептерді шығаруға үйрету, оқытушылар үшін бірден бір қиын мәселе болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін оқытушы студенттерді қызықтыра білуі қажет, яғни оларда осы немесе басқа есептерді шығаруға деген нақты мотивациясы пайда болуы қажет. Осы мәселені шешудің бірден бір әдісі «Физикалық есептерді шығаруда компьютерлік модельді» пайдалану болып табылады.

Студент пәнді жақсы білумен қоса, физика пәнін әдістемесін де жетік меңгеруі тиіс. Студенттерді компьютерлік модельдеу негізінде ғылыми-әдістемелік тұрғыда жетілдіріліп, теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, физикалық, информатикалық әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты талдау, ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI



  1. Г.И. Щукина Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся. М.: Педагогика. -1988. -204 с

  2. А.К.Волков, М.Р.Меламуд. Методология создания компьютерного учебника//Открытое и дистанционное образование. Научно – методический журнал №1 2001 г. 7 б.

  3. Компьютерное моделирование в физике. Х. Гулд, Я. Тобочник. М., Мир,1990 г.

  4. Мастронас З. П., Синдеев Ю. Г.,. Физика: методика и практика преподавания. Серия "Книга для учителя". Ростов на Дону : "Феникс", 2002.

  5. Каменецкий С. Е., Пурышева Н. С., Важеевская Н.Е.,. Теория и методика обучения физике в школе: Общие вопросы: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. М. : Издательский центр "Академия", 2000. ISBN 5-7695-0327-0.

  6. А. Ф. Кавтрев "Опыт использования компьютерных моделей на уроках физики в школе "Дипломат", Сборник РГПУ им. А. И. Герцена "Физика в школе и вузе". - СПб: "Образование", 1998.

9


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
1516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі