жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Физикалық үрдістерді модельдеудің негіздері
Физикалық үрдістерді модельдеудің негіздері
Саурова К.С. магистр, аға оқытушы,
Алматы энергетика және байланыс университеті
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу - ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Республикамызда білім беру жүйесінде білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселелерге айналуда.
Қазіргі ақпараттық және телекомуникациялық өзара ықпал технологияларының мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, физиканы ғана емес, басқа да көп пәндерді оқытудың ұйымдық түрлері мен тәсілдерін жетілдіруге жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Бұл жерде оқу материалының мазмұнын іріктеу критерийлері өзгереді. Олар студенттің ақыл-ойының қарқынды дамуының қажеттілігіне, өздігінен іздену, заңдылықтар арқылы шағын "жаңалықтар ашу", қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделеді [1].
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларымен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар , түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекомуникация жағдайында студент тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес, оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру. Сонымен бірге, , ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әр түрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыруды сондай-ақ білім алу мен түсіну үрдістерін қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педогогикалық технологияны оқытудың әдістемелік жүйесін жасау [3].
Физиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану - ол оқу материалдарын демонстрацияланған, сонымен бірге, теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба –тәсілдер арқылы толықтырып, оны көзбен көріп, түйсініп, бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Компьютерлік модельді пайдаланып есептер шығару, студенттердің өздігінен дамуына көмектеседі, өз бетінше есептерді шығаруға, сонымен бірге, студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сондай ак, компьютерлік технологияны пайдалау-студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып көрумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды.
Компьютерлік модельдеу–студенттердің танымдылығын, оқытушыларға жоғарғы деңгейде физиканы оқыту мүмкіншіліктерін арттырады. Оқытушы өз қолына қуатты педагогикалық құралды алады. Көркемділік, құбылыс параметрлерін өзгерту мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды және процесстерді көрсету мүмкіншілігі, физикалық құбылыстарды зерттеу мүмкіншіліктері және т.б. сондай-ақ, студенттер модель параметрлерін өз еркінше өзгерту мүмкіншілігін алады.
Компьютерлік модельдеу – бұл нақты физикалық процесстерді, ЭЕМ көмегімен қорытындылау әдісі болып табылады. Компьютер динамикалық модельдер құру, сондай-ақ нақты объект реакцияларының уақытын жылдамдату немесе ақырындату, кеңістікті созу немесе қысу, жағдайды қайталау, кесте, кескіндермен толықтыру сонымен бірге процессті басқару мүмкіншіліктерін береді. Компьютер факторлар және шамалар, кездейсоқ жағдайларды енгізу, творчестволық процесстерді модельдеу, қабылданған шешімдердің салдарын, сондай-ақ алынған нақты қорытындыларды имитациялауға болады.
Мәселен Delphi объектілі – бағытталған ортасында жасалған эксперимент жұмыстарын келтірілген. Нақтылы түсіндіруді қажет ететін, фотоэффект құбылысы, Резерфорд, Штерн тәжірибелері және т.б.
Атом құрылысының бірнеше модельдері бар, олар:Томсон, Резерфорд, Бор модельдері. Соның ішіндегі Томсон, Резерфордтың серпімді таралу заңына жасалған эксперимент.

Сурет 1 - α-бөлшектің серпімді таралуы
α – бөлшектерінің таралуының негізгі ерекшелігі, ол заттан ұшып шыққан бөлшектердің барлығының жылдамдықтары бірдей болатындығында. Қорғасын диафрагма көмегімен бөлінген α – бөлшектерінің жұқа ағыны өте жұқа алтын фольгаға қарай бағытталған. Фольгада өткен кезде α – бөлшектерінің әр түрлі бұрыштармен бастапқы ұшқан бағытына қарай таралған. 1 суретте α-бөлшектерінің алтын фольгада өткендегі таралуы көрсетілген.
Заттың жұқа қабатынан α -бөлшектердің шашырауын зерттеген Резерфорд тәжірибелері, атомдағы теріс және оң зарядтардың таралу сипатын анықтауға мүмкіндік берді.
Тәжірибелер, Резерфорд ұсынған атомның ядролық моделінің дұрыстығын көрсетті.
Мұнда арақашықтықты өзгерте отырып α-бөлшектің таралу бұрышының қалай өзгергендігін бақылауға болады.

Сурет 2 – Томсон моделінің таралу нәтижелері
Ядролық модель, ядролардың орнықтылығы мен атомдардың спектрінің сипатын түсіндіре алмады. Қарама-қайшылықтарды, Бор өзінің екі постулатын ұсыну арқылы шешті:
-
Классикалық физика көзқарасымен, барлық мүмкін шексіз электрондық орбиталардың баплығы емес, тек анықталған кванттық шарттарды қанағаттандыратын дискретті орбиталары ғана бола алады. Бұл жағдайда электрон электромагниттік толқын (жарық) шығармайды.
-
Сәуле, электрон бір стационар күйден екінші күйге өткен кезде, энергиясы
жарық кванттары түрінде
шығарылады немесе жұтылады. Жарық квантының шамасы, кванттық
секіріс өтетін стационар күйлердің энергия мәндерінің айырымымен
анықталады :
[5].
Сонымен әр түрлi деңгейдегi программалық құрылым – бұл мультимедиалық технологияның гипермәтiн, анимация, дыбыс, графика және т.б. компоненттерi. Бұл құрылымды пайдалану белгiлi бiр мақсатқа: көру және сезiмдiк жадыны белсендендiруге, таным қызығушылығын арттыруға бағытталған сипаттамаға ие.
Сонымен бірге, компьютерді енгізу студенттердің компьютерлік, математикалық, лингвистиқалық кабілеттерін арттыру, сондай-ақ жалпы ақпараттық мәдениетті дамытуға септігін тигізеді.
Әсіресе, қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді. Студенттердің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор.
Delphi объектiлi-бағытталған ортасында қазiргi әр түрлi құралдарды пайдалана отырып пәннің әдiснамасын қалыптастыруға болады [4].
Осы мақсатқа жету барысында жоғарыда келтірілген эксперименттік тапсырмалар жүзеге асырылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
-
И.Г.Захарова. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М: Издательский центр «Академия», 2003№ - 192 с.
-
Христочевский С.А. «Электронные мультимедийные учебники и энциклопедии», Ж. «Информатика и образование», №2-2002 г.
-
Г.И. Щукина Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся. М.: Педагогика. -1988. -204 с
-
Архангельский А. Я. Приемы программирования в Delphi. – М.: ООО “Бином - Пресс”, 2003 г.
-
Методические указания к выполнению лабораторных работ по курсу “Оптика, физика твердого тела, атомная физика ”. Алма-Ата. 1989, 2002.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген