жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Байдосова Г.А
«М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ
Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындады.
Егеменді елдің ертеңі оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» даму бағдарламасында Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеугедаяр. Олар бейбіт айбат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білімге тән.
Еліміздің дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесінде де айтулы реформалар әкелді. Білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістердің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау, оқытуды дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жолд ашады.
Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ететін ізденістерден пайда болатыны түсінікті. Ақыл-парасаттан гөрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу-оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты алып қана қоймайды, өз қабілетіне таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың, бағалаудың жүйелі әдісі адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу-әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.
М. Кларин: «Педагогикалық технология, педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы пайдаланатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазады. Біздің пікірімізше, педагогикалық үрдіс технологиясы-мақсат-мүдені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының, психологиясы-педагогикалық талаптарының жиынтығы.
Қазіргі заманғы ғылым-техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы және информация көлемінің әр 3-5 жылда екі еседей өсіп отыруы, әсіресе ой еңбегін және оқыту үрдісін айрықша сапалы жетілдіруді талап етіп отыр.
Жаратылыстану пәндеріне оның ішінде физика пәнінің мектепте оқытылуына көңіл аудару-тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса маңызды. Еліміздің 300-дей мамандық түрлері бар десек, соның 80 пайызынан астамы түрлі сала инженерлері, ауыл шаруашылық мамандары. Ендеше мектеп қабырғасынан бұл пәндерді терең меңгермеген адамнан келешекте нашар маман шығатыны еш күмән туғызбайды.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканы оқыту әдісінің тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды, информацияны мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз етуде физиканы оқыту әдістерін пайдалану болып табылады. Өз іс-тәжірибемде, сабақ беру үрдісінде мынадай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
өз бетінше тапсырмалар беру;
рефераттар қорғау;
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу белсенділігін арттыру;
оқушылармен жекелей, топпен жұмыстар жүргізу;
оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын есептер беру;
оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
Қандай да бір мәселені шешуде оқушылардың қалай ойлайтындығын, олардың ой-өрісін біліп отырудың маңызы зор. Өйткені бұл-оқушылардың қаншалықты пайымдай білетіндігін, олардың оқылған материалды қаншалықты жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа педагогикалық технологиялардың деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, тапсырманы орындауына байланысты келесі деңгейге көшіп отырады. Мұндай жағдайда оқушылар арасында өзара жарысу мен қатар, әр оқушының өзіндік деңгейіне сай білім алуы қамтамасыз етіледі. Өзіне деген сенімі артып, шығармашылық қабілеті шыңдалады
Әр тақырыпқа байланысты әр түрлі деңгейлік тапсырмалар беремін. Оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін өзім жетелеуші «проблемалық» сұрақтар қойып отырамын. Жаңа сабақ игерілген соң оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Сабақтың ерекшелігі әрі тиімділігін арттыратын тәсіл- оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараев оқушыларға оқу материалын меңгерту деңгейін 4 түрге бөледі.
Репродуктивтік деңгей
Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
Алгоритмдік деңгей
Мұнда тапсырмалар оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
Эвристикалық деңгей
Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, жауап береді. Бұл тапсырманы орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
Шығармашылық деңгей
Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады.
Сонымен, әрдеңгейлік оқыту жүйесінің физика бойынша білім сапасын арттырудың бірқатар тиімді жақтары бар.
Барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.
Әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді.
Оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор.
Сөз соңында айтарым, жалпы жаңа педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге деген оқу-танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Беспалько В.П. Слагаемое педагогической технологии. Педагогика 1989.
2. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса.
3. Керімбаева М.С. Инновационные процессы в школе. Алматы 1995ж.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.
Тіркеу парағы:
Байдосова Гулзира Аргынбаевна
------
Ақтөбе көлік және коммуникация колледжі
4. Физиканы оқытудың инновациялық әдістері
5. Оқытудың жаңашыл педагогикалық технологияларын қолдану негізінде қазіргі сабақты әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген