жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ВИРТУАЛЬДЫ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ВИРТУАЛЬДЫ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Саурова К.С. магистр, аға оқытушы,
Алматы энергетика және байланыс университеті
Кілт сөздер: физикалық процесстер, имитациялық модельдер, виртуальды зертханалық жұмыстар.
Рассматриваются методика выполнения виртуальных лабораторных работ по курсу физики, особенности имитационных моделей в обучении физики, разъясняются термины, описывающие конкретные виды имитационных моделей. В качестве примера описана методика компьютерного моделирования, сделанного в рамках лабораторного практикума.
Methodology of implementation of virtual laboratory works on-course physics, features of simulation models is examined in educating of physics, terms describing the certain types of simulation models are explained. Methodology of the computer design done within the framework of laboratory practical work is as an example described.
Республикамызда білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселелерге айналған. Бұған себеп психологиялық-педогогикалық мәселенiң бiрi - оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамту болып табылады.
Физика пәні - басқа техникалық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары қолданатын жалпы заңдарды береді. Физикамен басқа жаратылыстану ғылымдарының арасындағы шекараны бөліп тастауға болмайды, өйткені физикамен басқа ғылымдар арасындағы байланыс өте тығыз.
Физиканы оқытуда имитациялық модельді пайдалану - ол теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түрінде көзбен көріп, түйсіну, сонымен бірге, алған білімдерін бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отыратындықтан материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Сонымен бірге, физиканы оқытуда имитациялық модельді пайдалану студенттердің қызығушылығын арттырып, білім сапасын, біліктілігін арттыратындығы өз тәжірибемнен белгілі [1].
Физиканы оқытудағы негізгі элемент зертханалық жұмыстар болып табылады. Зертханалық жұмыстар барысында студенттер физикалық заңдарды және формулаларды, олардың қайда және қалай қолданылуын, олардың негіздерін, қарастырылып отырған физикалық құбылыстарды тереңірек түсінеді. Физика курсында зертханалық жұмыс жасамай физиканы меңгеру мүмкін емес. Негізінен оқытушылардың көбісі зертханалық жұмыстарға көп көңіл бөледі. Зертханалық жұмыстарда студенттердің физикалық ойлау қабілетін дамытуға, физикалық ұғымдарды меңгеруге және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар болады [2].
Дәстүрлі оқытудан компьютерлікке көшу оқытудың жаңа және ыңғайлы түрін қажет етеді. Оларға жататындар: зертханалық жұмыстар, мультимедиялық оқулықтар мен мультимедиялық программалар және т.б.. Сондықтан бұл жүйелер оқыту технологияларының қажетті құрылғылары болып табылады. Осылайша, бiлiм берудiң, бiлiмдi қабылдаудың, бiлiм сапасын арттырудың, сонымен қатар студент тұлғасын дамытудың жаңа мүмкiндiктерiне жетуге болады.
Физиканы оқытудағы сапалы әдістің мәні, қандай бір зерттеу жұмысын оқып-үйрену барысында, алдыңғы теориялық алған білімдерін зерттеу жұмысын жүргізу барысында қолдану, толықтыру және пайдалана білу.
Ғылыми-техникалық прогресс физиканы оқытуда белгілі бір нақтылы есептерді койып отыр:
-
физика ғылымының негіздерімен танысу – оның негізгі түсініктері, заңдары және теориясы;
-
студенттердің санасына қоршаған орта туралы ғылыми табиғи суретті енгізу;
-
студенттерді эксперименталдық немесе теориялық зерттеу әдістері арқылы алынған нәтижелердің дұрыстығының дәрежесін анықтауға дағдыландыру.
Студенттердің физикалық құбылыстардың моделін компьютер арқылы жасау, табиғи құбылыстарды өз бетімен танып білуге, творчестволық ойлау жүйесін дамытуға жол ашады.
Компьютерлік технологияны қолдану физикалық процесстерді модельдеуге, сонымен бірге нақтылы түсіндіруді қажет етеді, мәселен, фотоэффект құбылысы, Резерфорд, Штерн тәжірибелері және т.б. Сонымен бірге, компьютерді енгізу студенттердің компьютерлік, математикалық, лингвистиқалық кабілеттерін арттыру, сондай-ақ жалпы ақпараттық мәдениетті дамытуға септігін тигізеді [3].
Молекулалық физика, электродинамика, оптика, атомдық және атомдық ядро физикасын оқуда, заттардың құрылысы және өрістер, молекула мен атомдардың құрылысын, олардың қозғалысын оқып-үйренуде студенттерде модельдік ұғымдар және олар туралы түсініктер қалыптасу қажет. Бұл кезде көрнекі құрал ретінде имитациялық модельдерді жиі пайдалануға тура келеді. Бұл жерде техникалық және зертханалық құрылғылар мен тәжірибелердің модельдері қолданылады. Мұндай модельдер студенттерге құбылыстың ішкі механизмін түсіну үшін өте маңызды. Мәселен: Броундық қозғалыстың механикалық моделі, металл өткізгіштегі электрондардың инерциялық қозғалысының механикалық моделі және т.б. тәжірибелерінің моделі.

Сурет 1 - Броундық қозғалыстың механикалық моделі
Физикада барлық модельдерді құру тәсілі бойынша материалдық және идеалды (ойша) деп бөлуге болады. Материалды модель деп зат түріндегі элементтен тұратын және белгілі бір табиғи (жаратылыс) заңдылықтарымен нақты қызмет ететін модельдерді айтады. Олар зерттеу нысанының құрылымын, өту сипатын және қарастырылып отырған физикалық процестің немесе техникалық құбылыстың мәнін жаңғыртуға арналады.
Модельдеу табиғатты зерттеу әдісі ретінде физикалық зерттеу нысанын тану үшін ертеден қолданылып келеді. Физикадағы модельдеудің ғылыми негіздерінің дамуы И.Ньютонның атымен байланысты. Ол алғаш рет ұқсастық туралы екі теореманы ұсынады, сонымен модельдеуді теориялық танымның әдісі ретінде тұңғыш бастама жасады. Бұл бағыттағы келесі қадамды, физикалық құбылысты математикалық модельдеу тұрғысынан қарастыруды Д.Максвелл жасады. Идеал газдың моделі мен заттардың атомдық-молекулярлық құрылысының моделі, заттардың молекулярлық-кинетикалық теориясының дамуына ықпал етті және бірқатар эксперименттік газ заңдарын (Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль) түсіндіруге көмектесті [4].

Сурет 2 – Газ атомдарының қозғалысы және абсолютті температура
Материалдық модельдер физикалық ұқсас (электродвигательдердің моделі, бу трубиналары); кеңістіктегі ұқсас (автомобильдердің, кемелердің, ұшақ қанатының, іштей жану, магниттік қосқыш двигательдерінің модель-макеті және басқа микроәлемнің демонстрациялық модельдері және т.б.). оларды суреттердің, мультипликацияның, белгілі бір символдардың көмегімен көрсетуге болады. Дегенмен, элементтердегі барлық түрлендірулер бұл жағдайда адам санасында логикалық, математикалық және физикалық ережелер мен заңдар бойынша іске асырылады [5].
Физиканы оқыту барысында имитациялық модельдерді пайдалану студенттердің танымдылығын арттырып, оқытушыларға жоғарғы деңгейде физиканы оқыту мүмкіншіліктерін береді. Сонымен бірге, зертханалық жұмыстарды жүргізу барысында студенттер модель параметрлерін өз еркінше өзгерту, құбылыс параметрлерін өзгерту, физикалық құбылыстарды және процесстерді зерттеу және т.б. мүмкіншілігін алады.
Компьютерлік модельдеу – бұл нақты физикалық процесстерді, ЭЕМ көмегімен қорытындылау әдісі болып табылады. Компьютер динамикалық модельдер құру, сондай-ақ нақты объект реакцияларының уақытын жылдамдату немесе ақырындату, кеңістікті созу немесе қысу, жағдайды қайталау, кесте, кескіндермен толықтыру сонымен бірге процессті басқару мүмкіншіліктерін береді. Компьютер арқылы факторлар және шамалар, кездейсоқ жағдайларды енгізу, творчестволық процесстерді модельдеу, қабылданған шешімдердің салдарын, сондай-ақ алынған нақты қорытындыларды имитациялауға болады [6].

Сурет 3 – Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Жиырмасыншы ғасырда теориялық модельдеу микроәлем физикасын оқып-үйренуге бағытталып, ары қарай дами түсті. 1900 жылы М.Планк кванттық осцилятордың моделін ұсынды. Бор атомының моделі классикалық физикадан кванттық физикаға өтудің өтпелі кезеңі болды. Кванттық механикада бірқатар құбылыстардың құрылымдық және энергетикалық моделін (зондық модель, жартылай өткізгіштердің өтімділігінің зондық теориясы) қарастыру мүмкін болды. Ядро моделі бүгінгі заман теориясы бойынша эксперименттік зерттеулердің нәтижелері мен оларды жоспарлаудың басты құралы қызметін атқарды [7].
Жоғарыда айтылған негіздерге сүйене отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады:
- студенттің сабаққа теориялық дайындығын бақылау және белсенділігін арттыру;
- эсперименталды түрде жасалған жұмыстарын теориялық тұрғыдан дәлелдеу;
- уақытты тиімді пайдалануға үйрету;
- теориялық алған білімін эксперименттік зерттеумен байланыстыру;
- зертханалық жұмысты орындау барысында ғылыми-әдістемелік тәжірибелермен таныстыру.
Зертханалық жұмыстың экспериментальды бөлігі аяқталған соң, студенттер алынған мәліметтерді өңдеп, топпен бірге талдау жасалады. Сонымен бірге, жасалған зертханалық жұмысты қорғау деңгейіне байланысты студенттің қаншалықты өткен материалды меңгергендігін байқауға болады [9].
Әсіресе, қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді. Студенттердің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор [9].
Сонымен бірге сабақты қызықты жүргізуге, қызықты материалдармен олардың көңіл күйін аулауға, олардың жоғарғы деңгейдегі жұмыс қабілеттіктерін көрсетеді. Сабақты бұлай жүргізу студенттердің танымдық мотивациясын ұстану әрекетін, үлгерімін жоғарылатуға тек кана жаксы әсерін тигізеді. Студент пәнді жақсы білумен қоса, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты талдау, ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға үйренеді [10].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
-
И.Г.Захарова. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М: Издательский центр «Академия», 2003№ - 192 с.
-
Д. В. Алексеев Компьютерное моделирование физических задач в Microsoft Visual Basic. – М.: Солон-Пресс, 2004. – 525 стр.
-
Мұхамбетханова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивтік жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері: Әдістемелік құрал. Алматы, 2008
-
Стародубцев В. А., Ревинская О. Г. Развивающая роль компьютерных моделирующих лабораторных работ // Информатика и образование. 2006. № 2. С. 120-123.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген